Ақжайық ауданы әкімі аппараты: 090100, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Қонаев көшесі 70 үй, 29 бөлме, анықтама телефоны: 8 (71136) 91-2-44, эл.мекенжай: akimakzhaik@inbox.ru, бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
1. Ақжайық ауданының ауылшаруашылық бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күту демалысы уақытына) «E–R-4»*** санаты, индексі 11-03, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Ауылшаруашылық ғылымдары (зоотехния, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы) Ветеринария (ветеринарлық медицина) мамандықтары бойынша жоғары білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.
Функционалдық міндеттері: Ауданда ауыл шаруашылығы кешенін дамыту бағдарламасының орындалуын жүзеге асыру жұмыстарына қатысу. Ауданда ауыл шаруашылығы саласындағы асылдандыру жұмыстарының бағдарламаға сәйкес орындалуын жүзеге асыру. Малды асылдандыру мен өндіру, жаңа ғылыми-техникалық әдістер мен технологияларды өндіріске енгізуді ұйымдастыру. Мал өнімдерін өндіру және мал асылдандыру саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу. Мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарын жүргізу және есеп беру. Бөлім басшысының тапсырмалары мен нұсқауларын орындайды. Осы лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкесті Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс және аудан әкімінің шешімдері, өкімдерінің және облыстық, аудандақ әкімдерінің қаулыларының орындалуын жүзеге асыру және бақылау.
E–R-4*** мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
Мынадай құзыреттердің бар болуы: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
*** Ескерту: мемлекеттік органның штат кестесінде осы лауазым төменгі болған жағдайда, онда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген тестілеу бағдарламасына сәйкес ҚР заңдарын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін ҚР нормативтік құқықтық актілерін білуі тиіс.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;
3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
3), 4), 7) және 8) тармақшаларда көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады. Егер де азамат еңбек етпеген болса және конкурс жарияланып отырған бос лауазымға еңбек өтілі талап етілмесе, еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін тапсыру талап етілмейді.
Білімі туралы құжаттарды шетелдік білім беру ұйымдарында алған азаматтар («Болашақ» бағдарламасының түлектерінен басқа) білімі туралы құжаттарын тану немесе нострификациялау рәсімінен өтуі тиіс.
Құжаттарды қабылдау мерзімі жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күні ішінде, көрсетілген мекенжай бойынша тиісті мемлекеттік органға тапсырылуы тиіс.
Құжаттар электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған Ақжайық ауданы әкімі аппаратында өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар мен сарапшылар шақырылады.
Конкурсқа қатысушылар мен үміткерлер конкурстық комиссияның шешіміне қатысты уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шағымдана алады.
Достарыңызбен бөлісу: |