7. ПРАКТИКАЛЫҚ НЕМЕСЕ СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК ЖАСАҚТАМА
Семинар сабағы студентке не береді? Бұл:
Ғылым тілін меңгеру;
Ұғымдарды қолдану дағдысын қалыптастырады;
Интеллектуалдық проблемаларды және тапсырмаларды қою және шешудегі, өз көзқарасын қорғаудағы біліктіліктер мен дағдыларды меңгеру.
Семинар сабақтары төмендегідей түрлерде өткізіледі:
1. Алдын-ала берілген тақырып бойынша топ болып әңгімелесу.;
2. Семинарға қатысушылардың талқылауы бойынша студенттердің сөйлеуі;
3. Топтарға бөліну, прзентация, мозака, жұппен жұмыс, т.б.
Семинарға дайындық және оның өткізілуі:
Семинар сұрақтары алдын-ала беріледі. Сұрақты түсінбеген жағдайда тікелей оқытушымен кеңесуіне болады.
Әрбір семинарға бөлек әдебиеттер тізімі және қосымша дайындалуға әдебиеттер тізімі беріледі. Студент сол әдебиеттерді Университеттің оқу залдарынан(№4 корпус №1,2 оқу залдары), кітапхананың абонемент бөлімдерінен (№4 корпус, №1 қабат) немесе кафедрадан алып дайындалуына құқылы.
Семинардың барлық сұрақтарына міндетті түрде дайындалу керек.
Семинарға дайындалу кезінде міндетті түрде болашақта емтихандар мен аралық бақылауларға керек болғандықтан арнайы дәптерге барлық сұрақтар бойынша ақпараттарды жазып алу керек.
Семинар кезіндегі берілетін жауаптар міндетті түрде сұраққа сәйкес, қысқа да нұсқа түрде болуы және сұрақ толық ашылуы тиіс.
Студенттер жауап беруші студентке кеселін тигізбей мұқият тыңдап отырғандары дұрыс.
Семинарға дайындалмай келген студенттің баллдары кемітіледі және сол тақырып бойынша дайындалып келіп жауа бару керек.
Сұрақтарға жауап беруде және пікірталас туғызатын мәселелерге өз ойын айтқысы келген студенттер қолдарын көтеріп, оқытушының рұқсатымен өз пікірлерін анық айтулары тиіс.
Семинарға қойылатын талаптар дәріс сабақтарында да сақталады.
Белсенді қатысқан студенттер қосымша тиісті балл ала алады.
Семинарға дайындалған кезде студент дәрісті де толық меңгеруі керек.
№ 1 Семинар
Тақырыбы: Білім жүйесін басқарудың қоғамдық- мемелекеттік сипаты
Педагогикалық жүйенің жүйе құраушы факторлары
Педагогикалық жүйенің қызмет етуінің әлеуметтік- педагогикалық және уақыттық шарттары
Педагогикалық жүйенің құрылымдық компоненттері
№ 2Семинар
Тақырыбы: Мектепті басқару негізгі функциялары
Білім беру мекемесі басшысының басқару мәдениетінің негізгі копоненттері
Мектеп басқарудағы педагогикалық талдаудың мазмұны
Мектеп басшысының ұйымдастырушылық қызметі
№ 3 Семинар
Тақырыбы: Педагогикалық процесті басқарудағы әлеуметтік институттардың
өзара әрекеттестігі
Мектептегі педагогикалық ұжымның басқа ұжымдардан айырмашылығы
Қазіргі заманғы отбасының мәселесі қандай
Мұғалімнің ата-аналармен жүргізілетін жұмыстрына сипаттама беріңіз
№ 4Семинар
Тақырыбы: Білім берудегі инновациялық процестер
Білім берудегі «инновациялық процестер»
Инновациялық орта қалыптасуда педагогикалық ұжымның ролі
Озат педагогикалық тәжірибе
№ 5 Семинар
Тақырыбы: Мұғалімдердің біліктілігін арттыру және оларды аттестациялау
Мектептегі ұйымдастыру-әдістеме жұмыстары
Мұғалімнің инновациялық қызметтерін дамытушы диагностикалық әдістер
Педагогикалық қызметкерлердің аттестациялаудың мақсаты
Материалдар:
Құрманалина Ш.Х, Мұқанова Б.Ж., Ғалымова А.У., Ильясова Р.К. Педагогика. Орал, 2004.
