Алмагул Ғарипқызы Туралиева,
БҚО, Теректі ауданы, Шағатай ауылы
Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ-нің
бастауыш сынып мұғалімі,
, ,
«Өсімдікке жыл бойы қалай күтім жасау керек?»
(2-сынып, жаратылыстану)
Сабақ негізделген оқу
мақсаты (мақсаттары)
|
2.2.1.2 – өсімдіктердің маусымдық өзгерістерін сипаттау
2.2.1.7 - өсімдіктерге қамқорлық жасаудың маңыздылығын түсіндіру
|
Сабақ мақсаттары
|
Өсімдіктердің жыл бойы қалай өзгеретінін сипаттау.
Өсімдікке күтім жасаудың маңызын білу.
Құрылған жоспарға сәйкес бақылау жүргізу және қорытынды жасау
|
Бағалау критерийлері
|
Өсімдіктердің бойындағы маусымдық өзгерістерді сипаттайды.
Өсімдіктерге қамқорлық жасаудың маңыздылығын түсінеді.
Өсімдік тұқымының өнуін бақылап, қорытынды жасайды.
|
Ресурстар
|
«Жаратылыстану» НИШ Астана 2017, жұмыс дәптері, жапырақтар, жыл мезгілдеріне сай өсімдіктердің суреттері, бөлме өсімдіктері, эл.оқулық
|
Әдіс-тәсілдер
|
Тренинг, «Тосын сұрақ», «Бірге ойлаймыз», «Екі жұлдыз,бір ұсыныс», Постер қорғау, «Блоб ағашы»
|
Пәнаралық байланыс
|
Дүниетану, әдебиеттік оқу
|
Жоспарланған
уақыт
|
Жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Басталуы
5 минут
|
Сәлемдесу.
Сынып реттілігін қадағалау.
Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау.
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Мынау – менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау – басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау – менің оң қолым,
Мынау – менің сол қолым,
Барлық істі басқарған.
|
Оқу құралдары
|
Ортасы
30 минут
|
Білу және түсіну
Өткенді пысықтау. «Тосын сұрақ» әдісі
1. Өсімдік бөліктерін ата.
2.Өсімдіктердің жерасты бөлігін ата.
3.Тамырдың атқаратын қызметі?
4.Өсімдік сабағының атқаратын қызметі?
5.Өсімдіктің тыныс алу мүшесін ата.
Дұрыс жауап берген оқушыларға жапырақтар тарату арқылы бағалау.
Оқушыларды жыл мезгілдеріне байланысты топқа бөлу. (қыс,көктем,жаз,күз)
1. - Біз топқа қалай бөліндік?
- Осыларды бір сөзбен не дейміз?
МТ. Жыл мезгілдері дегеніміз – жылдың шартты түрде бөлінген уақыт аралығы. Әрбір жыл мезгіліне белгілі бір мезгілдік және температуралық жағдайлар тән. Қалыпты климат жағдайына жыл мезгілдері ауысқан сайын табиғатта болатын түрлі табиғи өзгерістер өсімдіктерден анық білінеді. Жыл мезгілдері ең алдымен мынадай белгілері бойынша ажыратылады: күннің ұзаруы, температураның өзгеруі. Табиғаттағы өзгерістер де өсімдіктерге әсер етеді.
ҰЖ. Сурет бойынша жұмыс «Бір ағаштың оқиғасы»
- Суретте қандай ағаш бейнеленген?
- Оны неден байқадыңдар?
- Жыл мезгіліне байланысты алма ағашында қандай өзгеріс болады?
Оқушылар жауаптарын «Мадақтау» арқылы бағалау.
Қолдану
2. ЖЖ Дәптермен жұмыс. (7-бет)
Ағаштың сыртқы көрінісіне қарап жыл мезгілін анықта. Астына мезгіл атауын жазып суреттерді боя.
«Жыл мезгілдерінің жапырақтары» арқылы бағалау.
Сергіту сәті: «Көңілді күн»
3. МТ.Адам топырақ пен өсімдікке жыл мезгілдеріне сәйкес күтім жасайды.
ТЖ «Бірге ойлаймыз» әдісі
Топтарға әр жыл мезгіліне байланысты егіс алқабының суреті және сол мезгілге байланысты тірек сөздер беріледі. Сол берілген сөздерден жыл мезгіліне сәйкес келетін сөздерді тауып, постерге жабыстырып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.
Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?
Адам бидайды әр жыл мезгілінде қалай өсіріп, баптайды?
«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалайды.
4. (ҚБ) Саралау тапсырмасы
Сөйлемдерге сәйкес суретті тауып нөмірін жаз.
1.Ағашты шаппа.
2.Гүлдерді себепсіз үзбе.
3.Өсімдіктерді таптама.
4.Дәрілік өсімдіктерді жұлма.
Дескриптор:
берілген тұжырымдарға сәйкес суреттерді анықтайды.
өсімдіктерге қамқорлық жасаудың маңыздылығын түсінеді.
|
Бөлме өсімдіктері
Жапырақтар
Жыл мезгілдеріне байланысты жапырақ түстері
Жаратылыстану
НИШ Астана 2017
Жаратылыстану жұмыс дәптері
А3, желім, суреттер
|
Аяқталуы
5 минут
|
Ой қорыту.
Неліктен қыс мезгілінде тұқым сеппейді?
Тұқым тоңазытқышта өне ала ма?
Кері байланыс
«Блоб ағашы»–оқушының өзін-өзі бағалауына арналған тамаша тәсіл. Сабақ соңында оқушы сабақта өзін қалай ұстады, білімді қаншалықты меңгергенін суреттен тауып бояп белгілейді. Мысалы, жұппен жақсы жұмыс істесе, құшақтасып отырған баланы, сабаққа араласпаса, төменде отырған баланы, т.с.с. белгілейді.
|
|
Үйге тапсырма: 14-15 беттер оқу. Өсімдіктерге күтім жасау.
|
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушылар ға тапсырманы
күрделендіруді қалай
жоспарлайсыз?
|
Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
- Дұрыс жауап берген оқушыларға жапырақтар тарату арқылы бағалау.
- Оқушылар жауаптарын «Мадақтау» арқылы бағалау.
- «Жыл мезгілдері жапырақтары» арқылы бағалау.
-«Екі жұлдыз,бір ұсыныс» әдісі арқалы топтар бірін-бірі бағалайды
|
Пəнаралық байланыс
Қауіпсіздік жəне еңбекті
қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс
Дүниетану, әдебиеттік оқу.
Уақытты тиімді пайдаланамын.
Сынып бөлмесінің ауасының тазалығын сабақ алдында тексеріп аламын.
|
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не білдім?
|
Достарыңызбен бөлісу: |