ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ
DIGITECH PRO
650/850 VA
ҮЗДІКСІЗ ҚОРЕКТЕНДІРУ БЛОГЫ
UPS
KAZAKH
Алдынан қарағандағы көрініс
Айнымалы токтың кіру розеткасы
USB коммуникациялық порты
RJ 11/45 порттарын қорғау
Шығу розеткалары
1
2
3
Артынан қарағандағы көрініс
Өнімге шолу жасау
4
Қорек өшіргіші
ЖК-дисплей
1
2
650 VA / 850 VA
Техникалық спецификациялар
Заманауи сәнді концепция
Бүгінде компьютер қолданушылары жоғары функционалдық көрсеткіштері бар
өнімдерді ғана емес, күнделікті көруге жағымды болатын түр-түсі әдемі
құрылғыларды көргісі келеді. Digitech Pro-ның дизайны бірегей және «жоғары
қарайтын» дисплеймен жабдықталған. Егер ойласақ, үздіксіз қоректену блогы
жұмысының 90%-ы Сіздің үстеліңіздің астында, еденде өтеді; біздің құрылғы
қолданушыларға дисплейді еңкейместен көруге мүмкіндік береді.
Вольтметрі бар көпқызметтік СК-дисплей
Digitech Pro қолданушымен қарым-қатынас жасаудың қайталанбас әдісіне ие:
СК-дисплейдің көмегімен Сіз кірудегі/шығудағы кернеу, жүктеме деңгейі, батарея
қуатталуының деңгейі, шамадан тыс жүктеме туралы ескертулер және т.б. сияқты
қажетті ақпаратты аласыз.
Сенімді жұмыс істеуді қамтамасыз ету үшін ОПҚ (орталық процессорлық
құрылғы) көмегімен бақылау
Digitech Pro барлық функцияларды уақытында және дұрыс орындауға мүмкіндік
беретін жоғарғы жылдамдықтағы ОПҚ-мен жабдықталған үздіксіз қоректенудің
сандық блогы болып табылады. Бұл өте маңызды, әсіресе үздіксіз қоректену
блогын қорғау үшін, өйткені шамадан тыс жүктелуден, жоғары және төмен
кернеуден қорғау және бақылау ОПҚ-ның көмегімен жүзеге асырылады. Бұл
үздіксіз қоректену блогының айрықша сенімділігін қамтамасыз етеді.
Шығу кернеуінің симуляцияланған синусоидтық формасы
Digitech Pro компьютерлерге және АТ жабдықтарына сай келетін жоғары кернеудің
симуляцияланған синусоидтық формасын қамтамасыз етеді.
СК экран
Input
Voltage
Load
Level
Over
Load
Fault
Line Mode
Battery Mode
Output
Voltage
Battery
Level
Low
Battery
Кернеуді автоматты түрде реттеу функциясы
Digitech Pro кернеу тұрақтандырғышы ретінде жұмыс істейді; егер желідегі кернеу
тым жоғары болса, үздіксіз қоректену блогы оны қалыпты жағдайға дейін
азайтады, егер кернеудің азаюы байқалса, Digitech Pro үздіксіз қоректену блогы
кернеу деңгейін жоғарылатады, бұл оған қосылған аспаптарды қорғауға мүмкіндік
береді.
USB коммуникациялық порты және бағдарламалық жасақтама
Digitech Pro компакт-диск және USB кабелімен жинақталып жеткізіледі. Сіз Digitech
Pro үздіксіз қоректену блогын компьютерге USB порты арқылы қоса аласыз. Өз
компьютеріңізге бағдарламалық жасақтаманы (Windows, Linux немесе Мac-пен
үйлесімді) орнатып, Сіз үздіксіз қоректену блогының жұмысын компьютер
мониторы арқылы қадағалай аласыз немесе үздіксіз қоректену блогын электр
энергиясының өшу жағдайына бағдарламалай аласыз. Digitech Pro – бұл ақылды
үздіксіз қоректену блогы, оны компьютер арқылы бақылауға болады немесе
барлық деректерді сақтап, бағдарламалық жасақтаманы жауып және кезекпен
операциялық жүйені және компьютерді жауып, оны өшіре алады.
Үздіксіз қоректену блогы өшіп тұрған кезде батареяларға қуат беру
Үздіксіз қоректену блогы өз батареяларына өшіп тұрған жағдайда да қуат бере
алады. Сізге батареяларға түнде қуат беру үшін үздіксіз қоректену блогын қосылып
тұрған жағдайда қалдырудың керегі жоқ. Digitech Pro өз батареяларына өшіріліп
тұрғанда да қуат бере алады.
RJ 11/45 порттарын қорғау
Digitech Pro телефон/модем/интернет порттарын кернеу секірістерінен қорғауға
арналған арнайы қорғаныспен жабдықталған.
Шамадан тыс жүктемеден, жоғары және төмен кернеулерден қорғау
Digitech Pro өнімді үздіксіз, ұзақ уақыт бойы пайдалануға кепілдік беретін көптеген
электрондық қорғаныстарының арқасында сенімділіктің жоғары деңгейін
қамтамасыз етеді. Мысалы, кездейсоқ шамадан тыс жүктелу Digitech Pro-ның
зақымдалуына әкеп соқтырмайды; үздіксіз қоректену блогы жүктемені тани алады
және бағдарламалық жасақтамаға зиян келтірмей өзін қорғайды.
Батареялардың жоғары сыйымдылығы
Үздіксіз қоректену жүйелерінің көпшілігіне батареялардың толық қуат алуы үшін
8-10 сағат қажет, ал Digitech Pro электр энергиясы жиі өшірілетін жерлердегі
аймақтарда қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін өз батареяларына 4 сағат
қуат беруі жеткілікті.
Кедергілердің
алдын-алу үшін ҮҚК-ін
монитордан ең
кемінде 20 см алысқа
құрыңыз.
Штепсельді АС желі розеткасына қосыңыз. ҮҚК аккумуляторын қуаттай бастайды.
Осы жағдайда аккумулятордың ең кем дегенде 6 сағат қуатталуы туралы кеңес
беріледі.
• Құрмай тұрып өнімді тексеріңіз, қандай да бір бөлігіне залал
келмегеніне көзіңізді жеткізіп алыңыз.
• Үздіксіз Қуат Көзі –ҮҚК блогын жеткілікті ауа ағымы бар, шамадан
тыс шаң, үйкеліске түсіретін газ бен өткізгіш қалдықтардан
тазартылған жерге құрыңыз.
• ҮҚК-ін қоршаған орта температурасы мен ылғал жоғары жерлерде
қолданбаңыз. (Техникалық ерекшеліктер таблицасына қараңыз).
Ла
з
ер
л
і
к
при
нте
р
д
і ҮҚ
К-не
қо
спа
ң
ыз
.
Ү
Қ
К-не
з
и
ян
к
е
л
уі
мүм
кін
.
Қоректену
кнопкасы
Құру және алғашқы іске қосу
Желіні қосу және аккумуляторды қуаттау
Жүктерді ҮҚК-нің артындағы розеткаға қосыңыз
және ҮҚК –нің қоректену кнопкасын басыңыз.
Енді жүктеріңіз ҮҚК тарапынан қорғауға алынды.
Жүктерді қосу
Іске қосу үшін тек қана қоректену кнопкасын
басыңыз. Ал өшіру үшін қайтадан қоректену
кнопкасын басыңыз.
ҮҚК –інің іске қосылуы мен өшірілуі
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Өрт қаупін немесе
ток соғу қаупін болдырмау үшін үздіксіз
қоректену блогын температура және
ылғалдылық режимдері бақыланатын,
электрөткізгіштік ластағыштардан таза
бөлме-жайлардың ішінде орнатыңыз
(техникалық спецификациялардағы
температураның және ылғалдылықтың
қолайлы диапазондары жөніндегі
нұсқаулықтарды қараңыз).
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Үздіксіз қоректену
блогының шамадан тыс қызып кету қаупін
азайту үшін үздіксіз қоректену блогының
салқындатқыш желдеткішін жаппаңыз,
блокқа тікелей күн сәулесінің әсер етуін
болдырмаңыз және блокты жылыту
аспаптары немесе пештері сияқты жылу
бөлгіш аспаптардың маңында орнатпаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Үздіксіз қоректену
блогына медициналық жабдықтар,
тіршілікті қамтамасыз ету жабдықтары,
қысқа толқынды пештер немесе
шаңсорғыштар сияқты ДК-ді пайдалануға
байланысы жоқ аспаптарды қоспаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Үздіксіз қоректену
блогының кіру ажыратқышын оның шығу
ажыратқышына қоспаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Үздіксіз қоректену
блогына сұйықтықтардың немесе бөгде
заттардың түсуіне жол бермеңіз.
Сусындары немесе қандай-да бір басқа
сұйықтықтары бар контейнерлерді
үздіксіз қоректену блогына немесе оған
жақын жерге қоймаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Төтенше
жағдайлар кезінде, «өшіру» батырмасын
басыңыз және үздіксіз қоректену блогын
тиісті түрде қоректен ажырату үшін қорек
бауын айнымалы ток көзінен ажыратып
алыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Үздіксіз қоректену
блогына ұзартқышты немесе желілік
сүзгіні қоспаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Егер үздіксіз
қоректену блогында металл шасси бар
болса, қауіпсіздік мақсатында 35А-ден
төмен токтың ағып кетуін азайту үшін
орнату барысында міндетті түрде жерге
қосу қажет. Назар аударыңыз: ток соғу
қаупі бар. Сонымен бірге, қорек желісінен
блокты ажыратқан кезде, батареялардан
қоректену арқылы қауіпті кернеу әлі де
болуы мүмкін. Сондықтан, үздіксіз
қоректену блогын жөндеу немесе
техникалық қызмет көрсету қажет болса,
батареяның жылдам әрекет жасайтын
тоғыспаларындағы оң және теріс
полюстерде батареядан қоректену
ажыратылған болуы тиіс.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Батареяларды
ауыстыруды техникалық қызмет
қызметкерлері жүргізуі тиіс.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Батареяның ішкі
кернеуі тұрақты токтың 12 вольты.
Герметикалық, мырыштық-қышқылдық,
6-элементті батарея.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Батареяларды
отқа тастамаңыз. Батареялар жарылуы
мүмкін. Батареяны немесе батареяларды
ашпаңыз, зақымдамаңыз. Электролит тері
және көз үшін зиянды.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Тазартуға кіріспес
бұрын үздіксіз қоректену блогын өшіріңіз
және сұйық немесе себілетін жуушы
құраларды пайдаланбаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Батарея ток соғу
және қысқа тұйықталу қаупін төндіруі
мүмкін. Батареяларды ауыстыруға
кіріспес бұрын, келесідей сақтық
шараларын қабылдау қажет:
1- Сағаттарды, сақиналарды немесе басқа
да металл заттарды шешіңіз.
2- Оқшауланған тұтқалары бар
құралдарды пайдаланыңыз.
3- Резіңке қолғаптар мен аяқ киімдерді
киіңіз.
4- Батареялардың үстіне құралдарды
немесе металл бөлшектерді қоймаңыз.
5- Батарея клеммаларын қосу немесе
ағыту алдында қорек көзін өшіріңіз.
ЕСКЕРТУЛЕР
АҚАУЛАРДЫ АНЫҚТАУ
Төменде келтірілген кестені шағын мәселелерді шешу үшін қолданыңыз.
Шешімі
Мәселе
Ықтимал
себебі
Батарея қуатталуының
төмен деңгейі
Алдыңғы тақтадағы
индикаторлар
жанбайды
Қорек желісінің
қалыпты жұмыс
істеуі кезінде дабыл
сигналы үнемі дыбыс
береді
Үздіксіз қоректену блогына кем дегенде
6 сағат бойы қуат беріңіз
Батареяның істен шығуы Батареяны дәл сондай түрдегі
ақаусыз батареямен ауыстырыңыз
Үздіксіз қоректену блогы
қосылмаған
Үздіксіз қоректену
блогының шамадан тыс
жүктелуі
Үздіксіз қоректену блогын қосу үшін
қорек өшіргішін тағы бір рет басыңыз
Алдымен кейбір тұтынушы
құрылғыларды ажыратып алыңыз.
Жабдықты қайтадан қосу алдында
үздіксіз қоректену блогының
техникалық сипаттамаларында
көрсетілген шекті жүктемеге
жүктеменің сәйкес екендігіне көз
жеткізіңіз
Қорек істен шыққан
кезде батареядан
жұмыс істеу уақыты
азаяды
Үздіксіз қоректену
блогының шамадан тыс
жүктелуі
Шамадан тыс жүктемені алып
тастаңыз
Қорек желісі қалыпты
жұмыс істейді, бірақ
блок батареядан
қоректену режимінде
жұмыс істейді
Қорек бауы тығыз емес
жалғасқан
Қорек бауын дұрыс қосыңыз
Батареяның төмен
кернеуі
Үздіксіз қоректену блогына кем
дегенде 6 сағат бойы қуат беріңіз
Батарея ақауы. Бұл
жоғары температура
жағдайында пайдалану
немесе батареяның дұрыс
емес іске қосылуы
кезінде болуы мүмкін
Батареяны дәл сондай түрдегі
ақаусыз батареямен ауыстырыңыз
ТЕХНИКАЛЫҚ СПЕЦИФИКАЦИЯЛАР
ЗАТТАЙ СИПАТТАМАЛАРЫ
ТҰ ТЫНАТЫН Қ УАТТЫЛЫҒ Ы
ШЫҒ УДАҒ Ы Қ УАТТЫЛЫҚ
БАТЕРЕЯ
МОДЕЛЬ
± %10
Кернеуді реттеу
әдетте 2-6 мс, барынша көп 10 мс.
Батареяға ауысып қосылу уақыты
Симуляцияланған синусоидалдық толқын
4-6 сағат батареяның 90% сыйымдылығына дейін
Толқын түрі
321 x 123,5 x 163,5
12V 7Ah x 1
12V 9Ah x 1
Өлшемі (Ұ x Е x Б)
4.15
5.15
Таза салмағы (кг)
Түрі және нөмірі
Қуат алу уақыты
650 VA
360 W
850 VA
480 W
Орта
0-40
˚C 0-90% (конденсат түзілуінсіз)
Ылғалдылық
< 40 dBA
Шуыл деңгейі
Айнымалы токтың 220/230/240 вольті
Кернеу
Айнымалы токтың 162-265 вольті
Кернеу диапазоны
Üretici & İthalatcı / Manufacturer & Importer:
Tunçmatik Elektrik Malzemeleri Sanayi ve Ticaret A.Ş.
Yenişehir Mah. İmar İskan Blokları Cad. No: 1BU
34779 Ataşehir, İstanbul, Turkey
T : +90.216.314.51.51
F : +90.216.420.35.29
info@tuncmatik.com
Достарыңызбен бөлісу: |