Педагогика сөздік. Молдағалиев.Б.А.Орал-2008.
Муханбетжанова А.М.,Молдағалиев.Б.А., Ерниязов О.Н.. «Тәрбие теориясы» Орал-2007
Муханбетжанова А.М.,Молдағалиев.Б.А., Ерниязов О.Н.. «Дидактика» Орал-2007
Басылымдар бойынша әдебиеттер тізімі:
Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. А., 2004.
Жарықпаев Қ. Психолоия А., 1998.
Жұмабаев М. Педагогика. А., 1993.
Коменский Я.А. Ұлы дидактика. А., 1993.
Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. А., 2000.
Қоянбаев Ж.Б. Педагогика. А.,1992.
Қоянбаев Р.М. Бастауыш мектеп педагогикасының негіздері. А., 1992.
Қоянбаев Р.М. Білім беру және оқыту теориясы. А., 1990.
Қоянбаев Р.М. Тәрбие теориясы. А., 1992.
Лихачев Б.Т. Педагогика. М.,1998.
Подласый И.П. Педагогика. М.,1996.
Подласый И.П. Педагогика начальной школы. М.,2000.
Сластенин В.А., Исаев И.Ф. Педаагогика. М.,1997.
Сабыров Т.С. Оқыту теориясының негіздері. А., 1993.
Сабыров Б.Т. Болашақ мұғалімдердің дидактикалық дайындығын жетілдіру. А., 1999.
Құрманалина Ш.Х, Мұқанова Б.Ж., Ғалымова А.У., Ильясова Р.К. Педагогика. Орал, 2004.
Харламов Н.Ф. Педагогика. М., 1999.
Қосымша әдебиеттер тізімі:
Абай. Поэмалар – А., 1993.
Асылов Ұ.Ә. және т.б. Әдептану. А., 2000.
Белкин А.С. Основы возрастной педагогики. М., 2000.
Бордовская М.В., Реан А.А. Педагогика. Учебник для ВУЗов. СПб., 2001.
Воронов В.В. Педагогика школы в двух словах. М., 1997.
Гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы. А., 1994.
Дүкенбаева Ғ. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу. А., 1992.
Иванов И.И. Энциклопедия коллективных творческих дел. М., 1989.
Қожахметова Е.Ж. Казахская этнопедагогика, методология, теория, практика. А., 1998.
Сағындықұлы Е. Педагогика. А., 1999.
Сембаев И. , Храпченков Г.М. Қазақстан мектептері тарихының очерктері. А., 1972.
Сухомлинский В.А. Павлышская средняя школа. М., 1979.
Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары.А., 2000.
Ушинский К.Д: Человек как предмет воспитания. ПЕд. Соч. 5 т. М., Педагогика. 1990.
Хуторской А.В. Современная дидактика. Учебник для ВУЗов. СПб. 2001.
Бағдарламаланған және нормативтік-құқықтық материалдар тізімі:
Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты. А., 1998.
ҚР “Білім туралы” заңы. Қазақстан мұғалімі. 25 ақпан. 1998.
ҚР орта білімді дамыту тұжырымдамасы. А., 1997.
ҚР азаматтарының жаңа әлеуметтік-экономикалық мінез-құлқын қалыптастыру тұжырымдамасы. Егеменді Қазақстан.1995.
ҚР білім беру туралы заңы. Егеменді Қазақтан.18 қаңтар. 1999.
ҚР конституциясы. А.,1995.
Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы Қазақстан мұғалімі. 12 қыркүйек,1995.
Мемлекеттік білім беру саласындағы саясаының тұжырымдамасы. А.,1995.
ҚР гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы.А.,1994.
ҚР этно-мәдени білім беру тұжырымдамасы.А.,1996.
Мерзімдік басылымдар:
“Ұстаз” журналы.
“Бастауыш мектеп” журналы.
“БҚМУ хабаршысы”.
“Школьный психолог” газеті.
Интернет көздері.
ОСӨЖ әдістемелік нұсқау
№1. ОСӨЖ
Тақырыбы: 1. Ұжым туралы түсінік.
Талқыланатын сұрақ: Ұжымның өзіндік қасиеттері, ерекшеліктері.
А.С.Макаренко бойынша ұжымның даму кезеңдерін сипаттаңыз.
Ұжымға педагогикалық басышылықта нені есепке алу керек?
Мектеп ұжымын басқарудың педагогикалық тәжірибесінде қандай ережелерді есте сақтау керек?
№1. ОСӨЖ
Ұжым алдындағы мақсат – перспектива дегеніміз не?
Өзін-өзі басқару дегеніміз не?
Өзін-өзі басқару қандай функцияларды орындайды?
№2. ОСӨЖ
І – кесте
Сабақтың элементі
|
Талаптардың мазмұны
|
1
|
2
|
Мақсаттары
|
1.Әрбір сабақ мақсатты бағытталған болуы керек. Олар оқушыға білім беруге, тәрбиелеуге және дамытуға тиісті.
2. Сабақ өмірімен тығыз байланысты болуы керек.
3. Сабақ пәнге қызығушылықты дамытуға тиісті.
|
Мазмұны
|
Сабақтың мазмұны ғылыми түрде болып, пәннің ғылыми негіздерін меңгеруді қамтамасыз етуп, оның қазіргі мәселелерімен таныстыруға тиісті.
Сабақта пәнді оқытудың барлық ұстанымдары өз көрінісін табуға тиісті.
|
Оқушылардың оқу іс-әрекетінің әдістері
|
Оқытудың әдістері мыналарды қамтамасыз ету керек:
Оқушылардың белсенді танымдық іс-әрекетін;
ой мен сезімнің бірлігін;
Оқытудағы проблемдік ыңғайды;
Сабақтың эмоционалдығын.
Оқыту әдістері мыналарды есепке алады:
Оқытудың қазіргі техникалық құралдарын пайдалану;
Практикада білімді қолдануды іске асыратын әр түрлі тапсырмаларды пайдалану;
Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру, т.б.
|
Сабақтың құрылымын ұйымдастыру
|
1. Пән сабағы:
а) тақырыптың немесе бөлімнің логикалық бірлігі болу керек;
ә) жаңа жадығатты оқытудың, білім мен іскерлікті бекітудің түрлі тәсілдерін қолдануға тиісті;
б) білім мен іскерлікті ағымдық және жалпылау түрінде қайталауды қамтамасыз ету;
в) сыныптың жас ерекшеліктерін ескеру.
2. Білімді, іскерлік пен дағдыны меңгеруін жүйелі түрде қадағалау қажет.
3. Сабақ оқушылар мен мұғалімнің еңбегін ғылыми ұйымдастырудың талаптарына сай болу керек.
|
№3. ОСӨЖ
3.Сабақты бақылаудың және оны талдаудың үлгі бағдарламасы.
1. Ең алдымен жалпы мәліметтер жазылады: бақылау күні, мектеп, сынып, сабақ кестесінде алатын орны, мұғалімнің аты-жөні, сабақтағы оқушылардың саны.
2. Сабақтың тақырыбы жазылады және осы сабақтың тақырыбы бойынша жалпы сабақтар жүйесінде орны анықталады.
3. Сабақтың мақсаты, оның білімділік, тәрбиелік және дамытушылық міндеттері жазылады (олар сабақ алдында мұғалімнен сұрап алынады) .
4. Сабаққа даярлығы анықталынады: сынып бөлмесінің санитарлық-гигиеналық жағдайы, сынып тақтасы (тазалығы, дидактикалық жадығаттың алдын-ала даярлануы), көрнекі құралдар, техникалық оқыту құралдары, оқушылардың сабаққа психологиялық даярлығы.
5. Сабаққа хаттаманың жазылуын мынадай схемамен жүргізуге болады:
-
Уақыт
|
Өзара бірлескен әрекеті
|
Сабақтың бағалануы
|
|
Мұғалімнің ісі
|
Оқушылардың ісі
|
|
№4. ОСӨЖ
Талдау кезінде мынадай сұрақтарға жауап беру керек:
1. Тақырыптың мақсаты мен мазмұнының сәйкестілігі.
2. Сабақтың типін және оның негізгі кезеңдерін анықтау.
3. Әрбір кезеңге кеткен уақытты белгілеп отыру.
4. Сабақтың басталуы: Ұйымдастыру кезеңі:
тыныштықтың орнатылуы, сәлемдесу;
сабаққа даярлығын тексеру;
өткен сабақпен байланысты орнату, оқушылар алдында жалпы және жалқы міндеттерді қою.
№5. ОСӨЖ
5. Үй тапсырмасының орындалуын тексеру:
тексерудің түрі (жалпы, жеке, фронтальды);
кемшіліктерді анықтау мен оларды жоюдың жолдары;
сұрақтарды қоюдың мазмұны мен әдістемесі (сұрақтардың сипаты, қайталаттыратын, проблемалық сұрау әдістемесі, оқушыларды белсенді ету тәсілдері);
сабақ сұрау кезінде жауапты толықтыруға, түзетуге, рецензиялауға оқушылардың қаншалықты қатыстырылатындығы;
оқушылардың ұжымдық, фронтальдық, топтық және жеке жұмыстары қалай ұйымдастырылатындығы;
оқушылардың мұғаліммен және өзара іс-әрекеті қалай ұйымдастырылатындығы
№6. ОСӨЖ
6. Жаңа жадығатты меңгеру:
тақырыпты хабарлау;
қазіргі тақырыптың өткен тақырыптармен байланысын, кейінгі жадығатты меңгерудегі мәнін көрсету;
тақта тиімді қолдынылды ма?
оқушылардың танымдық іс-әрекетін стимулдаудың тәсілдері (көрнекілігі, балаларда бар тәжірибені пайдалану, проблемалық ситуацияны құру т.б.);
оқушылардың дербес жұмысының рөлі мен орны, оқулықты қолдануы т.б.
№7. ОСӨЖ
7. Жаңа білімді бекіту:
бекітуге қандай жадығат таңдап алынды?
бекіту қандай әдістермен іске асырылды?
оқу жадығатын саналы меңгеріп жатқандығы туралы қорытынды жасауға бола ма?
№8. ОСӨЖ
8. Үй тапсырмасының берілуі:
үй тапсырмасын түсіндіруге қанша уақыт бөлінді?
сабақтың қандай кезеңінде берілді (сабақтың басында, сұраудан кейін, бекітуден кейін, үзілісте, берілген жоқ);
үй тапсырмасын қалай орындау керектігін оқушылар қаншалықты түсінді?
№9. ОСӨЖ
9. Жалпы қорытынды және ұсыныстар:
оқушылармен білімділік, дамытушылық және тәрбиелік функцияларының жүзеге асырылуы;
мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасының стилі;
оқушылардың белсенді әлеуметтік қалыптасуының дәрежесіне жалпы сипаттама (саналы оқу қажеттігін түсінуі, білімді өздігінен меңгеруге талпынысы, алған білімді практикада қолдануы, ұжымшылдығы, жауапкершілігі т.б.).
№10. ОСӨЖ
Үйге берілген оқу тапсырмасын орындаудың мәні: оқушының дербес ойлауын және іс-әрекетін дамытады. Ол мұғалімнің нұсқауы және оқулық бойынша жұмыс істесе де тапсырманы дербес және жеке орындағандықтан материалды саналы меңгеруге, шығармашалық көрсетуге жағдай жасайды.
Үйдегі оқу жұмысына қойылатын талаптар:
үй тапсырмалары үлкен болмауы керек, бірақ мазмұнды болуы қажет. Олар нақты ережені, ойлау операциясын, практикалық іс-әрекетті меңгеруге, бекітуге, қайталауға бағытталған;
үйге берілетін оқу тапсырмасы сыныптағыға қарағанда қарапайымдырақ және түсініктірек болу қажет, себебі ол жеке дербес жұмыс істеуге мәжбүр. Егер үй тапсырмасы күрделі болып, көп уақыт алса оқушы оны орындамай кетуі мүмкін;
үйге берілетін тапсырмалар оқушыларды қызықтыратындай және өмірмен, олардың іс-тәжірибелерімен байланысты болғаны жөн;
үй тапсырмасының көлемін белгілеуде мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктерін және таным қабілеттерін, қызығушылықтарын ескергені жөн;
үйдегі оқу жұмысының табысты болуы, көбінесе сабақта мұғалімнің үй тапсырмасын орындау тәсілін оқушыларға тыңғылықты етіп түсіндіруіне байланысты;
үй тапсырмасын мұғалім тексеріп отыруы тиіс;
мұғалім оқушылардың үй жұмысында ата-аналардың көмегінің формаларын білуге тиісті, себебі олардың әсері он да теріс те болуы мүмкін.
№11. ОСӨЖ
Мұғалімдер тарапынан оқушыларға шамадан тыс үй тапсырмасын тапсыруды болдырмау және олардың жас ерекшеліктері мен таным қабілеттерінің мүмкіншілігін ескеру мақсатын қолдай отыра, оқу министрлігінің нұсқауы бойынша әр сыныпта үй тапсырмаларын орындауға берілген уақыт мөлшері мынандай болып белгіленген:
Үй жұмысы
|
Сынып бойынша сағат саны
|
І
|
ІІ
|
ІІІ
|
ІҮ
|
Ү
|
ҮІ
|
ҮІІ
|
ҮІІІ
|
ІХ
|
Х
|
ХІ
|
1
|
1,5
|
1,5-2
|
1,5-2
|
2
|
2
|
2,5-3
|
3-4
|
3-4
|
3-4
|
4
|
Бақылау сұрақтары
Дәстүрлі емес сабақтарға қандай сабақтар жатады?
Дәстүрлі емес сабақтар талдау кестесі.
Аралас сабақтардың мәніне және құрылымына анықтама бер.
Мұғалімнің сабаққа даярлығының негізгі параметрлерін көрсет.
Қазіргі сабақ құрылымының моделін көрсет.
Сабақта саналы тәртіпті орнату жолдарын ата.
Сабақты бақылаудың және оны талдаудың үлгі бағдарламасын көрсет.
№12. ОСӨЖ
Жоспары:
1. Оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеру, бағалау және қадағалау туралы түсінік.
2. Қадағалаудағы ұстанымдар және білімді тексеру кезеңдері.
3. Оқығандықты тестілеу.
1.Қадағалау оқушылардың білімін, іскерлігін анықтау, өлшеу және бағалау дегенді білдіреді.
№13. ОСӨЖ
Тексеру – бұл білімді, іскерлікті анықтау және өлшеу. Тексеру – қадағалаудың негізгі компоненті, оның негізгі дидактикалық функциясы мұғалім мен оқушылардың арасында кері байланысты қамтамасыз ету, оқу материалын меңгергендігі дәрежесі туралы объективті ақпаратты педагогтың алуы, біліміндегі кемшілікті және білмеушілікті дер кезінде анықтау болып табылады.
