№№19-20 (251-252) 13.10.2016 ж.
11
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын арқылы
танымдық белсенділігін қалыптастыру
Ан
Ойын арқылы оқушылардың
танымдық қызығушылығын
дамыту
Мектеп
жасына
дейінгі
кезеңде бала дамуының түрлі
бағыттарында маңызды өзгерістер
орын алады – іс-әрекет түрлері
жетіледі.
Баланың
дамуында
өзгерістер байқалып, танымдық іс-
әрекет мазмұны тереңдей түседі.
Танымдық
қызығушылық
бала
бойында ізденушілік, байқампаздық,
еліктеушілік сияқты қасиеттерді
оятады. Бұл баланы ұстап көруге,
тәжірбие жасауға жетелейді
Тәжірбие жасау –бұл балалардың
танысқалы тұрған дүниесін көзбен
көріп, қолына ұстап, бақылай,
салыстыра алуына мүмкіндік береді.
Олардың құзіреттіліктерін арттырып, ой-
таным белсенділіктерін, ақыл-ойын дамыта
зейінділікке, байқампаздылыққа тәрбиелейді.
Мәселен: «Байқампаз бол» тәжірибесін алып
көрейікші. Екі стақан алып, оның біріне ұн,
екіншісіне қант салып, екеуіне де су құйып
біраз бақылаймыз. Содан кейін барып балаға
сұрақ қоямыз. Не байқадың? Алдымен бала
пікірі тыңдалады. Міне, осы тұста баланың
барлық көру, есту, анализаторлары жұмысқа
қосылып, оның ойлау, пайымдау, зейін қою
сияқты танымдық қасиеттері қалыптасады.
Міне, осындай тапсырмалар беру арқылы
баланың
танымдық
қызығушылығын
қалыптастыруға болады. Мектеп жасына
дейінгі баланың танымдық белсенділігі
кіші және жас балалар арасында бақылау,
эксперимент арқылы асатындығына көз
жеткіуге болады.
Мектеп жасына дейінгі балаларға
айналадағы заттармен құбылыстардың ең
қарапайым түрін білуге, үйренуге, сұрап,
бақылап, зерттей, болжай салыстыра білуіне
түрлі ойындардың пйдасы зор. Осындай іс-
тәжірибе арқылы бүлдіршіндердің өмірге
деген көзқарастары өзгеріп танымдылықтары
артады.
Зиягүл НҰРТАЗИНА
Мдұ «Айгөлек» бөбекжайы
ІІ- санатты тәрбиеші
Ақжайық ауылы, Теректі ауданы
Ақжайық
аудандық
Балалар
шығармашылығы орталығы 2005 жылы
ашылды. Алғашқы жылдары тоғыз үйірме
бойынша тоғыз педагог қызмет атқарса,
қазіргі таңда 100-ден аса үйірмеде 100-
ден аса қосымша білім беру педагогы
қызмет етеді. Эстетикалық бағыттағы
үйірмелередің ішінен «Би» үйірмесі туралы
болмақ. Қазіргі уақытта «Би» үйірмесі Үлгілі
«Балауса», «Дарын» ұлдар және қыздар,
«Шабыт» би топтары болып қалыптасып
үлгерді. Халықаралық, республикалық,
облыстық, аймақтық би байқауларының
лауреаттары мен дипломанттары.
Би өнері-әрбір үйірме мүшелерінің
ішкі жан дүниесін ырғақтар арқылы
жеткізу болып табылады. Би – қозғалыс,
тән сымбаты. Би өнері – әлемнің рухани
елшісі деп те атауға болады. Бидің
денсаулыққа пайдасы зор. Айта кетсек,
жаттығулар жасаған кезде денеден көп
мөлшерде көмірқышқыл газы бөлінеді, бұл
жүректегі қан айналымын жақсартады, қан
айналымын қалыпты ұстауға әсер етеді,
қан қысымының көтерілуін тежейді. Би
өнері үйірме мүшелерінің сырт келбетімен
қатар, ішкі жан-дүниені арттырады,
сұлулыққа тәрбиелеп, игі қасиеттерді
оятады. Бір ғана би үйірмесіне 60-тан аса
оқушы қамтылған. Ал, үйірмеге оқушылар
мақсатты түрде келеді. Оны үйірме
мүшелері былай дейді:
Милана Биғалиева: «Мен, Биғалиева
Милана «Дарын» би үйірмесінің мүшесімін.
Биге бала-бақша кезімнен әуеспін. Алты
жасымнан орталыққа «Би» үйірмесіне
қатысып
келемін.Ұстазым-Гүлден
Жалғасқызы. Талапшыл, жауапкершілігі
мол кәсіби маман. Болашақта қазақ би
өнерінің негізін қалаушыларның бірі- Шара
Жиенқұлова секілді танымал биші болғым
келеді. Сондықтан, оқушыларды «би»
үйірмесіне қатысуға шақырамын».
Аяулым Мәлікқызы: «Мен аталмыш
үйірмеге 3-сыныптан қатысып келемін.
Өз таңдауым, өзіме ұнады. Арманым-
кәсіби биші болып, өз би мектебімді
ашу. Әрбір кәсіптің өз қиындығы бар,
ең бастысы өзіңе сену. Ұстамдылыққа,
тәртіпке, шыдамдылыққа үйрететін «Би»
үйірмесіндегі жетістіктеріміз мол болсын
деп тілеймін»
Ботагөз ГАБСАТАРОВА
Ақжайық аудандық балалар
шығармашылығы
орталығының әдістемелік бөлім
меңгерушісі
Ақжайық ауданы
Жақсылық жасауға
асығайық
Биылғы жаңа оқу жылында да мектеп ұжымы мен оқушыларымыз
ауылдағы кәсіптерін дөңгелетіп отырған аға-әпкелерімізге айтар
алғысымыз шексіз.
«Бақытты балалық шақ мекені» атты акция барысында
«Айдархан» ЖШС, «Саят» ш/қ, «Әбілмансұр» ш/қ, «Фазли» ш/қ,
«Рахман» ш/қ, «Әділет» шаруа қожалықтары демеуші болды.
Кәсіпкерлерімізден А.Салықова, Ж.Борашев және ауыл азаматы
Қ.Мұқанғалиев, дәрігерлік амбулатория, Жаңажол ауылдық әкімшілік,
мектеп ұжымдары балалардың еш уайымсыз мектеп табалдырығын
аттауға оқу құралдары, сөмке, мектеп формасынан көмектессе, ЖШС
«Taimas REAL» компаниясы жеті оқушының мектеп формасын тігіп
берді.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай
тәуелсіздігіміздің құрдастары мектебіміздің түлектері П.Сүлейменова,
К.Сұлтанова, К.Жүзжасаров, С.Қабиева, А.Ақшоловалар да акцияға өз
үлестерін қосты. Мектебіміздегі жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде
көмекке мұқтаж 78 балаға бюджеттен тыс қаражат есебінен 527 000
мың теңге көлемінде көмек көрсетілді. «Жақсылық жасасан - балаға
жаса» дегендей балаларға жанашыр болып, сауабы мол іске ат
салысу әрбір адамның азаматтық парызы. Егеменді еліміздің жарқын
болашағы –бүгінгі жас бүлдіршіндер. Сондықтан, барлық игі жақсылық
пен жүрек жылылығын балғын балаларға арнайық ағайын. Қолдан
келген көмегін аямай, жанашырлық танытқан аға-апаларымызға ата-
аналардың да алғысы шексіз.
Айгүл ЖҰМАСАЛИХОВА
Айдархан ЖОББМ-нің әлеуметтік педагогы
Жаңақала ауданы
Жаңа заман баласы – бүгінгі қазақ қоғамының
ұлттық қазынасы. Баланың қабілетін қаншалықты
ерте ашып, дамытса, оның нәтижесі де соншалықты
жемісті болмақ. Білім беру жүйесінің басты
мазмұны баланың жеке басының икемділіктері мен
танымдық қабілетін, қызығушылығы мен білуге
құштарлығын арттырудың негізі болып табылады.
Ойын- оқушының ойын дамытады, есте сақтау
қабілеттерін арттырады. Ойын арқылы оқушының
танымдық қызметі мен ой-өрісі кеңейеді.
Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері
— мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын
оқушының аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті,
сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады.
Ойын кезінде баланың психологиялық ерекшелігі
мынадан көрінеді: олар ойланады;белсенділігі
артады, қиял елестері дамиды, баланың
шығармашылық қабілетімен дарыны ұшталады.
Ойын әрекетінің қызықты болуын қамтамасыз
ететін, баланың танымдық қызығушылығы
сапаларын дамытатын басты нәрсе: білім, әрекет,
қарым-қатынас. Міне осы жағдайларды ескере
отырып, ойын түрлері төмендегідей жүйеленеді:
Мазмұнды бейнелі ойын: отбасы, балабақша,
мектеп, темір жол, теңізшілер,
Қимыл қозғалыс ойындары: «ұшты-ұшты»,
«соқыр теке», мысық пен тышқан,
Дидактикалық ойындар: заттардың түсін
анықта, ойлан тап, көрші, дүкен, жалғастыр,
Құрылыс ойындары: лото, және басқа
констукторларды пайдалану.
Ойын-төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты,
ұқыптылықты,
ізденпаздықты,
іскер-лікті,
дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді,
сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалылық
қасиеттерді қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі
бар педагогикалық, тиімді әдіс-терінің бipi.
Орыс ғалымы, дәрігер, педагог К.А. Покровский:
«Ойын- күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірінің
бастамасы.Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге
деген қабілеті байқалады » деген екен.
Сондықтан К.А.Покровскийдің осы сөзіне
сүйене отырып,балалардың ынтасын, оқуға деген
қабілетін ойын арқылы дамытуға болатынын
айтқым келеді. Оқушылардың қызығып ойнайтын
ойындарының бірнешеуін ұсынып отырмын.
Мыс: «Адасқан әріптер» 1.ақтар –тарақ; 2.пакіт
– кітап; 3.нішә -әнші.
2.Дыбыстық
және
қимылдық
есте
сақтауды дамытуға арналған «Тыңда және
орында»жаттығуы;
3.Бейнелік есте сақтаудың басым түрлерін
дамытуға арналған жаттығулар;
4.»Сөзтізбегін» жасау; «Сөзді аяқта..»,
«Ұйқасын тап» тағы басқалар.
Дамытушы ойындар танымдық сезімді
оятады, яғни балада тану іздену әрекетін дамыта
отырып, ойдың, талдау мен әрекеттің логикасын
ойлау процесінің икемділігін, жаттығуын және
тапқырлығын, қиял ұшқырлығын қалыптастырады.
Бұл жағдайда сөзжұмбақтар мен ребустар
көп септігін тигізеді. Өз шығармашылығымен
құрастырылған сөзжұмбақтар баланың аса
қызығушылығын тудырады.
Жұмабике ЕСЕНОВА
Қаракөл ЖОББМБ-ның
мектеп психологы, Қаратөбе ауданы
«Би-өмірім...»
... дейді «Би» үйірмесінің биші арулары