77. «Этиология» және «патогенез» түсінігі.
Патогенез (гр. παθος — бүліну, ауру, гр. γενεσις — даму) — аурудың немесе оның көріністерінің пайда болуы мен динамикасының механизмдері. Патогенезді зерттеп дәрігерлер аурудың қалай пайда болып ,дамыған жолын айқындайды. Патогенез әр түрлі деңгейлерде зерттеледі: молекулярлық деңгейден бастап, жалпы бүкіл ағзаның бұзылымына дейін.
Патогенез аурудың этиологиясымен өте тығыз байланысты. Қандай да болмасын этиологиялық әсер әрқашан аурудың даму жолдарының басталуына әкеледі. Бүл үшін дене мүшелерінің кез келген бөлшектерінде алғашқы бүліністер пайда болуы қажет. Алғашқы бүліністер әртүрлі дәрежеде және деңгейлерде болуы мүмкін. Олар кейде қарапайым көзбен байқалатын үлкен дәрежеде болса (мысалы, жарақат, күйік, сынық, қанқүйылу т. б.) көпшілік жағдайларда жай кезбен көрінбейтін, анықтау үшін арнайы тәсілдер қолдануды қажет ететін болады. Олар молекулаішілік, субжасушалық, ағзалық, тіндік, жасушалық, жүйелік деңгейлерде болуы мүмкін. Сондықтан, оларды анықтау үшін әртүрлі биохимиялвіқ, гистологиялық, иммунологиялық және басқа да тәсілдерді қолданады. Бүл бүліністерге организмде жауап ретінде қорғану-икемделу үрдістері дамиды. Мысалвы, атмосфералық ауада оттегі жетіспегенде тыныс алу жиілейді және тереңдейді, жүрек соғысы жиілеп, айналымдағы кан ағымын: жылдамдатады, эритроциттердің, сонымен бірге гемоглобиннің деңгейі көтеріледі т. с. с. Бұлардың барлығы организмге жетіспейтін оттегін толтыруға бағытталған организмнің икемделістік шаралары.
Патогенездің негізгі және ең жалпы зандылығы:
өзін-өзі дамыту,
өзін-өзі реттеу принципі болып табылады.
Демек, үрдістер бір кезде пайда болып, одан соң «тізбек» принципі бойынша дамиды.Ауру ұдайы дамып, өзгеріп түратын динамикалық үрдіс. Осыған байланыста аурудың әрбір даму сатыларына сәйкес «себеп-салдарлық» арақатынастар пайда болады. Мысалы, жарақаттану тіндердің сезімтал рецепторларын қоздырып ауыру сезімталдығына әкеледі. Ауыру сезімі орталық жүйке жүйесіне беріліп, ондағы қантамырларының қимылдық орталығын әлсіретеді, соңғысы артериялық қан қысымы төмендеуіне әкеледі. Артериялық қан қысымы темендеуі қанмен оттегінің тасымалдануы бүзылуына, тіндерде оттегінің жеткілікзідігіне (гипоксияға) әкеледі. Ары қарай гипоксия зат алмасу үрдістерінің бұзылуына, қышқылдық-негіздік үйлесімнің метаболизмдік ацидоз жағына ауысуына т. с. с. өзгерістерге әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |