ӘОК 378.02:372.811.111:378.164.
Қолжазба құқығында
Нұрманалиева Ұлтай Тілегенқызы
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ НЕГІЗІНДЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІ
САБАҒЫН ӨТКІЗУГЕ БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ ОҚЫТУ
ӘДІСТЕМЕСІ (ағылшын тілі, жоғары оку орны)
13.00.02 - оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш,
орта және жоғары білім беру жүйесіндегі роман-герман және түркі
тілдері)
Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін
дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
Алматы 2004
Жұмыс Абылай хан атындағы Қазақ халықаралык қатынастар және
әлем тілдері университетінің ағылшын тілі әдістемесі кафедрасында
орындалды.
Ғылыми жетекші:
филология ғылымдарының докторы,
профессор С. С. Құнанбаева
Ресми оппоненттер: педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Г.Қ. Нұрғалиева
педагогика ғылымдарының кандидаты Д. Е.
Сағьшбаева
Жетекші үйым:
Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
Диссертация 2004 жылы «____»_______
сағат ____ Абылай хан
атындағы
Қазақ
халыкаралық
қатынастар
және
әлем
тілдері
университетінің педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін
беру жөніндегі К-14. 08. 04 диссертациялық кеңестің мәжілісінде корғалады
(480072, Алматы қаласы, Мұратбаев көшесі, 200, мәжіліс залы - 211).
Диссертациямен Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық
катынастар және әлем тілдері университетінің гылыми оқу залында
танысуға болады.
Автореферат "____" _______2004
жылы таратылды.
Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы
Г.Б.Ахметова
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. 2004 жылы ақпан айында Үкімет бекіткен
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Білім жүйесін дамыту
тұжырымдамасы оқушыларды бастауыш мектептен бастап үш тілде: қазақ,
орыс және ағылшын тілдерінде оқытуға бағытталған. Осыған орай оқу
үрдісінде жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану
аркылы акпараттандыруға көп көңіл бөлінеді. Бұл жағдайда оқу үрдісін
электрондық оқу басылымдары негізінде ұйымдастыруға болашақ
мұғалімдерді әдістемелік тұрғыдан даярлау мәселесінің мәні зор.
Бұл зерттеу жұмысы болашақ мұғалім-әдіскерлерді жоғары оқу
орындарында электрондық оқулықтарды пайдалану арқылы ағылшын тілі
сабақтарын өткізуге даярлауға және "Шетел тілдерін оқытудың әдістемесі"
пәні бойынша «Ағылшын тілі сабағы» дербес бөлімінін мазмұнын
жасаудың теориялық қағидаларын түзуге бағытталған.
Басқа ғылым салаларынан өзгеше, өзіндік әлеуметтік даму жолына
түскен және күрделі эволюциялық табиғатымен өзгешеленетін шетел
тілдерінің окыту әдістемесі жаңа қоғамдағы тілдік құбылыстардың
тарихын үйренуді уағыздайды. Сондай-ақ, ол шетел тілдерінен білім беруді
жетілдіретін оқу урдісінің ерекшеліктерінін негізі болып табылады.
Егеменді Қазақстаннын халықаралық қатынасының кеңеюіне байланысты
білім беру саласындағы мемлекет саясатында шетел тілдерін оқытуға
ерекше көңіл бөлінген.
Бұл міндеттерді шешу үшін мемлекет тарапынан шетел тілдерінен
білім беруге концептуалдық платформа жасалуда. Демек, мұның
ғылыми-теориялық негізі шетел тілдерін оқыту формаларының
көптүрлілігі білім берудегі мемлекеттік стандарттың үлгісі болып
табылады. Осы негізде әдістемелік және әдіснамалык ізденістің жүйелілігі
артып отыр. Бұл қазіргі жаңа әдістемелік концепцияның, оның
дидактикалық кеңістігіне көтерілуінін жүзеге асқанының белгісі.
Қазіргі уақытта отандық және шетелдік әдістеме ғылымында шетел
тілдерін оқыту мәселелерінің біртұтас жиынтығы зерттелуде:
- шетел тілдерін оқыту әдістемесінің ғылыми теориялық негізін
жасау [И.Л.Бим, Е.И.Пассов, Н.И.Гез, М.В.Ляховицкий, Г.В.Рогова,
Л.С.Андреевская - Левенстерн, И. В. Комков, Л. В. Щерба жөне т.б.];
- шетел тілдерін оқытудың мазмұнын іріктеу [Н.Д. Гальскова,
А.Ю.Горчев, З.Э.Никитенко, Т.В.Маркова, И.С.Якиманская және т.б.];
- шетел тілдерін коммуникативтік - бағдарламалық тұрғыдан
оқытудын теориялық негізін зерттеу [С.С.Құнанбаева, В.И.Герасимов,
В.В.Петров, Е.И.Пассов, П.Г.Козлов, Н.Н.Дьяков және т.б.];
- шетел тілдерін окытудың өдістемесі мен үлгілерін, оқу-әдістемелік
жүйесін дамыту [Н.П.Каменецкая, А.А.Миролюбов, Р.К.Миньяр -
Белоручев, И.В.Рахманов, Н.В.Языкова және т,б,];
- «Шетел тілдері» мектеп оқулықтарын құрастыру [И.Л.Бим,
А.П.Старков,
И.В.Рахманов,
З.М.Цветкова,
Н.И.Гез,
Г.М.Уайзер,
С.К.Фоломкина, М.Л.Вайсбург, С.К.Калинина және т.б.];