31. Физиология ұғымы,бөлімдері


Некроз. Анықтамасы, себептері, даму кезеңдері, түрлері мен нәтижелері



жүктеу 223,32 Kb.
бет51/57
Дата16.05.2020
өлшемі223,32 Kb.
#30475
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   57
Физиология жауаптар экзамен

84. Некроз. Анықтамасы, себептері, даму кезеңдері, түрлері мен нәтижелері

Өлім, биологиялық тұрғыдан – организмдегі тіршілік әрекетінің қайтымсыз тоқтауы. Құқықтық тұрғыдан, миының әрекеті толық әрі қайтымсыз тоқтаған организм өлі деп есептеледі. Дегенмен жасушалар мен тіндердің көбі өз тіршілік әрекетін өлгеннен кейін де біраз уақыт сақтап қалады. Трансплантацияға осы тіндер мен органдар алынады. Өлімнің тірі организмнің құрылымдарында орын алатын екі нұсқасы бар: некроз (жасушалар мен тіндерде) және апоптоз (жасушаларда).

Некроз – тірі организм құрылымдарының ауру туындататын факторлардың әсерінен өлуі. Жасуша өлімінің бұл түріне генетикалық бақылаудың қатысы жоқ.

Даму себебі тұрғысынан, некроз төмендегідей түрлерге бөлінеді.

Жарақаттық некроз физикалық, химиялық және басқа факторлардың әсерінен дамиды.

Уытты некроз бактериялардың, қышқылдардың, сілтілердің, ауыр металл тұздарының, дәрі- дәрмектердің және басқа да уытты заттардың әсерінен дамиды.

Трофоневроздық некроз созылмалы аурулардың зардабынан дұрыс жүйкеленбеген тіндерде қан айналымы бұзылғандықтан дамитын қайтымсыз дистрофиялыық өзгерістерден басталады.

Аллергиялық некроз иммун – патологиялық жауаппен байланысты.

Қан тамырлық некроз қан тамыры тромбымен, эмболмен бітеліп немесе сыртынан қысылып, қанмен дұрыс қамтамасыз етілмеген органда дамиды. Ол ишемиялық некроз немесе инфаркт деп аталады.

Некроз некробиоз кезеңінен басталады. Бұл кезеңнің морфологиялық негізі – қайтымсыз дистрофиялық өзгерістер; көбіне нәруыздарға қатысты. Жасушалар мен тіндерде некробиоз некрозға ұласып, кейін олар жидіп, аутолизге ұшырайды. Некроздың негізгі бейнесі – жасушалар ядросы мен цитоплазмасында дамыған қайтымсыз өзгерістер.

Ядро мына өзгерістерге ұшырайды.

Кариопикноз – ядро ылғалын жоғалтып бүріседі. Нуклеин қышқылдары түйіртпектеліп, ядродан цитоплазмаға шығады. Ядро ыдырай бастайды – кариорексис. Ақырында ядролық заттар жидіп, кариолизис орын алады. Өлі жасушаларда ядро болмайды.Бұл – некроздың дистрофиядан басты айырмашылығы (дистрофия кезінде ядро өз қалпында қалады).

Осындай некроздық өзгерістер цитоплазмада да орын алады. Плазма алдымен сумен жоғалтады (плазмакоагуляция), кейін түйіршіктерге бөлшектенеді (плазмарексис), ақырында жасуша толық еріп, жидиді (плазиализис).

Некроздың нысандары

Некроздың мынадай нысандары бар: құрғақ некроз, ылғал некроз, инфаркт, секвестр және гангрена.

Құрғақ (коагуляциялық) некрозға дегидратация үдерісі басым болып, қатаю тән. Құрғақ некрозға ірімтікті некроз мен фибриноидты некроз жатады.

Ірімшікті некроз дамыған жерлер ірімшік тәрізді ақшыл түсті, құрғақ болып, үгілгіш келеді. Ол туберкулезге тән.

Фибриноидты некроз дамыған дәнекер тінге сіңген фибриноген фибринге айналады. Нәтижесінде дәнекер тін талшықтары ыдырап, қатайып, құрғақ некроз дамиды; бұған нәруызы көп тіндер қолайлы.

Ылғал (колликвациялық) нероз дамығанда тін су сіңіп, жидиді. ОЛ суы мол тіндерде дамиды. Ылғал нерозға мидың суы мол сұр затының жидіп, жұмсаруы мысал бола алады. Ақырында ылғал некроз ошағында киста (жылауық) қалыптасады.

Инфаркт – некроздың қан айналым бұзылған қандай да бір органның тінінде дамитын түрі. Миокард инфарктісінің дамуына артерияның шеткі бөлімінің тромбозы,эмболиясы, спазмы себеп болады.Инфарктінің некрозды кезеңінен кейінгі кезеңінде некроз ошағы демаркациялық лейкоцитті аймақпен шектеліп, жеке кардиомиоциттердің арасын тыртықтық тін жайлап беріштене бастайды (оганизация).

Егер үдеріс асқынып, инфаркт аймағындағы тін жидісе, жүрек қарыншасы жыртылып, өлімге ұшыратады. Ал тромб үзіліп кетсе – мида немесе басқа органдарда тромбылы эмболия дамуы мүмкін.

Секвестр – өлі тіннің бөлігі; тірі тінде жалғасып, аутолизге ұшырамайды және оны дәнекер жайламайды. Әдетте,секвестрлі тін іріңдеп, жыланкөздер қалыптасады.

Гангрена – некроздың сыртқы орта қоршаған тіндерде дамитын түрі.

Қоршаған ортаның әсерінен қанның пигменттері тотығып, күкіртті темір түзілетіндіктен, некрозды тін қара немесе қоңыр реңді болады.

Гангренаның үш түрі бар: құрғақ гангрена, ылғал гангрена және жауыр.

Құрғақ гангреналы құрылым кебірсіп (мумификация), айқын бейнелі қабынулық демаркация аймағымен шектеледі; көбіне аяқ пен қолда орын алады.

Ылғал гангрена өлі тінге инфекция, әдетте анаэробтық бактерия түскенде дамиды. Тін суланып ісінеді, қабынулық демаркация аймағы байқалмайды. Ол ішекте, өкпеде, жатырда, қол мен аяқта дамиды.

Жарақат ашық болмаса, гангрена мида, өкпеде, жатырда дамымайды.

Жауыр әбден әлсіреп, төсек тартып, тофоневроздық өзгерістер орын алған науқастың денесінің қысым қатты түскен жерлерінде қалыптасады.

Некроздың ақыры

Ақыры қолайлы болса, некрозды тін демаркациялық аймақтан келіп, негізгі рөл атқаратын лейкоциттердің ферменттерінің әсерінен еріп жидиді. Оның орнында қалыптасқан ақауды да, толық тарамаған өлі тінді де дәнекер тін жайлап, тыртық пйда болады (организация). Кейде некрозды аймақты дәнекер тіндік қабық қоршайды (инкапсуляция). Көбінесе өлі жерлерге ізбес шөгеді (петрификация).

Гангрена шарпыған қолдың саусағы немесе аяқтың башпайларының өлі немесе мумификация жерлері өздігінен бөлінеді (ампутация) және түсіп (мутиляция) қалуы да мүмкін.




жүктеу 223,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау