ЖОСПАР
Кіріспе...........................................................................................................................3-4
I. Баланың мектепке барғанға дейінгі дамуы......................................................5-9
Оқу қызметінің тәрбиелеушілік мүмкіндіктері...........................................10-15
Бастауыш сынып жетекшісінің атқаратын қызметтері..............................16-30
II. Оқу тәрбие жұмысын басқарудағы сынып жетекшілерінің ролі................................................................................................................................31-36
Мұғалім – мектепте балаға тәлім-тәрбие берудің негізгі тұлғасы………………………………………………………………………37-39
Оқу іс-әрекеті және оның пайда болуы…………………………………..40-43
Қорытынды……………………………………………………………………44
Әдебиеттер тізімі..............................................................................................45-46
КІРІСПЕ
Бастауыш сынып оқушылары, әрбір пәнді оқып, оны дамыту, яғни білімін дамыту, тәрбиені жақсылап алуы үшін мұғалім еңбегі зор. Тәрбие процесін басқару өте қиын, ол еш уақытта. бірқалыпты жағдайда өтпейді.: Белгіленген мақсаттан ауытқып кетушілік болады. Өйткені педагогтар мен ата-аналар тарапынан баланың дамуында адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуында ағаттық, педагогикалық қателіктер жіберіледі. Осының нәтижесінде тәрбиесі қиын балаларды байқауға болады. Егер сіз өз балаларыңыздың тәрбиесін бастамақ болсаңыз бірінші өзіңіздің мінез-құлқыңызды текееріңіз. Сіздің мінез-құлқыңыз нағыз шешуші нәрсе. Ата-аналардың өздеріне талап қоюы, олардың өз үйелменін қадірлей білуі, өзінің әрбір қадамын қадағалап отыруы тәрбиенің ең бірінші, ең басты әдісі — деген болатын А.С.Мақаренко. Оның сөзін дөрекі және мақтаншақ немесе маскүнем болсаңыз, ал онда сізге тәрбие туралы ойланудың қажеті жоқ. Егер әке маскүнем болса, мектеп жасына дейінгі балалар жүйке ауруынан, жиі қояншық ұстамадан азап шегеді, олардың ақыл ойы баяу дамиды. Міне қазіргі кезде әрбір тәрбие беруші, мұғалім, сынып жетекшісі балаға оның болашағына үлкен мән беруі керек. Оларға рухани азық болатындай кеңес беру керек.
Мектепте сабақтан тыс тәрбие жұмысын іске асыру қажет. Тәрбие құралдарына іс-әрекеттерінің түрлері, көрнекі құралдар, көптеген коммуникация құралдары, педагогикалық ықпал жасау кұралдары (мұғалім, ата-ана, ересек адамдардың сөзі, олардың өнегесі т.б.) жатады. Тәрбие мақсаты жемісті болу үшін осы әдістерді тиімді пайдалану қажет.
Бастауыш мектеп шағында баланың дене, психикалық дамуында кейбір ерекшеліктер байқалады. Олардың бұлшық еттерінің күші артады. Бұл жастағы балалар үшін еңбектің тәрбиелік мәні өте зор.
Балаларды бірте — бірте еңбекке баулу ұжым және қоғамға пайдалы еңбектің үй шаруашылығына қатысу, сынып бөлмелерін жинау, саябақта бақша өсіру, мектеп тәжірибе учаскесінде, спорт алаңында жұмыс істеу т.б. үйрету қажет. Бастауыш сыныптардағы оқу процесі қазір өте күрделі. Осы жолда бала дарынды болып, көзге түсе білсе ол ары да жақсы болады деп сенуге болады! Оқушыларға білім мен тәрбие беру ісін одан әрі дамыту және жетілдіру қажет.
Бүгінгі таңда жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру, сонымен қатар әр, адамның кәсіби біліктілігін іскерлігін арттыру әділетті, қоғамның міндеті болып табылады. Бастауыш сынып мұғалімі баланың фундаментін жақсы жетілдіру оның басты міндеті болып табылады.
Жұмыстың көкейтестілігі: Баланың мектепте оқуға дайындығын қамтамасыз ету үшін балалар бақшаларының тәрбиешілері кішкене жас топтарынан бастап, мұғалім өз сыныбына келген кішкене оқушылардың дамуы жолындағы жұмысты одан әрі жалғастыруды сүйене алатындай балалардың алған білімдерін, әдеттерін, шеберліктерін, дағдыларын, қабілеттері мен мүдделерін дамыту жолында жұмыс жүргізуі.
Жұмыстың мақсаты: Мектепте жұмысты балалардың жалпы "оқуын" көтеретіндей етіп ұйымдастыру.
Жұмыстың міндеті:
1. Тәрбие ісінің негізгі мақсатын, міндеттерін, маңызын біліп, түсіну, өзекті мәселелерін көре білу.
2. Талдау барысында тәрбие ісінің белгіленген мақсатында сәйкестігін анықтау, кемшіліктерінің себептерін түсіну.
3.Өз жұмысының нәтижесін болжай білуі, нақты нәтижелердің тәрбиесін мақсатқа сәйкестігін аңғаруы, қайшылықтарды, тәрбие ісінің перспективаларын көре білуі.
4.Оқушыларды зерттеу арқылы тәрбиесін міңдеттерді анықтауы.
5.Оқушылардың даму деңгейінде байланысты тәрбиенің негізгі міндеттерімен, оларға сәйкес іс-әрекеттерін белгілеуі.
Жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.
I. Баланың мектепке барғанға дейінгі дамуы.
Мектеп табалдырығын алғаш аттаған жеті жасар баланың енді
өз өмір тарихы бар. Оның өмірбаяны өте қысқа және бар жоғы
жеті жас болса да, өзінің мәні жағынан, өзінің мазмұнының
байлығы жағынан бұл уақыт баланың кейінгі өмір кезеңінде өзіне
тендесі болмайды, өйткені балалық шақтың ерте кезеңінде ғана
жеке бастың басты белгілерінің негізі қаланып, қалыптаса
бастайды: қабілеттілігі, бағыты, дағдысы, өсіп келе жатқан
адамның адамдарға, заттарға, еңбекке және өзіне негізгі қатынас
бағыттары айқындалады. Бала өз өмірінің алғашқы жеті жылында
үш кезеңнен өтеді:
Нәрестелік: бір жасқа дейін.
Сәбилік шақ немесе мектепке барар алдындағы.
Мектепке дейінгі балалық: 3 жастан 7 жасқа дейін.
Өзінің дамуында баланың мектепке дейінгі жүріп өткен ұзақ жолын көре елестету үшін, оның өмірінің әр түрлі кезеңіндегі денесінің және миының дамуының ерекшелігі туралы кейбір мәліметтерді келтіру аса қызықты.
Сонымен, адамның негізгі мүшесінің психикалық қызметінің қалыптасуы қарқынының бір қалыпты еместігінің көрінісі байқалады: нәресте туғанда миының үштен бірінің "өзімен ала келеді", үштен екісі екі жарым жастарында, ал үшіншісі 21 жасқа қарай толысады. Бала денесінің әр бөлігінің пропорциясы да өзгереді. Мектепке барғанға дейін бала үш кезеңнен өтеді және де олардың әр қайсысында әр түрлі өмір сүріп, әр қилы дамиды. Осы кезендердің әр қайсысы өзінің ерекшеліктерімен және өзінің жетістікгерімен сипатталады. Бала мектепке дейін екі түрлі даму кезеңінен өтеді. Бірі сәбилік шақта дамуы, екіншісі мектепке дейінгі жаста дамуы.
Балалар бақшасы мен мектеп жасындағы сабақтастық, баланың оқуға әзірлігі. А.П.Усованың, АА.Люблинскаяның жарық көрген еңбектерімен арнаулы конференциялардың материалдары мектепке дейінгі мекемелер мен мектептің жұмысында кездесетін кемшіліктерді ашып көрсетеді, кемшіліктің салдарынан оқыту мен тәрбие жүйесіндегі сабақтастық әлі толық қамтамасыз етілмеген.Сабақтастық деп балаларға тәрбие берудің бір тұтас процесінің аралас кезендерінде (сатыларында да) сол міндеттердің, мазмұны мен методтардың арасында болатын белгілі байланыстардың типтерін айтамыз. Төменгі сатьщағы жұмыс бала дамитындай оқытудың сондай келесі сатысындағы дәл сол балаларға қойылатын талаптарға жауап беретіндей мақсатқа бағытталғанда ғана ал бұл жоғары және төменгі сыныптардың мұғалімдері балалар меңгерген материалға мектеп педагогтарының жұмыстарында байланыстылыққа қол жетеді.
Баланың мектепте оқуға дайындығын қамтамасыз ету үшін балалар бақшаларының тәрбиешілері кішкене жас топтарынан бастап, мұғалім өз сыныбына келген кішкене оқушылардың дамуы жолындағы жұмысты одан әрі жалғастыруды сүйене алатындай балалардың алған білімдерін, әдеттерін, шеберліктерін; дағдыларын, қабілеттері мен мүдделерін дамыту жолында жұмыс істейді.
Оқу іс - әрекеті — бастауыш мектеп оқушысының психикалық дамуының негізгі факторы. :
Біздің елімізде бала жеті жасқа толған соң мектептің бірінші сыныбына барады. Ол оқушы болады. Алайда қазіргі уақытта жеті жасар дені сау, әдеттегі баланың басым көпшілігі мектепте оқытуға дайын болуы негізіңце мемлекет белгілеген бұл жас формалды көрсеткіш қана. Басқаша айтқанда, одан ары ойдағыдай даму үшін жеті жасар бала өзінің мектепке дейінгі өмірін өзгертуі тиіс және мектепте оқуы керек.
Баланың дамуының шешуші факторы өмірінің барлық мезгілінде, барлық кезеңінде оның өз белсенділігі болып табылады. Ол баланың өзін қоршаған ортамен өзара әрекеттеріне кең мүмкіндікті қамтамасыз етеді. Өсіп келе жатқан жанды заттың өмірлік талаптарын қанағаттандырудың қажетті жағдайы болып; саналады, организмнің ортамен "теңгелуінің" барлық механизмдерінің пайда болу жағдайы болып табылады. Алайда, бала тек организм ретінде ғана емес, сондай — ақ жеке бас ретінде даму үшін, әлжуас нәрестеден қазіргі қоғамның толыққанды мүшесіне айналуы үшін, оның белсенділігін ересектер, жетілген адамдар басқаруы тиіс. Дені сау организмге тән белсенділік саналы адамның іс - әрекетіне айналуы тиіс.
Педагог әр уақытта тәрбиелеу мақсатын ұстана отырып, баланың іс - әрекетін шебер үйлестіріп, нәзік және ақылмен бағалауы керек, табысты нәтиже ылғи бола бермейтіндігін, кейде ол өте қарапайым айта кеткіміз келеді. Баланы серпілту үшін оқу тапсырмасын орындау барысында оқушының жұмсаған күш — жігерін, талпынысын бағалаудың зор маңызы бар.
Барлық жағдайларда баға балаларды одан әрі, одан да күрделірек, қызықты және нәтижелі іс - әрекетке ынталандыратын роль артуы зор.
Оқу қызметінің дамытушылық мүмкіндіктері. Мектеп өмірінде, оның ішінде төменгі сыныптарда. Соңғы жылдары елеулі өзгерістер болды. 1969 жылдан бастап бастауыш сыныптар бұрынғыға қарағанда күрделіректе көлемдіректе жаңа бағдарламалар бойынша жұмыс істей бастады. Бастауыш білім курсы жылға қысқартылды. Бастауыш мұндай қайта қысқарудың алдында комплексті және біртіндеп кеңейтілген жеті жыл бойы эксперимент жүргізілді, психологтар мен методисттер, мұғалімдер" мен оқу ағарту министрліктерінің қызметкерлері қатынасты.
Бастауыш білім беру жүйесін қайта құру қажеттігі ескі жүйенің жастарды еңбекке әзірлеуде өмір талабына мүлдем сәйкес келмегендігіне байланысты болды. Мұндай құбылыс,; тарихи дерек заңды. Ғылыми — техникалық революция жағдайында қоғамымыздың өмірі айтарлықтай өзгерді, соған сәйкес адамға, оның біліміне, оның дамуына, оның адамгершілік сапаларына қоғамның қоятын талаптары күрт өсті. 1969 жылға дейін бастауыш мектеп үшін қабылданған бағдарламалар, олардың мазмұны, көлемі, оқытуды, ұйымдастырудың формалары мен методтары ескірді. Олар енді төменгі сыныптардан бастап, оқушыларға қойылатын айтарлықтай өскелең талаптарға, олардың әр түрлі қабілеттеріне жауап бере алмайтын болды. Бұрынғы бағдарламалар анағұрлым жоғары дамыған қоғамның келешектің адамның санасын қалыптастыру үшін перспективасыз болып шықты.
Бұл жаңа талаптар мектепте балаларды оқытудың бағытын
өзгертті. Ұлы қазан төңкерісіне дейін халықтың басым көпшілігі
мүлдем сауатсыз болды немесе бар болғаны хат танырлық қана
сауатты еді.
Адамдардың белгілі бөлігінің білімі тек бастауыш мектептің төрт класымен шектелді. Сондықтан бастауыш мектептің міндеті балаларға жеңіл білімдер беру мен оқу жазу, санау сияқты маңызды дағдыларды үйрету болды.
Қазіргі мектептің міндеті оқушыларды айтарлықгай білім көлемін байыту ғана емес, сондай — ақ оларды еңбекке және қоғамдық өмірге белсене қатысуға әзірлеу мақсаты мен балалардың жоғары ақыл - ой және адамгершілік дамуына жету болып табылады. Бұл міндеттер төменгі сыныптардан бастап балаларды оқытудың мазмұны мен методтарына қайта қарауды талап етті.
Д.П.Элькониннің әділетті түрде атап көрсеткеніндей кіп-кішкентай оқушы мектептегі өзінің жұмысын қоғамдық мәні бар, қатаң міндетті қызмет ретінде сезіне бастайды, бұл онда оқудың жаңа қоғамдық ой елегінен өткен себептерін, сыныпта өзіндік дербес жаңа бағытын, өзіне және жолдастарына деген жаңа қатынастар мен талаптарды қалыптастыра бастайды.
Мектептің төменгі сыныбындағы балаларды оқытудың бағытын өзгерту алғашқы үш жылда меңгеруі керек оқу есептеп шығару және орфографиялық дағдыларды ешбір кемітпейтіндігі айқын анық. Алайда оқыту мақсатынан осы дағдыларды қалыптастырудағы жұмыс негізгі міндеті — баланың дамуын шешу кұралына айналады және мұнда жалғыз емес.
Демек, мектепте жұмысты балалардың жалпы "оқуын"
көтеретіндей етіп ұйымдастыру керек.
Жоғарыда айтылғандай, кез — келген қызметтің дамытушылық сипаты, ең алдымен оның мазмұны мен методикасына толығырақ тоқталайық, өйткені қазір жаңа бағдарламасына толығырақ тоқгалайық, өйткені жұмыс істейтін кішкентай оқушылардың оқу іс - әрекетінің дамытушы сипатын қамтамасыз ететін принципті оқу жаңалықтары нақ салалардаң, байқалады. Баланың дамуына бағытталған оқу іс әрекет басқалары сияқты, балалардың іс - әрекетінің мазмұнында, сондай — ақ оларға қолданылатын методтарда өзіндік ерекшелікке ие.
Балалардың оқу қызметін ұйымдастыра отырып, мектептің шешуге тиісті тікелей міндеті адамзат игерген және жекелеген ғылымның мазмұнын құратын, оқу пәндерін жинақтауға сәйкес келетін, тандап алынған белгілі бір жүйесімен балаларды байыту. Білімді меңгеру оқушылардан бір қатар әр — түрлі әрекеттердің категорияларын, әр түрлі шамадағы күнделікті дербестіктің әр қилы дәрежесін, оларды тандап, тиімді түрде қолдануды талап етеді. Ол үшін балалар бір қатар ережелерді, тәсілдерді, әдістерді меңгерулері қажет, оларсыз тіпті жақсы меңгерген білімді қолдану мүмкін емес. Педагог оқу қызметтерінде балаларда білімге деген тұрақты ынтаны және ақыл — ой еңбегін қажетсінуді қалыптастыруға тырысады. Бұл міндеттерді ойдағьвдай шешу — оқушылардың ақыл ойын, маңызды да тиімді жол.
1.1. Оқу қызметінің тәрбиелеушілік мүмкіндіктері.
Егер біз оқудың оқушының ақыл — ой тұрғысынан дамуынан жасайтын ықпалын ғана қарастырумен шектеліп қалатын болсақ, оқу қызметінің бастауыш мектеп оқушыларын дамытатын мүмкіндіктеріне жасаған тандауымыз толық болмас еді. Өкінішке орай, күні осы уақытқа дейін педагогикада оқыту теориясы төрбиелеу проблемаларынан мүлдем оқшау қарастырылады. Алайда мектеп — оқушыларының ұтымды ұйымдастырылған оқу қызметі балаларда көптеген адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуге деген орасан зор ықпал жасай алады. Бастауыш мектептегі кішкентай оқушыларға беретін теориялық білімдердің деңгейі көтеріңкі, оқушылардың өз беттерімен проблемалық қызмет етуіне, сан алуан байланыстарды, соның ішінде адамның табиғатқа, адамдарға деген қатынасын ұғындыруға бағытталған, жаңа программалар бойынша жұмыс істеуінде бұл мүмкіндіктер айрықша зор.
Бұл арада бір адамгершілік тәрбиелік ұғымының өзіне ұйымының қоллективте жеке бастың қалыптасуына" тоқталмаймыз. Бұл жерде оқушыларға адамгершілік тәрбие берудегі қызметінің ғана мүмкіндіктерін қарастырамыз. Олар мынадай: Оқу қызметінде балаларда маңызды адамгершілік ұғымдарды қалыптастыру үшін нақты мүмкіндіктер бар. Ұғым дегеніміз біртектес заттардың немесе құбылыстардың оларда бар белгілердің ортақтығы бойынша біріктірілген тұтас бір тобы туралы қорытылған білім белгілі бір сөздің өзінде — ақ бар: "батыр", "қорқақтық", "отан", "сатқындық", "парыз", "зат есім" - "сан", "кеңістік", "жылдамдық" тағы басқа. Кейбір авторлардың осылай істеуді ұсынып отырғанындай грамматиканың болсын, табиғаттанушылық болсын, ал одан да гөрі адамгершілік тұрғыдағы болсын, бірде — бір ұғымды дайын күйінде баланың "санасына енгізуге" болмайды. Шынында, балалар сөзді 2 — 3 жастағы кезінде — ақ естерінде сақтай алады. Бірақ сөз ұғымының өзі емес. Өйткені ұғым дегеніміз адамның шындық болмыс құбылыстарын қорытып бейнелеуінің жоғарғы формасы ғой.
Балада ұғым оның өзінің сезімдік өмірлік және арнайы тәжірибе жинақтауы процесінде қалыптасуы тиіс. Мәселен : "қосынды" деген ұғым оқушының әр қилы заттардың алуан түрлі есепсіз көпшілігі жөнінде толып жатқан және сан алуан амал әрекеттер жасау процесінде қалыптасады. Содан кейін ғана барып олардың бейнелері, кейін сандар, ал одан кейін олардың әр қилы сандармен белгіленген әр түрлі мөлшерін қолдана отырып және екі, одан да көбірек сандарды қосу амалының нәтижесінде "қосынды" деген сөзбен белгіленетін жаңа санды ала отырып, бала бұл орайда мәселен сандардың - қосылғыштардың абсолютті шамасы сиякты әлгі ұғым мәнді емес белгілерінің бәрін назарға алмаи осы ұғымның мәнді — мәнді белгілерін қолдануды үйренеді: әрбір сан қандай заттардың санын білдіретін және. сандар қандай ретпен қойылғанын назар алмай қолдануды үйретеді.
Балалардың моральдық ұғымдарды меңгеруінің басқа грамматикалық, математикалық өмірлік ұғымдардың қалыптасу процесімен ұқсас жақтары көп. Сонымен бірге моральдық ұғымдардың құрылуының қорытылатын мазмұнның өзіне тән бір қатар айрықша ерекшеліктері бар. Моральдық ұғымның қалыптасу процесінің мәнді ерекшелігі олардың әрқайсысына бағалаушылық моменттің кірістірілгендігі болып табылады. Әрбір моральдық ұғымда адамның қоғамдағы моральдық талаптарға сәйкес келетін, немесе оған қайшы келетін қасиетіне, әрекет амалдарына пікірлеріне қоғамның бағалаушылық, қатынасы қалыптасқан. Сондықтан әрбір оқушының моральдық ұғымдары игеру, онда тиісті моральдық позициялардың, бағалаулардың, сенімдердің қалыптасуымен, яғни адамның қайсы бір нақты қасиетіне, әрекетіне немесе қылығына оң немесе теріс іштей эмоциялық қатынасының қалыптасуымен ұштасуы тиіс. "Жау", "батыр", "опасыздық", "өжеттік", "қорқақтық" деген ұғымдар "бейтарап" ұғымдар емес. Олар адамның тиісті сөздерді өзі жатқызатын мазмұнға белгілі бір қатынасын білдіреді. Сондықган моральдық ұғымдарда олардың қоғамдық тарихи табиғаты ерекше айқын аңғарылады. Бірақ бұл бағалаулар балада біртіндеп барып қана қорытушы сипат алып, оқушының адамдардың іс - әрекетіне немесе олардың қасиеттеріне өзіндік жеке қатынасының білдірілуі болады. Бірақ мәселе тек мұнда ғана емес. Адамгершілік ұғымдар өте кең "ауқымды". Олар сырттай қарағанда тіпті ортақ ештеңесі жоқ болып көрінетін өте — мөте алуан түрлі құбылыстарға жатады. Мәселен : "қарапайымдылық" деген моральдық ұғым балалар үшін С.Я.Маршактың әңгімесіндегі белгісіз кейіпкердің және айрықша бір ерлік жасай қоймаған басқа бір әңгіменің кейіпкері Алиша деген баланың іс - әрекетінде ашылады. Бұл бала ешкімді құтқарып қалмайды және ешқандай қауып - қатерге ұшырамайды, бар болғаны біреудің қақпасын сырлап береді және "иесі жоқ" бір орындықты жөндейді, бірақ бұл туралы ешкімге айтпайды. Алайда сюжеттегі өр басқа бұл шығармалар кейбір кейіпкерлерінің іс - әрекетіндегі бұл ортақ қасиетті балалардың өздері саралап көрсете алмайды. Балаларда әрбір жаңа моральдық ұғымның қалыптасуы үшін, мұғалім әр түрлі әдеби және өмірлік материалды пайдаланғаны дұрыс.
Оқу қызметінде байлар үшін аса маңызды және түсінікті моральдық ұғымдар мен сенімдерді қалыптастыру мүмкіндіктері. мол.
Пайымдай білуді меңгеру.
Сөйтіп балалардың адамгершілік ұғымдарының қалыптасуы мен бұларды пайдалануының тағы бір қиыншылығы аңғарылып отыр. Нақты бір жаңа фактіде таныс адамгершілік қасиетті танып білу үшін, адам бұл жаңа фактіге талдау жасау керек. Сыртқы және ішкі жағдайлардың бүкіл жиынтығын бағдарға ала отырып, осы нақты қылықты тудырып отыратын жағдайлардың себептердің бәрін ескере отырып, "пайымдай" білу керек,
Мұндай күрделі ойлау жұмысы бала аңғаратын әр — бір әрекет қылыққа адамгершілік тұрғысынан баға берместен бұрын болады. Бірақ ол мұндай баға беруге әлі де әзір емес, ол тіпті өзіне белгілі адамгершілік талаптар тұрғысынан әлі логикалық түрде пайымдай білмейді, күрделі фактілерді дәйекті де негізді ете алмайды, адам қылықтарының бейтаныс ішкі серіппелігін ашып, оларды танып, адамгершілік эталондарға орайластыруды білмейді.
Бала өзі оған деген көзқарасын тиянактауға тиісті, бұл күрцелі құбылыстың - адам қылығының көптеген икұрамдас бөлікгерін" әншейін білмейді. Қызғаныш пен кемістік көру күмәндаушылықтың, қадір - қасиеттің қызығушылықтың жанды қинайтын азаптарды, сезімдерді оған белгісіз.
Демек балалар "пайымдап" үйренуге тиіс. Шешілуі адамгершілік тәрбие беру үшін өте маңызды бұл екінші міндетті де мұғалім өзінің алдына қоюға тиіс. Өйткені кез — келген арифметикалық немесе табиғаттану есебін шығару жөніндегі жұмыс талдау жасауды белгілі мен белгісізді фактілер мен олардың тәуелділікгерін саралауды талап етеді ғой. Шешу басты және аралық мәселелерді анықтауды талап етеді, есепке талдау жасаудың дәйекгілігін логикасында талдау қажет.
Логикалық тұрғыдан пайымдай білушілік барлық сабақтарда дерлік: математикада, грамматика, табиғаттану, еңбек сабақтары жөніндегі жұмыста қалыптасады. Пайымдаудың нәтижесі әдетте қайсібір қорытындылар болады, балалардың бұл қорытындыларға, келуі олардың әңгімені, есептің шартын, тәжірибені түсінгенін көрсетеді.
Түсіну — бұл адамның өзі атқарған ойлау жұмысының нәтижесінде алған жаңа білім. Ол текстте, суретте, есепке, аргументке қайсібір адамның қылығына талдау жасады, әрбір құбылыстың басты — басты және қосалқы белгілерін ажыратты, тұтас бір тұлғаның элементтерінің арасындағы байланысты ашуға ұмтылды — сөйтіп келіп ол түсінуге жетті.
Адамгершілік тәрбие алу.
Кез — келген танымдық міңдетті шешуде түсіну дегеніміз тұтас бір тұлғаның элеменггерінің, бөлшектерінің әр жақтарының арасындағы ізденіп отырған байланыстарды ашып табу.
Адамгершілік міндеттерді шеше келгенде бұл бірінші кезең ғана. Одан кейін сол қылыктың когамдық түсіну, яғни бұл қылықтың неғұрлым терең эмоциялық және адамгершілік тұрғысынан бағаланған байланыстарын анықтау және оларды қоғамда моральдық мінез — құлықтың эталоны ретінде , қабылданған қоғамдық моральдық талаптарына сәйкес бағалау келеді. Әдетте мұндай түсінуге жеке басының өмірлік тәжірибесі, текбілімдер тәжірибесі ғана емес, сонымен бірге бастан кешірген тәжірибесі және керісінше бағалау тәжірибесі мол адам жетеді.
Демек, бастауыш мектеп оқушыларына оқу қызметі процесінде адамгершілік тәрбие беру үшін, дұрыс моральдық баға бере білудің қалыптасуы үшін, балалар пайымдауға үйренуге тиіс. Мұның өзі логикалық ойлаудың жоғарғы формаларын дамытып қана қоймайды, сонымен бірге адамның жұрттың күнбе — күнгі әдеттегі істерінен мақтауға немесе даттауға лайық адамшылық, қасеттерді тани білушілік жөніндегі аса маңызды сапаны жетілдіреді. Мұндай адамгершілік бағыттағы "көргендік" кемел. жасқа келген адамды өзіне де өзгеге де әділ және талап қойғыш адамға айналдырады.
Оқу процесінде адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақ үстінде мұғаліммен және құрбы - кұрдастарымен ұдайы қарым - қатынаста болған баланың адамгершілігі қальштасады, оның өмірлік тәжірибесі молаяды. Бастауыш сынып оқушыларының көңіл — күйі, олардың куанышы мен күйініштері ең алдымен оқуға байланысты болады.
Баланы тәрбиелейтін оның сәттері емес, сабақ үстіндегі бүкіл оқыту процесі. Сабақ үстіндегі адамгершілік тәрбиенің тиімділігін қамьамассыз ететін не ? Ол сабақ мазмұнының ғылымилылығы мен әлеуметтік идеялылығы, мұғалім жұмысының идеялылығы, әдістері мен тәсілдерінің адамгершілік эмоциялық қуаты сабақ үстінде мұғалім мен балалар арасында қалыптасатын өзара қарым- қатынас стилі, мұғалімнің өзінің адамгершілік бағыты, оның оқылып отырған материалға көзқарасы және басқалары. Оқулық кітаптардан мақалалар, әңгімелер, өлеңдер, ертегілер оқу және талдау балаларға-адамдардың адамгершіліқ іс -қимылдарын түсінісіп, бағалауына жәрдемдеседі. Балалар әділеттік, адалдық, жолдастық , достық , қоғамдық борышқа адамдық патриотизм туралы және интернационализм туралы өздеріне түсінікті етіліп сұрақтар қойылған мақалаларды оқып талдайды.
Сабақ үстінде оқушылар арасында ұдайы белгілі бір іскерлік және адамгершілік қарым - қатынастар туып жатады. Оқушылар сынып алдына қойылған бәріне ортақ міндеттерді шешкенде өзара араласады, бір — біріне ыкпал етеді. Мұғалім оқушылардың сабақ үстіндегі қызметіне қатысты бірқатар: басқаларға бөгет болмау, бір — бірін мұқият тындау, ортақ іске қатысу талаптарын қойып, оқушылардың осыларды орындай алу қабілеттерін бағалайды. Мектеп оқушыларының сабақ үстіндегі бірлескен жұмысы олардың арасында кез — келген қоллективтік жұмысқа тән көптеген белгілері бар қарым - қатынастар туғызады. Бұлар ең алдымен әр бір оқушының өз ісіне ортақ іс сияқты қарайтыны, ортақ мақсатқа жетуі үшін, басқалармен келісімді түрде әрекет ете білушілігі, бір;— бірін қолдайтындығы және сонымен қатар бір — біріне талап қойғыштығы және сонымен қатар өзіне сын көзбен қарай білуі және өзінің табысын немесе сәтсіздікті ортақ іс тұрғысынан бағалай білуі сабақтың бұл мүмкіндіктерін іс — жүзінде орындау үшін мұғалім сабақ кезінде, оқушылардың өзара қарым - қатынас жасауына мүмкіндігі болатындай жағдай туғызуы қажет, сірә, балалардың сабақ, үстіндегі мінез - құлқын кейде тым қатал тәртіпке салып отыруды біраз бәсеңдету керек сиякты.
Мұғалімнің алдында күрделі міндет тұрады — оқушының білімді ұғыну жөніндегі жеке қызметін ортақ көңіл-күйін туғызатындай қоллективімізді тәрбиелеуге жәрдемдесетіндей, балалардың арасында мерейлі адамшылық қарым-қатынастар қалыптастырудың қайнар көзі болады.
Достарыңызбен бөлісу: |