1 ҚР ҚН 02-03-2011 Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет3/45
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15985
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45

3
ҚР ҚН 1.02-03-2011
ланатын  объектілердің  қауіпсіздігі  мен  тұрақтылығын  қалыптастыруды  қамтамасыз  етуге, 
инвестиция тиімділігіне, материалдық-техникалық және еңбек шығындарын оңтайландыруға, 
табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған талаптарға сай болуы тиіс.   
4.2  Жобалау  кезеңдері  нормативтік  талаптарға  сәйкес,  құрылысқа  арналған    жобалау 
құжаттамасын (жобалау тапсырмасын) әзірлеу тапсырмасымен бекітіледі.
4.2.1 Нормативтік құрылыс ұзақтығы 24 айдан асатын тұрғын-үй азаматтық және өнді-
рістік мақсаттағы ірі объектілер (ғимараттар, құрылыстар, кешендер, көлік және инженерлік 
коммуникациялар,  басқа  да  тіршілікті  қамтамасыз  ету  объектілері)  бойынша  жобалау 
барысында  бастапқы  берілген    параметрлерді,  сипаттамалары,  құрылымдық  сызбаларды, 
немесе  жеке  көлемдік-жоспарлық,  инженерлік-техникалық  және  технологиялық  жобалық 
шешімдерді дәлдеуді және нақтылауды қажет ететін құжаттама екі сатыда әзірленеді:
Бірінші сатысы – жоба алдыңғы көрсеткіштер мен қорытындылардың негізінде  ереже 
бойынша, әзірленген және белгіленген заңнама тәртібінде бекітілуге жататын жоба (Ж);
Екінші сатысы – бірінші сатыда бекітілген, жоба негізінде әзірленген  жұмыс құжаттамасы 
(ЖҚ);
Мемлекеттік немесе  қоғамдық мүдделерді көтеретін ең маңызды объектілер құрылысына 
қатысты және мемлекеттік инвестициялардың қатысуымен іске асырылатын жоба бойынша 
жобалау құжаттамасы екі сатыда әзірленеді.
4.2.2  Нормативтік  құрылыс  ұзақтығы  24  айға  дейінгі  және  ұзақ  мерзімді  жобалауды 
талап  етпейтін  тұрғын-үй  азаматтық  және  өндірістік  мақсаттағы  (ғимараттар,  құрылыстар, 
кешендер, коммуникациялар) объектілердің құрылысына арналған жобалау құжаттамасы бір 
сатыда – белгіленген заңнама тәртібінде  бекітуге жататын жұмыс жобасы (ЖЖ) әзірленеді.
Осы нормаларда қарастырылмаған жоба құжаттамасы бір сатыда әзірленеді:
- Құрылысы қолданыстағы типтік жобалардың (типтік жобаны байланыстыру кезінде) 
негізінде немесе жеке типтік шешімдерді (типтік құрылыс конструкцияларды, бұйымдарды, 
тораптарды) қолдану арқылы іске асырылуы көзделген объектілер бойынша;
 - құрылыста қайталама немесе  бірнеше рет қолдану үшін (жеке жобаны байланыстыру 
кезінде) бұрын әзірленген жеке жобаны  рәсімдеу кезінде
- қолданыстағы объектілерді қайта жаңарту (жетілдіру, техникалық қайта жарақтандыру, 
күрделі жөндеуден өткізу)  бойынша жүргізіледі.
4.3 Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарына сәйкес жоба құжаттамасын әзірлеу 
және ұсыну тіліне қойылатын талаптар.
5 Жобалық құжаттаманы өңдеу тәртібі
5.1 Жобалық құжаттаманы әзірлеуді (жобалауды) сәулет, қала құрылысы және құрылыс 
саласындағы ізденіс және жобалау қызмет түрлеріне (түршелеріне) сәйкес  лицензиялары бар 
жеке және заңды тұлғалар жүзеге асыра алады.
5.2 Жобалау құжаттамасын әзірлеу:
- белгіленген заңнама тәртібі бойынша құрылыстың тапсырыс берушісі мен орындау-
шысы (мердігермен, бас жобалаушымен) арасындағы жобалау (жобалау-іздестіру) жұмысын 
(бұдан әрі - Шарт)  орындауға мердігерлік (келісімшарт) жасау негізінде;
-  Б  және  В  қосымшаларына  сәйкес  құрастырылып,  осы  нормалар  мен  құрылыстың 
тапсырыс берушілері бекітетін жобалауға арналған тапсырманың негізінде іске асырылады.  
5.3 Шартта міндетті түрде:
- орындаушының (бас жобалаушының) қосалқы мердігер шарты бойынша басқа тұлға-
ларға  орындауды  табыстауды    көздеген  немесе  ондай  ниеті  болмаған  жағдайда,  жұмыстың 
(қызметтің) түрлері мен көлемдері көрсетіледі. Бұл ретте, берілген тапсырыс бойынша барлық 


4
ҚР ҚН 1.02-03-2011
жобалау (жобалау-іздестіру) жұмыстарының жалпы құнының Шартта қарастырылған, үштен 
екісінен асатын жиынтығын беруге рұқсат етілмейді
-  авторлық  қадағалауды  жүргізу  шарттары  немесе  оның  қажеттілігінің  болмауы 
көрсетіледі.
5.4 Жобалау тапсырмасы тапсырыс берушімен немесе оның өкілетті тұлғасымен (құры-
лыс салушысымен) бекітіледі.                                                                                                                                                    
Жобалау  тапсырмасы  тапсырыс  берушінің  тапсырысы  бойынша  орындаушымен 
(мердігермен,  бас  жобалаушымен)  әзірленуі  мүмкін  және  ол  тапсырыс  беруші  бекіткен 
уақыттан бастап барлық тараптар үшін міндетті болып табылады.
Бекітілген жобалау тапсырмасы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады:
5.5  Тапсырыс  беруші  мердігерлік  жобалау  ұйымына  (бас  жобалаушыға)  жобалау 
тапсырмасымен  бірге  жобалау  құжаттамасын  әзірлеуге  қажетті  бастапқы  материалдарды 
(деректерді) береді. Бастапқы материалдар мыналардан тұрады:
- жер телімдеріне, соның ішінде аумақты оның шегі және объектінің мақсатына қарай 
қолдану регламенттерін қоса алып, сәйкес құқықты беру туралы аудандық (қалалық) жергілік-
ті атқарушы органдардың шешімі;
-  құрылыс  алаңының  инженерлік  ізденістері  туралы  деректер  (жер  телімдерінің  және 
коммуникация  салынған  трассалардың  шегіндегі),  жобалауға  және  құрылысқа  қажетті 
топографиялық  деректердің  түсірілімдері  мен  геологиялық  және  гидрогеологиялық 
ізденістердің мәліметтерін қоса алғанда
- жергілікті атқарушы органдардың болжамдалған аймақта құрылыс салудың тапсыры-
сы  бойынша,  инженерлік  және  коммуналдық  қамсыздандыру  қызметтерінің  жеткізушілері 
берген инженерлік және коммуналдық қамсыздандыру көздеріне қосылуға арналған техника-
лық шарттар; 
-  сәулет,  қала  құрылысы  жөніндегі  жергілікті  (қалалық,  аудандық)  органдардың 
берген  сәулет-жоспарлау  тапсырмасы,  аумақты  инженерлік  даярлау,  абаттандыру  және 
көгалдандыруды қосқанда.
5.6 Объект бойынша жоспар алдыңғы құжаттарды әзірлеу талап етілмесе, қажет болған 
жағдайда жобалау тапсырмасымен жобалау ұсынымдарының оңтайлы шешімді дұрыс таңдау-
ды талап ететін  нұсқаларын (нобайлар, сызбалар, есептер, негіздемелер)  әзірлеу қарастыры-
луы мүмкін. 
5.7  Аталған  объект  бойынша  жобалау  құжаттамасын  әзірлеу  (келісу,  бекіту)  үрдісіне, 
бекітілген    жоба  алдыңғы  құжаттамасы  (техникалық-экономикалық  негіздемесі  және  т.б) 
бар  болған  жағдайда  сәйкестендірілген  негіздемесіз  құрылыстың  есептік  құнын  ұлғайтуға, 
сонымен    қатар  жоба  алдыңғы  сатыда  қол  жеткізген  объектінің  техникалық-экономикалық 
көрсеткіштерін төмендетуге болмайды.  
5.8 Құрылысқа арналған жобалау құжатын әзірлеу үдерісін, бекітілген  қала құрылыстық 
жобаларда (елді мекеннің бас жобаларында, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларында, құры-
лыс салу жобаларында) қабылданған жалпы жоспарлау және көлемдік-кеңістіктік шешімдері 
талданып тексеріледі, жобаланатын объектілер үшін берілген параметрлері, сипаттамалары, 
техникалық және технологиялық шешімдері анықталады. 
5.9  Әзірленген  жобалау  құжаттамасында  міндетті  мемлекеттік  нормативтердің 
талаптарынан  (шарттары  мен  шектеулерінен)  негізделген  ауытқулар  (шегіністер)  осы 
нормативтерді  бекітіп,  қолданысқа  енгізген  мемлекеттік  органдардың  (немесе  олардың 
мирасқорларының)  жазбаша  келісімдері  (рұқсатнамалары)  болған  жағдайда  ғана  рұқсат 
етіледі.
Нормативтерді бекіткен органға келісімдерді ұсынардың алдында, мүдделі органдардан 
міндетті мемлекеттік талаптардан ауытқу (шегіну) бойынша алдын-ала келісімін алу қажет.
Міндетті  мемлекеттік  нормативтер  талаптарынан  ауытқудың  (ауытқуға  рұқсатнама) 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау