1 Жаңа педагогикалық технологиялардың ерекшеліктері мен ғылыми-әдістемелік мазмұны


Дүниетану пәніндегі «Табиғат» блогы бойынша білім мазмұны



жүктеу 344,78 Kb.
бет6/12
Дата03.11.2023
өлшемі344,78 Kb.
#44120
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
негізгі бөл

2 Дүниетану пәніндегі «Табиғат» блогы бойынша білім мазмұны
және оны интербелсенді әдістері арқылы меңгертудің әдістемесі
2.1 Дүниетану пәніндегі «Табиғат» блогы бойынша берілетін білім мен тәрбие тұлғаның дүниетанымының көрсеткіші ретіндегі мазмұны

Бастауыш мектеп – бұл оқушы тұлғасы мен сапасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезеңі. Сондықтан да, бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да, қадірлі жұмыс. Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған ортаға дұрыс көзқараста болу, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйрету.


Құзыреттілік тәсіл бірінші орынға оқушының хабардарлығын емес, нақты құбылыстарды танып білу мен түсіндіруде, қазіргі заманғы техника мен технологияны игеруде, практикалық өмірде, мамандық таңдау кезінде өзінің кәсіби білім алуға дайындығын бағалауда, еңбек нарығын бағдарлау қажет болғанда, өмірден өз орнын анықтауға, өмір салтын, кикілжіңдерді шешу тәсілдерін таңдауға байланысты мәселелерді шешу қажет болғанда туындайтын өмірлік мәні бар мәселелерді шешу біліктілігін шығарады [33].
Құзыреттілік қалыптастыруды дәстүрлі сыныптық – сабақ жүйесінің барлық элементтерін және сабақты құрастыру технологияларын қолданумен қатар мұғалім мына төмендегідей педагогикалық технологияларды пайдалануды қолға алуы керек. Айталық; ойын технологиялары, проблемалық оқыту, оқу зерттеуін ұйымдастыру технологиясы, жобалау әдісі, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, тәй-тәй технологиясы ның әлементтері.
Жаңа технология түрлерін дүниетану пәнінің кіріктірілген сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектік қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі.
Бастауыш сыныпта айналадағы дүние, қоршаған орта туралы ғылыми түсінігін алғаш қалыптастырып, туған жер табиғатының көркемдігін көре біліп, сол сұлулыққа табынуды, әсемдікті қорғай білуді баланың жүрегіне жеткізетін пән – дүниетану. Дүниетану пәнін оқыту барысында, бір жағынан, оқушыларға табиғат туралы ғылыми көзқарас қалыптастырып, адамгершілікке тәрбиелеу мақсат етілсе, екінші жағынан, олардың алған білімдерін өмірден өздері көріп жүрген табиғат құбылыстарын түсіндіруге, табиғат қорғау жөніндегі пайдалы еңбек түрлерін орындауға қолдана білуге үйрету мақсат етіледі. Оқушының сараптау қабілетін практикалық дағдылармен қоса атқаруға рұқсат ететін жаңа технологияларды пайдалануды енгізу жағдайында «көп білімділігінің» орнына, «көп білетіндігі» келді [30,13б.].
Бастауыш сынып оқушыларына көбіне жеке тұлғаға бағдарланған технология әдіс – тәсілін көптеп қолдануда. Бұл технологияның оқушыны еркін сөйлеуге, бірлесіп ойды талқылауға мүмкіндік береді, оқушының бейіндік бағыт бойынша өз мүмкіндігін саралай білуге, жеке дара ерекшелігін байқауға көмектеседі.
Бүгінгі күні ғалымдар бір ауыздан дерлік білімнің негізгі екі түрін көрсетеді [34]:
1) репродуктивтік
2) конструктивтік
Философ Джон Дьюи, психологтар Жан Пиаже мен Лев Выготский, математик және логик Алфред Уайтхэд, педагог Т.Лешкевич, философ Владимир Данченко және басқалар білімнің бұл түрлері өз қасиеттері бойынша бір-біріне қарама-қарсы деп есептеген: репродуктивтік білім өткен дәуірдің біліміне жатса, конструктивтік білім бүгінгі және ертеңгі күннің білімі.
Репродуктивтік білім. Білімнің бұл түрі ырықсыз, белсенді (пассив түрдегі) түйсінуді (қабылдауды) білдіреді; мұнда үйренушінің субъективтік және өзіндік түсінігіне жол берілмейді: репродуктивтік білім «түрлендірусіз, еш өзгертусіз қайталау» деген ұғымды меңзейді.
Репродуктивтік білім есте сақтау және қайталауға негізделеді, мұнда қарастырылатын мәлімет білім алушы тұрғысынан аз мөлшерде өзгертіліп, интерпретацияланады.
