№№19-20 (251-252) 13 қазан 2016 жыл «Ұстаз аты – мәңгілік»


№№19-20 (251-252)   13.10.2016 ж



жүктеу 2,15 Mb.
Pdf просмотр
бет15/15
Дата13.11.2018
өлшемі2,15 Mb.
#19049
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

№№19-20 (251-252)   13.10.2016 ж.

15

Қауырсын қалам

Ақиық ақынға  

арнау

Толқытқандай жанымды жанар алдан,



Осы жыр ғой жанымды жаралаған.

Сен жайлы жазбай кетсем шумақтарды, 

Қалың қазақ жұртшылығы табалаған. 

Тоқсан жастың алтауын еншілеген,  

Жұбеке, ақынсың ғой жүрегі елжіреген.

Сексен алтының қаһар қысын көрген қазақ,

Келешекке айтатын шежіре елден. 

Талассыз тарланы едің қара сөздің,

Әрбір адам санаға тоқитұғын.

Артыңда халқың қалды қаракөзді,

Он жеті миллион өзіңді оқитұғын. 

Бағындырып ақиқаттың дара шыңын,

Ішіңдегі мұңды шығарып барамысың?!

 Ұлы ақын көздеген ақиқатты, 

Ел тарихы келешекте қалармысың?!

Жұбатпа! Тілегім сол сұранатын,

Құлатпа! Тектілердің ұран атын.

Жылатып кетті бәрін шындықпенен,

Ешкімді жұбатқан жоқ Жұбан ақын!

Дәуренбек ЖҰМАБЕКОВ

Жас ақын, «Самал» газетінің жас тілшісі 

«Тайпақ мектеп-гимназиясының 

10-сынып оқушысы

Ақжайық ауданы

Тәуелсіздік туы 

биікке самғасын

Көтеріліп көкжиектен  таң нұры,

Алтын күнмен жымыңдасып таң тұрды.

Жүздерінен байқалады Тәуелсіздік

Ашық көк пен азаттықтың тағдыры.

 

Халық едік егемендік үшін терлеген,



Қылыш сермеп, ерлер намыс бермеген.

Мен ұланы мақтан етер қазақтың

Осы сәтте өлең арнап тербелем.

Кең жазира азат ел  - Қазақстан

Шығысымнан шырайланып атар таң

25 жылдық Тәуелсіздік күніне,

Нұрлы жолға бастап келеді, НҰР-ОТАН.

Елбасымыз бағындырған  белес көп,

Өзге ел үшін көре алмайтын  телескоп.

Еңбектері еңселеген қазақ елдің ордасы

Жаны жайсаң, жарқыраған халық көп.

Дархан жүрек, арманын көрге тартпаған,

Не көрмедің соқпақтардан, қарт далам?

Қазір де елімде бейбітшілік орнаған,

Талай-талай тарихы бар жатталған. 

Данышпандар татулыққа біріктірді ер күшін,

Гүлдендірді дара елдің жемісін.

Ордалардың шарықтап биік тұруы

Татулықпен арадағы келісім.

Қазақ елі батырлардың мекені,

Айдаһардың күшіне де жетеді.

Елбасымның Жолдаулары жыл  сайын

Үміт, сенім,жылулықты береді.

Жаным жүрек азаттықты толғасын,

Жастарымыз елін мәңгі қорғасын,

Лапылдаған жас жүректен тілегім

Тәуелсіздік туы биікке самғасын!

Халықпыз қазақ елі бір туысқан

Араға от салмасын қара дұшпан.

Жасай бер, Тәуелсіздікке қолы жеткен 

Байтақ ел, ұлы еркін- Қазақстан!

 

Назерке СҰЛТАНҒАЛИЕВА

М.Жүнісов атындағы 

ЖОББМ-нің 8 «а» сынып оқушысы

Жаңақала ауданы

Бауырлар

 

Бөліп-жармай өзге ұлттың адамын

Бөлісіпті қайғысы мен азабын.

Тар бөлмеге өзге жұртпен сиысып,

Бөліп ішті қолындағы тамағын.

Ұйғыр, кәріс, немістер бар елімде – 

Айналдырған Отанымды еліне.

Білім алып, еңбек етіп жерімде

Алғыс айтар халқымның пейіліне.

Тағдыр қосқан, тарих қосқан бауырлар,

Достық пенен махаббатты бағалар.

«Нұрлы жолмен» «Мәңгілік елге» айналар,

Татулығы бар бақытқа пара-пар!

                               Айгерім ДАСТАНОВА

 Қаракөл ЖОББМБ-нің 9-сынып оқушысы, 

                             Қаратөбе ауданы,

Асыл аға


Халқың сүйген жырыңды, өлеңіңді,

Қадыр тұттық өнерлі, өр еліңді.

Рухың төрде, есімің ел есінде,

Ал жырларың жаулады жүрегімді.

Бүгінгі ұрпақ жырыңды сағынады,

Сағыныштың моншағын тағынады.

Жолында өзің салған ән-өнердің,

Әлі талай шырақтар жағылады.

Жаусын мәңгі жүрекке жауынды әнің,

Бассын алға елдегі бауырларың.

Көбейсін ізбасарлар жыр сүйетін,

Бәйтеректей кең жайсын тамырларын.

Жырың әлем мен үшін мәңгіліктің,

Әсем сөзің символы сәнділіктің.

Асыл аға, ардақтым, жыр арасым,

Отын жақтың әр шәкірт, әр үміттің.



 Лаура ЗЕЙНЕТ

Горячкин негізгі мектебінің  

9-сынып оқушысы  

Зеленов ауданы

Бала деген - 

еліміздің ұраны

Бала деген - азат елдің ұланы,

Бала деген - Тәуелсіз ел қыраны.

Болашағы бүгінгі мен ертеңгі,

Бала деген - еліміздің ұраны.

Адалдықтың белгісі - бала деген,

Жанашырлық, мейірімділік кемесі.

Ертеңгінің болашағы - бала деген,

Бала деген - ата-ананың жемісі.

Балаларды қорғау күні - тамаша,

Балаларды қорғау күні - жаңаша.

Балаларды қорғау күні - жасасын,

Балаларды қорғау күні - 

жырлансын.

 Асылжан ҚАДЫРЖАНОВА

        Тихонов мектеп-балабақша 

кешенінің

                            9-сынып оқушысы, 

Бөрлі ауданы

Қадір ағаға арнау

Зерек ойлы, алғыр дағы жас ұлан,

Ғылым іздеп, өлең жазды жасынан

Болашақтың қамын ойлап әрқашан,

Өз жұртына өнер-білім тасыған.

Туған елге тілеп бақыт, бостандық,

Ет жүрегі сыздап, жаны ашыған.

Барша қазақ мойындаған ақынның,

Қара халық мәртебесін асырған.

Мақтанышы, абыройы қазақтың,

Артта қалды талай қиын, азап күн.

Жарқыраған щоқ - жұлдыздай көктегі,

Мәңгі есінде қалар талай қазақтың.

Сусындатып болашақ жас ұрпақты,

Сезімдерін өлеңіне ұқсатты.

Махаббат пен күйініштен құралған,

Талай ақын бір өзіңе ұқсапты.

Болашақ жас ұрпақ сізге тамсанар,

«Қадір ата» өлеңі деп мақтанар.

«Үшбәйтерек», «Бес арыстай» атыңыз,

Тасқа жазған атаулардай сақталар.



 Индира САУРАЕНБКЕОВА

                        №1 ОЖББМ-нің 

8 - сынып оқушысы

Чапаев ауылы, Ақжайық ауданы

Тәуелсіздік – зор 

бақыт


Бабалардың аңсағаны осы ғой,

Аналардың төгілген көз жасы ғой.

Талай ғасыр арман болған қазаққа,

Тәуелсіздік бар бақыттың басы ғой.

Отан үшін от кешкенде батырлар,

Елін, жерін жырлап өткен ақындар.

Тарих куә сыр шертіп тұр шежіре,

Егемендік алу жолы хақында.

Он алтыншы желтоқсанның ызғары,

Сексен алты білдіргендей сызбарын.

Қыршын болды жап-жасұлы    

               

ұлтымның,

Құрбан болды қызғалдақтай қыздары.

Ел ертеңі оларды да үндеткен,

Басынтікті асу бермесміндетке.

Басыңды иіп сол жандарға тағзымғып,

Бағалай біл сыйын үлкен құрметпен.



Айымгүл АХМЕТЖАН

Қаршы ЖОББМ-нің  

4 – сыныпоқушысы, 

Ақжайық ауданы



Тілім-тірегім

Сезінген ем сезімнің де түр-түрін,

Ұғынғам ем ұлағатын ұлтымның.

Туған тілмен бірге өсіп, асқақтап,

Тілмен ұқтым сөздің сырын, сиқырын.

Туған тілім- ғажабымсың сен менің,

Серігімсің қиналғанда сенгенім.

Бұл өмірде ешнәрсе де бере алмас,

Алтын қазық, өр тілімнің бергенін.

Тілім- бағым, тілім- әнім, тіл- жырым,

Теңізімсің, тұңғиығым, тұнығым. 

Түпсіз терең түкпіріңе жете алмас,

Бағаңа да сан жетпейді-ау құныңның.

Сен арқылы мен гүлдендім, көктедім,

Араладым биік таудың бөктерін.

Арманыма жеткен болсам,туған тіл,

Сен арқылы талпынғаным, жеткенім.

Тілімменен мен қашанда біргемін,

Тіл деп соққан жұдырықтай жүрегім.

Тіл дегенің байлығы ғой алтыны,

Киелісі, қастерлісі әр елдің.

Сенде- сырым, сенде-үнім бар еді,

Сендік қуат бар адамның жан емі.

Тіл арқылы жаңғырады сөз даңқы,

Тіл бөлейді махаббатқа әлемді.

Әдемі сөз, нәзік дауыс баураған,

Талант біткен өнерлерін арнаған.

Қасиеті, қадірі де жоғары,

Бас иеді құдіретіне бар ғалам.

Өн бойында бір ғажабы бар мұның,

Сол ғажапты жаңғыртыңдар барлығың.

Ардақтайық, қорғап мәңгі, сақтайық,

Жарық етіп туған тілдің  тағдырың!

Қазына ФАЙЗУЛЛИНА

«Самал» газетінің жас тілшісі

Жаңабұлақ ауылы, Ақжайық ауданы 

МЕНІң ОТАНЫМ- ҚАЗАҚСТАН

Отаным қазақ елім берекелі,

Жүр халқым сүріп өмір мерекелі

Отаным сезіндім мен өзіңнен,

Шаттықпен қуаныштың не екенін.

Кіндік қаным  тамған жер,

Тыныш болсын әрқашан

Көк туым тұрсын желбіреп

Тәуелсіз елімменен мақтанам. 

Дилхан АЯСИНОВ

М.Әуезов атындағы №2 ОЖББМ-тің 

2 «г» сынып оқушысы.

 Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы

Алтын бесік ауылым

Самал жел сипап бетімнен

Жанымды менің тербейді.

Сылдырлап аққан бал-бұлақ

Көңілімді жырға бөлейді.

Көк майса мынау ен далам

Төскейінде төрт түлік.

Тыныштық сүйген елім бар

Көгімде тұр күн күліп.

Туған жерім – тұғырым

Тарихыңды ұғындым.

 Алтын бесік ауылым

Бұрымды бір қызыңмын.

Айнамкөз АРОНҚЫЗЫ

Б. Жанекешев атындағы ЖОББМ-нің 

4 «ә» сынып оқушысы, Бөкейордасы ауданы

Ел есінде қалар күн

Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн!

Ерекше боп мәңгілік

Ел есінде қалған күн.



Нұрбек ҒАЙНУЛЛИН

№42 «Ақниет» гимназиясының 

3 «е»сынып оқушысы

Орал қаласы

Ақын атама

Туған жері, өскен  жері – Сайқұдық,

Сонда өтті балғын  шағы, 

 

 



бал  қылық.

Өлмейтұғын, өшпей тұғынартына

Жыр қалдырды Жұбан ата мәңгілік.

Жайлаған жер Азынабай, Жыланды,

Өлеңтінің ақша бақты бұлағы.

Туған елге жиі – жиі соқпаса,

Бәрі – бәрі Жұбанды аңсап тұрады.

Кім білмейді бұл өмірде Жұбанды,

Жұбан десе жас бала да жұбанды.

Жұбан жыры әр жүрекке жолтауып,

Санамызда мәңгілікке тұрады.

Дина МҰРАТҚЫЗЫ

  Кеңсуат  НЖББМ-нің 

5 – сынып  оқушысы,

                           Ақжайық ауданы

Ана тілі

Ана тілім, бал тілім,

Өзің барда шалқыдым.

Өз тілімде ән шырқап,

Құстай ұшып қалқыдым.

Айдана БОЛАТ

ЖББ Х.Халиуллин  

атындағы ОМ-нің

4 сынып оқушысы, 

Жәнібек ауданы

әКЕМЕ

Асылайым, әкешім

Ай-күнімдесенәке.

Ғасыр-әкем, жанәкем,

Бақ – жұлдызым да сен әке.

Анама


Анашым менің, жананам,

Өзіңнен қуат аламын.

Айналайын, өзіңнен,

Күлімдеген жүзіңнен. 



Замира  әБІЛҒАЗЫ

Кеңсуат  НЖББМ-нің 

5 – сынып  оқушысы,

Ақжайық ауданы

Самалға

Самалым!


Биік шыңға шығардың,

Өлең менен жырларды,

Өзіңе арнап шығардым,

Жұмбақтармен  

 

 

сөзжұмбақты



Тек өзіңе арнадым.

Гүлімкөз  ОРЫНҒАЗИЕВА

Кеңсуат  НЖББМ-нің

 5 – сынып  оқушысы,

   Ақжайық 

ауданы

Ана


Әркез мені ұнатқан,

Боташым деп жұбатқан.

Төрт ұйқысын төрт бөліп,

Баласын өзінің ойлаған.

Көз жастарын көл қылып,

Жарақат алсам жылаған.

Балашым деп тек қана,

Мені ғана ойлаған.



 Нұрдәулет КӘРІМ

       №30 ОЖББМ-нің  3 «б» 

сынып оқушысы, Орал қаласы

Атамекен 

Атамекен қасиетті мекенім,

Құшағыңда гүл-гүл жайнап өсемін.

Туған жерім алтын бесік әрқашан

Алыс кетсем сағынышпен жетемін. 



Жангүлім ИХСАН

№30 ЖОББМ-нің  

3 «д» сынып оқушысы

Орал қаласы

Күз

Күз – дегентамаша,



Мол өнімбереді.

Жемістіңбарлығы,

Күзде тек піседі.

Айда  ҚУАНЫШҚАЛИ

№42 «Ақниет» 

гимназиясының 

3 «б» сынып оқушысы

Орал қаласы

ТҮЗЕТУ

Газетіміздің  өткен  №№17-18  сандарында 

10  бетте  жарияланған  «Жаңа  бағдарламаны 

жандандыру  –мұғалімнің  кәсіби  шеберлігіндегі» 

тақырыбындағы  материалға    авторы  (А. 

Ғұмарованың    Казталов  ауданы  А.Хұсайынов 

атындағы ЖОББМ-нің бастауыш сынып мұғалімі) 

сол  беттегі»    Бөкейордасы  ауданы  Т.  Масин 

атындағы ЖОББМ-нің мұғалімі С.Сарсенованың 

«әріптесім  туралы  айтқым  келеді»  мақаласы 

кейіпкерінің  фотосының  орны  ауысып  кетуіне 

байланысты  редакция  алқасы  авторлардан 

кешірім сұрайды.

«САМАЛ»

Алтын күз

Қуантыпелдікүзкелді,

Табиғаттатүрленді.

Бар байлығынжинады ел

Көңілдеріндемдеді. 



Азиза  ЕЛЕУСІН

№47 ЖОББМ-нің 

4 «г» сынып  оқушысы

Орал қаласы




№№19-20 (251-252)   13.10.2016 ж.

16

Газет ҚР Мәдениет және Ақпарат 

министрлігінде тіркеліп, 26.11.2008 ж

№ 9661 – Г куәлігі берілген

Индексі: 65771

Газет айына екі рет  шығады

Таралым 2 600 дана

Меншік иесі: ЖК Сүндетов Ж.К.



 

Бас редактор:



Сүндетов Жұмажан Қадимұлы

Ұялы тел: 8-701-687-58-86

Газет ЖШС 

«

Полиграфсервис



»

 

баспаханасында басылады.



Орал қаласы, Л.Толстой көшесі 27/1

Тел.: 51-41-99 

Редакция мекен-жайы:

Орал қаласы, пр. Евразия 

89/79, Факс: 26-93-62 

samal-gazets@mail.ru 



Самал сенің газетің

«Көңілді 

бағдаршам»

«Достық мәңгі жасасын»

Гүлназ МАҚСОТ

Болдыров негізгі мектебінің 

7-сынып оқушысы

Ақжайық ауданы

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ, 

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ, 

АҚ ТІЛЕКТЕР АҒЫЛҒАН!

Біздің сынып жетекшіміз

  Өтешев Баубек Амангелдіұлы осы мектебіміздің 

түлегі.  Биылғы  жаңа  оқу  жылынан  бастап  өз 

мектебіне  география-биология  пәнінің  мұғалімі 

болып келген жас маман әрі сынып жетекшіміз. Біз мұғалімімізбен тез тіл 

табысып, әртүрлі тақырыпта көптеген тәрбиелік шараларды бірлесе өткізіп 

келеміз. Ол өте білімді, ақкөңіл жан.

Біз  Баубек  Амангелдіұлын  ұстаздар  күнімен  шын  жүректен  құттықтай 

отырып, ұстаздық жолына шығармашылық табыс тілейміз.

                                                                              

Сарықұдық НЖББМ-нің 7-сынып оқушылары

Казталов ауданы, Сарықұдық ауылы

Шын жүректен...

      Мен  өзімнің  алғашқы  ұстазым  Алмагүл  Талапқызын    және  барлық 

мектептегі  ұстаздарды  төл  мерекелерімен  шын  жүректен  құттықтаймын. 

Ұстаздарға  зор  денсаулық,  бақыт  тілеймін.  Біздің  мектептің  барлық 

ұстаздары,біздерді 

ата- 


анамыздай қамқорлайды. Олар 

біліммен  қатар  әдепті  болуға 

тәрбиелейді. 

Алға 


қойған 

мақсатымызға жетуге үйретеді.

                       

                                 

Мархабат АМАНТАЙ

Сарықұдық НЖББМ-нің 

2-сынып оқуышсы

Казталов ауданы

  В здоровом теле- здоровый дух!

В  областной  специализированной  школе  №8  для  одарённых 

детей  проведён  День  здоровья.  На  торжественной  линейке  с 

приветственным  словом  к  ученикам  5-11  классов  обратилась 

исполняющая  обязанности  директора  школы  Каиржанова 

Алия  Зулкарнайовна,  которая  рассказала  о  том,  что  в  рамках 

празднования  25-летия  Независимости    РК  в  школе  будет 

проведено  много  мероприятий,  направленных  на  объединение, 

сплочённость,  развитие  патриотизма,  развитие  здорового  образа 

жизни.  Заместитель  директора  по  УВР  Тасеменова  Гульмира 

Сырымовна  озвучила  цель  проведения  мероприятия:  укрепление 

здоровья,  развитие  основных  физических  качеств,  воспитание 

бережного  отношения  к  собственному  здоровью,  сотрудничества 

в  соревновательной  деятельности.  Учителями  физкультуры  проведена  общешкольная  утренняя 

зарядка.  Далее  для  учащихся  5-6  классов  проведены  «Весёлые  старты»,  для  учеников  7-11 

классов «Верёвочный марафон». Этапы туристической полосы препятствия: «бабочка», «навесная 

переправа», «маятник». Наибольший интерес у учеников вызвали конкурсы «Командный рисунок» 

и «Круг дружбы». 



Ахмет ЗУЛКАШЕВ, 

учитель физической культуры 

областной специализированной школе №8 для одарённых детей.

Шәкірт жеңісі – 

ұстаз жемісі»

Облыстық 

балалар 

техникалық 

шығармашылығы 

орталығының  ұйымдастыруымен  22  –  23  қыркүйек  күндері 

«Түлкі аулау» спорттық радиопелегациянан облыстық жарыс 

өткізілді.  Жарыстың    мақсаты  –  оқушылардың  техникалық 

шеберліктерін арттыру, команда құрамында шығармашылық 

жұмыс  істеу  дағдысын  игеру,  спорттық  техникалық  түрлері 

бойынша  үздік  нәтижелерін  насихаттау,  талантты  жастарға  қолдау  көрсету.  Облыстық    жарысқа 

Бостандық орта жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Жүсіпов Нұрбек  қатысып,  «144 

мгц»  диапазоны  бағыты    бойынша  ІІ  орынға  ие  болып,  арнайы  дипломмен  және  сыйлықтармен 

марапатталды. Нұрбектің ұстазы  тәрбие жұмыстар орталығының «Зымыран» үйірмесінің жетекшісі,  

Бостандық  орта  жалпы  білім  беретін  мектебінің  жоғары  санатты    физика  пәнінің  мұғалімі  Мұқанов 

Жұмабек Нағымұлы. Нұрбекке әлі де үлкен белестерді бағындырып,  Жұмабек Нағымұлын ұстаздар 

күнімен  құттықтап,  тәрбие  жұмыстар  орталығы  атынан    жұмысына  шығармашылық  табыстар 

тілейміз! 



Гүлзада БЕКТИЯРОВА, 

Тәрбие жұмыстар орталығының

 оқу – тәрбие жұмыстар жөніндегі орынбасары

Казталов ауданы

Оқушыларды  жолда  жүру  ережесімен  таныстыру,  жол 

қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің  белгілерімен 

жүре  білуге  үйрету  мақсатында  №25  мектептің  3  «б»  сынып 

оқушыларымен  «Көңілді  бағдаршам»  тақырыбында  тәрбиелік 

шара оздырылды. 

Жол заңы дұрыс жүріп, абай  болуды  талап етеді. Оқушылар 

Жиекжол  дегеніміз  не?,  Жаяу  адамға  қай  жермен  жүруге 

рұқсат  етілмейді?,  Көшеде  жүру  тәртібін  кім  басқарады?, 

Көше  қиылыстарында  қай  жерлерден  өтуге  болады?,  Сен 

автобустан түстің, сен көшенің қарсы бетіне өтуің керек, сен 

қалай өтесің? деген сұрақтарға жауап іздеп қызықты жұмбақтар 

шешті. «Қызыл телпек» көрінісі балардың көңіл күйін көтерді. 

Көріністе  жол  ережесін  білмейтін  балаға  әжесіне  бара  жатқан 

Қызыл телпек көмектеседі. Сынып жетекшісі С.А.Тусупкалиева 

сөз сөйлеп кітапхана ұжымына алғыс білдірді.

Өмірде күтпеген оқиғалардан сақтану үшін жол ережелеріне 

бағыну керек. «Сақтансаң сақтармын» дегендей ережелерді тек 

білу ғана шарт емес, оны бұлжытпай орындаса ғана аман - есен 

жүруге болады. Бағдаршам - өмірімізді жазымнан сақтандыратын 

көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға міндет.



Т.САРБАЕВА

М.Горький атындағы

 қалалық кітапхананың №2 филиалы кітапханшысы

Орал қаласы

 Денсаулық зор байлық

    Мектебімізде денсаулық  күніне 

орай «Ұлт болашағы дені сау ұрпақ» 

атты топтық –спорттық саяхат өтті. 

2-4  сыныптар  қосылып,  «Барыс» 

пен  «Қабылан»  болып  екі  топқа 

бөлініп жарыстық. Дене шынықтыру 

пәнінің мұғалімі Нұрғанат ағай мен 

сынып  жетекшіміз  Бағила  апай 

біздерге  эстафеталық  ойындар 

ойнатты. Маған секіртпемен секіріп, 

обруч  айналдырған  өте  қатты 

ұнады.  Біздер  қызыға  да  жарыса 

қатыстық. Соның  арқасында  біздің 

команда «Қабылан» жеңіске жетті. Спорттық ойын аяқталған соң, бәріміз 

бірге отырып тамақтандық. 

    Бірінші байлық денсаулық демекші, жақсы өмір сүру үшін денсаулық 

керек. Ал денсаулығымыз мықты болу үшін спортпен шұғылданып, дұрыс 

тамақтанып, салауатты өмір салтын ұстану керек.

 

 



Тәрбие ХҰСАЙЫНОВА

В.И.Шубин ат.ЖББОМ-нің 3-сынып оқушысы

Теректі ауданы

Ұстазыма

Ләззат апай, сіз біздің,

Ұстазымыз алғашқы.

Үйреткен білімдеріңіз,

Есімізде мәнгі қалмақшы

Алғашқы ұстазым Абдрахманова 

Ләззат  Шәмшиқызын  ұстаздар 

күнімен 


шын 

жүрегімнен 

құттықтаймын. 

Деніне 


саулық 

тілеймін,  отбасына  құт-береке, 

еңбекте  шығармашылық  табыс 

тілеймін.



 Алишер НәСІПҚАЛИ

№1 ЖОББМ-нің 

4 «а» сынып оқушысы 

Гимназиядағы спорттық жарыс

      Оқушылардың спорттық шеберлігін арттыру, 

салауатты  өмір  салтын  насихаттау  мақсатында   

«Шынықсаң  -  шымыр  боларсың»  атты  денсаулық 

сабағы  аясында  спорттық      шара  өткізілді.  Сайыс  

барысында өткізілген   1000 км  қашықтыққа  жүгіруден  

5-6  сынып  қыздары      арасынан    І  орын  6-сынып 

оқушысы Қажғалиева Жанаргүл, ІІ орын Қайыржанова 

Мадина  ,  ІІІ  орын  Сагинова  Дильназ  иеленсе,5  -  6 

сынып ұлдары арасында өткізілген 1500 м қашықтыққа 

жүгіруден   І орын Қайырғалиев Берік, ІІ орын Бейбіт 

Әлішер,  ІІІ орын Қалымбетов Бекзат  иеленді. 

7  -  8  сынып  ұлдары  арасында  өткізілген  2500  м 

қашықтыққа жүгіруден   І орын 8 сынып оқушысы Абылғалиев Ерген, ІІ орын Қазбеков Дәулеткерей,  

ІІІ орын Махсотов Беслан  иеленді. 2000 км  қашықтыққа  жүгіруден  7-8 сынып қыздары   арасынан  

І орын  8-сынып оқушысы Сағынтай Бағдагүл, ІІ орын Құзайрова Аягүл, ІІІ орын  Серік Мерей алды. 

Қол күшін сынау 10-11 сынып ұлдар арасынан 1орын – Нұрланұлы Ришат, 2 орын – Қуатов Жаслан,  

3 орын – Кенжебаев Ерқанат жүлделі орындарға ие болды.

А.ИБАТУЛЛАЕВА

 Тайпақ мектеп – гимназиясының тәлімгері



Ақжайық ауданы

жүктеу 2,15 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау