№№19-20 (251-252) 13.10.2016 ж.
8
Аружан ҚОЖАМҰРАТОВА
Қараөзен мектеп-лицейінің 4-сынып
оқушысы, Казталов ауданы
САМАЛ - біздің газет
Самал газетіне жазылу біз үшін мақтаныш. Біз, самалға сыныбымызбен
жазылдық. Газетті алған күні оқуға асығамыз. Өзіміз секілді оқушылардың
мақала,өлеңдерін оқып қуанып жатамыз. Бізге әсіресе, «Сөзжұмбақ,
«ертегілер әлемі», «Сурет галериясы» айдарлары ұнайды. Өзіміз де жазған
қызықты әңгімелерімізді
жіберіп,газет
бетіне
шықса, қуанып жатамыз.
Ұстаздарымыз Таңжұлдыз Аманшина, Нұрбике Аязбаева, Айнұр
Қайырғалиева апайларымыз бізге газет оқудың маңыздылығын
айтып отырады. Сондықтан облысымызда осындай газеттің барын
мақтан тұтамыз.
Газет қызметкерлеріне деген алғысымыз шексіз. Шығармашыл
оқырмандарыңыз көп болсын.
Игі тілекпен:
№44 мектеп-гимнагиясының бастауыш сынып оқушылары
Орал қаласы
Отбасым-
бақытым
Менің отбасым балаларының тәрбиесін
бірінші орынға қояды. Қандай жағдай
болса да, анам мен әкем ойымды толық
тыңдап, түсініп, көмек беруге дайын. Әкем де
«Баланың жұдырықтай жүрегінде шындық пен
адамгершіліктің таңбасы тағылуы қажет» деп
есептейді. Отбасында бауыр мен бауыр бірін-
бірі жақсы көріп өсуі қажет дейді.
Біздің отбасымызға менен сегіз жылдан кейін кішкентай, сүп-
сүйкімді қарындасым дүниеге келді. Қарындасымды ойнатып, бәріміз
қылығына тоймаймыз. Күлгені де, тәй-тәй басып жүргені де, ренжігені
де бізді қуантады. Бауырларымыз да қатты қуанды. Отбасымның
осындай тату болғанына әкем мен анама алғыс айтамын.
Нұрсұлтан ОРЫНБАСАР
№46 ЖОББМ-нің 3 «а»сынып оқушысы
Орал қаласы
МЕНІң ОТБАСЫМ
Отбасы адам баласының өсіп - өнер алтын ұясы.Адам
өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында
өтеді. Менің отбасым мен жақын адамдарым мен үшін
аса қымбат жандар деп есептеймін.Өйткені мен оларды
өте қатты жақсы көремін. Біздің үлкен отбасы: атам
мен әжемнен тараған төрт ұл, екі қыз, сегіз немере,
төрт жиен, екі шөбере бар. Яғни, барлығымыз жиырма
сегіз жанбыз. Ең кенже ұлы менің әкемнің Ердәулет,
Адияна, Кәусар атты балалары бар. Мен әкем мен
анамды сыйлаймын әрі олардың айтқан тілдерін
аламын. Біз бір - бірімізді әрдайым қолдап,қолұшын
беріп келеміз. Мен өз отбасымды мақтан тұтамын және
де осындай үлкен отбасымның денсаулықтары мықты
болып, бақытты өмір сүрулерін тілеймін!
Ердәулет БАҚЫТ
№46 ЖОББМ-нің 3 «в» сынып оқушысы
Орал қаласы
Бізге жеткен
ақ тілек
Құрметті, «Самал» газеті редакциясы!
Мен- Зүлфат Мәжитқызы және менің
шәкірттерім «Самалдың» әрбір санындағы
балаларға арналған базарлықты асыға
күтіп, қызыға оқимыз. Оқушыларым газет
арқылы достар тауып қана қоймай, олардың
шығармалары мен туындыларын тамашалай
отырып, өздері де әңгіме жазу, өлең шығару,
сурет салуға тырысып жатады. Солардың
бірін «Самалға» арнайды, қабыл алыңыз!
сүйікті
«самалым»
Балаларға таусылмас шабыт берген,
Самалымсың бағыт беріп жетелеген.
Әр ай сайын асыға біз күтеміз,
Жаңа айдар, жаңа доспен жүздесеміз.
Мэлс САҒИДУЛЛИН
ЖББ Бұлдырты ОМ-нің
4 «а» сынып оқушысы,
Сырым ауданы
Балғын бала тілегі
Бақытты елде өмір сүру дегеніміз - әр сәбидің тыныштығын
қорғау, тәтті ұйқысын, алаңсыз күлкісін бұзбау деп білемін. Біз
бақыттымыз, себебі осындай бірлігі жарасқан тыныш егемен елде
өмір сүріп жатырмыз. Осындай бейбіт еліммен мақтанамын.
Ашық аспандай, нұрын шашқан күн сәулесіндей әрбір өзім
секілді бүлдіршіндердің әр сәті бақытты
да, көңіл – күйлері көтеріңкі болсын! Әр
баланың жүзінен күлкі кетпесін.Ата-анамыз
аман болсын. Еліміз тыныш болса, балалар
да бақытты болады.
Аягөз ӨТЕГЕН
№42 «Ақ ниет» мектеп гимназиясының
3 «б» сынып оқушысы
Орал қаласы
Менің бақытым - елім
Менің Отаным – Қазақстан! Қазақстанда 130 - астам
ұлт өкілдері тұрады. Барлығымыз тату-тәтті өмір сүріп
жатырмыз. Биыл Тәуелсіздік
алғанымызға 25 жыл. Тәуелсіздік
бізге оңайлықпен келген жоқ.
Апа - ағаларымыз қаншама тер
төгіп, елімізге осындай тыныштық
ұялатты! Солардың бірі Қайрат
Рысқұлов, Ляззат Асанова,
Сабира Мұхамеджанова. Біз
оларды әрқашан мақтан етеміз.
Ақерке ЕРЖАН
№42»Ақниет» гимназиясының
3 «е» сынып оқушысы
Орал қаласы
«Қарттарым - асыл қазынам»
№7 «Айналайын» балабақшасында «Қариялар күні» мерекесіне
орай апталық ұйымдастырылып, оған біз немере-жиендеріміздің ата-
әжелері қатыстық.
Алдымен «Ақбота» ІІ кішілер тобында әжелермен біріккен
ашық «Әке бәйтерек, бала жапырақ» атты оқу іс-әрекеті көрсетілді.
Немерелеріміздің балдай тәтті тілінен шыққан тақпақтары мен
әңгімелері, мақалдары көзімізге қуаныш жасын келтірді.
Кіші топтың тәрбиешілері Іңкар Науханқызы мен Айзада
Ерсайынқызының бүлдіршіндеріміздің әрқайсысымен жұмыстана білуі
мені қатты қуанды. Апталықтың екінші күні Гүлайым Ғалымжанқызы
мен Жазира Нариманқызы «Ата-әжеме сыйлық» атты шығармашылық
көрме ұйымдастырылып, кішкентай бөбектердің қолдан жасаған
сыйлықтарын көріп, бір жасап қалдық. Үшінші күні «Достық» тобында
тәрбиеші Дария Ізтілеуқызы мен музыка жетекшісі Ұлжан Оразғалиқызы
«Үлкенге құрмет» тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырды.
Төртінші күні «Еркем-ай» ортаңғы тобында «Сүйікті әжем» шығармашылық кеші болып, балалар әжелеріне арналған өлеңдерін
айтып, тақпақтары оқып, көріністерін қойды. Тәрбиешілері Арайлым Сағындыққызы мен Бұлбұлгүл Марленқызы, Венера Замирқызы,
Бақтыгүл Албекқызы өте жақсы әзірленген. Бесінші күні барлық топтардың ата-әжелері шақырылып, балалар мен педагогтар
дайындаған концерттік бағдарламаны тамашаладық. «Ата-ананың қарызы ұрпақтың өмірлік парызы» дегендей, немерелерімізге
осындай тәлім-тәрбие беріп, біз сияқты қариясын құрметтеген ұжымға алғысымыз шексіз. Бұл балабақшада осындай мерекелер
көптеп ұйымдастырылады. Өткен апталардың бірінде «Отбасы – бақыт мекені» апталығы да ұйымдастырылып, ауқымды шаралар
оздырылды, осындай еңбектері еленіп, тәрбиешілеріміз биіктен көріне берсін дейміз.
Алғыс білдіруші әжелер:
Г.ЖҰМАШЕВА, С.ИХСАНОВА, Б.БЕКЕНОВА Г.САМАРБАЕВА және бір топ ата-әжелер
Орал қаласы