№14. ОСӨЖ
Қадағалауда бағалау /процесс ретінде және баға қоюы /нәтиже ретінде/ баршылық. Бағаның функциясы оқығандық деңгейді анықтаумен шектелмейді. Баға – оқуға ынталандырудың, оң мотивацияның, тұлғаға әсер етудің мұғалім қолындағы құрал. Объективті бағалаудың әсерімен оқушыда сәйкесті өзін-өзі бағалау, өз жетістіктеріне сын қатынас пайда болады. Оқытушылық қадағалаудың негізгі функциясы – қадағалаушылық-түзетушілік, бірақ ол сонымен бірге оқытушылық, дамытушылық, тәрбиелеушілік, ұмтылдырушы функцияларды да атқарады.
Бұл әдісте мынадай түрлерін айырады:
Ауызша қадағалау. Жеке және фронталдық сұрау арқылы жүзеге асырылады. Қадағалаудың қорытындысында тиісті баға қойылады.
Жазбаша қадағалау. Бақылау жұмысы, шығарма, диктант т.б. арқылы жүзеге асырылады.
Лабораториялық бақылау. Лабораториялық жабдықтарды, тәжірибені талап ететін жазбаша және графиктік жұмыстарды, эксперименталдық есептерді шешкенде бағалауда қолданады.
Машиналық /бағдарламаланған/ қадағалау. Электрондық-есептеу техникасы, қадағалау бағдарламалары болғанда қолданылады. Қадағалаудың бұл түрі жоғары әділдікпен ерекшеленеді.
Тестілік қадағалау. Мұның негізінде тестілер жатыр.
Өзін-өзі қадағалау. Өзі жіберген қателерін тауып, түзетуге үйрету. Оқытушылық қадағалаудың бір тәсілі – оқушылардың дербес жұмысы. Мұнда мынадай дидактикалық мақсаттар шешіледі: білімді іздеп, оларды ұғыну, бекіту, іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру және дамыту білімді жалпылау және жүйелеу.
Дербес жұмыс сыныптық болуы мүмкін /функциясы – тексерушілік/ және үйде орындалатын /бекітетін, жалпылайтын, қадағалаушылық-түзетушілік функциясы/.
Дербес жұмысты дұрыс және тез орындаудың шарттары: тапсырманы орындаудың алгоритмін жасау, тапсырманы қоюдың педагогикалық талапқа сай тәсілдері т.б.
Дербес жұмыстың бір түрі – оқушыларды жаңа материалмен оқулық бойынша таныстыру. Оқымастан бұрын мұғалім оқушыларға жұмыстың мақсатын, материалдың атын, жауап табуға тиісті тексерушілік сұрақтарды береді. Осылар бойынша оқушы белгісізді бөледі, бастыға назар аударады, іс-әрекеттің бірізділігін анықтайды, оларды қадағалайды.
№15. ОСӨЖ
2. Қадағалаудың ұстанымдары:
Объективтілігі: диагностикалық тестілердің, тапсырмалардың, сұрақтардың мазмұнының ғылыми негізделгендігі, педагогтың бүкіл оқушыларға әділетті, педагогикалық талапқа сай қатынасы, бағалаудың дұрыс өлшемдерін пайдалануы.
Жүйелілігі – диагностикалық қадағалауды дидактикалық процестің бүкіл кезеңінде қолданып отыруы.
Көрнекілігі /жариялылығы/ - оқушыларды бірдей өлшемдермен ашық тексеруден өткізу, бағаларды жариялап, қойылу себептерін айтып отыру.
Білімді тексерудің кезеңдері:
1. Оқушылардың білімінің деңгейін алдын ала анықтау. Бұл жаңа оқу жылының басында, ортасында, жаңа бөлімді бастағанда жүргізіледі.
2. Ағымды тексеру. Оның функциясы – оқытушылық.
3. Қайта тексеру ағымды сияқты тақырыптық болуға тиісті.
4. Мерзімдік тексеру бүкіл бөлім немесе курстың мәнді тақырыбы бойынша жүргізіледі. Мерзімдік тексерудің функциясы – жүйелеу және жалпылау.
5. Қорытынды тексеру тоқсанның аяғында және оқу жылы аяқталғанда жүргізіледі.
