№№19-20 (251-252) 13.10.2016 ж.
12
«Білім берудің мазмұнын жаңарту:
болашаққа бағыт»
Сандық білім беру
ресурстарын
жобалаудың маңызы
«Өз балаңа үлгі бол»
Жүректен арнап жыр шумақ
Ұстаз ол-ұлағатты, сабырлы, табысты,
ардақты, зиялы адам. Осыншама
тым қысқа сөзде қаншама мағына жатыр.
Мен жетінші сынып оқушысымын. Мен үшін
ұстаздарыммен, мектебім ең қымбат, ең асыл
құдірет иесі. Мектебіміздегі оқушыларды білімен
нәрімен сусындатып, адал еңбектерінің жемісін
көріп жүрген ұстаздар да, жеткілікті. Атап
айтқанда: Кажгалиева Гүлбаршын Аққалиқызы,
Мусагалиева
Айсұлу
Абулхайырқызы,
Төлегенова Ғалия Зинуллақызы, Сисенова
Күләнде Жалғасқызы, Кұспаева Мәншүк
Отарқызы, Есентаева Нұрия Ишанқызы
және сынып жетекшіміз Серікқали Эльмира
Серікқалиқызы. Осы аталған ұстаздарды және
басқа да, мұғалімдерді «ұстаздар күнімен» шын
жүректен құттықтаймын.
Отбасыларыңызға амандық , дендеріңізге
саулық тілеймін. Үнемі облыстық, аудандық,
республикалық байқаулардың жүлдегері болып
жүре беріңіздер, Сіздерді биіктен көру біз үшін
үлкен мәртебе, бізге үлкен өнеге бересіздер.
Алғаш рет оятқансың санамды,
Алғаш рет ұстатқансың қаламды,
Сол үшінде мәңгі сыйлап өтермін
Түсіндірген жақсы менен жаманды
Аяулы ұстаздарға мың алғыс!
Сұлтан КАРЛОВ
Қаршы ЖОББМ-нің
7 -сынып оқушысы Ақжайық ауданы
Адамның адамшылығы ...
жақсы ұстаздан болады
Ұстаздық қылған жалықпас,
Үйретуден балаға. ( Абай )
Жастарға жол сілтеген
Мектеп бітіргеннен кейін түлектердің көбі жоғары
оқу орнына түсіп жақсы маман болғанды қалайды. Ал,
енді біразы қабілетіне қарай, заманға лайық өндіріске
қажетті маман иесі болуды армандайды. Отбасына
көмектесіп, қайтсемде еңбек дәмін адал татсам дейді.
Менде сондай жастардың бірімін. Өзім қалаған осы оқу
орнына келгенімде сол. Орал газ, мұнай және салалық
технологиялар
колледжі
мұнай-газ,электрик,өрт
сөндіргіштер, құрылыс, мал шаруашылығы, бух-учет
мамандықтарын дайындайтын оқу орны. Жастардың
құлшыныстары да ерекше. Өйткені мұнай саласы,
болмаса аталмыш қалған мамандықтарда бүгінде
бізде өзекті. Жұмысқа орналасу жайы да оқу орнында
шама шарқынша өндіріс орындарымен мекемелер
арқылы шешіліп келеді.
Алғашқы мектептегі ұстазымыз есімізде қалай есімізде болса, мұнда
да білімге болашаққа жетелеген ұстаздар жтерлік. Солардың бірі физика-
информатика пәнінің оқытушысы Қайырлиева Кенжегүл Тілегенқызы. Осы
салада жиырма екі жылдан астам еңбек өтілі бар білікті маман әр студентпен
ерекше жұмыс істейді. Барды бағалай білетін адами түсіну қасиеті мені ғана
емес, талай жастарға өнеге. Әріптестеріне сыйлығ адамгершілігі мол ұстаз
жайында көп білмегесін жазу мен үшін қиындау болар. Бір анық білерім әр
жастың болашағының жарқын болуына алаңдайтын абзал ұстазымды ұстаздар
мерекесінде құттықтап ақ тілегімді балалар ман жасөспірімдер газенті арқылы
құттықтауды жөн көрдім.
Ел болашағы жастар үшін еңбектеніп келе жатқан Сіздей ұстазға ақ
тілек арнау мен үшін бір бақыт.
Айдар ЖҰМАЖАНОВ
Орал газ, мұнай және салалық
технологиялар колледжінің
321 топ оқушысы, Орал қаласы
Биылғы 2016-2017 оқу жылы 1-сынып
мұғалімдері мен оқушылары үшін ерекше
оқу жылы болып табылады. Өйткені елімізде
мектеп табалдырығын аттаған барлық 1-сынып
оқушылары жаңартылған білім мазмұны оқу
жоспарлары және оқу бағдарламаларымен
оқитын болады. Жаңартылған білім мазмұны
жағдайындағы мектептің ерекшелігі –оқудағы
жетістіктер нәтижелі сипатқа ие, ал оқу
процесі оқушылардың әрбір сабақта білімді
«табудағы» белсенді қызметімен сипатталады.
Бұл жағдайларда оқушы – таным субъектісі, ал
мұғалім оқушылардың танымдық әрекетінің
ұйымдастырушысы қызметін атқарады.
Әрбір оқушыны жасына да, мүмкіндігіне
да қарамастан тұлға ретінде қабылдауға қол
жеткізуге ұмтылу қажет. Оқыту мақсаты оқушы
және мұғалім үшін ортақ болады, міне,
білім мазмұнын жаңартудың педагогикалық
аспектісінің мәнін мен «Жаңартылған жаңа оқу
бағдарламасы» аясында ұйымдастырылған
бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
арнайы курс тыңдаушыларының бірі ретінде
ұғындым.
Менің бұл курстан түйгенім туралы
сіздермен қысқаша ғана бөліскім келіп отыр.
Жаңа бағдарламаның ерекшелігі-спиральді
оқыту, яғни пән бойынша және сынып бойынша
оңайдан күрделіге қарай көше отырып оқыту.
Бастауыш сыныптардағы жаңартылған
оқу бағдарламасының тағы бір ерекшелігі
«Бейнелеу өнері» және «Еңбекке баулу»
оқу пәндерін біріктіретін «Көркем еңбек»
кіріктірілген пәнін және «Жаратылыстану» пәнін
енгізу болып табылады.
Осы орайда аудандық білім беру бөлімінің
ұйымдастыруымен
көптеген
жұмыстар
жүргізілді. Атап айтсақ, аудан бойынша 4 тірек
мектеп анықталып, оларға қарасты мектептің
бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік
қолдау көрсету жұмыстары жүкелді. Сонымен
қатар биылғы жылы 1-сынып қабылдайтын
мұғалімдерге арналған бірнеше семинарлар
ұйымдастырылды. Күні кеше өткен тамыз
маслихаты да жаңаша сократтық семинар
түрінде ұйымдастырылып, ауданның бастауыш
сынып мұғалімдеріне жаңа бағдарлама туралы
үлкен мағлұмат берілді.
Міне, жаңа бағдарламаның талабы зор
десек, бұл ретте бізге, яғни бастауыш сынып
мұғалімдері үшін соның ішінде 1-сынып
мұғалімдеріне деген жүктелер міндет жүгі де
ауыр екендігі анық. Өйткені біз 12-жылдық білім
беруге көшу баспалдағының алдыңғы сатысын
нық қадаммен басқалы тұрған көшбасшымыз.
Ендеше, құрметті менің әріптестерім дендерініз
сау, отбасыларыңыз аман болып,еліміздің
ертеңінен күтер үмітін біліммен қаруландырудағы
еңбектеріңізге
шыдамдылық,
сәттілік,
жаңашылдық тілей отырып, жүрегімнен шыққан
шағын жыр шумақтарын өздеріңізге арнаймын.
Ұстаздардың іздегені –жаңалық,
Шәкірттерін баулитұғын бала ғып.
Өмір бойы білім алу-қасиетің,
Тұрады сені өзгелерден дара ғып.
Жаңа серпін, жаңа бағыт, жаңа шың,
Міндетіңе жаңа шабыт аласың.
Қажымаңдар, «Ұстаз» деген ұғыммен
Жүректерде көшбасшы боп қаласың!
Гүлайым ӨТЕГЕНОВА
Казталов ЖОББМ-нің бастауыш
сынып мұғалімі,
Казталов ауданы,
Оқытудың
жаңа
ақпараттық-
коммуникациялық
технологияларын
меңгеру - қазіргі заман талабы. Білім
беруде
ақпараттандыру
процесі
мұғалімнің дайындық деңгейі мен
мамандық сапасына үлкен талап қояды.
Ол мұғалімнің өзін-өзі дамуына, өзіндік
білім алуына және шығармашылық пен
жұмыс жасауға мүмкіндік туғызады.
Мектеп өміріне компьютердің келгеніне
біраз жыл өтті, осы жылдарда оқу
процесінде есептеуіш техникаларды
қолданудың тұжырымдамалары бірінің
орнын бірі алмастыруда. Компьютерлік
бағдарламалар ғана емес компьютерлік
техниканың жаңа түрлері де қолданысқа
енуде. Ал, бүгінде бізге Сандық
Білім беру Ресурстарын жасау және
пайдалану қажеттігі туындады.
Сандық білім беру ресурстары білім
берудің бағдарламасының құралы
ретінде қандай қызмет атқарады?
Дәстүрлі
қолданылып
жүрген
оқыту бағдарламаларынан мұның
артықшылығы неде? Электрондық
оқыту жүйесінің тиімділігі оқу үдерісінде
АКТ-ның графикалық, мультимедиялық
мүмкіндіктерін пайдалану мен оқу
материалдарын игеруде интерактивтік
ойындарды қолдану оларды сапалы,
әрі тиімді түрде меңгеруге ықпал
етеді. Электрондық оқыту жүйесінде
педагогтар өздерінің оқу құралдары мен
тестілерін құра алады. Олардың жұмысы
мәтiндiк және графикалық редакторлар
мен орталарда, мысалы, Microsoft
Word,
Microsoft
P o w e r P o i n t ,
Adobe
Flash,
Adobe Photoshop оқу контентiн жасаудың
бiрыңғай жүйесімен стандартталуы
тиіс.
Оқыту барысында қолданылатын
әдістемелерді дұрыс таңдап, оқыту
үрдісі мақсаттары мен талаптарына сай
жетілдіріп, қарқындылығын арттыра
түсу қажет. Ақпараттандырылған оқыту
барысында сандық оқыту құжаттары,
компьютерге
арналған
ойындар,
мерзімді электрондық құралдар, оқу
құралдары мен оқу порталдарын
құрастыру көзделуі керек. Білім беру
жүйесінің басты міндеті – ұлттық және
жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым
мен практика жетістіктері негізінде жеке
адамды қалыптастыруға және кәсіби
шындауға бағытталған білім алу үшін
қажетті жағдайлар жасау, оқытудың
жаңа технологияларын енгізу, білім
беруді
ақпараттандыру,
ғаламдық
коммуникациялық желілерге шығу.
Тәуелсіз еліміздің болашағы болып
табылатын жас ұрпаққа сапалы білім
беріп, жеке тұлға етіп қалыптастыруда
электрондық оқыту жүйесі мен оның
берер мүмкіншілігі мол болары сөзсіз.
Гүлзия РАМАЗАНОВА
«Қаракөл ЖОББМБ-ның
информатика пәнінің мұғалімі
Қаратөбе ауданы, Ақтай-сай ауылы,
Мұхит
атындағы
жалпы
орта
білім
беретін
мектебінде
1-сынып
оқушыларының
ата-
аналарына «Өз балаңа үлгі бол»
тақырыбындағы Республикалық
ата-аналар
конференциясы
өтіп,
бірінші сынып ұстаздары мен ата-
аналары қатысты. Конференцияны
мектеп директоры Мираш Спортқызы
сөз сөйлеп ашып, 12 жылдық білім
беру бағытындағы жаңалықтармен
жиналғандарды таныстырды.
Аудандық білім беру бөлімінің тәрбие
жұмысы жөніндегі әдіскері Айдана
Толегенова
қатынасып,
құттықтау
сөз сөйледі. Мектебіміздің психологы
Қобланова Гүлжихан Ермекқызы 1-ші
сынып оқушыларының ата-аналарына
психологиялық көмек көрсету бағытында
көптеген 12-жылдық білім берудегі
ерекшеліктер мен баланың бойындағы
өзгешеліктер туралы мәлімет берді.
Тақырыпқа байланысты көрсетілген
слайдтар мен бейнетаспада мектеп
табалдырығын
аттаған
балғын
бүлдіршіндердің мектепке деген бейімі,
ата-ананың
жаңартылған
білімге
деген көзқарасы және педагогикалық
– психологиялық жағынан ахуалы сөз
болды.
Г. ҚОБЛАНОВА
Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін
мектебінің психологі, Қаратөбе ауданы
Ұстаз!!!
Осы бір ауыз сөз кімнің жүрегін елжіретпейді
дейсің. Ұстаз дегенде үлкен кісілерге дейін ерекше
ілтипат білдіріп отыратынын әңгімелерінен естіп
жүрмін.
Ұстазға деген құрмет пен тағылым тек бір ғана
емес, мәңгілік екені даусыз. “Ұстаздық
еткен жалықпас, үйретуден балаға”,-деп Абай
атамыз айтқандай, өз бойларына жиған -тергенін
балаға беруден жалықпайтын, үлкен өмірге
шыңдап, қанаттандыратын , олар үшін қуанып,
мұңаятын ұстаздан артық кім бар дейсіз... Кез-
келген ғалым да, шахтер де,дәрігер де өз уақытында
ұстаз әлемінің ұшырған балапандары екені ақиқат.
Менде ұстазымның еңбегін бағалап,қолыма қалам
алдым.
Алғаш мектепке келген кезімде шырайлы
жүзімен ұстазым Сарсекенова Күләш Дүйсенқызы
қарсы алып, қолымнан жетелеп сыныпқа кіргізді.
Сол сәт, еске түскен сайын көңіліме жылылық
әкеледі.
Күләш Дүйсенқызы- менің алғашқы бастауыш
сыныптағы оқытқан ұстазым. Ол қолыма алғаш
қалам ұстатып, әліппемен таныстырғаны, әріптерді,
сөздердің жазылуын оқып үйреткені әлі есімде.
Апайымның жүріс-тұрысына қызыға қарайтынмын.
Жақсы мен жаманды, ақ пен қараны ажыратуға
үйретті. Мен Күләш Дүйсенқызындай тәжірибелі
ұстаздан білім, тәрбие алғаныма шексіз ризамын
және мақтан тұтамын.
Осы ұстазымның жолын қуып, бастауыш сынып
оқушыларына 32 жылдан бері сабақ беріп келемін.
Ұстазымның немересіне бастауышта сабақ бердім,
қазір жоғары сыныпта оқиды.
Адамның
адамшылығы...жақсы
ұстаздан
болады.
Күләш
апайым
адамгершілік
қасиеттерді бойымызға сіңіруге адал еңбек етіп
келді.К.Д.Ушинскийдің сөзімен айтсақ “Егер
мұғалім өз бойында іс пен шәкірттеріне деген
сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол- кемел ұстаз”.
Тәжірибелі де беделді мұндай кемел ұстаздардың
елімізде көптігінің дәлелі-олар тәрбиелеп жатқан
шәкірттер әлемдік деңгейге дейін көтеріліп,
халқымыздың атын шығарып, ел ықыласына
бөленуде. Қазіргі таңда ардагер ұстаз Күләш
Дүйсенқызы немере-жиендерінің арасында сүйікті
әже, ақылшы да, қамқоршы, ардақты ана.
Ұстаз- ең үлкен ұғым. Ұстаздың жайын ұстаз
ғана түсінеді.
Дания САТЫБАЛДИЕВА
№3 ЖОББҚМ-нің бастауыш сынып мұғалімі
Жаңақала ауданы