Тажина Асем Баделхановна
t.asem79@inbox.ru
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам мен технологиялық мәдениет дәуірі. Қазіргі кезде технологиялық прогресс әлеуметтік үрдіске әсер ететін неғұрлым маңызды фактор болып табылады. Педагогикалық білім берудің технологиясын жақсарту– қоғамның мәдени сана-сезімін және экономикалық байлығын қалыптастырудың негізгі шарттардың бірі. Білім беру жүйесінде оқыту технологиясын қолдануды үнемі жетілдіріп отыру үшін, психологиялық-педагогикалық бағалау өлшемдерінің модификациясы мен оқушылардың дайындық деңгейінің, білім берудің мақсаты мен оқытудың шарттары керек. Адамзат дамуының жаңа кезеңіне жаңа білім беру жүйесі, жаңа оқыту жүйесі, жаңа білім үлгісі сай келуі тиіс. Сондықтан да оқытудың иннвациялық технологияларын қолдану мәселесі өзекті, әрі тың.
Жиырма бірінші ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьтерлік техниканы, интернет, телекоммуникациялық желі, электрондық және интерактивті технология құралдарын, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқыту үдерісінде тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеруге қолжетімді болмақ. Егемен еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Білім бастауы – бастауыш мектептен берілетіні айқын. Осыдан да бастауыш мектепте әр түрлі пәндер тоғысып, оқушы білімін дамытып, келбетін сомдауға үлес қосады.
Бастауыш білім берудің негізгі мақсаты – оқушының жас ерекшелік және жеке дара мүмкіндіктерін ескере отырып, оқушы тұлғасын дамыту, оқу іс - әрекетінің негізгі компоненттерін игеру. Бастауыш мектептегі оқу әрекетін ұйымдастыру оқу, жазу, санау бойынша қажетті білім, білік және дағдыны қалыптастыру. Бастауыш сынып оқушылары қиялға көбірек берілетін, сенгіш балалар. Сондықтан да оқыту үдерісін ұйымдастырғанда баланың танымдық қабілетін, қиялын дамытуға негіздеу керек. Қазіргі интерактивті технологияларды қолдану арқылы оқушылардың ой өрісінің, қиялының еркін дамуына, танымдық қабілетінің артуына жан - жақты білім алуына жағдай жасалады [1]. Әрбір оқушының білім деңгейін талапқа сай көтеру үшін интерактивті технологияларды тиімді қолдану қажет. Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, ұрпақ бойындағы қабілеттерді ашып, тілін дамытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Біз жаңа технологиялардың бірі, басқа өркениетті елдерде білім беруде қолданылып, тиімділігі дәлелденген интерактивті технологияны қолдана бастадық. Интерактивті құралдарды қолдану арқылы оқушы білім кеңістігіне еркін бойлай алады. Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылық жұмыс істеуіне жол ашылып отыр. Мысалы кейбір сабақ материалы Power point презентациясы немесе мәтіндік ақпарат түрінде беріледі. Сонымен қатар, материалдық құрамына кесте, диаграмма, сурет, басқарушы батырмалар, гиперсілтемелер, графиктер болады. Түсіндіру барысында мұғалім тақтаның алдында тұрып жасырулы ақпаратты таныстырады, тіпті өзгерте де алады. Сабақтың соңында қолданылған материалды есте сақтап, қажет жағдайда қайталап қолдана алады. Интерактивтік тақтамен жұмыс істеу барысында жасалған файлдар белгілі бір форматпен сақталады. Мұғалім алдын - ала дайындаған сабақты оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бақылауға бағытталған тапсырмаларды орындауға береді. Сабақтың барысында тапсырманы орындау бойынша ауызша түсіндіру жүргізіледі. Интерактивті тақтаны пайдалану арқылы теориялық материал қайталанады. Мұғалім алдыңғы сабақта өтілген материалды ашып, өткен сабақты қайталай алады. Мұндай әдістер сабақты қызықты өткізуге мүмкіндік береді. Тақтада жұмыс істеген мұғалім мен оқушының орындаған іс - әрекеттерін есте сақтап, келесі сабақта қолдануға болады. Оқу процесінде, оның ішінде практикалық сабақтарда интерактивті құралдарды қолдану мұғалімнің жеке тәжірибесіне шығармашылық ізденісіне байланысты. Интерактивті құралдар оқыту формасын ұйымдастыруды түрлендіруге, дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіншіліктер жасайды. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Мысалы көркем әдебиет пәнінен жануарлардың төлдерін қалай шақырады дыбыстарын тыңдай отырып, естігендерін жазады. Әр оқушы әр түрлі естіп, дыбыстауы мүмкін. Мысалы «Мәә - мәә», «мее - мее», «бөө - бөө», «шөө - шөө» осылайша жануарлардың төлдерінің қалай дыбыстайтынын тез меңгереді. Көре отырып, есте сақтау қабілеттерін арттыруда тақта беттерінің мүмкіншіліктерін кеңінен пайдалана алады. Сонымен, интерактивтік тақта сабаққа қатысушылардың барлығын ойын бір ортаға, жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Алдын - ала дайындалған оқу материалдары - презентациялар, мәтіндік, графикалық ақпараттық объектілер - сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді. Сабақта уақытты үнемдеу, демонстрациялық материалдар даярлау мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланған тиімді. Интерактивті тақтаның үш режимінде де жұмыс жасауға болады. Оқушылардың интерактивті құралдар көмегімен қалыптасатын және жүзеге асырылатын ойлау қабілеті бұрынғы технологиялар арқылы берілетін ойлау жүйесінен өзгеше болғандықтан, тек ойлау қабілеті түсінігі ғана емес, қабылдау, есте сақтау жоғарғы деңгейде болады.
Интерактивті құралдардың ерекшеліктерін атап өтуге болады:
1. Бормен тақтадан алынған суретті интерактивті тақтадағы түрлі - түсті айқын, ұқыпты суреттермен салыстыруға болмайды.
2. Тақта мен бордың көмегімен ұқсас тақырыптарды түсіндіру қиын.
3. Слайдтарды, флепчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады.
4. Сабақта ACTIV OTE тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға болады.
5. ACTIV WAND указкасының көмегімен тақтаның жоғарғы бөлігіне кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді.
6. Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады.
7. Сабақтың өнімділігі артады.
8. Оқушылардың білім деңгейіне жақсы әсер етеді [2].
Интерактивті технологияның басты мақсаттарының бірі - баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Талдау нәтижесінде интерактивті технологияның мұғалімге бұрынғыға қарағанда оқу бағдарламаларының мазмұнын жатық және біркелкі ұсынуға мүмкіндік беретінін көрсеткен [3]. Мысалы, мұғалім алдын ала бейне жазбаны, содан соң тақтадағы жазбаша ескертпелерді көрсетеді, одан кейін балаларды тақтаға шығарып, суреттер мен мәтіндерге жауап беруді сұрайды және тақтада қорытынды шығарады. Енді осы барлық іс-әрекеттерді интерактивті тақтаға енгізуге болады.
Мұғалімдер интерактивті технологияны балаларды қызықтыру үшін және ақпаратты әртүрлі форматта бере отырып, олардың дамып келе жатқан түсінігін бағыттау мақсатында пайдаланады. Осы қызметтің кейбір түрлерін интерактивті технологиясыз өткізуге болса да, интерактивті технология таныстырылымының икемділігі мен жылдамдығы басқа технологияларда өзіне ешкімді теңестірмейді.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Амирова А.С. Ғылым мен бастауыш білімнің қазіргі мәселелері. Алматы, 2015.-378б.
2. Мерсер Н., Хеннеси С., Уорвик П. (2010) Интерактивті тақтаны диалогты, технологияны, педагогика мен сыныптағы білім алуды ұйымдастыруда қолдану, 19 (2), Б.195-209.
3. Мерсер Н., Твиннер А. (2007) «Оқыту революциясы»? Британ бастауыш мектептерінде интерактивті тақталардың педагогикалық практикасын зерттеу. Оқыту, медиа және технология, 32 (3), 243-256.
Достарыңызбен бөлісу: |