Кешендік тексеру арнайы тексерудің түрі болады. Ол арқылы алған білімді практикалық міндеттерді қолдана білу іскерліктерін, дағдыларын тексереді.
Мұғалім оқушылардың білімін объективті және шындыққа сай бағалауға саналы түрде ұмтылуға тиіс. Оқушылар баға қоюдың өлшемдерін, не үшін, қалай қойылып жатқанын білуге тиісті. Ол үшін мұғалім ата-аналармен, оқушылармен арнайы әңгімелер өткізеді.
3. Оқығандықтың тестісі – оқыту мазмұнының белгілі бір бөліктерінің меңгергендік деңгейін анықтауға бағытталған тапсырмалардың жиынтығы.
Тестіні құруға қойылатын талаптар:
аз уақытқа есептеліну /тестіні орындауға көп уақыт кетпеуі керек/;
бірмәнділігі /тестілік тапсырманы әрбіреуі өзінше түсінбеуі тиіс емес/;
дұрыстығы /көп мәнді жауап беретін жағдай болмау керек/;
қысқалылығы /қысқаша жауап беруді талап ету/;
ақпараттығы /бағалауды қамтамасыз етуі/;
қолайлылығы /тез нәтижесін анықтауға болатындығы/;
стандарттығы /кеңінен қолдануға келетіндігі/.
Тестілердің классификациясы:
1. Ақыл-ой дамуының, жалпы ақыл-ой қабілетінің тестілері.
2. Іс-әрекеттің әр түрлі аясында арнайы қабілеттің тестісі.
3. Оқығандықтың, үлгірімнің, академиялық жетістіктің тестілері.
4. Тұлғаның жекелеген белгілерін /еске сақтау, ойлау, мінез т.б./ анықтаудың тестілері.
5. Тәрбиеленгендік деңгейдің /жалпыадамзаттық, адамгершілік, әлеуметтік т.б./ тестілері.
Оқығандықтың диагностикалық тестілердің маңызды өлшемдері: әрекеттігі (валидность), көрсеткішті болуы, сенімділігі /дұрыстығы/, сараланғандығы /айырмашылығының көрінуі/.
Тестінің әрекеттігі оқып жатқан білім, іскерлікті толық және жан-жақты тексеруде көрініс табады.
Тестінің әрекеттілігінің шарттары:
меңгерген білім аумағынды сұрақтарды анық және түсінікті қою;
статистикалық әдістердің дұрыс таңдалуы. 0,7-0,9 саны оқығандықтың тестінің жоғары әрекеттілігін көрсетеді. 0,45-0,55 корреляция коэффициентінде тестінің әрекеттілігі қанағаттанарлық деп есептелінеді, ал бұдан да төменгі мәндерде қанағатсыз болып саналады.
тестінің сенімділігі тестідегі тапсырмалардың көп болғанында жоғары болады.
Тестінің пәрменділігі. Тең жағдайда уақыт бірлігінде жауаптардың көп санын қамтамасыз ететін тестіні пәрменді тесті деп атайды.
Тестілік қадағалаудың материалдарын даярлаудың ережесі:
Оқушылар қателігін негіздей алмайтын жауаптарды тестіге енгізуге болмайды.
Дұрыс емес жауаптар ұқсас /типичных/ қателердің негізінде жасалып, дұрыс сияқты болуға тиісті.
Дұрыс жауаптар барлық жауаптардың арасында кездейсоқтық жағдайда орналасуы қажет.
Сұрақтар оқулықта жазылғандағыға дәлме-дәл болмауы тиісті.
Бір сұрақтың жауаптары екінші сұрақтың жауаптарын шешуге көмектеспейтіндей болуы керек.
Сұрақтар әдейі бұрыс жолға түсіретіндей құрылмауы қажет.
Оқығандықтың тестісі дидактикалық процестің барлық кезеңдерінде қолданады. Олардың көмегімен білімдерді, іскерліктерді ағымдық, мерзімдік, қорытынды тексеруді жүргізуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |