Қанның құрамы, қан плазмасы және оның құрамы
Қан екі бөлімнен тұрады:
плазма(55%)
қан жасушалары(45%)
Плазма - қанның сұйық бөлігі. Қан плазмасының құрамы күрделі: оның 90%-ға жуығы су, 7-8 % белоктар, 2 % түрлі органикалық және бейорганикалық заттар. Оның құрамында белок 0,3-0,6%, май және липидтер 0,1%, 120 мг/% глюкоза қанты, 0,9% көмірсутегі, минерал заттар - натрий, калий, кальций, хлор түздары, амин қышқылдары мен полипептидтер 4-10 мг%, мочевина 10-25 мг%, түрлі ферменттер, гормондар, холестерин т. б. заттар болады. Плазма нәруыздары 3 топқа бөлінеді: 1.альбуминдер (4,5%)қанға тұтқырлық (вязкость)береді, ағзаның суконцентрациясын реттеп қанның осмостық қысымын қалыпта ұстайды2.глобулиндер (1,7-3,5%)қызметі албуминдерге ұқсас және ол нәруыз тасымалдайды.3.фибриногендер қанның ұюына қатысады.Сарысу (сыворотка) - фибриногені жоқ плазма, ол қан ұйығаннан кейінгі сұйықтық.
Қан жасушалары
Қан жасушаларының негізгі 3 тобы бар.Олар:
эритроциттер
лейкоциттер
тромбоциттер
35. . Эритроцит Қан жасушалары
Қан жасушаларының негізгі 3 тобы бар.Олар:
эритроциттер
лейкоциттер
тромбоциттер
Эритроциттер:
Эритроцит-қанның қызыл түйіршіктері. Олардың саны еркек пен әйелдерде бірдей емес. Ер адам қанының әр литрінде 4,0-5,0X1012 эритроцит болады.Әйел қанында бұл көрсеткіш аздау:3,7-4,5X1012 Эритроцит санының қалыптан тыс болуы эритроцитоз, аз болуы эритроцитопения деп аталады.
Ядросы жоқ. Олардың орташа диаметрішамамен7,2-7,5 мкм.
Құрамында қызыл түсті беретін гемоглобин нәруызы бар.Гемоглобиннің құрамына темір (гем) және нәруыздық бөліктер (глобин) кіреді.
Қанның 1мм3 көлемінде 4,5-5 эритроцит болады.
Олардың ортасы қысыңқы тегершік пішінді болады.Бұл эритроциттердің бетін 1,5 есе үлкейтеді және газдардың мол көлемде алмасуына бейімірек келеді.
Орташа тіршілік ұзақтығы 120 күн.
Сүйектің қызыл кемігінде түзіледі.
Бауыр мен көкбауырда жойылып отырады.
Қызметі өкпеден ұлпаларға оттегіні, ал ұлпалардан өкпеге көмірқышқыл газын тасымалдау.
Гемоглобиннің құрамындағы темірдің оттегімен қосылысы қанға қызыл түсбереді.Қан өкпеге келгенде, темір ионы оттегімен тұрақсыз қосылыс (FeO) түзеді, яғни гемоглобин оттегіге қанығады. Сондықтан өкпеде оттегімен қаныққан қан алқызыл түсі болады. Оны артериялыққан деп атайды.
Ұлпаларға келгенде қанның гемоглобині өзіндегі оттегін ыдырату арқылы бөліп, жасушаларға тыныс алуы үшін береді. Қан өкпеге келгенде, темір ионы оттегімен тұрақсыз қосылыс (FeO) түзеді, яғни гемоглобин оттегіге қанығады. Сондықтан өкпеде оттегімен қаныққан қан алқызыл түсі болады. Оны артериялыққан деп атайды.
36. Гемоглобин және қызметі.Эритроциттегі құрғақ заттардың /90%/ гемоглобиннен тұрады. Әрбір эритроците 300 млн-дай гемоглобин молекуласы болады. Гемоглобин 1 молекула глобинен және 4 гем молекуласынан тұрады. Адам денесінде 5 литр қан, ал мұнша қанда 700-800 гр гемоглобин бар. Эритроцит саны әйелге қарағанда ер адамда көбірек, осыған орай ер адам қанында гемоглобин көбірек болады. Ер адамның 1 л қанында 130,0-160,0 г, әйелде 120,0-140,0 г Нв бар. Анемия қанның азаюы, ауру. Анемия кезінде қан көлемі өзгермейді, бірақ оның ішіндегі эритроциттер саны мен гемоглобин мөлшері өзгеріп отырады. Гемоглобин мөлшері көбейіп кетсе, гиперхромия деп, ал азайса гипохромия д.а.
37. Лейкоцит, қасиеттері мен қызметі1 литр қанда 4,9-9х109/л лейкоцит болады. Лейкоцит қанның ақ клеткасы, ядросы бар, амеба сияқты протоплазмасынан жалған аяқтар шығарып қозғалады.Қанда лейкоцит санының көбеюі лейкоцитоз деп, азаюы лейкоцитопения деп аталады.
Ipi ядросы болады. Орташа диаметрі 6-25 мкм.
|