31. Физиология ұғымы,бөлімдері


Тыныс алу жетіспеушілігі туралы түсінік, оның белгілері



жүктеу 223,32 Kb.
бет56/57
Дата16.05.2020
өлшемі223,32 Kb.
#30475
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
Физиология жауаптар экзамен

89. Тыныс алу жетіспеушілігі туралы түсінік, оның белгілері.

Тыныс алу жүйесінің патофизиологиясы.

Сыртқы тыныс деп организмнің оттегін қабылдап, көмір қышқыл газын қалыпты деңгейде сыртқа шығарып тұратын өкпедегі өтетін үрдістердің жиынтығын айтады. Өкпеде негізінен үш үрдіс өтеді:

1. атмосфералық ауа мен өкпе уяшықтарындағы ауаның алмасуы (өкпенің вентилляциясы);

2. олардағы ауадан капиллярлардағы қанға оттегінің, көмір қышқыл газының кері бағытта өтуі (газдардың диффузиясы);

3. өкпе капиллярлары арқылы қанның айналымы (өкпенің перфузиясы). Осы үш үрдістің қалыпты арақатынастары арқылы қандағы газ құрамы әдеттегі деңгейде ұсталып тұрады. Сыртқы тыныс жүйесінде қандайда болмасын дерт дамыса, ол осы үрдістерді бұзып, сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігіне әкеледі.

Өкпе мен тыныс алу жолдарының қанды оттегімен қанықтыруын және одан СО2 шығаруын керекті дәрежеде қамтамасыз ете алмау жағдайын сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігі деп атайды. Ол организмнің тіпті тыныштық жағдайында да гипоксия мен газдық ацидозға әкелуі мүмкін немесе организмнің қол жұмысына немесе физикалық жүктемелерге мүмкіншілігін азайтады. Сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігі өкпедегі ауа алмасуы (вентилляциясы), ондағы қан айналымының (перфузиясы) немесе газдардың өкпе ұяшықтары мен қылтамырлардың мембраналары арқылы диффузиясы бұзылыстарынан болуы мүмкін. Бұл көрсетілген бұзылыстар жиі біріккен түрде байқалады.

Өкпе вентилляциясының бұзылыстары.

Өкпе вентилляциясының бұзылыстары гипервентиляция, гиповентиляция немесе біркелкі емес вентиляция түрлерінде болады.

Өкпенің гипервентиляциясы тыныстың минеттік көлемі (ТМК) мен өкпенің өмірлік сиымдылығы (ӨӨС) көтерілуімен сипатталады. Әдетте, ол организмнің оттегіге көтерілген мұқ-таждығын аластауға бағытталған серпіліс. Бұндай физиологиялық гипервентиляция, оттегінің жеткіліксіздігін жоюмен бірге тоқталады.

Патологиялық гипервентиляция оттегіге қосымша мұқтаждықпен немесе СО2 шығару қажеттігіне байланысты емес. Ол ми және оның қабықтарының аурулары кездерінде, миға қан құйылғанда, гипоксемия (анемия, таулық немесе биіктік аурулары), артериялық қысымның төмендеуі кездеріндегі тыныс алу орталығының рефлекстік қозуы нәтижелерінен дамуы мүмкін.

Гипервентиляция компенсациялық серпіліс ретінде өкпенің тыныстық бетінің азайғанында, мысалы өкпенің қабынуы, немесе ісінуі кездерінде пайда болады. Бұл жағдайларда әрбір тыныс алу кезіндегі ауаның көлемі азайғанына қарамай, оның минеттік көлемі қалыпты деңгейде немесе сол жоғары деңгейде ұсталып тұруы дем алудың жиілеуі нәтижесінде болады. Бірақ ұзақ гипервентиляция гипокапния мен алкалозға әкеледі, осының әсерінен тыныс алу орталығы тежеледі. Бұл жағдайда гипервентиляция гиповентиляциямен ауысады.

Өкпенің гиповентиляциясы өкпеде ауа алмасуының азаюы. Ол мына жағдайларда пайда болуы мүмкін:

1. Өкпенің және тыныс жолдарының дерттері (пневмония, пневмосклероз, эмфизема, бронхит ж.б.) кездерінде;

2. Кеуде қуысының тұтастығы бұзылғанда (жарақат) немесе плевра қуысында сұйық, қан, ауа жиналып қалғанда (гидроторакс, гемоторакс, пневмоторакс);

3. Тыныс алуды реттейтін нервтердің жарақаттануы, қабынуы немесе бұл нервтерден серпіндердің миастения, ботулизм, сіреспе т.с.с. дерттер кездерінде, тыныстық еттерге берілмеуі немесе дем алуға қатысатын еттердің қабынуы, дистрофиясы кездерінде;

4. Туа біткен немесе жүре пайда болған кеуде қуысының пішіні өзгергенде (сколиоз, кифоз), қабырға аралық нервтердің, өкпе пердесінің қабынулары кездерінде қатты ауыру сезімі өкпенің вентиляциясын төмендетеді;

5.Жұлында өспе дамығанда немесе полиомиелит ауруы кезінде оның мотонейрондарының бүліністерінен тыныс алуға қатысатын еттердің нервтелуі бұзылуынан;

6. Мидағы тыныс алу орталығына дерт туындататын ықпалдардың тікелей тежегіш әсерінен немесе олардың қан тамырларындағы хемо-, барорецепторлардың қоздырылуынан рефлекстік түрде тежелуінен;

Тыныстың минөттік көлемі дем алудың тереңдігі өзгермей, тек оның жиілеуімен бір деңгейде ұсталып тұрғаны өкпе ұяшықтарындағы (әлвеолалардағы) вентиляцияның азаюын және ауа алмасуының нашарлығын көрсетеді. Сондықтан әлвеолалардың вентиляциясына зор көңіл бөлінеді.

Өкпенің біркелкі емес вентиляциясы. Қалыпты жағдайдың өзінде барлық өкпе ұяшықтары біркелкі қызмет атқармайды. Ал, патологиялық жағдайларда біркелкі емес вентиляция күшейеді. Ол өкпе тінінің серпімділігі төмендегенде (өкпе эмфиземасы), бронхиолалардың жиырылып қалғанында (демікпе), өкпе фиброзы кездерінде, әлвеолаларда сұйық немесе экссудат жиналғанда кездеседі. Біркелкі емес вентиляция гипоксемия дамуына әкеледі, бірақ бұл кезде гиперкапния байқалмайды.

Газдардың диффузиясының бұзылыстары.

Өкпе ұяшықтары мен капиллярлар мембраналарының газдарды екі бағытта өткізуін өкпенің диффузиялық қабілеті (ӨДҚ) деп атайды. Оның бұзылыстары мына жағдайларда болуы мүмкін: 1. әлвеолалар мен қылтамырлардың мембраналарының өкпе қабынуы, пневмосклероз ж.б. дерттер кездерінде, қалыңдауынан;

2. қызмет атқаратын әлвеолалар мен капиллярлардың, өкпе бөлшегін алып тастағанда, үлкен деңгейде бүліністері кездерінде, азайуынан;

3. қанның өкпе әлвеолалаларындағы ауамен жанасу уақыты қысқаруынан газдар керекті мөлшерде әлвеола мен капилляр мембраналары арқылы өтіп үлгермейді. Бұндай жағдай ауыр қол жұмысын атқарғанда, анемиялар кездерінде байқалады.

Газдардың диффузиясы бұзылыстарының нәтижесінде қанның газдық құрамы өзгереді, гипоксемия, гиперкапния дамиды.

Өкпе перфузиясының бұзылыстары.

Өкпеде қанайналымның (перфузияның) бұзылыстары мына жағдайларда дамуы мүмкін:

1. жүрек қызметінің жеткіліксіздігі кездерінде;

2.туа біткен немесе жүре пайда болған жүрек кемістіктерінде (атриовенкулалық қақпақшалардың тарылуы, жүрекшелердің арасындағы сопақша тесіктің бітпей қалуы, Ботал өзекшесінің бітпеуі т.с.с);

3. өкпе артерияларында қан қатпаларының (тромбылар) құрылуы немесе эмболдар тұрып қалуы;

4. шок, коллапс кездерінде қан тамырлары қызметтерінің жеткіліксіздігінен өкпеге аз қан келуінен;

Қалыпты жағдайда қызмет атқаратын өкпе ұяшықтарына қан жақсы келеді де, қызмет атқармайтын әлвеолаларға оның келуі шектеледі (Эйлер рефлексі). Вентиляция мен өкпе перфузиясының сәйкессіздігі кейде ауа алмасатын әлвеолаларда перфузия болмауы, перфузиясы бар әлвеолаларда вентиляция болмау мүмкіншіліктеріне әкеледі. Осыларға байланысты сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігі дамиды. Ол обструкциялық және рестрикциялық болып екіге бөлінеді.

Обструкциялық тыныс алу жеткіліксіздігі тыныс жолдарының тарылғанында (лат. obstructio — бөгеттелу, бітелу) болады. Бұл кезде ауа қозғалысына кедергі жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарында пайда болады. Жоғарғы тыныс жолдары саңылауларының тарылуы немесе толық бітеліп қалуы мына себептерден болады: 1. оған бөтен заттың түсуі; 2. тыныс алу жолдары қабырғаларының мұрынның, тамақтың, кеңірдектің шырышты қабықтарының қабынудан ісінуі немесе өспе дамуынан тарылуы; 3. тамақ еттерінің жиырылуы (ларингоспазм); 4. тыныс алу жолдарын сыртынан ісінген қалқанша безбен, айналасындағы тіндердің ісігімен қысып қалуы т.с.с. жағдайлар есептедеді.

Төменгі тыныс жолдарының тарылуы: 1. ұсақ кеңірдекшелер мен бронхиолалардың саңылауларына әртүрлі сұйықтардың (құсық, су, ірің, шырыш, транссудат) түсуінен; 2. қабыну кезіндегі ісіну мен гиперемия даму нәтижесінде төменгі тыныс жолдарының шырышты қабықтарының қалындауынан; 3. бронхиолалардың тегіс еттерінің әртүрлі аллергендердің және химиялық қоздырғыштардың әсерлерінен жиырылуынан (бронхыспазм) ж.б. жағдайлардан болады.

Төменгі тыныс алу жолдары саңылауларының тарылуы ауа қозғалысына кедергіні кебейтеді және ауаның әлвеолаларға тең бөлінуіне бөгет жасайды. Бұл кезде демді іштен шығару тіпті қатты бұзылады.

Рестрикциялық тыныс алу жеткіліксіздігі өкпенің тыныс алу бетінің азайюы немесе оның серпімділігі азаюының нәтижесінде әлвеола вентиляциясының бұзылуы (лат. restrictio — шектелуі, кішіреюі).

Рестрикциялық сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігін туындататын ықпалдар екі топқа бөлінеді. Біріншісі өкпе тінінің өзінің бұзылыстарымен, екіншісі өкпенің сыртынан әсер ететін ықпалдармен байланысты.

Біріншісі жағдайларда байқалады:

1. өкпеде қабыну мен қан іркілу құбылыстарында; 2. өкпе аурулары (созылмалы өкпенің қабынуы, пневмосклероз, обыр (рак), эмфизема, туберкулез т.б.) кездерінде; 3. өкпенің бір бөлшегі немесе бір өкпені тұтас хирургиялық тәсілмен алып тастағанда; 4. әртүрлі себептерден сурфактанттың азаюынан ателектаз дамығанда.

Өкпенің сыртынан әсер ететін ықпалдарға: 1. плевра қуысында сұйық, ауа жиналуы; көкірек орталығында өспе дамуы; 2. кеуде қуысын тарылтатын дененің пішіні өзгеруі; 3. іш қуысында ауа жиналуы (метеоризм), бауыр ұлғаюы, іш шемені дамуы т.с.с. жағдайлар жатады. Бұл кезде өкпе сыртынан қысылып, оның тыныс алу кезіндегі тербелісін азайтады.

Обструкциялық және рестрикциялық сыртқы тыныс жеткіліксіздіктері жиі біріккен түрде кездеседі.

Сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігі өте тез дамитын (жедел), тез дамитын (қауырт) және созылмалы түрлерде болады. Өте тез дамитын сыртқы тыныс жеткіліксіздігі бірнеше минөттен бірнеше сағаттың ішінде дамиды. Оған мысал ретінде: дыбыс байламдарының аяқ астынан жиырылуы немесе жоғарғы тыныс жолдарына бөгде зат түскенде адамның тұншығуын, бронхиалық демікпенің ұстамасын, өкпе тамырларында тромбоз, эмболия дамуын, өкпе ісінуін т.с.с. дерттерді келтіруге болады.

Тез дамитын (қауырт) сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігі бірнеше аптаның ішінде дамиды. Мәселен, кеуде қуысында өкпе перделерінің арасында біртіндеп сұйық немесе ауа жиналғанда (гидроторакс, пневмоторакс) өкпе сыртынан қысылып қалуынан сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігі дамиды.

Созылмалы сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігі бірнеше айдан бірнеше жылдар бойы дамиды. Мәселен, өкпе эмфиземасы, пневмосклероз, өкпе туберкулезі т.с.с. аурулар.


жүктеу 223,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау