Банкеттегі орналасу.
Банкеттегі басты орын - төр кіре беріс есікке қарама-қарсы жақтан болады. Егер есік шетінде орналасса, онда төр де қарама-қарсы, терезелер мен көшеге шығып барған жақта болады. Ең маңызды орын болып, банкеттің иесінен оң жақтағы орында отыру болып келеді. Егер де әйелдер болмаған жағдайда, онда маңызды орындар болып, мерекенің иесінен сол мен оң жақта отыру болып табылады.
Қазіргі таңда ол бүкіл дүние жүзі бойынша кейтеринг индустриясында маңызды орынды иеленуде. www.cateringconsulting.ru сайтының мәліметтері бойынша, ресейлік кейтеринг компаниялары мен мейрамханаларға шығып жүріп қызмет көрсету көптеген үлкен көлемді мерекелердің арқасында дамып отыр. Тапсырыстардың негізгі массасын (90%) қонақтар саны 50-ден 300-ге дейін болатын стандартты тапсырыстар құрайды. Дегенмен, кейтеринг компанияларының көптеген бөлігін бюджеті 1 млн. рубльді құрайтын ірілі тапсырыстар алып отыр. Қазіргі таңда 2010 ж. атқарған жұмысының нәтижесінде көптеген компанияларға табыстың 45%-ын дәл осы банкеттік іс-шаралар құрап отыр. Тапсырыстар саны бойынша алдыңғы орындағы фуршетке қарағанда банкет тік форма табатын табысы бойынша бас орындарды иеленуде.
Банкет - мерекені ең дәстүрлі түрде өткізу формасы болып табылады: туған күн, той, корпоративтік немесе жеке кеш, фирманың мерейтойы және т.б. Бұл іс-шара негізгі және маңызды, әр тағамдардың бірнеше рет ауысуын қарастырады.
Сонымен қатар, банкеттің ұйымдастырылуы бойынша, тағамдар бірнеше рет қойылады. Бірінші рет, даяршылар келген қонақтарға салқын тағамдарды ұсынады. Одан кейін ыстық тағамдар, негізгі тамақ пен десерт болады. Барлық ас мәзірі міндетті түрде тапсырыс берушімен келісіледі.
Банкетті ұйымдастырудың бірден-бір маңызды пункті - ол үстелдердің формасы болып табылады. Банкеттегі үстел үшін ыдыстардың барлық түрлерінің орналасу тәртібі ас мәзірі мен тамақтарды, сусындарды беру тәртібіне байланысты. Банкеттік үстелдің негізгі тетігі - ол әр келген қонаққа арналған сүлгілер мен майлықтардың болуы болып табылады. Егер де банкет барысында аперитив берілетін болса, онда оны іс-шара басталмастан бұрын 15-20 минут бұрын беру керек. Ыстық күндері минералды су мен жеміс-жидектерден жасалған сусындарды ұсынуға болады. Банкеттерді өткізуде келесідей қызмет көрсету жүйелері ұсынылады: француздық түрі ( барлығы "қоршалған"), ағылшындық ( жабдықтау арбашасымен) және орысша жүйесі ( бәрі де "үстелге").Банкетке шақырылған әрбір қонақ үшін үстел үстінде терең емес тәрелке, оның үстінде шайнамаға арналған тәрелке, солға қарай "самсаға" немесе нанға арналған тәрелке. Кішкене тәрелкеден оңға қарай пышақ пен қасық , ал соңға қарай - шанышқы орналасады. Пышақтың өткір ұстарасы тәрелкеге қарай бағытталуы тиіс. Шайнама тәрелкелерінің үстінде майлықтар үшбұрыш немесе гүл пішінді жатуы артықшылық жасамайды. Мерекелік банкеттер кезінде үстел басында сан қилы алкогольді сусындар түрлері болады. Сондықтан әр құралдың қасына араққа арналған, шарапқа арналған, шампанға арналған және шырын мен минералды суларға арналған ыдыстар қойылуы тиіс.Банкеттік дастарханда гүлдердің болғаны да мерекеге тек әдемілік сыйлайды. Оларды кішігірім құмыраларға салып, дастарханның ортасында орналастыру қажет. Егер де банкетте қонақтар саны көп болса, онда ыстық тағамдарды таратып беру керек. Сонымен қатар, маңызды ережені ұмытпаған жөн: тәрелкелерге салынған тамақтар қонаққа оң жақтан беріледі; ал үлкен бір ыдыстағы тамақ сол жақтан беріледі және қонақ өзінің тәрелкесіне өзі салып отырады.
Ресторан залында қонақтарға қызмет көрсету.
Ресторанда қызмет көрсету және дайындық бойынша барлық жұмыстардың негізгі жарлықшысы және ұйымдастырушысы болып метрдотель немесе ресторан менеджері болып табылады. Таңертең метрдотель жұмысқа келгенде сауда бөлмелерінің жағдайларын тексереді: тазалау жұмысының сапасы, жиһаздың, жабдықтардың, жарықтың дұрыстығы және бар болуы,табылғанкемшіліктердіжою үшін шаралар қолданады.
Адамзат цивилизациясының тарихи түрлі себептермен жиналу дәстүрі болмаса, әлде қайда кедейірек болар еді. Бұрында оларды той (пир) деп атаса, қазірде оны банкет деп атайды. Алайда мәні бір – иесі қонақтарға құрмет көрсетіп шақырады, ал қонақтар шақыруды қабыл етеді. Бүгінгі күндері тамақ және ішімдікдермен жаппай мейрамдарды түрлі себептер бойынша ұйымдастырылып түрлі деңгейде өткізіледі.
Банкет менеджері қонақтардан өзіне құрметті шақыру керек және сол уақытта өзінің қол астындағы қызметкерлерге жақсы ұйымдастырушы және басқарушы болу керек. Осылайша, банкетті менеджер ресторан бойынша қызмет көрсетуден ең ірі маманы болады екен. Ол барлық банкеттер типтерін және дәмтатымдарды, тамақты және сусындарды қалай ұсыну керектігін білу қажет.Банкет-қабылдаулар қызмет көрсету формасына байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді: үстелде даяшылармен толық қызмет көрсету банкеті, үстелде даяшылармен жартылай қызмет көрсету банкеті, фуршет, банкет-коктейль, банкет-шай, аралас қызмет көрсетуімен банкет-қабылдау. Осылардың бастапқы екеуі өз кезегінде таңғы ас, түстік немесе кешкі ас болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |