Stud.kz – қазақ тілінде жазылған жұмыстар саны және сапасы бойынша біздің қор №1 болып табылады
«Экология және тұрақты даму» пәні бойынша силлабус
1.1 Оқытушы туралы мәлімет
Сапарова Гульнара Сиқымбайқызы
Биология ғылымдарының кандидаты, экология және география кафедрасының доценті
Кафедраның орналасу орны – № 3 ғимарат, жаратылыстық ғылымдар факультеті
1.2 Пән туралы мәлімет
Атауы Экология және тұрақты даму
Кредиттердің саны 2 (90 сағ.)
Өткізілу орны № 3 ғимарат
Оқу жоспарынан көшірмесі:
Курс
|
Семестр
|
Дәріс
|
Практика-лық
|
ОСӨЖ
|
СӨЖ
|
Барлы-ғы
|
Бақылау формасы
|
1
|
2
|
15
|
15
|
15
|
45
|
90
|
Емтихан
|
1.3 Пререквизиттер: ботаника, зоология, жалпы биология, химия, физика, математика.
1.4 Постреквизиттер: Студент оқылатын ақпаратты қамту міндетті, алынған теориялық экологиялық білімдерді және істеу білуді практикада қолдануға, бақылауға, салыстыруға міндетті; білімді маман болу керек.
1.5 Курстың негізгі мақсаты - биологиялық емес мамандықтарында оқитын студенттердің ой-салаларын экологияландыру, қоршаған ортаға жауапты сезімдерін тәрбиелеу, биосфераның компоненттерінің бір-бірінің әрекеттері заңдылықтарын, адамның іс әрекетінің салдарын, әсіресе, табиғатты пайдаланудың үдеу жағыдайында білу, қоғам мен биосфераның арақатынасындағы практикалық мәселелерін білу үшін қажетті.
1.6 Пәннің оқытылу есептері:
Студент курсты оқу нәтижесінде білу керек:
тірі организмдер мен тіршілік ортасының арасындағы жалпы заңдылықтарды түсіндіру;
- қоршаған ортаға антропогендік әсер мен байланысты проблеммаларды талқылау;
- табиғатты қорғау қызметтердің нақты міндеттері мен приоритеттерін қарау;
- адам мен табиғаттың біртұтастығын және қоршаған ортаны қорғау қажеттілігін түсіну (әлеуметтік аспектілер).
1.7 Пәннің қысқаша мазмұны:
Мемлекеттік стандарт
Экологияның ғылым ретінде анықталуы, экологияның тұрақтануы және дамуы. Экологияның мақсаты, есептері, зерттеу әдістері. Қазіргі кездегі экономикалық және саяси мәселелердің шешілуінде экологияның орны және мәні. Ағза және орта. Су және құрлық экожүйелерінің типтері. Аутэкология: экологиялық факторлар, оптимум және минимум зоналары. Демэкология: популяция сипаттамалары, флуктуация және популяция санының реттелуі. Синэкология: бірлестікте өзара әрекеттесулердің типтері, бірлестіктің трофикалық құрылысы және экологиялық пирамидалар. Экожүйенің функциялары: энергиялық алмасу және зат айналымы, экожүйе тұтастығы және тұрақтылығы, экологиялық сукцессиялар. Биоценоз, биогеоценоз, экожүйе түсінігі. Биосфера және ноосфера туралы ілім. Биосфераның тірі заты және оның функциялары. Табиғи ресурстар және тиімді табиғатты пайдалану. Табиғатты қорғау және қазіргі кездің экологиялық мәселелері. Экодаму мәселелері.
Достарыңызбен бөлісу: |