Репродуктивтік білімде бағдарлама (оқытудың, пәннің бағдарламасы) негізгі рөл атқарады («бағдарлама центристік» білім), өйткені мұндай білім шәкірттің жеке тұлғасына бағытталмай, жоғары жақтан белгіленген оқытудың бағдарламасына арқа сүйейді: «бағдарламада қалай келтірілсе, солай оқыту керек» деген қағиданы ұстанады [34,27б.].
Репродуктивтік білімде басты тұлға – үйретуші («ұстазцентристік» білім), өйткені ол білім алушының мүдделерін ескермей, үйретушіге (ұстазға) бағытталады.
Репродуктивтік білімнің түрлері:
1) Сипаттаушы білім
- қайталауға негізделген сипаттауға бағытталады;
- негізгі сипаты- көрнекілік;
2) Түсіндіруші білім
- объективтік дәлелдемеге ұмтылады;
- негізгі сипаты: дәлелділік (өз көзқарасының дұрыстығын дәлелдеу).
2. Конструктивтік білім. Конструктивтік білімде басты назар «пән» немесе «бағдарламаға» емес, үйренуші (шәкірт) тұлғасына аударылады, ал ұсынылған білім тұлғаны өзгерістерге ынталандырады: шәкірт алған білімді (ақпаратты, мәліметті, ұғымды, т.с.с.) өзіндік тұрғыдан өзгертсе, оның үйренген білімі шәкірт тұлғасын да өзгертеді (дамытады, өсіреді).
Сол себепті де конструктивтік білімді кейде түрлендіруші білім деп те атайды.
Неліктен «конструктивтік» деп аталады?
- Оқушы өздігімен ақпарат, фактілер, ережелер мен қағидалардан дербес (өзіндік) мағына, түсінік, ой, идея, тұжырым құрастырады;
- Конструктивтік білім шәкіртті рефлексия (ой-толғаныс) арқылы өзін-өзі «түрлендіруге», өзінің тұлғасын өзгертуге ынталандырады;
- Конструктивтік білім тұлғаға өзін-өзі түрлендірудің (өзгертудің) айқын да анық мақсаттары мен құралдарын беріп қана қоймай, сонымен бірге оларды тұлғаның тұла бойына сіңіріп, оны өзін-өзі жетілдіру ісіне жұмылдырады [34, 29б.].
Неліктен конструктивтік білім бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады? Сипаттаушы және түсіндіруші білімдер қаншалықты қажетті болса да олар әлемді өзгерте алмайды, өйткені әлем тек адамның түрлендіруші әрекеттері арқылы өзгере алады, яғни оқытуда басты назарды тұлғаның жеке қасиеттері мен оның белсенді әрекеттеріне, оның қолынан келетін істерге аудару қажет.
Конструктивтік білімнің негізгі сипаты: Түрлендіруші ықпалдың (әрекеттердің) тиімділігі оның адамды өзін-өзі түрлендіру ісіне жұмылдыра білуіне байланысты. Сол себепті де конструктивтік білімнің негізгі сипаты ретінде оның әрбір білім алушыға жағымдылығы мен қызықтылығы танылады.
Қазіргі таңда жеке тұлғаның құзыреттілігін ақпараттық технологиялар арқылы өз бетінше жұмыстар істеуге баулуды мақсат етіледі. Ақпараттық технологияларды қолдана отырып өздік жұмысын ұйымдастыруда білімін және білігін жаңа жағдайда таныту, шығармашылығын, қызығушылығын дамыту. Жұмыстың мақсатын айқын түсінуі, жұмыстың жемісті аяқталуы, оның нәтижесіне қызығуы, жұмысты өз еркімен, қалауымен орындауы.
Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі- оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда да елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құруға еніп, көкейкесті мәселе ретінде күн тәртібінен түспей отырғандығы мәлім.
Кейбір әдебиеттерде компьютер оқушылардың өздік жұмысын тез және қарқынды түрде ұйымдастыруға көмектеседі. Мәселен, Microsoft Word мәтін редакторында оқушыларға әртүрлі жазбаша тапсырмаларды өз бетінше орындатуға болады. Оқушылар компьютерде жетекші сөзбен мәтінді бөліп алу мүмкіндігін пайдалана отырып, мәтіннен ең негізгілерін тауып алуға үйренеді және осы жинақталған ақпараттарды пайдалану арқылы қысқа жинақталған дәрісті жазып шыға алады. Мұнда мұғалімнің негізгі мақсаты оқушының қатесіз, сауатты жазуын қадағалау болып табылады. Жұмыстың бұл түрі оқушының жазбаша жұмысын орындауға қызығушылығын арттырады, себебі олар қаламның көмегімен дәптерде жазуға аса ынта танытпайды және өте баяу жазады. Бірақ, бұл жазба жұмысын толық компьютерде орындату дегенді білдірмейді, тек баланы ынталандырудың бір түрі ретінде пайдалану дегенді меңзейді. Ақпараттық технологиялар балалардың шығармашылығын арттыруда да ең қатты ынталандыру құралы болып табылады. Демек, бала осы арқылы түрлі жағдайларда өз пікірін жеткілікті түрде негіздеуге, өз ойын еркін жеткізуге, өзінің және өзгелердің әрекетіне баға беруі, өзін дамытуға үйренеді [35].
Оқыту формасында оқушының өз еркімен білім алуына, материалды ойлау қабілетіне бағыттауға, оқытуды жаттанды түрде емес, шығармашылықпен меңгертуге көңіл бөлу қажет. Оқушы қиялы жүйрік, жан дүниесі нәзік, өзін қызықтырған істе белсенді, ақыл-қабілеті дамыған, сондықтан шығармашылық оған шын ләззат, қуаныш сезімін әкелуі тиіс. Оқушылардың шығармашылығын дамыту жолдарын ақпараттық және коммуникативтік құзыреттіліктер арқылы іске асыруға болады.
Ақпараттық құзыреттілік арқылы нақты объектілер көмегімен қажетті ақпаратты іздеу, талдап таңдап (іріктеп) алу, ұйымдастыру, түрлендіру, сақтау және ақпаратты беру біліктері қалыптасады. Бұл құзыреттілік оқушының оқу пәндеріндегі және білім аймақтарындағы, сонымен бірге қоршаған дүниедегі ақпараттармен жұмыс істей білу дағдыларын қамтамасыз етеді [35].
Ақпараттық құзыреттілік [36]:
●Сыни тұрғыдан ұсынылған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға.
●Ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта құруға, сақтауға, түрлендіруге және тасымалдауға, соның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың көмегімен аталған жұмыстарды жүзеге асыруға.
●Логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, жалпылау, құрылымдау, тікелей және жанама дәлелдеу, аналогия бойынша дәлелдеу, моделдеу, ойша эксперименттеу, материалдарды жүйелеу) қолдана отырып, ақпараттарды өңдеуге.
●Өзінің оқу қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін ақпараттарды қолдануға мүмкіндік береді.
Ақпараттық құзыреттіліктің келесі бағыттары бойынша білім алушының білім беру деңгейіндегі жетістіктері көрінеді:
М ұнда өздік оқу іс- әрекеті оқу үрдісінің ішкі жүйесі ретінде оқушының шығармасының іс- әрекетінің құрамдас бөлігі болып табылады. Өздік іс- әрекеттің ең басты қажеттілігі- оқушыны ойға жетелеуіне, ойланта отырып, өзіндік ойының қалыптасуы оны шығармашылық жұмысқа жетелейді. Шығармашылық еңбек алдымен оқушыға қанат береді, қиял береді. Бастауыш сыныптағы оқушының өздік жұмысы проблемасын талдау бұл зерттеліп отырылған мәселенің толығымен тұтас педагогикалық үрдісте жүзеге асырылатынын көрсетіп берді.
Кез келген мақсатқа бағытталған іс- әрекеттің негізінде танымдық іс- әрекет дамиды. Танымдық іс- әрекет өзіндік оқу- әрекетіне айналып, жеке тұлғаның интегративті білімін қамтамасыз етеді. Оқыту үрдісінде қол жеткізгелі отырған мақсатымз да осы. Бастауыш сыныптан бастап баланың өз бетінше орындайтын өздік жұмыстарын іріктеу, оны орындауға баулу күрделі процесс болып келеді. Оны ұйымдастырудың белгілі тетігін мұғалім жүйелеп, ойластыруы тиіс.
Дүниетану пәнінің мазмұны «Табиғат» блогы бойынша ана тілі пәнімен табиғат объектілерін, құбылыстарын, әсем көріністерін, өсімдіктер мен жануарларды, оларды қорғау қажеттігін бейнелейтін шығармалар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, ертегілер, аңыз - әңгімелер, өлеңдер және деректі әңгімелер және алуан түрлі ребустар, сөзжұмбақтар, құпияхаттар, сөзтуымдар, логикалық есептер қолдану т.б. арқылы байланысады. Сондай-ақ ұғымдар мен түсініктердің мазмұнын сипаттау, анықтама негізінде жүзеге асады. Бастауыш сыныптың ана тілі оқулығындағы көркем шығармалар негізінен халық ауыз әдебиеті үлгілерін және балаларға арналаған белгілі жазушылардың туындыларын қамтиды. Сонымен бірге әдебиет теориясының түрлері: теңеу, эпитет, метафора, негізгі ой, ұйқас, гипербола жөнінде қарапайым түсініктер беріледі.
Бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлға тәрбиелеу ізденіске толы шығармашылық жұмыстардың нәтижесінде мүмкін екендігі белгілі. Сондықтанда оқушының әр түрлі өмірлік жағдайларда мектепте алған білімін, білігі мен икем, дағдылары тиімді қолдана отырып, сәтімен шыға білуіне жағдай жасау, сабақ үрдісінде де, сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстар арқылы да тиімді ұйымдастыра білу. Зерттеу жүргізу арқылы балады өзіндік пікір, көзкарас қалыптасады. Бұл қарапайым көзқарас ғылыми көзкарастың негізін бастайды.
Ғылыми көзқарас, дүниетаным жеке адамға өзін қоршаған өмірді, оның құбылыстарын танып білуге мүмкіншілік береді, оған объективті баға беруіне жағдай жасайды, өзіне мәлім болған табиғат пен қоғам құбыластары туралы диалектикалық ойлауын дамытады.
Дүниетаным — адам санасының арнайы түрі, оның өзін қоршаған дүниеге яғни қоғамдық өмірге, табиғатқа өзіне көзқарасы және сенімі [27].
Ғылыми дүниетанымның тәрбиелік функциясы сол көзқарастар мен сенім адамда моральдық қасиеттерді және шындыққа эстетикалық қатынасты қалыптастырады, мінез-құлықты шыңдайды, ынта-жігерді күшейтеді, идеялық тұрақтылықты қалыптастырады [27,87б.].
Дүниетанымның мазмұнын меңгеру бойынша ішкі рухани жұмыстар
адамның ойлау қызметін жандандырады. Бұдан оның дамытушылық
функцияны орындайтыны көрінеді [27,81б.].
Ұйымдастырушылық функциясы дегенде мынаны түсіну керек - дүниетаным адамның практикалық қызметінің негізгі позициясы болады [27,82б.].
Дүниетанымдық тәрбиенің мақсаты оқушылардың табиғат пен қоғамды танып білуде, ғылыми көзқарасын қалыптастыру ақыл-ой күштері мен ойлауын, ерік-жігері мен сезімдерін дамыту болып табылады.
Дүниетанымдық тәрбиенің міндеттеріне ғылыми көзқарас пен сезімді қалыптастыру жатады. Ғылыми көзқарас пен сенімнің негізгі бөліктерін интеллектуал сезім, диалектикалық ойлау, қоғам мен табиғаттың құбылыстарын объектив бағалау іскеріктері жатады [28].
Бұл міндеттер оқу-тәрбие процесінде ғылыми білімдерді меңгеру жолымен, адамгершілік, мәдени, экономикалық, экологиялық тәрбие нәтижелерімен жетіледі.
Дүниетаным дегенде адамның өзін қоршап тұрған табиғат пен әлеуметтік орта туралы (ғылыми материалистік білімдер негізіндегі) сана-сезімі түсініледі [28,62б.].
Осыған орай ғылыми дүниетанымның құрылымдық компоненттеріне мыналар жататынын ғылыми зерттеулердің нәтижесі көрсетуде [28,98б.]:
-ғылыми білімдер жүйесі.
-көзқарас.
-сенім.
-адамның арман-мұраттары.
-теориялық ойлау.
Ғылыми білімдер – дүниетанудың объектив компоненті болып, ғылыми шындықтар системасынан тұрады. Ғылыми білім аралық адам табиғаттың және қоғам құрылыстарының объективті жақтарын зерттейді, түсінеді, ұғынады.
Көзқарас – қоғамдағы және табиғаттағы құбылыстарға өз қатынасын білдіретін адамның қорытынды ойы, тұжырымы. Сенім адамның бойына нық орнап қалыптасқан өмірлік позициясы, оның беріктігін айқындайды, мінез-құлқын сипаттайды. Адамның мұраты (идеалы) – бұл адамның өмірге ұмтылуы, талпынуы, мақсаты. Теориялық ойлау – білімдерді, шындық құбылыстарды творчестволық меңгеру, дүниетанымды жетілдіру мен сенімдерді іске асыруға ерікті бағыттау бойынша адам қабілеттерін дамыту [28,102б.].
Дүниетаным арқылы тұлға өнер әлеміне «тартылады», «ақиқатты іздеп табуға» әрекет жасап, одан сырт қалмайды, керісінше, рухани көзі ашылудың шаттық сәттерін, мазасыз және жүрекпен «өмір сүруді» сезіну үшін оған «жабыса түседі». Дүниетаным белсенділігінің көзі, оны қортындылайтын «бірлік», «білімдер» мен «түсініктер» емес, ол «көзге көрінетін» дүние ғана емес, сондай-ақ «ішкі» дүние, яғни тұлғаның өз дүниесі де жиналақталатын ерекше эмоцииялық-сезімдік әсерленулер болып табылады.
Дүниетаным немесе дүниеге көзқарас дегеніміз – айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән- мағынасы туралы көзқарастың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы. Дүниетаным дегеніміз Н.Мұсаеваның пікірінше дүниені түйсіну, түсіну арқылы адамның өзіне өзінің сыртқы дүниеге қарым-қатынасын анықтайтын өзегі, күре тамыры [28,7б.].
Бала дүниетанымын қалыптастыруда табиғат ерекше зор үлес қосады. Табиғат баланың ақыл-ойын дамытып, жетілдірумен қоса дүниетанымын қалыптастыратын бірден бір қайнар көзі [30,41б.].
Табиғат жайлы білімдерінің жүйелі қалыптасуы, бала танымының дамуына әсер ететіндігі және ол өз кезегінде дүниетаным көрсеткіші екендігі айқындалды. Адамдар мен табиғат арасындағы сабақтастықтың, үйлесімдігінің мәнін түсіну дүниетанымның көрсеткіші болып табылады. Аталған қайшылықтарды шешу үшін бала дүниетанымын қалыптастырудың тиімді жолы ретінде зерттеу жұмыстарына дағдылану қабілеттері болып табылады деп болжаймыз.
Дүниетаным қалыптасуының бірінші көрсеткіші — дүниенің неғұрлым жалпы принциптеріне, табиғат пен адам болмысының әмбебап заңдарын танып білуге деген ынтаның өсуі. Ғұлама ғалымдар адамның дүниетанымы табиғаттағы құбылыстарды танып білуге байланысты дей келе, танымды екі түрге бөледі:
1. Сезім мүшелері арқылы танып білу.
2. Ақыл - ой арқылы танып білу.
Ақыл - ой сезімдік таным арқылы ғана мәліметтерін әрі қарай өрбітіп, қорытынды жасайды деп түйіндейді [32].
Қ.Аймағамбетованың «Бастауыш сыныптарда дүниетануды оқытудың ғылыми -әдістемелік негіздері» деген докторлық еңбегінде, балалар қарапайым дүниетанымдық білімді мектепке дейінгі кезеңде меңгергенде ғана олардың «Дүниетану» оқулығын бастауыш сыныпта жеңіл қабылдап, ешқандай қиындықсыз алып кетуіне мүмкіндік туатынын және оның жолын талдап, білімді меңгеру формасы мен әдістерін анықтап қарастырғанын көре аламыз [23,41б.].
Ғылыми дүниетаным қоршаған ортаның ғылыми талдаулар негізінде жасалған қорытындылар мен негіздеулерге және табиғи және қоғамдық құбылыстардың дамуын сипаттайтын, себеп-салдарын теориялық ұғынуларына сүйенеді. Ғылыми дүниетаным білімдеріне дүниені түсіну, дүние туралы белгілі ғылымдардың жиынтығы, сыртқы қоршаған ортаның белгілі бір ақиқаты, дүниеге бағдары, қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өз өмірінің маңыздылығын түсінуі, өз өмірін саналы құруға деген терең әлеуметтік қажеттілігі туралы мәліметтер жинақтаудан тұрады.
Дүниетанымдық білімді балалар ақыл-ой күшінің дамуына, білім деңгейіне сәйкес бірте-бірте игереді. Мектепке дейінгі балалар айнала қоршаған дүние, табиғаттың құбылыстары, адамның табиғатпен өзара әрекеттесуі, қоғам өміріндегі оның іс-әрекеті туралы ғылыми білімнің бастапқы негіздерін игереді. Дүниетанымның қалыптасуы оқытудың табиғатпен, өмірімен тығыз байланысты балаларды тікелей іс-әрекетіне тарту негізінде жүреді. Балалардың өмірлік жағдайлары, әлеуметтік тұрмысы, адамгершілік қалпы олардың практикалық іс-әрекетіне үлкен ықпал жасайды. Өйткені осы ортада әр бала өмір сүріп, тіршілік етеді. Осындай тиімді іс-әрекеттер барысында олардың өмірлік тәжірибеге үйренеді, іскерлігі және дағдысы қалыптасады [31,29б.].
Оқу үрдісінде дүниетанымды қалыптастыруда бірқатар психологиялық, педагогикалық шарттар жүзеге асырылуы керек [31,47б.]:
- мұғалімнің ғылыми дүниетаным негіздерін қалыптастыру іс-әрекеті кезеңдерінің нақты жоспарлануы.
- табиғат пен қоғамдық өмірдің танылуға тиісті құбылыстарына балалардың жеке қатынасын қалыптастыру.
-дүниетаным идеяларын меңгерудегі балалардың белсенді және орынды қатынасы, оның ақиқат екендігіне сенімін қалыптастырады.
- алған білімді меңгеру, қолдану және үздіксіз бекітудің бірлігі. Білім тек саналы ойлау жұмысының нәтижесінде алынып, тәжірибеде тексеріліп, іс-әрекеттің жетекші идеясына айналса ғана дүниетаным сипатын алады.
- адамгершілікті көзқарастарды қалыптастыру, тереңдету мен бекіту. Бұл баланы қоршаған орта, қоғамдық- саяси белсенділікке, өз бетінше іс-әрекетке және жауапкершілікке итермелейтіндей жағдайға қоюды талап етеді.
- тәрбиеші, мұғалім ғылыми дүниетаным иесі және оны жүзеге асырушы [31,48б.]. Жалпы баланың дүниетанудағы жәрдемшісі- тәрбиеші, мұғалім. Ол рухани жан дүниесі бай, идеялық, психологиялық және әдістемелік даярлығы бар, ой- өрісі кең және берік көзқарасты адам болуы керек.
Баланың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру үшін оған тек теориялық білімдерді берумен шектелуге болмайды. Тәжірбиелік жұмыстарды ұйымдастыру кезінде бала өз алдына мақсат қойып, соған жету үшін жігерлене еңбек етеді. Теориялық ой-дүниетанымның элементі, болмыс туралы білімдері, құбылыстарды шығармашылықпен, терең түрде ой елегіне өткізе білуі, дүниетанымды жетілдіру, сенімді басшылыққа алып, іс-әрекет жасауға ұмтылуы.
Мұғалім жетекшілігімен оқушылартабиғатты меңгеру жолындағы өздігінен атқаратын әрекеттер етек алып, күнделікті көргендерін тек қабылдап қана қоймай, заттар мен құбылыстардың байланыстарын іздестіруге, олардың себеп-салдарын білуге талпынады.
Қ.Аймағамбетова өзінің еңбегінде: «... дүниеге көзқарас адамның айналадан, қоршаған дүниеден қабылдаған әр түрлі құбылыстары мен заттары туралы ұғымның жиынтығы ғана емес, ол-түрлі фактілер арқылы жинақталған, қорытылған, ғылым негіздерімен байытылған білімдерден тұратын сана. Адам көзқарасы ғылымға, қоршаған ортаға, алған білімді меңгеру және ұғыну деңгейіне қарай өзгеріп, соған қарай қалыптасады, қалыптасқан көзқарасқа байланысты дүниетаным өзгереді» -деп жазылған. Сондай-ақ, ол «адамның дүниетанымы, біріншіден, қоғамның тарихи дамуына байланысты өзгерсе, екіншіден, сол қоғамдағы халықтың сана-сезімінің өсуі, білімді меңгеру мүмкіндігіне қарай өзгеріп отырады. Дүниетанымның ең өркендеу шыңы-ғылыми таным» деген пікірлер айтып, мазмұндаған [30,46б.].
Табиғаттың негізгі ерекшеліктерін, әр жыл мезгіліне байланысты қоршаған ортада, өсімдіктер мен жануарлар әлемінде болып жататын сан алуан өзгерістер мен құбылыстарды балаға көрсету, сезіндіру, байқату барысында баланы дамыту мақсаты көзделеді. Кіші жастағы балалар білуге тиісті қарапайым ғылыми білім негіздерін неғұрлым тереңірек меңгерте отырып олардың ой-өрісін, білім дәрежесінің деңгейін кеңейту, сана-сезім, таным, қабылдау әрекетін дамыту, білімге қызығушылыққа баулып, баланың өздігінен еңбектену белсенділігінің қалыптастыру қажеттігін баса айтады ғалымдар [30,17б.].
Балаға табиғат туралы ұғым беру ісін екі категорияға бөліп қарады, біріншісі-қарапайым, яғни балаға білім арнайы оқытусыз күнделікті ойын, еңбек іс-әрекеттерінде, бақылау арқылы жүргізіледі. Екіншісі – балаға күрделі ұғым тек арнайы ұйымдастырылған оқыту үрдісінде, сабақ кезінде ғана беріледі және екеуі де бір-бірімен байланысты жүргізілуі керек [32, 29б.]. Бұлайша берілген білім нақты жүйелендірілген, бала ұғымына сай келетін табиғат құбылыстарының ерекшеліктерін, жыл мезгілдеріне байланысты адамдар өмірінде болатын өзгерістер мен олардың іс-әрекеті жайында, шынайы түсінікті қамтыған жағдайда ғана нәтижелі болады деп көрсеткен А. П. Усова [37].
Республикамызда балалардың дүниетанымын қалыптастыру мәселесіне ерекше көңіл бөлген ғалымдардың бірі Қ. Аймағамбетова болды. Тәлімгердің 6 жасар және төменгі сынып балаларына арналған «Айналадағы дүниемен таныстыру», «Табиғат танудың оқыту және бала тәрбиесі» және тағы да басқа еңбектерінде сәбиді айналадағы дүниемен таныстыру, оларға өзін қоршаған табиғат құбылыстары туралы алғашқы ғылыми ұғым беру жолдарын қарастырған. Әдіскер табиғатпен таныстыру бағдарлама талабына сай жоспарлап, оны ашық аспан аясында бақылау, сабақ, серуен, саяхат, табиғаттағы еңбек үрдісінде жүзеге асыруды, түрлі әдіс-тәсілдерді, әсіресе көрнекіліктерге негізделе отырып жүзеге асыруды ұсынады. Сонда балалардың сөйлеу тілі дамып, ойлау қабілеттері ғана артып қана қоймай, көргендерінен қорытындылар жасау мүмкіндіктері, логикалық ойдың алғашқы элементтері қалыптасып, адам, табиғат, қоғамның біртұтастығы, өзара байланысы жайында қарапайым дүниетанымдық көзқарастары кеңейетіндігін дәлелдейді [30,12б.].
Табиғат-жаратылыс бағытындағы пәндер арқылы табиғат құбылыстарының шын себептерін ашады. Балалар түрлі фактілер жинайды, өмірді бақылайды. Заттың бір күйден екінші күйге өтуі, молекула түрлерінде, атап айтсақ антипол, айна, микро, макро және мегамер дүниесінде өтіп жатқан өзгерістер ғылыми дүниетанымды қалыптастырады. Өмірдің дамуындағы сабақтастықты, қартаю, өлу себептерін, жаңа өсімдіктер мен ағзалардың пайда болуы себептерін меңгеруі. Қоғамда болып жатқан түрлі оқиғаларды дұрыс талдауға үйретуі, жақсылық пен жамандықты көрсетеді, елімізде, шетелдерде болып жатқан оқиғаларға дұрыс баға беруге баулиды [38]. Ендеше табиғат заттары мен құбылыстары және қоғамда болып жатқан өзгерістерді талдау, салыстыру, қорытындылау баланың дүниетанымын қалыптастырады. Табиғатқа және қоғамның түрлі тұстарына іс-әрекет етіп, зерттеу жасауы дүниетанымның қалыптасуына аса зор әсер етеді.
Бастауыш буынан дүниетану пәні арқылы «Адам-қоғам-табиғат» деп аталатын үш дидактикалық бірліктіктің біртұтастығын білім, түсінетін деңгейге келеді. Осындай білім арқылы дүниетанымы жетіледі. Енді осы дүниетану пәнінің табиғат тарауында берілетін білімдер мазмұнын келтірейік [39]:
- күн жүйесі, олардың қозғалысы, қасиеттері мен өзара бай- ланысы туралы;
- заттар мен денелер, олардың қасиеттері туралы;
- табиғат құбылыстары туралы;
- жер планетасының тірі мекендеушілері және олардың өлі табиғатпен байланысы, тірі табиғаттағы процестер, өзгерістер туралы;
- табиғаттағы экологиялық байланыстар және табиғат пен қоғам арасындағы қайшылықтар;
- адамның шаруашылық әрекеттері, табиғатты ұтымды пайдалану, адамның өмірдегі жауапкершіліктері туралы.
Оқушылардың бойында бастауыш мектепте дүниетануды оқу кезінде белгілі бір білім қоры, бастапқы дағдылар мен машықтар, икемділік қалыптастырылады. Бастауыш мектепте білім берудің жаңа стандартына сәйкес биология, физика, химия, география, астрономия және экология пәндері «табиғат» атты біртұтас блок құрайды. Сондықтан бастауыш мектепте осы ғылымдар бойынша бастапқы білімдер меңгерілуі тиіс. Атап көрсетсек [28,17б.]:
Заттар мен денелер. Тірі және өлі табиғат обьектілері. Табиғат элементтері және адам жасаған бұйымдар.
Өлі табиғат. Қатты денелер, сұйықтар, газдар. Ауа, оның құрамы, қасиеттері, тірі организмдер үшін маңызы. Су, оның қасиеттері. Заттың түрлі агрегаттық күйлерге көшуі (судың мысалында). Табиғаттағы су айналымы. Судың тірі ағзалар үшін маңызы.
Аспан денелері. Жұлдыздар мен планеталар. Жер, оның формасы. Глобус – Жердің моделі. Ай – Жер серігі. Жердің өз осінен айналуы, күнді айнала қозғалуы. Күн мен Түннің ауысуы. Жыл мезгілдерінің ауысуы. Көкжиек, көкжиек сызығы. Әлем тұстары. Тұсбағдар. Жергілікті жердің картасы, планы. План мен картадағы шартты белгілер. Жербедері: жазықтар, таулар, төбе- лер, жыралар. Су қабаты: өзен, көл, теңіз, мұхит, тоған.
Пайдалы қазбалар мен тау жыныстары. Пайдалы қазбалардың түрлері, қасиеттері, олардың маңызы және адамның тұтынуы. Ауа райы (бұлт, жауын-шашын, жел).
Тірі табиғат элементтері. Саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар – тірі организмдер, олардың қасиеттері; қоректенуі, тыныс алуы, өсу, көбею, даму. Олардың табиғат үшін, адамдар үшін маңызы, оларды қорғау шаралары.
Адам – табиғаттың саналы бөлігі. Адамның тұлғасы, мүшелері, мүшелер жүйесі. Адам тіршілігі үшін судың, ауаның, топырақтың, өсімдіктердің, жануарлардың ролі, экологиялық жағдайы. Адам-дардың табиғатқа тигізер оң және теріс әсерлері. Тіршілік қауіпсіздік ережелері. Қоғамдық орындардағы мінез-құлық.
Жоғарыдағы білімнен басқа, оқушылар белгілі бір дағдыларды меңгеруі тиіс:
- табиғи обьектілер мен жасанды заттарды, тірі және өлі табиғат обьектілерін ажырата білу, оларды сипаттау;
- өсімдіктер мен жануарлардың негізгі топтарын, оларды айыра білу; әртүрлі табиғат зоналардың өсімдіктері мен жануарларын тану; сол өлкенің ауылшарушылық өсімдіктерін, жануарларын; бөлме өсімдіктеріне күтім жасау, түрлі тәсілдермен көбейту жолдарын меңгеру;
- табиғатқа өз бетінше бақылау жүргізу; қарапайым тәжірибе жасай білу; қарапайым зертханалық аспаптар, құрал-жабдықтармен жұмыс жасай білу, қолдана білу;
- белгілі бір жерде бағдар жасау, картаны сауатты пайдалана білу, тұсбағдармен жұмыс жасай білу;
- өз өлкесінің негізі пайдалы қазбаларын білу;
- жеке бас гигиенасының ережелерін білу, оны орындау; зақымданған кезде қарапайым көмек көрсету;
- табиғатты қорғау жөнінде шамасы келген жұмысты орындай білу [28,19б.].
Баланың дүниесі қабылдау кезіндегі әсерленуі балалық шақта жақсы жүреді, сондықтан тікелей әрекет үстіне баланың дүние туралы ой- өрісін кеңейтіп, көзқарастары мен сенімін тексеруге көмектеседі. Баланың дүниетанымының қалыптасқандығын оның ғылыми білімдерінің тереңдігінен, жүйелігінен, диалектикалық ойлауынан байқауға болады.
Дүниетану сабағында диалектикалық көзқарас қалыптастыру үнемі бірізділікпен, яғни табиғат элементтерінің бір-біріне байланысты құбылыстар сырына үңілу. Дүниетанымдық көзқарас оқушыларға бірден беріле қоймайды, ол ұзақ, үздіксіз берілетін оқу - тәрбие негізінің жемісі. Мұғалім ең алдымен органикалық дүниені, яғни әлем немесе табиғатты құраушы элемент атауларын, қасиеттерін, ерекшеліктерін және оның орны, пайдасы мен зияндылығы жайлы мағлұмат беруі, олардың байланысы мен болмысы, тіршілік жағдайы, ортасы, өзгерісі, жойылуы немесе басқа түрге өтуі т.б. тіршілік түрлерінен түсінік беру нәтижесінде әлемде, яғни табиғатта үздіксіз, тығыз байланысты құбылыстардың болуы, олардың әсері, осыдан барып органикалық дүниенің эволюциялық даму тарихы шығатынын түсіндіру нәтижесі балада дүниетанымдық көзқарастың қалыптасуына әкеледі (жай-күрделі, төменнен жоғарыға қарай заңдылығы түсіндіріледі).

жүктеу 344,78 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау