3 – курс күндізгі оқу бөлімінің арналған


Жеке дақылдарды арнайы апробациядан өткізу



жүктеу 308,67 Kb.
бет100/100
Дата26.01.2022
өлшемі308,67 Kb.
#35140
түріЛекция
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   100
Аш селекциясымен тұқым ш лекция

22.3 Жеке дақылдарды арнайы апробациядан өткізу

Күздік және жаздық бидайды, күздік және жаздық арпаны және сұлыны апробациядан еткізу егістіктің балаусызданып пісу кезеңінің басында, ал тарыны-гүлшоғының ұшындағы гүл қабыршағы гүлденген кезде жүргізеді. Егістің сорттылығының анықтау үшін сынау бумасын алады. Оны біркелкі уыспен, біркелкі қашықтықта қиғаш бойынша аз дегеңде 150 жерден (орыннан) алу керек.

Кең қатарлы әдіспен егілсе қиғаш бойынша басқыш тектес жүріспен жүріп отырып алады. Апробациядан отетін егістіктің көлемі дәнді дақылдар үшін 450 га, тары үшін -350 га-ға дейін. Әрбір сынау бумада сабақ саны 1500 данадан кем болмауы керек.

Ғылыми-зерттеу орыңдарыңда, оқу-тәжірибе, шаруашыльпстарда элита-тұқым және тұқымды әр танаптан екі сынау бума алады, әр қиғаштан бір-бірден бумаларды және оларды араластырмай, әрқайсысын жеке сынап, жеке-жеке акт жасайды. Жер көлеміне карамай әр бумада 1500 жақсы жетілген сабақ болады. Екі буманың көрсеткішіне байланысты сорттық тазалығынан басқа сапа көрсеткіштерінің орташа санын есептейді.

Шаруашылықтарда бір тұқыммен себілген кішігірім танаптардан бір ғана бума алса да болады.

Тұқымдастығына, алғы дақылының бірдей екеніне қарамастан тұқымға арналған танапты жеке сынайды да, жалпы егістікті жеке сынайды.

Апробатор бума алу мен бірге егістіктегі карантинді арам шөптердің түрлерін, ластану дәрежесін мына шкала бойынша анықтайды:

арамшөптер жок - 0;

аздап ластанған - 1;

орташа ластанған - 2;

- оте ластанған - 3

Сынау бумасын буып, ішінен де, сыртынан да этикет қағазын байлайды.

Этикет қағазында шаруашылықтың аты, ауыспалы егістіктегі танаптын орны, жер көлемі, дақылға аты, сорты және алыну мерзімі көрсетіледі. Сынау бумасын алғннан кейін екі тәуілік арасында талдау жүргізу кажет. Талдаудың нәтижесінде мыналар айкьщдалады:

1. Сынайтын дақыл сортын жақсы жетілген сабақтығы саны (жарақаттанбаған).

2. Бумадағы басқа сорттық, түрлердің, түршелердің саны.

3. Кінұраттармен, зиянкестермен жарақаттанған сабақтардың саны.

Сабағы жақсы ажыратылмайтын дақылдар сабақтары.

Жақсы ажыратылмайтын арамшөп сабақтары.

Карантин арамшөптердің сабақтары.

Күнігі (злостный) арамшөптер сабақтары.

Улы арамшөптердің сабақы.

Аса жетілген негізгі дақыл сабақтары. Барлық міндеттерді бөліп шығарған соқ егістіктің сорттық тазалығын, аралас қоспа сорттармен, ұқсас басқа дақылдармен ластануын, өте ұқсас арамшөптермен ластануын, кінұраттармен жарақаттануын анықтайды. Апробация өткен соқ, фракцияларды жеке буады, содан соқ бүрін бір бумаға буады, өзінің (негізгі дақылдардың, сорттық) этикет қағазын байлайды және сынау актісінің нөмірін, сорттық тазалығын (%) көрсетеді. Мысалы: күздік бидайдың Наз сортының сынау талдауы:

а) негізгі сорттық жақсы дамыған сабағының саны - 1570.

б) баска сорттық және түршелердің сабағаның саны- 5,

в) негізгі дақылдардың қаракүйемен жарақаттанған сабағының саны - 6, оның ішінде тозанды каракүйемен жарақаттанған сабақ - 2, кдтты қаракөйемен -4.

г) сабағы өте ұқсас басқа дақыл сабағы - 4, оның ішінде қарабидай-4.

д) сабағы өте ұқсас арамшөп сабағы -3.

с) жақсы жетілген күздік бидай сабақ -20. Осыдан барып сорттық тазалығы шығады:

Сорттық ластануы:

Тозанды қаракүйемен жарақаттануы:

Қатты күйемен жарақаттануы:

Басқа сабағы ұқсас дақылдармен ластануы:

Сабағы ұқсас арамшөптермен ластануы:

Талдаудың қорытындысын сынау актісінің "талдаудың қорытындысы" деген графаға жазады. Егер карантинды арамшөп болса сынау актісіне оның атының және санын көрсетеді:

Сабағы ұқсас басқа дақылдарға жататыңдар: арпада - бидай, сұлы;

күздік бидайда-қара бидай, арпа;

сұлыда - арпа.

Сабағы ұқсас арамшөпке жататындар: бидайда - түлкі құйрығы ақмия, сібір бастышөбі, көккүз шөп, тышқаншөп, татар қарақұмықы;

сұлыда - арпада: қара сұлы, мысық құйрық, итқонақ;

тарыда - ірі тұқымды күріш тарысы, көккүз шөп, жатақан үкікіре, сүйелжазар (гелиотроп), итқонақ.

Карантин арамшөптерге жататындар: ойраншөптің барлық түрлері, арамсояның барлық түрлері, күнбағыс сұққыласы (заразиха) ценхрус, жатақан үкекіре, тікенек алқа, каролинский.

Кәнігі арамшөптерге жататындар: құмай, түлкі құйрықты ақ мия, сәлем шөп (сыть), пасталюм двурядый, көккөз шөп, жүнсабалақ, тікенкурай, далашырмауығы, сүттіген, крупка шытырмақ, бидайық (пырей), жау қияқ (острец), қарасұлы, дала калуені (осот).

Дәннің сорттық куәлігіне күнігі, карантин және улы арамшөптердің бар-жоғын көрсетеді.

Тұқымдыққа жарамайтын егістіктер:

а) Ұқсас дақылдармен ластануы - 5%-тен жоғары;

б) Ұқсас арамшөптермен ластануы - 3%-тен жоғары;

в) бидай мен арпаның тозанды қара күйемен жарақаттануы 2% жогары, қатты қара күйемен жарақаттануы - 5%-тен жоғары; ал сұлы егістігінің барлық қара күйемен жарақаттануыі - 5%-тен жоғары; тарының егістігі тозанды кара күйемен жарақаттануы - 5%-тен жоғары болса. Егер тозанды кара куйе 0, 1%-тен, қатты қара күйе - О, 05%-тен жоғары болса элита егістігі, элита болып есептелмейді.


жүктеу 308,67 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау