16.2 Жекелей сұрыптау
Бұл әдістің негізі - жекелеген өсімдіктерді сұрыптап алып, болашақта әрқайсысынан алынган ұрпақтарды жекелей сақтау, көбейту. Алғашқы тандалған өсімдіктердің ұрпактарын көп рет тексеруден өткізеді.
Әлсіз, кездейсоқ сүрьшталған өсімдіктер жарамсыз деп табыльш, шетке шығарылады. Өсу ортасының бірдей жағдайында, әр түрлі жылдары таңдалып алынган жүздеген өсімдіктердің ұрпақтары салыстырылады. Сондыктан ол өсімдіктердің тұқым қуалаудағы, генотиптік және тұқым қуалау тұрақсыздыгы, фенотип өзгергіштігіндегі айырмашылықтар анықталып, соның аркасында ең жақсы өсімдік ұрпақтарын тандап, көбейтуге жағдай жасалады.
Өздігінен тозанданатын дақылдармен жұмыс істегенде, әдетте бір рет жекелей сұрыптау қолданылады. Алғашқы ұрпақтар ретінде табиғи, будандық және бір-бірінен айырмашылықтары бар ұрпақтар (мутанттар) пайдаланылады. Тандап алынған табиға бір өсімдіктің ұрпақтары – линиялық деп аталады, оның негізінде алынган сорт -линия, ал тандалып алынған будан
Өздігінен тозандатылған өсімдіктерге бір рет жүргізілген ұрпақтары будандық линия, одан алынған сорт - будандык сорт деп аталады.
Өзгергіштік туғызатын заттар аркылы (мутагендер) тандап алынган өсімдіктер - өзгергіштер (мутанттар), оның ұрпақтары -мутанттық линия, болашак сорт - өзгергіш сорт (мутанттық) деп аталынады. 19-сұретте өздігінен тозанданатын өсімдіктерді бір рет жекелеп сұрыптау жүргізудің кескіні келтірілген Алғашқы жылы ұрпақ топтарынан (популяциядан) сүрыпталып алынған ең жақсы өсімдіктер жекеленіп бастырыпады. Тандальш алынған өсімдіктердің тұқымдары келесі жылы селекция питомнигінде жеке-жеке себіледі. Бұл жерде нашар туыстар (линиялар) шетке шығарылып, ең жақсы туыстар құлдырылады.
Шетке шығарылмаған нөмірлер үшінші жылы - екінші жылдық селекция питомнигіне, ең „ жақсылары – бақылау.
(БП) себіледі де нашарлары шеттетіліп, жақсы нөмірлер іріктеліп бөлінеді. Ең жақсы нөмірлер осы әдіспен сорт сынау, салыстыру (СС) кейде күні бұрын (КБ), кейде соңынан мемлекеттік сорт сынауга (МС) беріледі. Осы және бір уақытта ең жақсы нөмірлердің күні бұрын тұқымдары көбейтіліп (КБ), олармен тұқым жақсарту жұмыстары жүргізіледі.
Жекелей сұрыптау әдісі жаппай сұрыптауға қарағанда күрделі және көп еңбек етуді талап етеді. Жекелей сүрыптау әдісімен алынған жаңа сорт ең таңдаулы өсімдіктің бір масағынан немесе щашақбасынан алынған, астық тұқымдас өсімдіктерде салмағы көп жағдайда 1 г аспайтын тұқымдардан пайда болады. Сондыктан, жаңа сортты шығаруға және тұқымын көбейтуге көп уақыт кетеді. Дегенмен, бұл көрсетілген кемшіліктер - осы әдістің беретін жоғары нөтижесі есебінен білінбей кетеді.
Өздігінен тозанданатын дақыл сорттарының басым көпшілігі табиғи өсімдіктерді немесе будан қосындыларын жекелей сүрыптау әдісін қолдану аркылы алынған.
Будан қосындыларынан жекелей сұрыптау арқылы төмендегі атақты селекциялык сорттар шығарылған. Олар: күздік бидайдың Безостая 1 және Кавказ, жаздық бидайдың Саратов 29 және Мелянопус 26, жаздық арпаньщ Нутанс 244 және Москвалық 121, сұлыньщ Львовтык 78, тарыньщ Саратов 2, ас бұршактың Рамондық 77 және т.б. коптеген сорттары.
Жекелей сұрыптау әдісімен шығарылған сорттар, өздерінің жоғары біркелкі ұрықтық (гомозиготалык) қасиетіне байланысты, әдетте өзінің шаруашыльгқ-биологиялық қасиеттерін көп ұрпақтар бойьша жақсы сақтайды.
Мысалы, күздік бидайдың Безостаұ 4 сортынан сорт ішіндегі қайталап сұрыптау арқылы Безостая 1 сорты шығарылған. Осы әдіспен жаздық бидайдың Шортандинка сортынан Пиротрикс 28, тарының Мироновтық 85 сортынан - Мироновтық 51, күріштің Красноармиялық 173 сортынан - Кубань 9 сорттары және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |