Аннотация



жүктеу 45,68 Kb.
Дата25.11.2017
өлшемі45,68 Kb.
#1941

Аннотация

Балабақшаның атауы – №115 Павлодар қаласы

Тегі, аты – жөні: Қ.Б. Нұрғазиева

Қызметі – тәрбиеші

Еңбек өтілімі – 19 жыл

Санаты – І

Тақырыбы: «Мейірімді қой»

Тобы: Ересек тобы


Балаға білім беру, дамыту және тәрбиелеу жаңа заман талабына сәйкес іске асырып, жүйелі ұйымдастыру әрбір педагогтың міндеті. Баланы жан – жақты дамытуға жол салатын төмендегі оқу іс - әрекетін ұйымдастырудың картасы, осының бірден – бір айғағы.

Атап айтсақ: Коммуникативтік тілдік, танымдық, шығармашылық қабілеттерін және саусақ бұлшық еттерін дамыту. Жағымды көңіл – күйі, ынтасы, қызығушылық белсенділігі артып, еңбектене білуге, қамқорлық және жанашырлыққа тәрбиеленеді. Әсіресе зерттеу әрекетін аса қызығушылықпен зейінді мұқият жасай білуге дағдыланып төселеді. Бала өзін еркін ұстай біледі. Керекті құралдарды, заттарды таңдай білу икемділігі артады. Өз тәжірибесін қолдана, іс - әрекетті ретімен жүйелі айта біледі. Жетістікке жету жолын, тәсілін іздей біледі. Мәселелік сұрақтарды шеше және қортынды тұжырым жасай алады.

Осының дәлелі ретінде келесі оқу іс - әрекетін ұйымдастырудың технологиялық карта үлгісін ұсынамын.


Мейірімді қой

(ересек тобы)

Нұрғазиева Қ.Б

№ 115 сәбилер бақшасының тәрбиешісі



Білім аумағы : "Таным "

"Шығармашылық"



Білім бөлімі: "Қоршаған ортамен таныстыру"

"Бейнелеу өнері"



Тақырыбы : "Мейірімді қой"

Мақсаты : үй жануары қой туралы түсінік беру.

Міндеттері:

─ қой жүніне бақылау жасау.

─ қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

─ қорытынды тұжырым жасай білуге дағдыландыру.

─ қамқорлыққа, жанашылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: үй жануарларының үлгі суреттері, схемалар, қой жүні, мұз, қағаз, ақ, қоңыр жіптер, құм, желім, кеспе суреттер, үн таспа, шөп, су, жем, тұзды қамыр, ұршық, су бояу.

Алдын ала жүргізілген жұмыстар: жануарлар туралы түсінік беру, мақал­мәтелдер, тыйым сөздер, тақпақ жаттау. Дәстүрден тыс тәсілмен жапсыру, мүсіндеу.

Инклюзивтік әлеумет: Іс - әрекетті орындағанда қиналған балалардың зейінін, есте сақтауын арттыру, жеке дара жұмыс жаса


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс­әрекеті

Балалардың іс­әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

"Тілек шеңбері"

"Еркелетіп ата"



Тілек шеңбері арқылы балалар бір­біріне көңіл­ күй, жылылық сыйлайды.

Ұйымдастыру­ ізденушілік

Дидактикалық ойын: "Дұрыс тап» (Үй жануарларын сурет бойынша топтап, бөліп дұрыс таба білу).

Енді олардың даусын тыңдап көрейік. (үн таспаға жазылған үй жануарларының, төлдерінің даусы)

Сөзді ойын: "Айырмашылығы мен ұқсастығын тап"

Балалар енді біз үй жануары қойға ерекше назар аударайық. Қой бізге ет, сүттен басқа жүн береді. Ол өте мейірімді, жүнді өңдеп неше түрлі киімдер жасайды. Мына жүнді қойдың үстінен қырқып алып, жуып, түтіп, сабап, оны иіріп, жіп жасап қолғап, шұлық, текемет т.б. заттар тоқиды дей келе балаларды белсенді ортада жұмыс жасауға шақыру. (орталықтағы белгі бойынша, текшелерді өз қалауларымен алып, сәйкес үстелге орналасу.

*“Шығармашылық орталық”. Жапсыру. Балалар алдарындағы екі түсті (қоңыр, ақ) жіп, құм, желіммен дайын қойдың үлгі суретін контур арқылы қиып жіппен құммен (өз қалауынша таңдап алып) жапсыру.

* “Шығармашылық орталық”. Мүсіндеу. Тұзды қамырдан домалату, созу, шымшу тәсілімен қойды мүсіндеу.

* “Ғылыми­бақылау орталы-ғында” сабақтың басталар алдында мұзды жүнге, қағазға орап қою. Ал енді балалар алдарыңдағы жүнді ұстап көрейік. Қандай? Жұмсақ, жылы (бақылап, ұстап көрген-дегі жүннің сипаттауды схема арқылы көрсетіп отыру. Жүннің жылуын мұзды тез ерітетінін бақылау, салыстыру, қорытынды, тұжырым жасату. (жүннің жылулық қасиеті болғандықтан, мұзды қағаздан қарағанда тез ерітті т.б), жүнді бояу.


Суреттерге қызығушы-нықпен қарап, тапсырма-ны орындауға құлшына кіріседі.

Естілген дыбысқа таңдана қарап, дауысты табады.


Балалар тапсырманы мұқият тыңдап, орындай-ды. Схема арқылы тез жауап бере біледі.

Белсенді орталықтарда жұмыс жасауға отырады.
Жапсыру тәсілдерін еске түсіріп, өз бетінше жұмыс жасау.
Мүсіндеу тәсілдерін еске түсіріп, өз бетінше жұмыс жасау.
Балалар ұстап, сипап сезу арқылы тапсырманы аса қызығушылықпен орын-дап белсенділік көрсете біледі.

Зеттеу­бақылау арқылы өз ойларын айта біледі. Қорытынды жасай біледі.



Жетекші ­жөндеуші

Үнтаспадан қойдың маңыраған даусы, естіледі. Жұмсақ ойыншық (үлкен) қой көрсе-тіледі. Балалар оған су, жем, шөп беріп, қамқорлық жасайды. Балалар қойға пайдасының көп ененін, мейірімді ененін айта-ды. Қойда оларға үнтаспа арқылы алғыс айтады. Бала-лардың жұмысын қарауын ұйымдастыру.

Өз жұмыстарын мақта-нышпен көрсетеді. Айтып береді. Күтпеген сәтке қуанып, шаттанады өздерінің қамқорлық жасағандарына риза болады.



Күтілетін нәтиже.

Білуі қажет: Үй жануарларының төлдері туралы, қойға жалпы сипаттама бере білу. Жіппен, құммен қойдың жүнін жапсыра және тұзды қамырмен жұмыс істей қорытынды, тұжырым жасай білулері керек.

Қалыптасқан түсініктер: Бір­ біріне кез­ келген уақытта көмектесуге дайын. Қой туралы оның пайдасы туралы түсініктер қалыптасты, өз беттерінше жұмыс істей отырып өз еңбегін бағалай біледі.

Орындаушылық қабілеттері : Қағазбен, құммен тұзды қамырмен, ұсақ жіптермен, жүнмен жұмыс істей білді, қызығушылықтары, белсенділіктері артып, қорытынды жасай білді.
жүктеу 45,68 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау