1 ҚР ҚН 02-03-2011 Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет4/45
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15985
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45

5
ҚР ҚН 1.02-03-2011
келісуін дәлелдейтін құжатта жобалау объектісі, оның мақсаты, берілген параметрлері (қуаты, 
сыйымдылығы,  өткізгіштік  қабілеті  және  жобаланатын  объектіні  сипаттайтын  басқа  да 
негізгі  көрсеткіштері),  жоспар  бойынша  орналасу  орны,  нормативтік  шешімдердің  орнына 
қолданылатын  альтернативті  жобалау  шешімдері,  сонымен  қатар  белгіленген  нормалардан 
ауытқудың (ауытқуға берілген рұқсаты) деректерін келісу туралы шешім қабылданған негізде-
ме (құжаттық дәлелдемелер – сәйкестендіру сертификаттары, сынақ хаттамалары, сараптама 
қорытындылары, ҒТК Өкілетті органының қаулылары және т.б.) көрсетіледі.     
5.10  Жобалау  құжаттамасының  графикалық  материалдарының  (негізгі  сызбаларының) 
әрбір бөлімдері (маркасы) бойынша «Жалпы деректер» парақтарында жобаның бас инженері-
нің  (жобаның  бас  сәулетшісінің)  қолы  қойылған  жобаның  (Ж)  жоба  жұмысының  (ЖЖ) 
мемлекеттік нормативтік талаптарға (Қазақстан Республикасында қолданыстағы мемлекеттік 
нормативтер мен (немесе) мемлекетаралық нормативтерге) сай келетіндігі туралы жазу болуы  
қажет.  
Жалпы  түсініктеме  жазбахатының  титул  парағында  жобалау  (бас  жобалау)  ұйым 
басшысының,  жобаның  бас  инженерінің  (жобаның  бас  сәулетшісінің)  және  жобалық 
құжаттаманың  (жобаның,  жұмыс  жобасының)  әр  бөлімнің  (маркасының)  жауапты 
орындаушысының қолдары болуы тиіс.    
Көрсетілген жазбалар, құрылысқа арналған жобалау құжаттамасы  жүйесінің стандар-
тына (бұдан әрі – ҚЖҚЖ) сәйкес рәсімделеді.  
5.11  Жобалау  құжаттамасының  материалдарында    күші  жойылған  типтік  жобалар 
немесе  типтік  жобалау  шешімдеріне  (типтік  құрылыс  конструкцияларына,  бұйымдарына, 
тораптарына) сілтеме жасауға рұқсат етілмейді.    
5.12 Дайындалған жобалау құжаттамасына жобалау басталған уақыттан кейін қолданыс-
қа енгізілген (күшіне енген) жаңа (өзгертілген, толықтырылған) мемлекеттік және мемлекет-
аралық  нормативтердің  нормаларының  және  ережелерінің  Қазақстан  Республикасының 
заңдарымен қарастырылмаған басқа да жағдайлар болмаса қатысы болмайды.
 Жобалау жұмыстарының басы болып, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекс-
інде  көзделген  мердігерліктің  ерекшелігіне  сәйкес  тапсырыс  беруші  мен  орындаушының 
арасында  жасалған  жобалық-сметалық  құжаттаманы  әзірлеуге  арналған  келісім-шарттың  
күшіне ену күні саналады.
Бұл  ретте  тапсырыс  беруші    мердігерге  бекітілген  жобалауға  арналған  тапсырманы, 
сонымен  қатар  басқа  да  жобалық-сметалық  құжаттаманы  дайындауға  арналған  бастапқы 
мәліметтерді беруі қажет. 
5.13  Қолданысқа  енгізілген  жаңа  (өзгертілген,  толықтырылған)  мемлекеттік  немесе 
мемлекетаралық  нормативтер,  тапсырыс  берушінің  басты  мақсаттарынан  бас  тартуға 
негіздемесі болмаған жағдайда, жобалау үдерісіне бас жоба әзірлеушінің  шешімі мен келісімі 
бойынша,  нормативтік  талаптардың  өзгерістеріне  байланысты  жобалау  құжаттамасына 
уақытылы түзетілімдер енгізу шаралары жүргізілуі мүмкін.
6 Жобалық құжаттаманы келісу тәртібі
6.1 Осы құрылыс нормасының  5.10 тармағында қарастырылған  жобаның (Ж) немесе 
жұмыс  жобасының  (ЖЖ)  мемлекеттік  (Қазақстан  Республикасындағы  қолданыстағы 
мемлекетаралық)  нормативтер  талаптарына  сәйкестігі  туралы  жобаның    бас  инженерінің 
(жобаның бас сәулетшісінің) жазбасы бар әзірленген жобалау құжаттама бойынша Қазақстан 
Республикасының заңында қарастырылған жағдайлардан өзге, мемлекеттік органдар немесе 
басқа да инстанциялармен қосымша келісім жасасу көзделмеген.    
6.2 Заңда ерекше ескертілген жағдайда, арнайы мақсаттағы объектілер құрылысы үшін 


6
ҚР ҚН 1.02-03-2011
дайындалған  жобалау  құжаттамасына,  мемлекеттік  қадағалау  және  бақылау  органдарының  
қосымша келісімі бойынша сәйкестендірілген талаптары белгіленуі мүмкін.     
6.3 Егер қолданыстағы объектілерді қайта жаңартуға, техникалық қайта жарақтандыру-
ға  немесе  күрделі  жөндеуге  арналған  жобалау  құжаттамасы  қосымша  жер  телімдерін 
бөлуді  (аумақты  кесіп  алуды),  көлік  және  коммуникация  байланыстарын  өзгертуді  талап 
етпеген жағдайда, бастапқыда негізі салынған сәулеттік-көркемдік, инженерлік-техникалық, 
өртке,  жарылысқа  қарсы  және  санитарлық  сапаларын,  сондай-ақ  қоршаған  ортаның  күйін 
нашарлатпаған жағдайда, мемлекеттік қадағалау органдары мен басқа да мамандандырылған 
ұйымдармен қосымша келісім жүргізілмейді. 
7 Жобалық құжаттаманы бекіту тәртібі
7.1 Жобалау құжаттамасын әзірлеу оны заңнамамен белгіленген тәртіппен бекітілген соң 
аяқталды деп есептеледі.   
7.2 Белгіленген тәртіпке сай міндетті келісулерден өткен  жобалау құжаттамасын бекіт-
кенге дейін, Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңда басқасы ұйғарылмаса, 
оған сараптама жүргізіледі. 
Сараптама Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпке сай жүргізіледі.
Бұл  ретте  Қазақстан  Республикасының  заңына  сәйкес  өзінің  ерекше  құзіретіне 
жатқызылған  объектілерге  міндетті  мемлекеттік  сараптаманы  Қазақстан  Республикасының 
өкілетті заңды тұлғасы іске асырады.
Жобалау мен құрылысы сатылы түрде жүргізілуі ұйғарылған объектілер мен кешендерге 
мемлекеттік сараптама сәйкестендірілген кезеңдермен іске асырылуы мүмкін (сараптамалық 
сүйемелдеу).
Сараптамалық  сүйемелдеуді  іске  асыру  тәртібі  Сәулет,  қала  құрылысы  және  құрылыс 
істері жөніндегі өкілетті органдар бекіткен мемлекеттік нормативтермен анықталады.
Әр  кезеңдегі  құжаттар  жиынтығының  сараптамалық  сүйемелдеу  режимінде  жасалған  
жергілікті қорытындыларда  мемлекеттік сараптама ескертулерінің болмауы, тапсырыс беру-
ші үшін жобаның осы бөлігін аралық бекітуге және құрылысты бастауға немесе жалғастыруға 
негіз болып табылады. 
Сараптамалық  жұмыс  нарығының  субъектілері  мемлекеттік  сараптаманың  ерекше 
құзіретіне жатқызылмаған жобалардың сараптамасын жүргізе алады.  
7.3  Міндетті  сараптамадан  (мемлекеттік  сараптамадан)  өтуге  тиіс,  алайда  одан 
белгіленген  тәртіп  бойынша  өтпеген  құрылыстың  жобалау  құжаттамасы  аяқталмаған  деп 
саналып, бекітілуге жатқызылмайды және әрі қарай іске асырылмайды.  
7.4 Объекті құрылысына арналған жобалау құжаттамасы мемлекеттік сараптаманың оң 
қорытындысын алған уақыттан үш айдан аспайтын мерзімнің ішінде бекітуге ұсынылуы тиіс. 
7.5  Жобалау,  сәулет-жоспарлау  тапсырмаларына,  басқа  да  бастапқы  материалдар  мен 
техникалық шарттарға сәйкес, сараптаманың (мемлекеттік сараптаманың) оң қорытындысы-
ның  негізінде  әзірленген  және  бекітілген  жобалау  құжаттамасы  заңнамада  белгіленген 
тәртіп бойынша және мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес бекітілуге 
жатқызылады.
Бұл ретте, бекітуге:
- бір сатылы жобалау кезінде  – жұмыс жобасы (ЖЖ);
-  екі  сатылы  жобалау  кезінде  –  бірінші  сатыда  әзірленетін  (Ж)  жоба.  Екінші  сатыда 
дайындалған  жұмыс  құжаттамасы  (ЖҚ)  сараптамадан  өтпейді  және  оны  тапсырыс  беруші 
бекітеді. 
7.6 Мемлекеттік инвестициялар есебінен қаржыланатын құрылыс объектілері бойынша 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау