№№19-20 (251-252) 13.10.2016 ж.
13
У жителей нашего города есть повод для
особой гордости, ведь Уральск – это единственный
город в Казахстане, в котором побывал гений
русской поэзии Александр Сергеевич Пушкин.
Пушкинские дни стали памятными для многих
поколений уральцев. С тех далеких дней
укоренилась в Уральске традиция – торжественно
вспоминать Пушкина в феврале, июне и сентябре:
в день гибели, в день рождения и в день приезда
в наш город.Продолжая эти традиции детская
библиотека имени А.С.Пушкина организовала
экскурсию в музей Пушкина для своих читателей
(уч-ся 5 «В» класса СОШ №46 18 человек).
Гид музея рассказала о том, что Пушкин
пробыл в Уральске всего двое с половиной суток
— с 21 по 23 сентября. Но как много они в себя
вместили, как много впечатлений подарили они
поэту! Это и новые строки романа «Капитанская
дочка» и исторического повествования «История
Пугачева», и записи старинных казачьих преданий
и песен, и новые знакомые…
К яицким казакам поэта привело стремление
узнать «мнение народное» о восстании 1773-
1775 гг. и о личности самого Пугачева. На Урале
Пушкин убедился, что «уральские казаки доныне
привязаны к памяти Пугачева». О своих уральских
впечатлениях поэт пишет в письме жене:
«Последнее письмо мое должна ты была получить
из Оренбурга. Оттуда поехал я в Уральск —
тамошний атаман и казаки приняли меня славно,
дали мне два обеда, подпили за мое здоровье,
наперерыв давали мне известия, в которых имел
нужду, и накормили меня свежей икрой, при мне
изготовленной».
Были показаны мебель, одежда, в которой
поэт был в Уральске и некоторые предметы в
оригинале, к которым прикасалась рука поэта.
В экспозиции музея представлены старинные
издания книг «Капитанская дочка» и «История
Пугачевского бунта»; копия рукописей поэта.
На
стендах
размещены
картины,
иллюстрирующие приезд Пушкина в Уральск,
портрет великого поэта, его жены Натальи
Гончаровой, знаменитых современников поэта,
виды старого Уральска. Стенды содержат копии
и оригиналы документальных материалов
писателей, посетивших Уральск в 19 веке,
ксерокопии рукописей Пушкина, тексты писем
поэта к супруге, слепок посмертной маски поэта.
В музее воссоздана обстановка периода жизни
великого классика: старинная мебель, подсвечники,
чернильница с пером, настенные часы.
Атаманский дом, в котором размещен музей,
является памятником архитектуры и истории. В
1837 году в Атаманском доме останавливался
будущий император Александр Второй со свитой, в
которую входил известный русский поэт Владимир
Жуковский. Атаманский дом был построен
итальянским архитектором М. Дельмедино в 1825
году по заказу предшественника Покатилова,
атамана Д. М. Бородина, и сейчас украшает собой
центральную улицу Уральска — проспект Достык.
Учащимся очень понравилась экскурсия, и
в память об Александре Сергеевиче Пушкине
они прочли его стихотворения. Ребята выразили
слова благодарности библиотекарю и гиду музея
за познавательную и интересную информацию.
ЦДБ им.А.С.Пушкина
ТЮЛЕМЕСОВА А.С.
г.Уральск
Барлық игіліктерден ең
ұлы – тәуелсіздік
Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де ұмтылмайтын оқиғалар
болады. Ұмытылмайтын себебі ол оқиғалардың халық
тағдырымен байланыстылығында. А.Байтұрсыновтың мына
бір өсиетімен сөзімді бастағым келеді «Біз басқадан кем
болмауымыз үшін білімді, бай, күшті болуымыз керек. Білімді
болу үшін оқу керек. Бай болу үшін кәсіп керек. Күшті болу
үшін бірлік керек»… деген болатын. Мақалама арқау болып
отырған тақырып бұл Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы болып
отыр. Тәуелсіздік – ата тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді
даламызды қаз- қатар тұрғызып, «қазақ» деген атауға қан мен
жан кіргізді. «Отан»-деп жүрегімізді қақтырды, «Елім» деп
емірентіп, « Жерім» деп тебрентіп, барша 62 тамырымызды
идіріп ата –жұртын сүйдірді.
Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен
байланыстырады. Әр ұрпақтың пешенесіне жазылған заман
ағымы, кезең тынысы болады.
Ел ертеңі – біздердің, келер ұрпақтың қолында деп айтып
та, жазып та жатыр. Тәуелсіздік тұғырын бекіткеніне 25 жыл
болған жас мемлекетіміз әлем назарында егемендігі жарасқан,
еңсесі биік ел ретінде танымал. Сол елдің Қазақстанның
жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса,
ол елдің еңсесі биік болады.Қазіргі бой жарыстырмай, ой
жарыстырар заманда білім мен ғылымның тұтқасын ұстасақ
артта қалмасымыз анық.
Мен өз өмірімді мазмұнды өткізуге бар күшімді саламын.
«Ұмтылыс дегеніміз – шексіз мүмкіндік, ал ұмтылыстың жоқтығы
шексіз сылтау» - деген халық даналығында кереметтей сөз
бар. Өмірге келгеннен кейін кім кімнің болмасын алға қойған
мақсаты, арманы, ұмтылысы болады. Мен де қоғамға өз
үлесімді қосуға әрекеттенуші жастардың бірімін. Менің қазіргі
қосып жатқан үлесім: сауатты, кәсіби маманданған, бәсекеге
қабілетті, өз заманының мыңнан бірі болатын тұлға болуға
талпынуым. Және де замандастарым мен артымнан еріп келе
жатқан жас буынды ізденімпаз, жаңалыққа жаны құмар, ана
тілімізде сөйлеп, төл өнеріміз бен әдебиетімізді сүйе білуге
титтей де болса өз үлесімді қоссам – бұл менің үлкен жетістігім
деп білем. Адам өткеніне қарайлап, одан үлгі алып, болашаққа
қадам басуы қажет. Еліміздің тілегі бір жерге тоғысса,
тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекетіміз ғұмырлы болмақ.
Мейірім МҰҚАТАЕВА
Хамза Есенжанов атындағы облыстық
балалар және жасөспірімдер
кітапханасының кітапхана қызметкері, Орал қаласы
Балалар әдебиеті – жас буынның сана-сезімін
оятып, ақыл-есін дамытатын, оларды адамгершілік
қасиеттерге баулитын өмір оқулығы. «Кітап аяулы
досы бола бастаған шақтан былай әрбір жан өзін
интеллигент бола бастадым деп санауына болады» деп
Мұхтар Әуезов айтқандай, кітап, оның ішінде көркем
шығармаларды көп оқып, көкейіне түйетін бала өмірге
де көркем көзқараспен қарайды. Өйткені оқыған кітабы
баланың жан-дүниесіне әсер етеді, кітап арқылы бала
іштей өзін-өзі тәрбиелеп, жақсы мен жаманды айыруға
үйренеді. Демек, адамның интеллектуалдық өрісі
кітаппен бірге қалыптасып, кітаппен бірге өседі.
Ал, қазір балалардың кітапқа деген құмарлығын
таразыға салып, салмағын өлшесек, оның тым жеңілдеп
кеткенін байқаймыз. Сондықтан, «Кітап оқу мәдениетін
қалай қалыптастырамыз» деген сауалдың төңірегінде
кітапханашылар көп ойлануы керек.
Балаларды кітапқа қызықтыра білетін дүниелердің
пайда болуы ұрпақ тәрбиесіндегі жақсы өзгерістерге
жол бастайтыны даусыз дүние. Сол себепті
балаларды көркем әдебиеттен алыстатып алмаудың
жолын, кітап неге оқылмайды деген сауалдың жауабын
жан-жақты іздестіріп, бір шешімін табу мақсатында
Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар
және жасөспірімдер кітапханасы бүгінде өзінің кітап
қорын мағыналы, мәнді де қызықты кітаптармен
толықтыруда.
Рухани тауар саналатын кітап шығару ісінде
балаларға арналған кiтап шығарудың нағыз қас шеберiне
айналған «Аруна» баспасынан шыққан «Қыздарға
арналған энциклопедияда» гүлдей құлпырып, жаңа
жетіліп келе жатқан қыз баланың білмейтін нәрселерін
үйретіп қана қоймай, жас бойжеткеннің өмірдегі талай
сұраққа жауап іздеген уақытында сырласып, ақылын
тыңдар құрбысы бола білетін құрал. «Тән саулығы-жан
саулығы» демекші, энциклопедияда қыз баланың күтім
жасауы туралы айта келіп, киім кию, ортада өзін ұстай
білу, үй тұрмысына епті болу, ата-анамен қарым-қатынас
сақтау, ұл балалармен ортақ тіл табыса білу және ең
бастысы- қыз балаға тән сүйкімділігі мен биязы мінезін
қалай сақтауға болатынына кеңестер ала алады.
5-7 сынып оқушылары танымдық әдебиеттерді
оқуға, олар арқылы өздерінің көкейлеріндегі сұраққа
жауап алуға талпынады. Баланың танымдық
қабілетін жан-жақты дамытуда «1100 қызықты дерек»
сериясымен жарық көрген «Әлемнің қасиетті жерлері»
атты кітаптың тигізер пайдасы өте көп. Олай дейтінім,
бала әрқашанда қоршаған орта, әлемдегі бізге
беймәлім құбылыстардың құпия сырларын білуге
ұмтылатыны заңды құбылыс. Өзіміз өмір сүріп отырған
әлемді танып-білгісі келетін балалардың құштарлығын
қанағаттандыру мақсатында басылып шыққан бұл кітап
жеткіншектердің көкейіндегі көптеген сұрақтарға жауап
бере алады. Сол секілді, кітапхана қоры осы серия
бойынша шыққан «Ұлы императорлар», «Таулар мен
жанартаулар», «Акулалар, дельфиндер және киттер»,
«Жануарлар» т.б. кітаптармен толықты.
Балалар
әдебиеті
–
балалар
өмірінің
энциклопедиясы. Балаларға арналған «Қуырмаш» атты
кітапта халқымыздың бұдан жүздеген жылдар бұрын
шығарып, ұрпақтан ұрпаққа ауызша жетіп отырған бесік
жырлары, түрлі санамақтары, ойын-өлеңдері енгізілген.
Жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, сұрақтамалар,
тапқырларға тапсырма қажет болса, соның барлығын
осы кітаптан табуға болады. «Қуырмаш» балалардың
көңілінен шығатытына сенімдіміз. Қазақтың көркем тілі
– қазақтың көркем әдебиетінде. Қазіргі қазақ қоғамының
алдында жас ұрпақты кітапқа, оның ішінде қазақ тілінде
жазылған кітапқа баулу мақсат етіледі.Әрбір ата-ана
баласының кітап оқуға деген құмарлығын арттырып,
рухани дүниесін байытуын мақсат етсе, білімді,білікті,
мәдениетті, көзі ашық ұрпақ – тәуелсіз еліміздің ертеңгі
болашағы болары сөзсіз.
Н. СЕЙФУЛЛИНА
Х. Есенжанов атындағы
облыстық балалар және жасөспірімдер
кітапханасының әдебиеттерді іріктеу, жинақтау,
өңдеу бөлімінің кітапханашысы, Орал қаласы
Пушкинская осень
Арман қала-Алматы
Еліміздің оңтүстігіндегі бас қаласы-Алматы. Көптеген балалардың
арманы осы әдемі қаланы көру танысу, аралау. Меніңде армандарымның
бірі еді. Сол ойлаған арман қала Алматы қаласына бару маған бұйырыпты.
Мен қысқы демалыс кезінде Жаңақала ауданының оқушыларымен
бірге Алматы қаласына барып келдім. Онда біз Сара Алпысқызы
Назарбаеваның «Бөбек»сауықтыру демалыс орталығына барып емделіп,
қыдырып қаланы аралап көрдім. Ол жердегі әрбір ұстаздар тәрбиешілер
медбикелер өте тамаша мейірімді жандар екен. Емделіп сабағымызды
оқып бір ай уақыттын қалай өткенін білмей қалдық.
Алматыға қазақстанның түкпір - түпкпірінен біз сияқты балалар
көптеп келген екен. Сол балалармен танысып өзіміздің туған облысымыз
ауылымыз жеріміз туралы ой бөлістік. Әдемі жерлерін мақтанышпен
айттық. Осы арманымнын орындалуына себепші болған ата-анама
алғысымды айтамын. Осы демалысты ұйымдастырған барлық ағай
апайларға алғысым шексіз. Ендігі арманым еліміздің бас қаласы - Астана
қаласына бару. Оларманымдаата-анамаманболсаелімізтынышболсаоры
ндалады,-депойлаймын.Ендігі менің мақсатым ата-анамның еңбегін ақтап
үлгілі озат оқушы болу.Мен сияқты ойлаған армандаған барлық баланын
арманы тілегі орындала берсін. Еліміз тыныш бейбітшілік болсын!
Гаухартас ҚАНАТҚАЛИ
Ақбалшық БББМ-нің 4-сынып оқушысы
Жаңақала ауданы Ақбалшық ауылы
«Сүйікті ұстазым»
Ұстаз ақыл-ойы мен күш-қуатын балаларға арнап, жан аямай
еңбек етеді. Өйткені ол, оның көкірек көзін ашып, дүниетанымен
кеңейтіп қияға қанат қақтырады. Сондықтан болар кейбір дарынды
ойшылдар да, тіпті арман қуған балалар да ұстазды ерекше пір тұтып
қадірлейді. Менің де осындай жаныма жақын ұстазым № 33 ЖОББМ-нің
бастауыш сынып мұғалімі Айнұр Орманқызы. Айнұр апай өте мейірімді,
кішіпейіл жан. Әрдайым балалардың бойына өзінің тәрбиесі мен білімін
қалыптастыруға тырысады. Сүйікті ұстазыма мына өлең жолдарын
арнағым келеді.
Анамдайсыз, менің асыл ұстазым,
Өтті бізбен көктем, күз, қыс, жазың.
Жылдар бойы тәрбиелеп, аялап,
Болашаққа байтақ бір жол нұсқадың.
әЛІШЕР ЕСЛАМҒАЛИ
№33 ЖОББМ-нің 2 «б» сынып оқушысы
Балалар әдебиеті – балалар
өмірінің энциклопедиясы