Ауылшаруашылық мәдени өсімдіктер селекциясымен тұқым шаруашылық пәнінің дәрістері
3 – курс күндізгі оқу бөлімінің арналған
(мамандық «Агрономия»)
Бірінші дәріс
Дәннің «Кіріспе»
Ауылшаруашылығы дақылдардың сорттарын жетілдіруде, олардың генетиппен бақыланатын өнімін анықтауда, жеке ұрпақты және популяцияны генетикалық бағалау тәсілдерін көрсетуде генетика - селекцияның теориялық негізі болып саналады
Белгілердің тұқым қуалауы мен өзгергіштік заңдылықтарын игеру аурулар мен зиянкестерге және ортаның қолайсыз жағдайларына төзімді сорттарды шығаруда селекциялық процесті жетілдіреді.
Ауылшаруашылығы дақылдардың селекциясында полиплоидияны, мутагенезді және будандастыруды кеңінен қолданады.
Ауылшаруашылық өндірісінің тиімділігін арттыруда селекция және тұқым шаруашылығының маңызы өте зор. Жергілікті жағдайға бейімделген жоғары өнімді сорттар мен будандарды өсірудің нәтижесінде өндіретін дақылдардың өнімділігін 40-50 және одан да жоғары процентке көтеруге болады.
Селекция (латын тілінен аударғанда selectio - сұрыптау немесе іріктеу) - жаңа сорттар мен будандарды шығарумен айналысатын ғылым.
Алғашқы кезде жаңа сорттар шығаруда тек сұрыптау әдісі қолданылған.
Қазіргі кезде селекцияда сұрыптаумен қатар: будандастыру, полиплоидия, мутагенез, биотехнология сияқты басқа да әдістер кеңінен қолданылуда. Селекционердің жоғарғы мамандықтарын қажет ететін генді инженерия, гаплоидты селекция сияқты әдістерді пайдалану қазіргі күні басты бағытқа айналуда.
Сондыктан селекционерлер клетканың ішкі құрылысын (цитологияны), тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті (генетиканы), өсімдікте болатын ішкі құбылыстарды (физиологияны), аурулар мен зиянкестерді (фитопатология, энтомологияны), өнімді сақтау, өңдеу технологиясын жақсы білумен қатар, маТақырыптиканы, химияны, өндіріс экономикасы мен ұйымдастыру негіздерін білулері қажет.
Селекция жұмысының ғылыми-теориялық негізі тұқым куалаушылық пен өзгергішті зерттейтін ғылым генетика болғанымен, селекция өз алдына дербес (жеке) ғылым.
Ол жаңа организмдерді шығаруға келетін ерекше әдістерге (жүктенеді) сүйенеді.
Ертеден, оның ішінде ғылыми селекция кезеңінен бастап, адамзат: қысқа, суыққа, қуаңшылыққа, аурулар мен зиянкестерге төзімді шаруашылыққа құнды белгілері бар жаңа сорттарды шьгғару және өндіріске енгізуте өте көп көңіл бөлген.
Қазіргі уақытта бүкіл дүние жүзіндегі егістік алқабының 100% - жуығы селекционерлердің еңбегінің арқасында алынған сорттармен себілген.
1. Қашанда болмасын, ауыл шаруашылығына егілетін дақылдарды өсіру технологиясының басты жуйесі сорт болып саналады. Тек жергілікті жағдайға бейімделген, жоғары өнімді сорттар мен будандарды өндіріске енгізудің арқасында ғана ауыл шаруашылық дақылдары өнімдерін 40—50, тіпті 80 процентке дейін арттыруға болатындығы ғылыми тұрғыдан анықталып, тәжірибе жүзінде дәлелденіп отыр.
Сондықтан селекционерлер алынған өнімді сақтау, өңдеу технологиясын жақсы білулерімен қатар, сорттарға қойылатын шарттар мен талаптар мөлшерін карсету жұмыстарын жете игерулері қажет.
Өсімдік селекциясы тұқым шаруашылығымен өте тығыз байланысты.
Тұқым шаруашылығы селекция жетістіктерін өндіріске тез енгізіп, барлық шаруашылылықтардың егісгік көлемін жоғары сапалы сорттык тұқымдармен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығының арнаулы саласы.
Селекция мен тұқым шаруашылығының басты мақсаты — ауыл шаруашылыгы дақылдардың жоғары өнім беретін жаңа сорттарын шығарумен қатар, себіліп журген сорттарды да онан әрі жетілдіру, жаңсарту және шаруашылықтарды жоғарғы сапалы түңымдармен қамтамасыз ету.
2. Бұл жұмысты іске асыру, тек ғылымның әр түрлі салаcында жұмыс істейтін ғалымдардың күшін қосып, ТМД елдеріндегі селекциялық орталық ұйымдарын біріктіргенде ғана іске асуы мүмкін.
Осы ғасырдың жиырмасыншы жылдарынан бастап, елдің көптеген аймаңтарында селекционерлер классикалық іріктеу (жекелеп және жаппай іріктеу, кейініректе Бұлармен үйлестіре отырып жыныстық будандастыру, әсіресе алыстан будандастыру) әдістерін пайдаланып, ауыл шаруашылығы дақылдардың сорттарын шығару ісінде үлкен де жемісті жұмыс жүргізгені мәлім. В. С. Пустовойт іс жүзінде дәншіктерінің құрамында 50—60 процент май болатын күнбағыс буданының жаңа түрін шығарды. Астықтағы белоктың жоғары қүрамын сақтай отырып, II. П. Шехурдин, В. Н. Мамонтова, И. Г. Калиненко, В. Г. Кириченко, Р. А. Оразалиев шығарған бидай сорттарының өнімділігі екі есе өсірілгені белгілі.
3. Алайда, басқа да көптеген елдердегі секілді бізде де ауыл шаруашылық өндірісі қоршаған ортаның әр түрлі қатерлік құбылыстарының әсеріне ұшырауда. Астық дақылдарына бүгінгі уақытта ең үлкен қауіп төндіретін: тамыр шірігі, фузариоз, септориоз, гельминтоспориоз, әр алуан баздану түрлері өріс алуда.
Кейбір аймақтарда фузариоз эпифитотиясы пайда болуда. Оны тек толерантты сорттар шығару, ауыспалы егіс пен себу мерзімін қатаң сақтау, әрі тұқым мен егістікті осы заманғы қорғау құралдарымен уақтылы баптау арқылы ғана еңсеруге болатындығына көз жетті. Осындай жағдай ескеріліп, еліміздің сұрыптау мекемелерінде төзгіштікке бағдарланған сұрыптау жөнінде батыл қадамдар жасалып отыр. Бұл бағытта қазірдің өзінде жүзеге асырылган азды-көпті дүниелер бар. Төзгіштік белгісі бойынша бірнеше ондаған жаңа сортты, алдымен астық дақылдардың сорттарын, төзімді топқа жатқызуға болады. Жаздық бидай сорттарының ішінде Альбидум 28, Саратовская 55, ІДелинная 26, Целинная 60, Целинная юбилейная, Светлана, Оренбургская 10 өзінің Құрғақшылыққа мейлінше төзімділігімен, Жигулевская, Родина, Новосибирская 67, Везенчукская 137, Гордеиформе 53 кейбір патогендерге төзімді қасиеттерімен ерекшеленеді.
Айталық күнбағыстың жаңа сорттары мен будандарының бір тобының үш-бес патогенге жан-жақтың төзгіштік қасиеті бар. Склеротиниоз, фомоз және басқа ауруларға төзімді күнбағыс желісін шығаруру бағытында зерттеуйер өрістетілуде.
Люпиннің фузариозға, күздік бидай мен тарының күйеге төзімді сорттары тұңғыш рет шығарылды.
Әлемнің агрометеорология орталықтары кұрғақшылық кұшейеді деп болжауда,демек құргақшылықтың әлемнің әр түрлі аймақтарын, соның ішінде біздің аймақтағы көлемді аумақты қамтымай қалмасы анық. Мұның бәрі қарап келгенде құрғақшылыққа төзімді сорттар шығарудың жаңа тәсілдерін табанды түрде іздестіруге мәжбур етері анық. Өнімділігі жоғары
әрі құрғақшылыққа төзімді түрлердің жоқтығынан, бұл
бағытта тез арада жетістіктерге жете қоюдың мүмкін
еместігін тәжірибе көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: |