Пайдаланылмаған тағамға 3 данадан акт жасалады:
1-ші дана мейрамхана меңгерушісіне.
2-ші дана материалдық жауапты адамға.
3-ші дана тапсырыс берушіге беріледі.
Актілуге сусындар, тапсырыс-есепке кіргізілген, бірақ үстелге қойылмаған ыстық тағам, салқын тағам, кондитер өнімдері кіреді.Актке енгізілген тағамдарды тапсырыс –беруші не істесе де ерікті.
1.2 Банкет және оның қызмет ету түрлері.
А) Банкет – фуршет. «Фуршет» -сөзі француз тілінен аударғанда, «шанышқыға» деген мағына береді. Фуршетке арналған үстел сервировкасы «шведтік» үлгідегі секілді, түрлі салқын басытқыларды шанышқымен немесе қолмен жейді. Фуршеттік ас мәзіріне кіретін тамақтар: түрлі салқын басытқылар (арасында ыстық тамақтар да), кондитерлік өнімдер және жемістер. Ол тамақтардың бәрі мол болуы керек. Банкет- фуршетке арналған шақырулар арнулы конверттерде немесе арнайы сатып алынған бланкілермен, әлде, телефон арқылы шақыруға болады. Бұл банкет-фуршетке он күн қалғанда жасалынатын шаруа. Қалыпты жағдайда банкет- фуршет 17.00 –ден 20.00-ге дейін үш сағат созылады. Егер банкет фуршетке арналған үстел үлкен бөлмеде әзірленсе, онда үстелді П, Ш немесе Т әріптері секілді орналастыруға болады. Үстелдерді қойғанда, қонақтардың еркін қозғалуын қамтамасыз ету үшін, олардың арасына 1,5 м орын қалдыру қажет. Қабырғаға жақын немесе бөлменің бұрыштарына кішкентай үстел қойылып, олардың үстіне күл салғыш, сулық, үлкен аяқты гүл салатын вазалар, ұсталған және қолданылған ыдыстар мен асханалық құралдарды салатын поднос қойылады. Таза және қолданылмаған ыдыстар мен асханалық құралдарды бөлек үстелге қоямыз. Үстелді тек ақ түсті дастарханмен емес, сонымен қатар, үстелдегі асханалық құралдармен, ыдыстармен сәйкес келетін түсті дастарханмен жабуға болады.Егер ыстық тамақ қойылатын болса, мысалы, етті кішкентай бөлектерге бөліп ыдыстарға орнатады. Банкет-фуршет үстелін әзірлеген кезде қолданылатын кейбір ережелер: бірінші жақсы сақталатын басытқылық тамақтар қойылады (қақталған шұжық, балық, саңырауқұлақтар), одан кейін өзінің түрі мен сақталуын тез жоятын тамақтар. Биік ыдыстарды үстелдің ортасына, ұзындығы қысқаларын – орталықтарына, ал қысқа ыдыстарды дастархан шетіне 20 см орын қалдырып орналастырады.Сусындарды, бокалдарды және стакандарды қосымша үстелге, негізгі үстелдің қасына орналыстырады. Егер негізгі банкет-фуршет үстелінің екі жағынан да келу мүмкіндігі болса, онда фужерлер мен рюмкаларды екі қатарға, топпен, шырша немесе жылан тәріздес етіп орнатуғап болады. Банкет –фуршет қалыпты жағдайда десерт ұсынылумен аяқталады.
Банкет- фуршет іс жүзіндегі келіссөздерге немесе келісім сауда шарттарын жүргізген кезде өте ыңғайлы. Бірақ, банкет –фуршетті мерей тойлар мен отбасылық салтанаттарда және мерекелік шаралар өткізуге болады.Банкет-фуршет кезінде қонақтар тағамды тұрып жейді, оларға орындықтар берілмейді. Банкет –фуршеттің ас мәзірінің ерекшелігі, онда салқын тағамдар мен басытқылар, ыстық басытқылар, десерттер және ыстық сусындар кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |