16.3 Педигри әдістемесі
Педигри әдістемесі (Ағылшын тілінен алынған padigree – тектілік, генеалогиялық деген ұғымды білдіреді). Кейде өздігінен тозаңданатын дақылдардың будан қосындыларында жекелей сұрыптау бірнеше рет қайталанады, ал таңдалып алынған өсімдік ұрпақтары, шыққан тектері кеп жылдар боны белгілі болғандықтан, олармен салыстырып отырады. Осы әдіспен жүргізілген селекциялық жұмыс ең сапалы (элиталық) өсімдіктердің тек екінші (Ғ2) ұрпағынан басталады. Сұрыпталған өсімдік туыстарын (линияларын) жекелей себеді. Үшінші (Ғ3) ұрпағында нашар өсімдіктерге өте қатты шеттету жүргізіледі, егуге қалдырылған туыстарға қайтадан жақсы өсімдіктерді жіктеу үшін, қайтадан жекелей сүрыптау қолданылып, келесі ұрпақтарда да тексеру жүргізіледі. Шаруашылыққа қажетті қасиеттері және морфологиялық белгілері түрақты болғаннан кейін (көбінесе бесінші, алтыншы ұрпақтарда), өзара қосады да, ең сапалы туыстарды салыстыру арқылы селекциялық және бақылау питомниктеріне егеді
Достарыңызбен бөлісу: |