31. Физиология ұғымы,бөлімдері



жүктеу 223,32 Kb.
бет1/57
Дата16.05.2020
өлшемі223,32 Kb.
#30475
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
Физиология жауаптар экзамен


31.Физиология ұғымы,бөлімдеріФизиология (грекше physis – табиғат, logos - ілім) тірі организм мен оның жеке жүйелері, ағзалары, тіндері және жасушаларының әрекеттерін, тірліктерін зерттейтін биологиялық ғылым. Физиология организм жүйелері мен ағзаларының бір-біріне әсерін, өзара байланысын және сыртқы ортамен қарым- қатынасын тексереді. Сонымен қатар ол әрекеттерді жас кезеңдеріне байланысты онтогенез және эволюциялық даму барысында бақылайды. Физиология жедел дамып келе жатқан ғылым. Ол дербес ғылым ретінде, анатомия мен гистологиядан бөлінгеннен бастап, организмнің тіршілік әрекеті туралы физика, химия ғылымдарының әдістерін қолданып, көптеген нақтылы деректер жинаған. Қазіргі кезде физиологиядан жеке ғылым ретінде биохимия, биофизика, нейрофизиология, эндокринология, радиобиология бөлініп шықты. Физиология – тірліктану ғылымы. Физиология өзінің ғылыми бағытына қарай жалпы, жеке және қолданбалы болып жіктеледі. Жалпы физиология көптеген түрлер ағзаның жасушалары мен тіндеріне, ағзаларына бірдей тән негізгі тіршілік үрдістерінің жаратылысын, тірліктерін, жалпы көрсеткіштерін, қасиеттерін зерттейді. Олардың сыртқы және ішкі ортаның әртүрлі әсерлеріне жалпы жауабын, тітіркену, қозу, тежелу, зат және қуат алмасу құбылыстары туралы мәселелерін қарайды. Жалпы физиология салыстырмалы және эволюциялық физиология болып бөлінеді.Салыстырмалы физиология – жануарлар әлемінің әртүрлі өкілдерінің тірліктік негізін, ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратады. Эволюциялық физиология – адам мен жануарлардың онтогенез (жеке даму) және филогенез (тарихи даму) кезінде физиологиялық әрекеттерінің біліну, даму, қалыптасуының жалпы тіршіліктік заңдылықтары мен тетіктерін қарастырады. Жеке физиология – кейбір тіндердің (ет, жүйке т.б.), ағзалардың (ми, жүрек, бауыр, бүйрек т.с.с.) қасиеттерін, олардың жүйелерге (қанайналымы, тынысалу, асқорыту т.с.с.) бірлесіп ұйымдастырылу және реттелу негіздерін тексереді. Қолданбалы физиология – адамның әлеуметтік жағдайлары мен мақсатты іс-әрекетіне байланысты заңдылықтарды анықтайды. Оның қатарына бірнеше физиология саласы жатады.

32. Физиологияның негізгі физиологиялық ұғымдары мен принциптері Физиология басқа мақсаттарына, зерттейтін нысандары мен әдістеріне байланысты қалыпты, патологиялық және клиникалық болып бөлінеді.Қалыпты физиология – дені сау адам ағзаның қалыпты жағдайы, салауатты тұрмыс салтын, әртүрлі әсерлерге бейімделу әрекетін тексеріп, оларды жақсарту амалдарын анықтайды. Қалыпты физиологияның басты мұраты – адамның денсаулығын сақтау. Мұны қазіргі кезде денсаулық туралы ғылым валеология (vale – сау болу, logos - ілім) зерттейді. Денсаулық дегеніміз – адам ағзасының барынша ұзақ өмір сүру барысында биологиялық және психикалық әрекеттері мен тиімді жұмыскерлігінің, әлеуметтік белсенділігінің, сондай-ақ ерекшеліктеріне сәйкес дені сау ұрпақ жалғастыру қабілетінің сақталуы мен дамуы. Дара кісінің (индивидуум) денсаулығы туралы мағлұматтар физиологиялық қалыпты көрсеткіштермен немесе нормалармен сипатталады. Паталогиялық физиология – ауру ағзасындағы ауытқуларды, олардың ағымдарын, барысын, дерттену тетіктерін анықтайды. Сонымен қатар ол науқастардың бейімделу әрекетін, сауығу және айықтыру үрдістерін зерттейді. Клиникалық физиология – ауру ағзасындағы физиологиялық көрсеткіштердің (хирургиялық емдеуден, протездер қондырғаннан кейінгі) жаңа стационарлық деңгейін тексереді. Физиология ғылымы медицина мен гигиенада өте маңызды орын алады. Расында, ағзаның қалыпты қызметін, денсаулыққа тән көрсеткіштерін жете білмей, ауруды емдеуге болмайды. Сондықтар қалыпты физиология барлық медициналық ғылымдардың теориялық негізі деп есептеледі. Демек, физиология, ағзаның қалыпты жағдайдағы әсерінен ауытқуы мөлшерін білуде, медициналық және гигиеналық білім алу барысында профилактикалық жұмыстарды, еңбек және тынығу режимдерін ұйымдастырғанда, ауруды емдегенде өте қажет ғылым.Физиологияның жас ерекшеліктері туралы саласы педагогика, психология, валеология және дене тәрбиесі ғылымдары үшін өте қажет.Физиологияның мақсаттары.

1. Ағзаның және оның әрбір құрылымының қызметін ұғыну арқылы болашақ мамандардың әрекеттік және клиникалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.

2. Физиологиялық зерттеу әдістерін үйрету арқылы әрекеттік диагностика дағдыларын қалыптастыру.

3. Физиология ғылымының қағидаларымен таныстыру арқылы адам денсаулығын тиімді ұйымдастыруды үйрету.

4. Әрбір адамға денсаулық деңгейін анықтау мен бағалау және нығайту тәсілдерін үйрету.

33.Қоздырғыш ұлпалардың жалпы сипаттамасы және қасиеттері.Қозу- Ұлпаның тітіркендіргіш әсеріне арнайы және бейарнамалы реакциямен жауап беретін физиологиялық процесс. Қозғыш ұлпа дегеніміз қозуға қабілетті ұлпаларды атайды. Қозғыш ұлпалардың 3 түрі бар:1. Жүйкелік - жүйкелік серпіністерді тасымалдау қызметін атқарады.2. Бұлшықеттік– тітіркендіргіш ұлпаның жиырылуы мен босаңсуы.3. Бездік– сөл бөлу қызмет атқарады.Қозғыш ұлпалардың қасиеттері: Қозғыштық– осы үш ұлпаның қозуға қабілеті.Өткізгіштік– ұлпаның серпіністерді тасымалдауы. Мысалы: Жүйке.Жиырылғыштық– ұлпаның тітіркендіргіш әсерінен жиырылуы және босаңсуы.Тітіркендіргіштік– тітіркендіргіш әсеріне ұлпаның жауап беру қасиеті.Лабильділік немесе қызметтік қимыл– ұлпаның қызметтік тұрақсыздығы.Қозғыш ұлпалардың тітіркендіру заңдары. Табалдырық – қозуды тудыра алатын тітіркендіргіштің ең төменгі күші. Егер тітіркендіргіш күші қозу табалдырығынан төмен болса, табалдырықасты деп, ал табалдырықтан асса ол табалдырықтан жоғары күш деп атайды.Тітіркендіргіш қозуды тудыру үшін:1. Жеткілікті түрде күшті (күшке байланысты заң).2. Жеткілікті түрде ұзақ (уақытқа байланысты заң).3. Жеткілікті түрде жылдам (айырмашылыққа байланысты заң) болуы тиіс.Бұл қозғыш ұлпаның үш тітіркендіру заңы болып табылады.

34. Қанның функциясы, физико-химиялық қасиетіҚанға физикалық және химиялық қасиеттер тән. Қан қызыл түсті,оның құрамы өте күрделі. Қанның түсі эритроцит ішіндегі гемоглобиннің газдармен,басқа да химиялық заттармен реакцияға түсіп, қосындылар құруына байланысты. Артерия қанының ашық қызыл түсі қанда оксигемоглобиннің /гемоглобинмен оттегі қосындысы/ болуына байланысты. Вена қанының күнгірт түсі карбогемоглобиннің /гемоглобинмен көмірқышқылды газдың қосындысы/ болуына байланысты.

Қанның физикалық қасиеті оның тұтқырлығы. Ол қан түйіршіктері мен плазмадағы, ірі молекулалы заттардың деңгейіне байланысты. Қан тұтқырлығы қанның қойылуына не/се сұйылуына қарай өзгеріп отырады. Қанның бұл қасиеті қан түйіршіктерінің, плазма белоктарының әсіресе глобулиндердің мөлшеріне байланысты.

Қанның маңызды қасиеттерінің бірі- осмостық қысымы. Жартылай өткізгіш мембрана арқылы ертіндіні өткізетін күш осмостық қысым деп аталады. Осмостық қысым еріген электролиттер мен молекулалар санына, олардың арасындағы айырмашылыққа байланысты. Еріген заттардың иондар саны неғұрлым көп болса, оның осмостық қысымы соғұрлым жоғары болады. Қанның осмостық қысымы оның қату температурасы арқылы анықталады. Қанның белок молекулалары тудыратын осмостық қысымы колоидтық-осмостық қысым деп аталады. Қанның осмос қысымына тең тұз ертіндісі изотониялық ертінді деп аталады. Тұзы аз болса гипотониялық ерітінді ал керісінше жоғары болса гипертониялық ерітінді дейді. Осмостық, онкотикалық қысымдар, тіршілік процестердің барысына тікелей әсер етеді. Жасушалар қалыпты қызмет атқару үшін осмостық қысым тұрақты болуға тиіс. Оның тұрақтылығын күрделі механизмдер қамтамасыз етеді. Солардың бірі қан және тін иондарымен судың ара-қатынасы.


жүктеу 223,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау