Селекциалдық материалдарды
көбейту питомнигі
Коллекциялық ата-аналар Тұқым шаруашылығының
п иктомнигі
1 -ші жылғы өскін питомнигі
Алдын ала көбейту
2 -ші жылғы өскіин питомнигі
3 -ші жылғы өскін питомнигі Өндірістік
с ортсынау
Экологиялық
А лдын-ала сынау
Мемлекеттік
сортсынау
Негізгі сортсынау
К онкурстық сортсынау
Динамикалық сортсынау
Тұқымдық материалдың көбею дәрежесінің төмендігінен картоп селекциясы ұзақтау болады. Мемлекеттік сортсынауға өткізу үш 2 т картоп түйнегін жинау керек.\
1V - т а р а у
СЕЛЕКЦИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ БАҒАЛАУ
ТӘСІЛДЕРІ
Он жетінші дәріс
Сұрақтар:
17. 1 Селекциялық материалдардың негізгі көрсеткіштері
17.2 Өнімділігін бағалау
17.3 Қысқа төзімділігін бағалау
17. 1 Селекциялық материалдардың негізгі көрсеткіштері
Селекциялық материал деп барлық селекциялық жұмыс процесінде алынған номерлер мен сорттарды айтады.
Сорттың немесе селекциялық номердің басты көрсеткіші — олардың өнімділігі мен сапасы. Бұл өте күрделі көрсеткіштер болып табылады. Себебі, оларды анықтау үшін, біріншіден көптеген жай белгілерін қарастыру кажет болса ал екіншіден қоршаган ортаның әсеріне және өсу жағдайына байланысты өзгеру деңгейін анықтау қажет.
Белгілі бір климаттық жағдайга байланысты жүргізіліп жатқан селекциялық жұмыстың барысында сол дақылдың өнімділігі мен сапасының қандай болатынын селекционер алдын ала болжап, көре білуге тиіс. Жыл сайын болатын әрбір дақылдағы өнімділік пен сапа көрсеткіштері өзгеруінің не себепті болатынына дұрыс жауап беруі керек. Бұл көрсеткіштер негізінен дақылдың әр түрлі өнімділігіне, климаттық жағдайға, ауруга төзімсіздігіне және т. б. байланысты болып келеді.
Әрбір алынған және өндіріске ендірілген жаңа сорттар жыл сайын жоғары өнім беріп, саласы жақсы болуы үшін, селекциялық материалдарды мынадай негізгі көрсеткіштері бойынша бағалайды:
өнімділігі;
қолайсыз климаттық жағдайға төзімділігі;
ауруға төзімділігі;
егу, күту, жинау жұмыстарында техниканы пайдалануға бейімділігі;
сапасы.
Селекциялық материалдарды сынау, бағалау үшін мынадай үш тәсілді қодданады;
егістік жағдайда;
лабораториялық жағдайда:
лаборатория-егістік жағдайда.
Сынауды әдеттегі жағдайда жүргізеді. Қарастырылған материалды екі түрлі белгісі бойынша бағалайды, Олар тура және жанама деп аталады. Тура бағалауға сорттар мен селекциялық номерлері, есептеу, өлшеу және т. б. жолдармен багаланады. Ал, жанама тәсіл сорттардың кей, бір қасиеттерін биохимиялық және технологиялық көрсеткіштерін анықтауга негізделген.
Селекциялық материалды бағалауда аталған үш тәсілдің үшеуі де қолданылады. Егістік тәсіл салыстыруға алынған сорттарды есептеу және қадағалау жұмыстарын егістік жағдайда жүргізуге негізделген. Бұл тәсіл сорт пен селекциялық номерлерді бағалауда дәлірек әрі толығырақ бағалауға мүмкіндік береді. Сондықтан осы тәсіл негізгі тәсіл болып есептеледі. Бірақ егістік тәсіл басқаларына қарағанда біршама үзақ уақыт алады.
Көптеген жағдайда жаңа сортты бағалағанда қолайсыз жағдайға төзімділігі зерттеледі. Ал, бұл колайсыз жағдай жыл сайын болып тұрмайды. Мысалы, күздік дақылдардың қыстап шығу кезеңін, суыққа төзімділігін зерттегенде алынған жылдардың қысы қатты болуы тиіс. Бұлай болмаған, жағдайда, аязды жылдарды күтуге тура келеді. Қолайлы жағдай туған кезде сорттарды белгілері бойынша бағалайды. Егер қыс қатты болмай, ол сорттың аязға төзімділігін зерттеп, сол сортты өндіріске енгізсек, бұл бағалау дұрыс болмайды да алғаш суық болған жылы үсіп кетуі мүмкін.
Селекциялық материалды далалық тәсілмен бағалаганда Құрғақшылыққа төзімділігі, ауру мен зиянкестерге зақымдалуы, жатып қадуы, т. б. белгілері есепке алынады.
Селекция тәжірибесінде іріктеудің жаппай және жекелей екі түрі қолданылады. Өсімдіктерде көбінәсе жекелей іріктеу тәсілі пайдаланылады.
Осы әдіспен жұмыс істегенде бастапқы масақтан алынған дән өз алдына жеке-жеке себіліп, зерттеледі. Олардың ұрпақтарын ерекше шаруашылық белгілері бойынша стандартпен салыстыра отырып зерттеп, жарамдыларын тағы да іріктеп алып, келесі жылы қайтадан бөлек-бөлек себеді. Ал, іріктеуден қалған дәндер алынып тасталады. Осылайша бір текті белгілері бар ұрпақ алғанша жарамдыларын іріктеп, жарамсыздарын шығарып тастау қажет. Селекциялық жұмыс кезінде ұрпағы бойынша зерттеу оның ең негізгісі болып табылады. Ал, карапайым іріктеу жолымен жүргізілген селекция көптеген ауыл шаруашылық дақылдардың ісейбір белгілері бойынша ажыратуда талапка сай сорттарды шығаруда жауап бере алмайды.
Міне, осыған байланысты, шаруашылықта пайдалы қасиеттері бар жаңа сорттар алу және оларды тұрақтандыру үшін, селекционер будандастыру әдісін кеңінен қолданады. Ол үшін ең алдымен селекциялық материалдарды іріктеп зерттейді, сонан соң будандастыру жолдарымен көбейтіп, радиациялық немесе химиялық мутагендерді пайдаланып, қажетті белгілері бар сорттар алады.
Селекциялық материалды сынаған кезде жан-жақтылық, дәлдік және бағаны қысқа уақыттың ішінде беру негізгі талап болып табылады. Оларды әр түрлі белгілері және қолайсыз жағдайларға төзімділік дәрежесі бойынша бағалағанда, әдетте бес баллдың көрсеткішті қолданады. Соңғы кездері көптеген селекционерлер тоғыз баллдық жүйені де пайдалануда. Бұл жүйе халықаралық жүйе болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |