1-клапан, 2, 8, 14, 15, 16, 20 и 23-түтік, 3- резервуар, 4-эжектор, 5- сөндіруші, 6-қақпақ, 7-ағызу фильтрі, 9-деңгей көрсеткіші, 10-басқару пульті, 11-жоғары қысым түтігі, 12-манометр, 13-бөлінетін демпфер құрылысы, 17-штанга, 18-насос, 19-сақтандыру клапаны, 21-сору фильтрі, 22-гидроараластырғыш, 24-тұрқы.
17 сурет ОН-400 шашушы технологиялық сызбасы.
6.4 Әмбебап аспалы бүркіткіш ОНН-400
Бүркіткіштің негізгі бөлімдері (жинақталу бірліктері) рама, бак, насос, фильтрі бар сору түтігі, басқару пульті, эжектор, шашушылары бар штанга, брандспойт және байланыстыру түтігі.
Бүркіткіштің толтырылу технологиясы: клапаны бар сору түтік бакқа түсіреді. Бұнда жұмыс ерітіндісінің өз мөлшері болуы керек. Сосын насосты қосады, ол сұйықтықты сору фильтрі арқылы түтікпен басқару пультіне береді. Эжектордың жоғары жылдамдықпен аққан сұйықтық эжекторда вакуумның әсерімен бактан сорылады.
Бүркіткіштің технологиялық процесі: орман өсімдіктерін өңдегенде насос бактан сұйықтықты басқару пультіне апарады. Мұнда оның бөлігі түтік арқылы штангага беріледі және шашушы көмегімен өңделу объектісіне кетеді. Сұйықтықтық артығы түтік арқылы сақтандырғыш клапанға барып сөндіргіш арқылы бакқа қайтадан түседі. Қысымы штангага түскен сұйықтық, басқару пульті тұрқысында қосылған редукциялы клапанымен реттейді. Басқару пультінде серіппесі бар бөлу клапаны бар, ол гидроцилиндр штокымен жұмысқа қосылады. Гидрожүйеден май түскенде шток клапанға басады, оны алдынғы күйге түсіреді де жұмыс мүшелеріне майдың баруына жол бермейді.
Есте сақтау қажет, насос тұрқысындағы сұйықтық клапан жұмыс істегенде (қақпақты ашса) толығымен сыртқа төгіледі. Сондықтан фильтрді жууда аса абай болу керек. Қолға ерітінді түссе, оны сумен жуу қажет. Шашушыда су сақтау үшін бак бар, ол көлікке белдеушіктерімен бекітіледі.
6.5 ОШУ-50А әмбебап кеңінен қамту тозаңдатқыш
Тозаңдатқыштың негізгі бөлшектері (жинақтау бірліктері): тракторға ілу үшін пісірілген саусақтар, рама; айналдырғышы бар бункер, сүрту катушкасы бар шнектолтырғыш, толтыру құрылымы бар (заслонка түрінде) желоб, желдеткіш және шашушы күршекте оның сыртында орналасқан. Аса назарға алатын рычаг пен трос арқылы ерітіндінің нормасын сақтау үшін жылжу мүмкіндігіне аудару қажет. Трактордың ВОМ арқылы тозаңдатқыштың қосылуын білу.
Тозаңдатқыштың жұмысы мен принципі: тозаңдатқыштың жұмысы кезінде поршокті препарат бункерден мөлшеулер құрылым арқылы желдеткішке әкелінеді, онда қолақшамен алынып және ауамен шашушы сыртынан өңделу жеріне шашылады.
6.6 ОРВ-1 қол тозаңдатқыштың
Тозаңдатқыштың негізгі бөлімдері: бункер, онда орналасқан айналдырғышы бар шнек, желдеткіш жетектің айналдыру шнегі, желдеткіш және шашу құбыры.
Бір минуттық шығысы: мөлшендірді басқару үшін аңықтау көрсеткішімен бекітілген. Заттегі мөлшері-0,2 ден 12 г/мин, айналу жиілігі 25-30 мин.
Достарыңызбен бөлісу: |