Жедел ревматикалық қызба болжамды диагнозын негіздеу үшін дифференциальды диагностиканы жүргіземіз:
· Ревматоидты артрит;
· Вирусты миокардит;
· Инфекциялық энндокардит;
· Жүйелі қызыл жегі;
· Түйінді периартит;
Бұл ауруларда өзіне тән және жедел ревматикалық қызбада кездеспейтін клиникалық көріністері болады. Соған аса мән беріп , ЖРҚ өзіндік клиникалық көріністері:
- Температураның субфебрильді көтерілуі;
- Тері асты ревматикалық түйіндер (ұсақ түйіндер, тізеде және сіңір байламдары бар жерлерде, шынтақ буындарында);
- Буындық синдром: олигоартрит, моноартрит (тізе, табан, шынтақ, шынтақ буындары) сипатталады;
- Жүрек ақауы синдромы: митральды регургитация, систолалық шу, мезодиастоликалық шу, протодиастоликалық шу;
- Кіші хорея (аяқ-қол, мимикалық бет бұлшықетінің, бұлшықет тонустың төмендеуі, қозғалудың нақты болмауы дене бұлшықет гиперкинезы (тартылу) - 6-15 жастағы қыздарда кездеседі;
- Сақина тәрізді эритема (проксимальды аяқ-қолдар бөлімдеріне және денеде сақина тәрізді күлгін–қызыл бөртпенің пайда болуы;
Достарыңызбен бөлісу: |