8.6 ОРХ-3М иыққа асатын химиялық бүркіткіші
Бүркіткіштің негізгі бөлімдері: ауыспалы трубкасы бар екі кесіндіден тұратын резервуар, гидропульт және жабылу краны, құйатын мойын жапқышы және оған кіргізілген химиялық толтырушы, гидропультті резервуарда байланыстыратын шланг және бақылау клапаны.
Бүркіткіштің жұмыс ережелері: бүркіткішті жұмысқа дайындағанда жабылу клапанын жабады, құю мойынның клапанын ашады және бақылау кранына дейін толтырады.
Содан кейін резервуарға құйғышпен өрт сөндіру сұйықтығын бақылағыш кранына дейін құяды, содан кейін стаканды қойып, 110г қышқылды дайындайды (ақ түсті ұнтақ) және әр түрлі ұнтақ (калий 30г және 50 көмірқышқыл ұнтақ). Стаканға әр түрлі, содан кейін ақ түсті ұнтақ қосады, жібереді және бақылау клапанын жабады. Дозатордың кнопкасына басып оны 2-3 секундтен кейін босатады да бақылау клапанын жабады.
8.7 Шашыратқыш резервуарын беріктікке тексеру тәртібі
Резервуардың беріктігін жыл сайын жұмыс маусымы басталарда және күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін тексереді, ол корпустан, поршен және бұрандадан тұрады. Бұл үшін қақпақты алып стаканды алады, майысқақ шланг штуцерін бұрап алып орнына біттеуішті бұрап қояды. Сосын жел береді, резервуарға су құяды. Резервуарың ішіне қысым 90 Па болу керек. Бұрқысымды 1 минуттай ұсанды. Содан кейін резервуардың тұрқын байқайды.
Бақылау сұрақтары
МЛН-2,5/0,25 мотопомпаның құрылысын айтыңыз?
МЛН-2,5/0,25 мотопомпаның осьтік насосың сорғыш түтігінің қандай жұмыс атқарады?
МЛП-0,2 мотопомпаның құрылысын айтыңыз?
МЛВ-1 мотопомпаның құрылысы мен ерекшілігін айтыңыз?
РЛО-М гидропульт бүркіткішінің құрылысы мен жұмысы туралы айтыңыз?
ОРХ-3 бүркіткішінің құрылысы мен құю тәрьібін айтыңыз?
№ 9 Зертханалық жұмыс. Тарту күшін пайдалануды есептеу
9.1 Жұмыс мақсаты
Студенттермен көліктің жұмыс қарсыластығын анықтау; дағдыларын табу; көлік-трактор агрегаттардың өндірісін анықтау; іс көрсеткіш пен маркер есебі; арнаулы гектарларда трактор жұмысын есептеу.
Өндірістік операцияларды орындау үшін, арналған көлік-тракторлық агрегаттар санының есебінде (агротехникалық және ормандық талаптар есебімен) трактордың тарту күйі мен орман шаруашылық машиналардың түрі мен маркасы, олардың жұмыс жылдамдығын есептеп таңдап алу керек. Трактордың түрі мен маркасын сайлап алу үшін, орман шаруашылық машиналарының жұмыс кедергісінің, тракторың тарту күшімен салыстыру керек.
Көліктің жұмыс қарсыластығын анықтау. Көліктің қарсыластық анықталуы 6 кестеде көрсетілген. Көліктің жұмыс қарсыластығын мына формула арқылы есептейді:
Rпл = K1 aпл B
Rпл – көліктің жұмыс қарсыластығы кг/м; K1-көліктің меншікті қарсыластығы кг/м; B- көліктің қамтау ені м; aпл- жырту тереңдігі, см.
Егер агрегатта 2 немесе 3 соқа болса жұмыс қарсылығын формула арқылы есептеуге болады:
Rагр = RM nM + Rcц
Rагр- агрегаттық жұмыс қарсылығы кг/м; RM –көлік қарсылығы жер жыртатын соқаның м; nM-агрегаттағы көлік саны; Rсц-тіркеуме қарсылығы кг; Rсц-тіркеуме қарсыластығы мына формула бойынша анықталады:
Rсц = f Gсц
f-шайқалу қарсыластың коэффициенті (0,14-0,16 тең); G –тіркеудің салмағы, кг
6 кесте – Машинаның меншікті кедергісінің мағынасына мысалдар, кг/м қамту ені:
Машина (құрал)
|
Жұмыс жағдайы
|
Қарсылық
|
Тісті борона (орта және жеңіл)
|
Ормандық алаңдар мен питомниктер
|
50-70
|
Орта бұрышты дискілі бороналары
|
Орман қыртысы жері
|
220-450
|
Орта бұрышты дискілі ауыр бороналары
|
Торфялық ауыр сазбалшық жерлері
|
450-1000
|
Толық өңдейтін табанды культиватор
|
Ормандық алаңдар, питомниктер
|
160-260
|
Дискілік сеялка
|
-
|
140-200
|
Катоктар
-бұжыр
-тегіс
|
-
|
250-400
350-500
|
25см тереңдікке жыртатын соқалар
-орта жер қыртысы
-ауыр жер қыртысы
|
-
|
1200-1400
1800-2500
|
20см тереңдікке өңделу фрездері
|
-
|
500-700
|
Себу көліктері, культиваторлар мен бороналарды тарту қарсыластығын анықтау. Жерді толық өңдеудегі борона тарту қарсыластығы мына формуласы бойынша анықталады:
Rб = K1 BМ
Rб – борона тарту қарсыластығы, кг/м; K1 – ені бім метр қамту құралдық меншікті кедергісі, кг/м; BМ – қамту кеңі, м.
Боронаның жерді аралық өңдеу формуласы бойынша анықталады:
Rб = K1 ( BМ – 2е nряд)
Мұнда е - өңделу қатары қоршау шеткі көрсеткіші; nряд – культиватор бір өкенде қамтыйтын қатар саны.
Егін салатын машинаның тарту кедергісі:
RМ = Rкач + ∑Rсош
RМ -егу машинаның тарту кедергісі; Rкач – сеялканың тірек дөңгелектерінің айналғандағы кедергісі; Rсош-сошниктер жұмысының жинақты қарсылығы.
Жүру тереңдігі 2-6см дискілік сошниктің тарту кедергісі 60-85 Н жетеді, Бір анкер сошниктің өткір бұрышымен 3-6см жерге кіруі 30-65 Н; анкер сошнигі кеспейтін бұрышы 2-6см жерге кіру 20-50 Н.
Трактордың толық пайдалануы. Бұны трактордың тарту күші коэффициенті бойынша анықталады.
ηисп = Rагр / Pкр.раб
ηисп –трактордың тарту күшін пайдалану коэффициенті; Rагр – агрегат тарту кедергісі; Pкр.раб –трактор ілгегіндегі тарту күші, кг;
Трактордың қалыпты жүктелген болып саналады, егер оның тарту күшінің коэффициенті 0,85-0,95. Трактор агрегатының жинақтау кезде тарту күшінің коэффициентінің көрсеткіші бірге жақын болу керек. Егер көліктің жұмыс қарсыластығы трактордың тарту күшінен үлкен болса, тракторды жиі төмен беріліске түсірудің әсерімен жұмыс сапасы төмендейді. Трактордың күші толық пайдаланбаса жанармай көп кетуі ықтимал.
9.2 Көлік-трактор агрегатының өндірістік есебі
Анықталған уақытта агрегатпен істеген жұмыс өндірістік деп аталады. Өңдіріс сағаттық, кезекпен және маусымдық болуы мүмкін. Жұмыс түріне байланысты өндірістік жер ауқымының гектарында көрінуі мүмкін (өнделген, егілген, себілген), километрде (орман құрату жұмыстары); м³ (жер қазу, дайындалған ағаш); ағаш түбірлерін қазып шығару саны.
Агрегаттың берілген уақытта жұмыс көрінісін теоретикалық өндірістігі деп аталады.
Егер агрегат В енімен бір сағат, 1 км/с жылдамдықпен жүрсе онда оның өндеген аумағы тік бұрыш болады. Бір жағы В-ға тең екінші ұзындығы L метр бір сағатта жүрген жолы. Бұл төрт тұрыштың аумағы агрегаттың өнімділігі.
Wт = B L
Wт –агрегаттың теориялық өндірісі; B- қамту ені, м; L-жол ұзындығы, м.
Орман шаруашылық агрегаттарының өндірісіне қамту ені, жылдамдық, және агрегат жұмыс уақытын пайдалану коэффициенті әсер етеді.
Жұмыс қамту ені орман жұмыстарын орныдау кезінде агрегатта өндеу құралдарының саны, оның дұрыс тіркелеуіне, жұмысқа икемділігіне байланысты трактордың кезекті өнімділігі агрегаттың жұмыс уақыт ұтымды пайдалануға байланысты. Трактордың ақаулықтарына да байланысты тоқтау болады. Оларды азайтуға ұмтылу керек, жұмыс уақытының әр түрлі кедергесін жұмыс уақытының пайдалану коэфициенті К, деп айтады. Бұл жұмыс өнімділігінің жақсы элементі – пайдалы жұмыс уақыты
К = Т р.с.ф / Т р.с.т
Агрегаттың пайдалы жұмысына керек жұмыс уақытын көбейту үшін жай жүрістерді қысқарту қажет. Бұл үшін жұмысты ұйымдастыру қажет- агрегат қозғалысын таңдау, жүру ұзындығы, бұрылыстар сызбасы, технологиялық қызмет етуге уақытты қарастыру, техникалық реттеулер, ауысым арасында жасау керек. Көліктердің жақсы техникалық жағдайы мен жұмысты дұрыс ұйымдастыруда жұмыс уақытын пайдалану коэффициенті 0,70-0,85 дейін жетеді.
Бір кезек уақытының өндірістік мағынасын формула арқылы анықтауға болады:
Wсм = 0,1 Bср Kт Vр Tсм
Wсм –кезек өнімділігі; Bср –агрегат кеңістігі;Kт –жұмыс уақытын пайдалану коэффициенті;Vр –қозғалыстың жұмыс жылдамдығы, км/с; Tсм –ауысым ұзақтығы, с.
Агрегаттың жұмыс жылдамдығын анықтау. Трактордың техникалық мінездемесінде есптелген жүру жылдамдығы көрсетілген. Трактордың жұмыс жылуын анықтауда, қозғалыс жұмыс жылжуы кестеде көрсеткіштен кем екенін ескеру керек. Текке айналу коэффициенті жұмыс жағдайында көп өзгереуі. Текке айналу мағынасының көлемін формуламен есептеп жұмыс жылдамдығын есептеуге болды:
Vр = 0,01 Vрасч (100-б)
Vр –қозғалыстың жұмыс шапшандығы, км/с; Vрасч -берілген жылжуда қозғалыстың есепті жылдамдығы, км/с; б – текке айналу коэффициенті трактордың текке айналуының.
7 кесте – Стернеда қозғалыс мөлшерленуіне байланысты мөлшер
Трактор салмағы %
|
Трактордың текке айналу %
|
Дөңгелекті
|
Шынжыр табынды
|
20
20-40
40-60
60-80
80-90
90-100
100-110
|
3
3-6,5
0,5-11,5
11,5-17,0
17,0-21,5
21,5-46,5
26,5-30,0
|
0,5
0,5-1,0
1,0-2,0
2,0-3,0
3,0-4,0
4,0-4,5
4,5-5,0
|
Көліктік-трактор агрегатының бір смена уақытында өңделуі төмендегі формула арқылы анықтайды:
Wч/см = Wсм / Tр = 0,1 Bм Vр
Wч/см –ауысым уақытының 1 сағат ішінде өңделуі; Wсм –ауысым өңдірістігі; Тр –ауысымның жұмыс уақыты; Bм –агрегат енінің кеңістігі, м; Vр –агрегаттың жұмыс жылдамдығы, км/с.
Агрегат ауысымдық өнімділігін білгенде және берілген көлемді, көлік- ауысым санын және көлік-тракторлық паркін анықтауға болады. Көлік ауысым санын мына формула бойынша анықтайды.
m = Q / Wсм
m-көлік ауысым саны; Q- жұмыс көлемі; Wсм –ауысым өнімділігі.
Істелген жұмыс есебі: көлік жұмыс қарсыластығын формулаларын жазу. Машина-тарктор агрегатының бір сменалық өніміділігі, және жұмыс уақытын пайдалану коэффициенті.
Бақылау сұрақтары
Соқаның жұмыс кедергісін есептеу үшін не білу керек?
Культиватордың жұмыс кедергісі қалай анықталады?
Сеялканың жұмыс кедергісі қалай анықталады?
Агрегаттың теориялық өнімділігі қалай анықталады?
Теориялық өнімділікті ауысу өнімділіктен айырмашылығын қалай айырады?
Жұмыс уақытын қолдану коэффициенті қандай факторларға тәуелді?
Қандай жағдайда трактордың күші толық пайдаланды деп есептеді?
Орман шаруашылық агрегаттарының өнімділігіне қандай факторлар әсер етеді?
№ 10 Зерханалық жұмыс. Тракторлар мен орман шаруашылық көліктері мен құралдардың ауысым сайын және кезеңдік техникалық қызмет көрсетілуі
10.1 Жұмыс мақсаты
Студентерді тракторлар мен орман шаруашылық көліктерінің смена сайын техникалық қызмет көрсету ережелеріне үйрету: № 1, 2, 3 кезеңді ТҚК ережелерімен және маусымдық қызмет жүмыстарымен таныстыру, бульдозер, түп қопарғыш және бұтақ кесушіні ТҚК ережелерімен таныстыру, оқушыларды орман шаруашылық көліктер мен құралдардың АҚК ережелеріне оқыту, МКҚК ережелерімен де таныстыру.
Оқуды өту орны: техникалық қызмет көрсету пункті.
Материалдық қамтылуы: трактор, орманшаруашылық көліктер, құралдар және механизмдер, саймандар жиынтығы, АҚК үшін қолданылатын құрал-жабдықтар.
Жұмыс барысы: «Руководство по техническому обслуживанию автомобилей в лесном хозяйстве» (1981) кітабін оқу керек.
АҚК және кезеңдік ҚК өткізу тәртібі. тракторларға Е.О өткізу: күш жылжуы мен жүру жүйесіндегі агрегаттар тарсылы мен дүбірі жоқтығына көз жеткізу. Бақылау құралдардың, жарық беру құралдары, дабыл, дыбыс құралдарының, трактордың басқару механизмдерін жұмысын тексеру, қозғалтқышты таңдау және гидравликалық жүйенін жұмысын тексеру, тракторды кір мен шаңнан тазалау, сыртқы бекітілу жағдайын тексеру, жанармай, май электорлит, суыту сұйықтығының ағуы жоқтығына көз жеткізу, шина жағдайын тексеру, жұмыс кезінде және қарауда ақаулықтарды жою, фильтрленген жанармайды негізгі және қосылу қозғалтқыш бактарына құю, жұмыс барысында май қысымы, суыту сұйықтық температурасын амперметр көрсеткіштерін, шығу газдар түсімен шина жағдайын тексеру.
10.2 № 1 тракторларға ТҚК ережелерін оқу
№ 1 ТҚК жұмыстары 60 көліктік сағаттан кейін өткізіледі. № 1 ТҚК-ге келесі операциялар жатады; тракторды жуу; май деңгейін тексеру, керек болса су насосының шкивына, таралған ролик тұрқысына, гидравликалық жүйе багына май құю; табан шынжырлы тракторда май деңгейін тексеру, керек болса, айналу тұрқысына құю, жылжу каробкасына, бағыттау жылжу, ұстап тұратын роликтер бағандарына және бастапқы дөңгелектерге құю; су насос подшипниктерін майлау, тіркеудің бастапқы муфта подшипниктерін, бұрылу механизмінің басқышын, рычагтарын, рөлдің тарту шарнирларын, рөлдің басқару валының втулка бұрылу цапфа подшипниктерін, генератор подшипниктерін, тежеу рычагтар валиктарын тексеру, ауатазартқыш шанды бөлуде саңылауларды тазалау, ауатазартқышта май ауыстыру, керекті шешілетін бөліктерді тазарту және ауыстыру; циклондық ауатазартқыш кассеталарын жуып, майға қою, желдеткіш белбеулері тартылуын реттеу; тығындылардағы ашық саңылауларды тексеру, аккумуляторға таза суды құю, банкалардың тіркелу беріктігін тексеру; майды тазалау фильтрін тазалап жуу, реактивті май центрифугасын да тексеру; жанармай бактарынан, фильтр қойғыш, ауыр және жіңішке май тазалауды тексеру, жанармай жүйесін толтыру, ауаны шығару; жанармай жолын тазалау, негізгі қозғалтқыш қақпақ саңылауларын тазалау, бұрылу механизмдердегі майлар қалдығын ағызып тастау.
10.3 Тракторларға № 2 ТҚК ережелерін оқып білу
№ 2 ТҚК № 1 ТҚК жұмыстарынан тұрады, ол 240-машина сағаттан кейін өткізіледі. № 2 ТҚК өткізуде келесі операцияларды жасау қажет. Негізгі қозғалтқыш картерінде майды ауыстыру (жұмыс істемейтін қозғалтқыш майлау жүйесін жуумен); май жеңгейін тексеру және керек болса рөлдік механизм тұрқысына, қосу қозғалтқыш редукторына, жетек шкивына, күш жылжуына, алдынғы көпір бастапқы жылжуына, редукторлар жоғарғы және астынғы және кардандық әкелу аралық тірек, алдынғы дөңгелек подшипниктерін, генератор подшипниктерін, берілу каробкасының басқару рычаг өсін, кардан валшлицалары, тіркеу муфта валының артқы подшипниктерін майлау, ауатазартқыш күйін тексеру, тазалу, жуу, майды тазалау фильтрі, жылжу каробкасын, гидравликалық жүйе бағын, алдыңғы және артқы көпір, жанармайды ауыр тазалау фильтрін тексеру; майды аздап фильтрлеу жіберу мүмкіндігін тексеру; майды жіңішке тазалау фильтрінен қалдықты құю, керек болса форсункаларды реттеу, жанармай таралу жолдарын тексеріп, май қалдықтарын, клапандар мен күйекте арасындағы саңылауларды, от беру электродтары арасында, тіркелудің басты муфтасын, бұрылу және тежелу муфталар бұрылу механизмін, шынжыр тартылу тежелуі, рөлдік басқаруды; тұрақты қуат және стартер генератор щеткалары мен коллектор жағдайын тексеру; электроөткізгіш және табылған ақаулықтарды жою; трактордың барлық байланыстарын тарту.
Тракторлардың № 3 ТҚК ережелерін оқу
№ 3 ТҚК келесі тәртіпте өткізіледі: қозғалтқыш суыту жүйесінен шлактар мен күйіктерді жою; тракторлардың жалпы жағдайына баға беру, оның қуаттық және экономикалық көрсеткіштерін анықтау;
жанармай насос тұрқысынан; жіберу қозғалтқыш редукторынан, жылжу каробкасынан, алдыңғы көпір басты жылжу картерынан, кардан вал аралық тірегінен, рөлдік механизмнен, гидравикалық жүйе багынан майды ағызу, барлық бактарды жуу, алдыңғы дөңгелек подшипниктерін, су насос, генератор, тіркелу басты муфта, кардан валдың, белдік бұрылу, бұрылу муфта қосылу рычагтар майлануын ауыстыру, фетрлік пілтені маймен жағу негізгі қозғалтқыш цилиндрлер головкасын бекіту гайкаларын тексеру, керосинмен немесе дизель жанармайымен негізгі және жіберу қозғалтқыш бактарын, фильтр қою, жіберу қозғалтқыш фильтрін, карбюратор жанармай жіберу штуцерін жуу, тазалау фильтрі жуу және бөлшектерін ауыстыру; тіркеу муфтасын тексеру, реттеу, барлық байланыстар мен механизмдер тұрқыларына жаңа маймен майлау, механизм жұмысын тексеру.
Тракторлардың МТҚК ережелерін оқу. Күзгі-қысқы және көктемгі-жазғы кезеңдерге дайындық кезінде МТҚК өткізеді. Күзгі-қысқы кезеңге өтуде келесі ТҚК операцияларын жасау керек: термостат, дистанциялық термометр жұмысын тексеру; қозғалтқыштар, гидравикалық жүйеде, агрегаттарда және күш жылжуы мен жүру жүйесінің байланыстардағы жазғы майлары мен майлау материалдарын қысқыға ауыстыру; қозғалтқыш майлану жүйесінің май радиаторын жабу; қоректену жүйесін қысқы дизель жанармайымен толтыру және ауаны шығару; реле реттеуіші ұстаған жұмыс қуатын 13,5-тен 14,5 В-ға дейін көтеру; жұмысқа лайық аккумуляторды қою, тығыздығын қысқы қалыпқа келтіру; қозғалтқыштар үшін жылыту және жылы чехолдарды дайындау, тракторға бекіту; қозғалтқыш жалпы суыту жүйесіне жеке жылыту жүйесін қосу және жұмысын тексеру; суыту жүйесін қатпайтын сұйықтықпен толтыру.
Көктемгі-жазғы маусымға шығуда жылыту чехолдарын шешіп сақтауға беру; №3 ТҚК операцияларын орындау; жалпы суыту жүйесімен жылыту котелін ажырату; реле-реттеушісі 14,5-тен 13,5-ке жұмыс қуатын түсіру; электролит тығыздық қалпын қысқыдан жазғыға ауыстыру; қозғалтқыш қоректендіру жүйесін жазғы түр жанармайларымен толтыру; май радиаторын қосу, қозғалтқыштың суыту жүйесін сумен толтыру.
Бульдозерлер, түп қопарғыш бүтақ кесушілер ТҚК ережелерін оқу. АҚК тракторлардың АҚК операцияларынан тұрады; басқару механизмінің арнайы ілгіш құрал-жабдық арқылы тексеру; арнайы ілгіш құралды шан мен кірден тазарту; карта мен майлау сызбасына сәйкес (зауыт өндірушінің көліктерден құрылысы мен пайдалануы басшылығында) майлау; арнайы ілгіш құрал-жабдықты қарау және негізгі бекітілу жағдайын тексеру; барлық ақаулықтарды жою.
№ 1 ТҚК жүргізуде тракторлардың № 1 ТҚК операцияларын жүргізу керек; арнайы аспалы құрал-жабдықтың АТҚК; арнайы аспалы құралды жуу; пісірілген байланыстарды қарау.
№ 2 ТҚК тракторлардың және арнайы аспалы құрал-жабдықтардың операцияларын орындау болып табылады.
№ 3 ТҚК арнайы аспалы құрал-жабдықтар мен тракторлардың № 3 ТҚК операцияларын орындаудағы бағаны қарастырады.
МТҚК күзгі-қысқы және көктемгі-жазғы кезеңдерге дайындық кезінде өткізіледі.
Күзгі-қысқы пайдалану кезеңіне ауысуда тракторлар мен арнайы аспалы құрал-жабдықтар келесі кезеңдік ТҚК операцияларын жүргізу керек; қысқы майды жазғы майға ауыстыру; бір-бірімен байланысу бөлімдердің майлануын қысқыдан жазғыға ауыстыру.
Орман шаруашылық көліктеріне АТҚК жасау; тракторлардың АТҚК операцияларын жасау; көліктерді шаң-тозаңнан, кірден, өсімдік және ағаш қалдықтарынан тазарту; барлық байланыстар мен бөлімдердің жағдайын тексеріп, анықталған ақаулықтарды жою: бекіту, тіркелу байланыстарды тексеу, керек емес бөлшектерді ауыстыру; майлау кестесіне сай операцияларды орындау; орындалған жұмыс сапасын бақылау және жұмыс мүшелерімен аспалы құрал-жабдық, тіркелу құрылымының жағдайын тексерту; 3-4 сағат жұмыстан кейін агрегатты тоқтатып, барлық бөлшектердің жұмысқа лайықтығын қарау.
АТҚК-АТҚК операцияларынан тұрады, жұмыс органдарының жағдайын тексеру және анықталған ақаулықтарды жою, көліктердің ұзақ және аз уақыт сақтау жұмыстарына дайындығын орындау.
Орындалған жұмыс есебі: трактордың АТҚК операцияларын көрсет.
Бақылау сұрақтары
Техникалық қызмет көрсету (ТҚК) түрлерін айтыңыздар?
№ 1-ші ТҚК-де қандай жұмыстар орындалады?
№ 2-ші ТҚК-де қандай жұмыстар атқарылады?
№ 3-ші ТҚК-де қандай жұмыстар атқарылады?
Көшпелі ТҚК-да атқарылатын жұмыстарын айтыныздар.
Әдебиеттер
Котиков В. М., Еремеев Н. С., Ерхов А. В. Лесозаготовительные и трелевочные машины – М. : Академия, 2004. – 336 с.
Винокуров В. Н., Силаев Г. В., Золоторевский А. А. Машины и механизмы лесного хозяйства и садово-паркового строительства – М. : Академия, 2004. – 400 с.
3
Метальников М. С. Практикум по лесохозяйственным
машинам – М. : Агропромиздат, 1990. – 126 с.
4 Лабораторный практикум технической эксплуатации автомобилей. Под ред. Шумика С.В. – М. : Высшая школа, 1984. – 176 с.
5 Завьялов С. Н. Мойка автомобилей. – М. : Транспорт, 1984. – 184 с.
6 Нанольский Г. М. Технологическое проектирование автотранспортных предприятий и станций технического обслуживания. – М. : Транспорт, 1985. – 231 с.
7 Кузнецов Е. С., Курников И. П. Производственная база автомобильного транспорта. Состояние и перспективы. – М. : Транспорт, 1988. – 231 с.
8 Газарян А. А. Техническое обслуживание автомобилей. – М. : Транспорт, 1989. – 255 с.
9 Техническое обслуживание и ремонт автомобилей / Под ред. Колесника Н. А. – М. : Транспорт, 1976. – 328