2. Пән бойынша оқу бағдарламасы – sillabus



жүктеу 1,11 Mb.
бет8/11
Дата20.11.2018
өлшемі1,11 Mb.
#22380
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

2. Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуін басқаруда олардың жас ерекшеліктерін есепке алу керек. Өзін-өзі тәрбиелеу нышандары тіпті кіші мектеп жасындағы оқушылар бойынан байқалады. Мысалы, бастауыш сыныпта оқушылар күшті, батыл болғысы келеді, немесе теріс қылықтарына кешірім сұрап, жақсы боламын дейді. Бұл олардың өзін өзгертуге деген алғашқы ынтасы.

Оқушылардың өздерін өздері тәрбиелеуін ұйымдастыру мақсатында мұғалім ең алдымен төмендегідей өзара байланысты міндеттерді жүзеге асыруы керек: оқушылардың өздерін өздері тәрбиелеуге ұмтылуын жандандыру; өзіне-өзі ықпал ету құралдарын (өзін-өзі талдау, өзіндік міндеттеме, өзіндік бұйыру, өзіндік есеп беру т.б.) меңгеруге көмек беру; өзін-өзі тәрбиелеудегі қоғамдық құнды іс-әрекеттерді тудырып отыру.

Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуін қалыптастыру үшін оларды адамдар өміріндегі өзін-өзі тәрбиелеудің мәні, өзінің тұлғалық сапаларын дамытудағы өз жігерінің ролі жөнінде хабардар етіп отыру қажет. Оқушылар, әсіресе жасөспірімдер өзін-өзі тәрбиелеу тәжірибесі, өз тұлғасында сапалық қасиеттерді қалыптастыру жолдары мен тәсілдері туралы хабарларды қызыға қабылдайды. Осылардың арқасында өмірдің күрделі міндеттерін іскерлікпен, мақсатты, сырттан басқарусыз, дұрыс шешу білігіне ие болады, өз бетімен өзіндік қажырлы еңбңгімен ғана жетуге болатынын ұғынады.

Өзін-өзі тәрбиелеудің тұлғаға бағытталған ережелері болуы керек. Әрине, өзін-өзі тәрбиелеудің өзіндік ережелерінің болуы тұлғаның рухани жан дүниесінің деңгейімен анықталады. Біз тек дарынды педагог К.Д.Ушинскийдің өзін-өзі тәрбиелеу ережесімен танысайық.



  • Асқан сабырлылық, ең болмағанда сырт көзге.

  • Сөзде және қылықтарда турашылдық.

  • Әрекетті жан-жақты ойластыру.

  • Батылдық.

  • Өзі жөнінде қажетсіз бір сөз айтпау.

  • Санасыз бос уақыт өткізбеу, ретсіз емес көңілдегі іспен айналысу.

  • Әуесқойлық, құмарлыққа емес қажеттікке немесе сүйініске шығындану.

  • Әр кеште өз қылықтары жөнінде есеп беру.

  • Болғанды, бүгінгі болатынды айтып еш мақтанбау.

Бұл ережелердің әр жолына түрлі мағына беріп, байыта беруге болады.

Өзін-өзі тәрбиелеудің міндеттемесі оқушыны өз тұлғалық сапаларын өзі талдауына мәжбүр етеді. Бұған итермелейтін аға ұрпақтың өнегелі өмірі, іс-әрекеті, қарым-қатынасы болады. Мұғалім оқушыға өзінің орынды немесе орынсыз сапалары мен кемшіліктерін түсінуге көмектесуі міндетті, яғни өзінің кім екенін өзі ұғынуға көмек беруі қажет. Бұған мұғалімнің оқушының жүріс-тұрыс тәртібі мен мінез-құлық қылықтарына баға беруі, оны басқалармен салыстыруы әсер етеді. Мұғалім тұлғалық сапалар мен қылықтардың арасындағы байланыстың сырын оқушыға ашып береді.

Өз тұлғасын ұғынудың өзі кейде оқушыны өзін-өзі тәрбиелуге жетелей бермейді. Өз кемшіліктерінің немқұрайды пайымдаушысы болып қала береді. Оларды түзетуге тырыспайды. Бұл жағдайда түсіндіру ұжым тарапынан сынау арқылы, өз кемшіліктерін түсініп күйзеліске келтіру арқылы сезіміне қозғау салу қажет.

Өзіндік міндеттеменің орындалуына, өз кемшіліктерін түзетуге оқушының бүкіл еркін жұмылдыруға өзіндік бұйыру көмектеседі. Оқушыларға сөз түрінде берілген: “қажет”, “жетеді”, “орындау крек”, “шыдау керек”, “тұр”, “өзіме бұйырамын” және басқа өзіндік бұйыру еркін жұмылдыруға және қиындықтарды жеңуге мүмкіндік береді. Өзіндік бұйырумен орынды қылықтарды орындаудың сапалы жаттығулары өзін-өзі тыңдаудың берік дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. Өзіндік бұйырумен таңертең белгілі уақытта тұруға, күнделікті жұмыс ырғағын орындауға, тәртіп сақтауға және т.б. орындауға болады.

Өзін-өзі тәрбиелеуде алдын-ала дайындық негізгі іс-әрекеті, қарым-қатынасы жөнінде ұжымда өзіндік есеп беру де қолданылады.

Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуіне педагогикалық басшылық оралымды, икемді болу керек және олардың өзін-өзі тәрбиелеу құралдарын меңгеру барысындағы түрі өзгеріп отыруы керек. Алғашқы кезде мұғалімдер арнайы ұйымдастырылған іс-шараларына, өзін-өзі тәрбиелеудің ұйымдастырылған ұжымдық іс-әрекеттерге сүйенеді. Оқушылар өзін-өзі тәрбиелеудің құралдарын меңгере түсу барысында бұл шаралар бәсеңси түседі. Әрине, бұл оқушыларды бетімен қоя беру деген емес. Онан әрі де ұжымда бірлескен іс-әрекет, қоғамдық пікір ықпалы, бетпе-бет пікірлесу арқылы көмектесіп отырған жөн.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Өзін-өзі тәрбиелеу дегеніміз не?

  2. Өзін-өзі тәрбиелеуді қай кезден бастаған жөн?

  3. Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуін ұйымдастыруда нені есепке алу қажет?

  4. К.Д.Ушинский өзін-өзі тәрбиелеу үшін қандай кеңестер берген?

  5. Оқушылардың өздерін өздері тәрбиелеуін ұйымдастыру мақсатында мұғалімең алдымен қандай міндеттерді жүзеге асыруы керек?

№15 дәріс тақырыбы:: Жеке тұлғаны ұжымда тәрбиелеу



Жоспары

  1. Ұжым және оның қасиеттері.

  2. Ұжымның даму ерекшеліктері және деңгейлері, олардың бір-бірімен сабақтастығы.

  3. Ұжымға педагогикалық жетекшілік.

  4. Оқушылардың өзін-өзі басқаруының функциялары және дамуы

  1. Латынның «коллективус» деген сөзі адамдар тобы, бірлестік, топ дегенді білдіреді. Осыдан коллектив, яғни ұжым – бұл адамдар тобы екені анықталады.

Ұжым қандайда бір әлеуметтік-экономикалық формацияның туындысы емес, ол адамдар индивидтерінің нормальдық жиынтығының құбылысы болып саналады, іскерлік пен жолдастықтың өзара әрекетінің, әр түрлі мәселелерді нәтижелі шешудің жалпыға бірдей формасы ретінде адамзат өркениетінің құнды әлеуметтік жетістігі болып табылады.

Б.Т.Лихачевтің пікірінше, ұжым адамзаттың бірлесіп өмір сүруінің объективті формасы ретінде, қоғамдық құбылыс ретінде өркениеттік мәнге ие, жалпы және мәңгі категория.

Қазіргі жағдайда, балаларда ұжымшылдықты тәрбиелеудің қажеттігі бар, ал екінші жағынан – демократизация, гуманизация, жекешелендіру, кәсіпкерлік, тұлғаның құқығы мен еркіндігінің сапасы, жеке меншік адамда индивидуализмді дамытуды талап етеді. Осыған орай Б.Т.Лихачев қазіргі жағдайда ұжымшыл-индивидуалды тәрбиелеу керек деп есептейді. Осындай міндет қойғанда бірыңғай ұжымда әрбір баланы саралап, әрі сонымен қатар ұжымшылдыққа тәрбиелеуге мүмкіншілік пайда болады. Бір жағынан ашықтық, ұжымшылдық, екінші жағынан өзімен-өзі, жекелікті сақтау, адамгершілік индивидуализм жолымен өзін-өзі орынықтыру арқылы бала тұлғаға айналады.

Мектеп ұжымы құрылымының негізгі де тұрақты бөлігі – басты іс-әрекеті оқу болатын оқушылардың сыныптық ұжымы. Осы сыныптық ұжымда оқушылар арасындағы тұлғааралық байланыс пен қатынас пайда болады. Осыдан, ол мектеп ұжымдарының басқа да түрлеріне негіз қалайды.

Мектеп, сынып ұжымындағы ерекшеліктерге орай мынадай қорытындыға келуге болады: оқушылар ұжымы – бұл жалпы әлеуметтік маңызды мақсаттарымен, іс-әрекеттерімен, іс-әрекетті ұйымдастырумен, жалпы сайлау органдары бар, теңдік жағдайында ортақ мүдде бірлігімен ұжымдасқан оқушылар тобы.

Адамдардың тобы ұжым болу үшін өзіндік маңызды белгілері болу керек:



  • Жалпы әлеуметтік мәнді мақсат.

  • Жалпы бірлікті іс-әрекет.

  • Кері жауапты тәуелділік қатынастары – ұжым мүшелері арасында өзіндік ерекше қарым-қатынас.

  • Жалпы сайланған, таңдалған басқарушы орган. Ұжым аталған қасиеттерінен басқа да маңызды ерекшеліктерімен бөлектенеді. Бұл ұжымның ішкі хал-ахуалын, ұжым мүшелерінің бір-біріне деген қарым-қатынасын білдіретін сипаттама. Жақсы ұйымдас-қан ұжымда бір-біріне көмек, бір-біріне жауапкершілік, дұрысын айту, өзін-өзі сынау, бәсекелестік сияқты сана қалыптасады.

Ғылыми зерттеулер нәтижесінде тұлға мен ұжым арасындағы қатынас дамуының кең тараған үш түрі анықталған: 1) Тұлға ұжымға бағынады (конформизм); 2) Тұлға мен ұжым бір-бірімен үйлесімді қатынаста (гармония) болады; 3) Тұлға ұжымды өзіне бағындырады (лидерлік.)

Топ ұжымға айналу үшін сапалы өзгерістердің оңай емес жолынан өтуге тиісті.



2. А.С.Макаренко тағылымы ұжымды сатылы қалыптастырудың егжей-тегжейлі технологиясынан тұрады. Ол ұжымның өмір сүру заңын былай түсіндіреді: қозғалыс – ұжымның өмір сүру формасы; тоқтау – оның жойылу формасы. Әйгілі педагог ұжымның даму принциптерін анықтады (ашықтық, жауапкерлі тәуел-ділік, перспективалық, бірлікті әрекет).

Ұжым болу үшін, топ сапалы тіктелу жолынан өтуі қажет. Осы жолда А.С.Макаренко бірнеше сатыларды белгілейді.

Бірінші саты – ұжымның құрылуы (алғашқы бірігу сатысы). Бұл кезеңде ұжым педагог тәрбие жұмысының мақсаты ретінде көрінеді, мұның өзі ұйымдасқан, белгіленген топты (сынып, үйірме т.б.) ұжымға айналдыруға талпыну, яғни оқушылардың ұжымға қатынасы бірлескен іс-әрекет мазмұнымен, мақсат-міндеттерімен, құндылықтарымен анықталады. Ұжымның ұйымдастырушысы – педагог, барлық талаптар осы педагогтан басталады. Ұжым белсенділері анықталып, тәрбиеленушілер жалпы мақсатқа, іс-әрекетке және ұжымдық бірлікке келгенде бірінші кезең аяқталады.

Екінші сатыда белсенділердің ықпалы арта түседі. Енді белсенділер тек педагогтардың талаптарын қолдап қана қоймай, ұжым мүшелеріне ұжымға не пайдалы, не зиянды екенін байқатып, өз түсініктері бойынша басқара бастайды. Егер белсенділер ұжым қажеттілігін дұрыс түсінсе, онда олар педагогтың сенімді көмекшілеріне айналады. Бұл кезеңде белсенділер жұмысына педагог көп көңіл бөлуі керек. Екінші кезең ұжым құрылымының тұрақтауымен сипатталады. Бұл сатыда ұжым бүтінделген жүйе ретінде көрінеді, онда өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі реттеу механизмдері іске қосыла бастайды. Ұжым өз мүшелерінен белгілі-бір қылықтар нормаларын талап ете бастайды, ал талаптар біртіндеп кеңейе береді.

Бұл сатыдағы педагогтың басты мақсаты – осы ұжымның алға қойған міндеттерін шешу мүмкіндіктерін мейлінше көп пайдалану.

Тәжірибе жүзінде әр ұжым – дара оқушының жеке дамуын мақсатты бағыттайтын тәрбие субъектісі ретінде танылуы тиіс.

Ұжымның бұл сатыда дамуы кейбір қарама-қайшылықтарды жеңумен байланысты, атап айтқанда:


  • ұжым мен жеке оқушылар арасындағы;

  • жалпы және жеке перспективалар арасындағы;

  • әр қилы ерекшеліктері бар оқушылар топтары арасындағы т.б.

Сондықтан ұжым дамуында секірістер, тоқыраулар, өзгерістер мен ауысулар болмауы мүмкін емес.

Үшінші және одан кейінгі сатылар ұжымның кемелденуі. Алдыңғы даму сатыларында қол жеткізген қасиеттер киелі тұлғалық ерекшеліктерді топтастырады: жолдастарына қарағанда өзіне жоғары талап қоюы, көзқарастарының, әдеттерінің, әрекет-қылықтарының тұрақтануы. Егер ұжым осы сатыға жетсе, онда толыққанды, адамгершілікті тұлға қалыптастыру үстінде деген сөз. Жалпы тәжірибе, болған оқиғаны бірдей бағалай білуі – үшінші сатыдағы ұжымның ең негізі белгісі.

Барлық даму сатыларында ұжым үлкен және кіші дәстүрлерді қалыптастырады. Дәстүрлер – тәрбиеленушілерді эмоционалды қабылдайтын әдет-ғұрып, ниет арқылы жасалатын ұжым өмірінің тұрақты формалары. Дәстүр жүріп-тұру нормаларының бекуіне көмектесіп, ұжымдық мәселелерді бірлікті шешу қабілеттерін дамытады, өмірді қызықты етеді.

Ұжымда мақсатты таңдай білу маңызды рөл атқарады. Тәрбиеленушілер мұрат еткен мақсат перспектива деп аталады. Адам өмірінің негізгі стимулы (ынтасы) – ертеңгі қуаныш. Тәрбиеленушіге түсінікті перспективалы мақсат – қиыншылықтар мен кедергілерді жеңіуге көмектесетін үлкен күш.

Тәрбие жұмысы тәжірибесінде перспективаның үш түрі кездеседі, олар: жақын, орташа және алыс перспективалар.

Жақын перспектива – ертеңгі серуен, яғни ұжым мүшелерінің жеке қызығушылығынан туындайды.

Орташа перспектива – уақыт бойынша алыстау ұжымдық оқиғаның жобасы.

Алыс перспектива – ұзақ уақытқа көзделген үлкен мағыналы, маңызды талаптарға қол жеткізуге арналған мақсат.

Мұндай перспективада тұлға мен ортаның қажеттері міндетті түрде үйлеседі. Перспективалық жолдар жүйесі ұжымға етене енуі керек. Оны уақыттың кез-келген сәтін ұжымның айқын да қызықты мақсаты болатындай, сонымен өмір сүретіндей әрі сол мақсатты орындауға талпынатындай етіп құру қажет. Перспективаны таңдағанда жұмыстың нәтижелі бітуін ескеру әбден қажет.

Кейде педагогтың оқушыға әсері кейбір себептерге байланысты кем нәтижелі болып қалады. Оған жанындағы оқушылар арқылы әсер ету өте жақсы жеміс береді. Бұдан қатар әрекет (параллельное действие) принципі іске қосылады. Оның негізінде оқушыға тікелей емес, ұжым арқылы әсер ету талабы жатыр.

А.С.Макаренко ұжымаралық қатынасқа көп көңіл бөлді. Қалыптасқан ұжымның ерекше белгілері ретінде ол мыналарды ескерді: 1) үнемі сергектік, іс-әрекетке дайындық; 2) өзіндік қадірін сезіну; 3) мүшелерінің достық бірлігі; 4) әр мүшенің өз қауіпсіздігін сезінуі; 5) іс-қимыл, әрекет белсенділігі; 6) дер кезінде ұстамдылыққа әдеттенуі, көңіл шарпулары мен тілдесудегі өзіне шек қоя білуі.

3. Ұжым үнемі өзгеріп отырады, себебі оны құрайтын адамдар ауысады. Бірақ ұжымның даму үрдісі кездейсоқ емес, оған педагогтар жетекшілік етеді. Ұжымға жетекшілік етудің нәтижелігі, оның даму заңдылығын қандай мөлшерде зерттегеніне, тәрбие жағдайының қаншалықты дұрыс анықталғанына, педагогтың әсер ету тәсілдеріне байланысты.

Мұндай әсердің маңызды шарты – үздіксіз болып келетін, ұжымға әсер ететін тәрбиелік шаралардың бір жүйеге бірігуі. Ал мұндай интеграцияға келесі жолдар арқылы қол жеткізуге болады:



  • Ұжымға болар педагогикалық әсерлерді бірлікті (комплексті) пайдалану;

  • Күнделікті өмірде ұжым мүшелерінің бір-біріне үнемі және жан-жақты көмегі;

  • Ұжым өміріне және оның жеке мүшелеріне жағымды әсер ететін жағдайлар тудыру;

  • Оқушылардың өзін-өзі басқару ісін кеңейту;

  • Ұжыммен жұмыс істейтін барлық ұйымдардың талпыныстарын біріктіру.

Мектеп ұжымын басқарудың педагогикалық тәжірибесінде келесі маңызды ережелерді сақтау керек:

  • Педагогикалық жетекшілікті оқушының өз қызығушылығына, ынтасына, тәуелсіздігіне орайластыру, дербес қарапайым талпынысымен саналы байланыстыру;

  • Ұжым – динамикалық жүйе болғандықтан, ол үнемі өзгеріп, дамып отырады және кемелденеді. Сол үшін педагогикалық жетекшілер қарым-қатынас және әсер ету жобаларын жиі өзгертіп отыруы міндетті.

  • Сынып жетекшісі ұжым тәрбиесінде мұғалімдер тобына, сынып ұйымына сүйеніп, отбасыларымен үнемі байланыста бола отырып, жоғары жетістіктерді көздеуі лазым.

  • Формализм – тәрбиенің қас жауы;

  • Жетекшіліктің жақсы көрсеткіші – сынып өміріндегі маңызды мәселелерге ортақ ұжымдық пікірдің болуы;

  • Ұжым мүшелерінің өз міндеттерін орындауын дұрыс қадағалау негізінде тәрбиені дамыту;

  • Тәрбиені ұжымдағы қарым-қатынас құрылымының көп деңгейлігін ескере жүргізу:

    • Жекеше қарым-қатынас жасау;

    • Бірлескен іс-әрекет қатынастарын дамыту;

    • Әлеуметтік мәні бар ұжым іс-әрекетіне байланысты қатынас жасау;

      • Ұжым мүшелерінің атқарып жүрген рөлдері мен олардың шын мәніндегі мүмкіндіктерін дұрыс пайдалану;

      • Ұжымдағы қатынастың өтіп жатқан жағдайына белсене араласу;

      • Уақытша ұжымдар құру, нашар оқушыларды жоғары мүмкіндіктерге жеткізе алатын ұжымға ауыстыру;

      • Ұжымдағы оқушыларды жаңаша қатынасқа кірістіретін ұжымдық іс-әрекет түрлерімен олардың қалпын өзгертуді әр кез естен шығармау.

4. Ұжым жетілген сайын өзін-өзі басқару да жетіле түседі.

Өзін-өзі басқару – ұжым үшін маңызды мақсаттарға жету үшін шешім қабылдау мен оны жүзеге асыруда балалардың өз бетінділігін дамытуға негізделген ұжымдық іс-әрекетті ерекше ұйымдастыру. Жеке тұлғаға қатысты өзін-өзі басқару төмендегідей функцияларды орындайды:

адаптациялық (ұжым ішінде жеке тұлғаның үйлесімді өзара қарым-қатынасын қамтамасыз етеді);

интегративтік (ұжымдық және жеке іс-әрекет түрлерін үйлестіруге мүмкіндік береді; нәтижелі іс-әрекет үшін ата-аналар, балалар және педагогтардың қызметін ұйымдастырады);

прогностикалық (диагностика және рефлексия негізінде ршыни перспективаларды анықтауға жәрдемдеседі);

басқарушылық мәдениетті меңгеру (өзі және ұжым үшін маңызды шешімдерді қабылдауда өз бетімен таңдау жасауды жүзеге асыру мүмкіндігі пайда болады).

Балалар ұжымындағы өзін-өзі басқару іс-әрекетті анықтаудан басталады: басқарушылық құрылымды жасауда, міндеттерді бөлуде. Ұжымның жалпы жиналысы (оқушылар комитеті, кеңес, штаб т.б.) өзін-өзі басқару органдарын сайлайды және олардың міндеттерін анықтайды. Белгілі бір тапсырманы алғаннан кейін әрбір бала өз міндеттерін және ол жұмысты орындау жолдарын білуі тиіс. өзін-өзі басқару балалардың бостандық пен жауапкершіліктің қатынасын сезінуін талап етеді.

И.П.Иванов іс-әрекетті өз бетімен ұйымдастыру әдістемесін жасады: құрылған кеңестер көмегімен жұмыстарды дайындау, инициативалық топтың жұмысы, көсбасшылардың ауысуы, микроұжымдар арасындағы тапсырмалардың ауысып келіп отыруы. Бұл әдістерді кез-келген балалар ұжымында қолдануға болады. Педагог ұжым ішінде өзін-өзі басқаруды дамытпайынша, онда жеке тұлғаны дамыту мүмкін емес екендігін үнемі есінде сақтауы тиіс.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар


        1. Ұжым туралы түсінік.

        2. Ұжымның өзіндік қасиеттері, ерекшеліктері.

        3. А.С.Макаренко бойынша ұжымның даму кезеңдерін сипаттаңыз.

        4. Ұжымға педагогикалық басышылықта нені есепке алу керек?

        5. Мектеп ұжымын басқарудың педагогикалық тәжірибесінде қандай ережелерді есте сақтау керек?

        6. Ұжым алдындағы мақсат – перспектива дегеніміз не?

        7. Өзін-өзі басқару дегеніміз не?

        8. Өзін-өзі басқару қандай функцияларды орындайды?

6. ПРАКТИКАЛЫҚ НЕМЕСЕ СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК ЖАСАҚТАМА




Тақырыбы

Сұрақтары

Апта

Әдебиеттер

1.

Педагогика ғылым ретінде және оның зерттеу әдістері


1. Педагогика ғылымы, оның маңызы.

2. Педагогиканың даму тарихы, дамуына үлес қосқан педагогтар



1 апта

1.Әбиев Ж.

Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика.

А., 2004.

2.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика.

А., 2000.

3.Қоянбаев Ж.Б. Педагогика. А.,1992.

4.Қоянбаев Р.М. Білім беру және оқыту теориясы. А., 1990


2.

Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері.


1.Эмпирикалық деңгей әдістері.

2.Теориялық деңгей әдістері.




2 апта

1.Лихачев Б.Т. Педагогика. М.,1998.

2.Педагогика. Абай ат. ҰПУ. ұжымы.А., 2003.

3.Подласый И.П. Педагогика. М.,1996.


3.

Мектептегі педагогикалық процесс

1.Мектептегі педагогикалық

процесс мәні.

2.Педагогикалық процесс

мұғалім іс-әрекетінің обьектісі ретінде.

3. Педагогикалық процесстің кезеңдерінің ерекшеліктері.


3 апта

1.Подласый И.П. Педагогика начальной школы. М.,2000.

2.Сластенин В.А., Исаев И.Ф. Педагогика. М.,1997.




4.

Мектептегі педагогикалық процесс, оның заңдылықтары


1. Педагогикалық процесс және педагогикалық ситуациялар туралы түсінік.

2. Педагогикалық процесстің құрылымы.

3. Педагогикалық процесстегі жобалау.

4. Педагогикалық процесстің заңдылықтары.





4 апта

1.Құрманалина Ш.Х, Мұқанова Б.Ж., Ғалымова А.У., Ильясова Р.К. Педагогика. Орал, 2004.

2.Харламов Н.Ф. Педагогика. М., 1999.



5.

Қазақстан мектебіндегі тәрбие мақсаты


1.Қазақстан мектебіндегі тәрбие мақсаты.

2.Тәрбие мақсатының түрлі құжаттар мен оқу құралдарынан көрініс табуы.

3.Тәрбие мен білім берудің үйлесімділігі.


5 апта

1.Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты.

А., 1998.

2.ҚР “Білім туралы” заңы. Қазақстан мұғалімі. 25 ақпан. 1998.

3.ҚР орта білімді дамыту тұжырымдамасы. А., 1997.



6.

Жеке тұлға дамуының негізгі заңдылықтары

1.Жеке тұлға дамуының қозғаушы күштері.

2.Тұлға дамуының заңдылықтары.

3.Тұлға дамуының факторлары.


6 апта

1.Коменский Я.А.Ұлы дидактика.

А., 1993.

2.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. А., 2000.

3.Қоянбаев Ж.Б. Педагогика. А.,1992.




7.

Тұлғаны дамытудың және тәрбиелеудің жас және жекелік ерекшеліктері


1.Жеке тұлғаның дамуында жеке ерекшеліктерді есепке алу мәселесі.

2.Жеке тұлғаның дамуында жас ерекшеліктерді есепке алу мәселесі.

3.Мектеп жасындағы оқушыларды тәрбиелеу ерекшеліктері.


7 апта

1.Құрманалина Ш.Х, Мұқанова Б.Ж., Ғалымова А.У., Ильясова Р.К. Педагогика. Орал, 2004.

2.Педагогика сөздік. Молдағалиев.Б.А.Орал-2008.




8.

Өзін-өзі жә не қайта тәрбиелеу.

1.Өзін-өзі тәрбиелеу ұғымы.

2.Қайта тәрбиелеу ұғымы.

3.Тәрбиенің итермелеуші күштерінің процесі.


8 апта

1.Муханбетжанова А.М.,Молдағалиев.Б.А., Ерниязов О.Н.. «Тәрбие теориясы» Орал-2007

2.Муханбетжанова А.М.,Молдағалиев.Б.А., Ерниязов О.Н.. «Дидактика» Орал-2007




9.

Тәрбие әдістері және құралдары

1Тәрбие құралдары туралы түсінік.

2.Іс-әрекетті ұйымдастыру әдістері, оларды қолдану.

3. Талап түрлері.

4.Үйрету әдісін пайдалану.

5.Тәрбиелік істер туралы түсінік.


9 апта

1.Қоянбаев Р.М. Білім беру және оқыту теориясы. А., 1990.

2.Қоянбаев Р.М. Тәрбие теориясы. А., 1992.

3.Лихачев Б.Т. Педагогика. М.,1998.


10.

Ұжымдық тәрбие және кіші оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру

1.Ұжымға педагогикалық жетекшілік ету.

2.Оқушылар ұжымын басқарудағы ұстанатын ережелер.

3.Оқушылар ұжымына басшылық жасауда бастауыш сынып мұғаліміне қойылатын талаптар


10 апта

1.Әбиев Ж.

Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика.

А., 2004.

2.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика.

А., 2000.


11.

Мектептің отбасымен жүргізетін жұмыстары

1.Мектептің отбасымен жүргізетін жұмыстары туралы түсінік.

2.Мектептің отбасымен жүргізетін жұмыстарының түрлері.

3.Мектептің ата-аналармен жүргізілетін педагогикалық жұмыстары.


11 апта

1.Қоянбаев Ж.Б. Педагогика. А.,1992.

2.Қоянбаев Р.М. Білім беру және оқыту теориясы. А., 1990



12.

Оқыту әдістері.

1.Оқыту әдістерін жіктеу немесе классификациялау.

2.Танымдық іс-әрекеттің типіне қарай оқыту әдістерін жіктеу.

3.Оқытудың бағдарламаланған әдістері.


12 апта

1.Құрманалина Ш.Х, Мұқанова Б.Ж., Ғалымова А.У., Ильясова Р.К. Педагогика. Орал, 2004.

2.Харламов Н.Ф. Педагогика. М., 1999.



13.

Оқытуды ұйымдастыру формалары.

1.Мектептердің даму тарихында оқытуды ұйымдастырудың формалары.

2.Оқытуды ұйыдастырудың сыныптық-сабақтық жүйесінің ерекшеліктері.

3. Сабақтардың типтері және түрлері.


13 апта

1.Қоянбаев Р.М. Тәрбие теориясы. А., 1992.

2.Лихачев Б.Т. Педагогика. М.,1998.

3.Подласый И.П. Педагогика. М.,1996.


14.

Оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы - сабақ.


1. Оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақ, оның негізгі түрлері, типтері. 2.Сабаққа қойылатын негізгі талаптар.

3. Мұғалімнің сабаққа дайындалуының негізгі параметрлері..



14 апта

1.Қоянбаев Р.М. Білім беру және оқыту теориясы. А., 1990.

2.Қоянбаев Р.М. Тәрбие теориясы. А., 1992.

3.Лихачев Б.Т. Педагогика. М.,1998.


15.

Оқушылардың

білім, білік, дағдыларын есепке алу және бағалау




1.Қадағалау және тексеру ұғымдарына сипаттама беріңіз.

2.Оқығанды тестілеу, тестілеу классификациясы.



15 апта

1.Жұмабаев М. Педагогика. А., 1993.

2.Коменский Я.А. Ұлы дидактика. А., 1993.

3.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. А., 2000.


жүктеу 1,11 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау