1 Жаңа педагогикалық технологиялардың ерекшеліктері мен ғылыми-әдістемелік мазмұны


Оқу үрдісінде кеңінен қолданылатын ақпараттық-коммуникативті технология элементтеріне: э



жүктеу 344,78 Kb.
бет3/12
Дата03.11.2023
өлшемі344,78 Kb.
#44120
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
негізгі бөл

Оқу үрдісінде кеңінен қолданылатын ақпараттық-коммуникативті технология элементтеріне: электронды оқулықтар мен әдістемелер, интерактивті тақта, электронды энциклопедия мен анықтамалар, Интернетжелісі, суреттер мен көрнекіліктері бар DVD және CD дискілер, видео и аудиотехника, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен жобалар, Power Point бағдарламасында жасалынған презентациялар жатады.
Б.Т.Лихачевтің «Педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылым емес, қайта бала мен мұғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара қарым-қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылым» дейді [20]. Ендеше педагогикалық технологияның мәні шығармашылық қабілеттің дамуы үшін қажетті жағдай туғызу.
12 жылдық білім жүйесі бойынша бұл бағыттарды жүзеге асыру үшін мұғалім негізгі үш компонентпен таныс болуы тиіс. Олар: инварианттық компонент – мемлекеттің базалық оқу стандарты жүйесіндегі талаптар мен мазмұндарға жауап беретіндей жалпы міндетті оқу жоспарының бөлімін меңгеру, профильдік компонент – профильдік оқу стандарты талаптарының мазмұнында көрсетілгендей оқу курстарының тереңділігін, оқытылатын пәндердің өзара байланыстылығын меңгеру, тұлғалық компонент – оқушылардың өзіндік зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға байланысты мектеп ұсынған арнайы таңдау курстарын, оқу жоспарларын меңгеру [5,51б.].
12 жылдық мектепке көшу білім беру үрдісін технологиялық деңгейге ауыстыруды көздейді делінген әдебиет көзінде. Онда жеке тұлғаға бағытталған технологиялар: «ынтымақтастықта оқыту», «жобалар әдісі», оқытудың әр деңгейлі топтық және қосарлы нысандары, шығармашылық «ойлау», сабақтарды эвристикалық жүргізу әдістері сияқты мектеп оқушыларының жас және жеке психологиялық ерекшеліктерін ескере оқытудың нәтижелі нысандары мен әдістері көрсетілген [21].
1.2 Бастауыш буыннан балалардың дүниетанымын қалыптастыруда дүниетану пәнінің мүмкіндігі

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының қоғамдық өмірінде жүріп жатқан демократиялық өзгерістерге байланысты белгілі әлеуметтік шарттарды ескере отырып, жеке тұлғаны көздеген білім беру жүйесіне қойылатын талаптар күшейе түсуде. Сол талаптардың бірі – оқушының дүниетанымын қалыптастыруда елеулі ықпал жасайтын білім мазмұнын жетілдіру.


Дүниетану сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытатын және іске асыруға ықпал ететін түрлі жолдар қажет. Біздіңше, оқытудың төмендегі принциптерін дүниетану сабағында басшылыққа алу өте тиімді. Атап айтсақ: жаратылыстану тылсымы, көркемдік-эстетикалық табиғаттану, қарым-қатынас тілдік, даралау ынталандыру, кіріктіру, гуманизациялау, әр түрлі деңгейде оқыту мен тәрбиелеу жүйесінде бала тұлғасын дербес дамыту, нәтижелі-шығармашылық қызмет және т.б [22].
Дүниетанымның қалыптасуына адам, табиғат, қоғам туралы білімдер тірек болады. Адам, табиғат қоғам – бір тұтас дүние. Адам, табиғат қоғам арасындағы байланысты және оларды үнемі бірлікте дамитынын оқушылар бастауыш сыныптан бастап оқып, түсінуі жолға қойылып отыр. Өйткені дүниетану пәнін бастауыш сыныпта оқытудың барысында оқушының таным процесі дамиды. Танымға көмегін тигізетін оқушының сезім мүшелерінің жұмысы арқылы олар сыртқы дүниені қабылдайды. Әр түрлі оқу әрекеттері нәтижесінде олар дүниені бір тұтас бірлікте сезініп, қабылдау арқылы санасында білім қоры жиналып, ой өрісі кеңейеді, тіршілік заңдылықтары мен олардың себеп-салдарын түсініп, өмір сүру барысында керегіне сауатты пайдалану шеберлігіне ие болады. Мұндай дүниелердің барлығы жылдам орындала қоймайды. Ол танымдық әрекеттер арқылы жинақталады.
Танымдық әрекет – шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл - ой әрекеті. Ол танымдық қажеттіліктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекетті орындаудың тәсіл - амалдарынан тұрады [23]. Танымдық белсенділікті бір ғана белгімен көрсетуге болмайтын ұғым, оның алуан қырлы сипатын айқын көреміз. Белсенділік адамның әрекетке қатынасын өз бетінше әрекет етуге дайын болудан, ұмтылыстан, алға қойылған мақсаттарға жету үшін оңтайлы жолдарды таңдай білуден көрініс табатын жеке тұлғаның сипаты ретінде айқындалады. Оқушының танымдық белсенділігі өз кезегінде қабылдау, есте сақтау, ойлау, қиялдау үрдістері мен зейіннің тұрақты күйін қажет етеді [23,24б.б.].
Оқушылардың танымдық әрекеттерінің түрлері болса бірқатар психологтар мен педагогтардың еңбектерінде (М.А. Данилов, И.Я. Лернер, Л.В. Занков, М.И. Махмудов, А.А. Люблинская, А.Н. Леонтьев, Н.Б. Менчинская, П.Я. Гальперин, Д.Б. Эльконин, М.И. Левина, Ю.К. Бабанский, Т.И. Шамова, С.П. Баранов) зерттеу обьектісіне қарау жүйелі талданған.
Г.И. Шукина оқып білу жаңадан шындық ашу емес, бұрыннан белгілі адам тәжірибесінен өткен шындықтардың жиынтығын меңгеру. Сондықтан бұл шындықтарды оқушылар санасына жеткізу үшін ең алдымен мұғалімдер осы білімдерді шәкіртке жеткізудің әдіс-тәсілдерін меңгеруі керек деп дәлелдеді [24].
Б.П. Баранов оқытуды жеке бастың психологиялық дамуын тездету үшін және қоршаған ортаның бұрыннан белгілі заңдылықтарын оқушыларға меңгерту үшін жасанды ұйымдастырылған танымдық іс- әрекеттердің жиынтығы деп санайды [25]. Осы жайында тіпті өз кезегінде А.Я. Коменский болса, "мүмкіндігінше адамдар білімді кітап бойынша ғана емес аспаннан, жерден, еменнен, жөкеден, яғни, басқа біреудің байқағанынан, не сол жайында берген мәлімдемесінен емес, заттың өзінен алсын”- деп тұжырымдайды [26].
К.Д. Ушинский –жаратылыстану ғылымын оқытудың мәнін өте жоғары бағалап, оған балалардың қисынды ойы мен тілін дамыту құралы ретінде қарады. Оқушылардың сөз қорларын молайтып, тілін дамыту үшін ең алдымен оларды қоршаған ортаны танып білуге дағдыландыру қажеттігін ескертті. Табиғаттан білім беру арқылы оқушылардың ұғымды саналы игеруіне негіз қаланады деп есептеді. Оқушылар табиғат заңдылықтарын меңгеру үшін үнемі ақыл - ой сайысына түседі. Бұл сайыс олардың жаратылыс сырын ашылуына көмегін тигізеді деп қарады [27].
А.Я. Гердте мектеп қабырғасында оқушыларға жаратылыс пәндерінен білім беру жайында құнды пікірлер ұсынады. Ол оқыту барысында оқушының өздігінен ойлануын, байқағыштығын, танымын дамытудағы жаратылыстану пәнінің маңызын ашып көрсетті. Өсімдіктердің, жануарлардың өзінің тіршілік ортасына қарай икемділігін ашық түсіндіру керектігін ескертті [28]. Табиғатқа бақылау жүргізу нәтижесінде оқушылар өз пікірін айтуға, байқағанын қорытуға, ойларын тұжырымдауға жаттығатынын дәлелдеді. Әдіскер табиғаттан, қоғамнан берілетін білімнің мазмұнын ашты. Ол білім беруде ең бірінші орынға оқушылар көзқарасын қалыптастыруды қойды. Тек қана кітап арқылы алған білімінің үстірт, тиянақсыз болатынын айта келіп, нақты табиғат заттарының бетпе-бет қатыс жасау арқылы алатын білімнің нәтижесінің жоғарылығын басқа ешбір көрнекілікпен салыстыруға болмайтынын айтып, уағыздады. Өзінің бүкіл әдістемелік ой пікірін “Заттық сабақтар” атты еңбегінде тұжырымдап, бастауыш сыныпта әуелі өлі табиғатты, сонан кейін барып тірі табиғатты оқыту керек деген ұсыныс жасады. А.Я. Гердтің жаратылыстану пәнінің оқытуға арналған бұл еңбегінің мәні әдістемелік тұрғыдан да, териялық жағынан да тек сол кез үшін ғана емес сонымен бірге, қазіргі кезеңде де өте құнды зерттеулердің қатарына жатады.
Жаратылыстануды оқыту әдістемесін жетілдіруде К.Н. Ягодовскийде көп еңбек сіңірді. Оның бастауыш сыныптағы жаратылыстану пәнін оқыту мәселесіне байланысты көптеген еңбектері жарық көрді. Солардың ішіндегі ең бастылары: “Бастауыш мектептерде жаратылыстану сабақтары”, “Жаратылыстануды оқыту тәжірибесі” атты еңбектері. Бұл еңбекте де ғалым алғаш рет бастауыш саты оқушыларының табиғатты оқып үйрену және меңгерудегі психологиялық қажеттілігін ашып көрсетті [29,22б.]. Ол бастауыш мектепте оқушыларға табиғаттан берілетін білім жүйесін меңгерте отырып, балалардың табиғатпен қарым-қатынас дағдысын тәрбиелеуді көздеді. Әдіскердің бүкіл ғылыми жұмысының қорытындысы ретінде “Жаратылыстану әдістемесінің жалпы мәселелері” деген еңбегі жарық көрді [29,23б.]. Ол осы жұмысында жаратылыстанудың әдістемесін педагогикамен, психологиямен байланыстыра жүзеге асыру арқылы балалардың физиологиялық, психологиялық ерекшіліктерін ескеруге мүмкіндік туатынын, осылай еткенде ғана әдістемені қолдануды ғылыми жолға қоюға болатынын сөз етеді. Сонымен қатар, әдіскер ғалым жаратылыстану бағдарламасының мазмұны мен мақсатын да анықтайды. Бағдарламаның басты мақсаты - баланы дамыту және білімді саналы меңгерту мәселелері болу керек екенін атап көрсетті [29,22б.]. Мұндай еңбектің педагогтар қауымы үшін ең басты құндылығы – қызыққыш, еліктегіш, сенгіш бала психологиясына сүйеніп, оларға табиғаттың сан алуан құбылысы мен байлығын түсіндірудің тиімді жолын іздестіру. К.Н. Ягодовскийдің білім беру барысында оқушылардың саналы меңгеруін қамтамасыз етуге көмектесетін сарамандық сабақтарды жиі ұйымдастырып, табиғат бұрышында жүйелі бақылау жүргізуге көңіл бөлуді нұсқаған ұсынысы мұғалімдер қауымы үшін өте құнды пікір болды.
Алдыңғы қатарлы орыс әдіскерлерінің осындай пікірлері мен әдістемелік ұсыныстары Ы. Алтынсариннің “Хрестоматия” оқулығының шығуына септігін тигізді. Бұл оқулықта енген тақырыптар қоғамға, табиғатқа, сонымен бірге адамдар арасындағы қарым- қатынасқа арналған [30].
Бүгінгі күні білім мазмұнын кіріктіріп оқыту арқылы оның ғылыми деңгейін көтеру мәселесі қойылып отырған жағдайда бастауыш сыныптар оқушыларға табиғат, адам, қоғам жайында беретін білім негізінде олардың дүниетанымын қалыптастыру үшін дүниетануды оқытудың ғылыми әдістемелік жүйесін жасау орынды талаптардың бірі. Дүниетану пәні бойынша оқушыларға еліміздің табиғаты, табиғи байлығы, эканомикасы, ғылымы мен мәдениеті, этика, әдеп, эстетика, адам табиғат арасындағы қарым-қатынас түрлері жайында ғылыми сарамандық ұғымдар беріледі. Пәнді оқып меңгеру барысында оқушылар дүниенің үш құрамдас бөлігі: адам, қоғам, табиғат саласынан білім алады. Биология, химия, география пәндерінің бастама негізі қаланады. Атап айтсақ, қоршаған дүние заттары, құбылыстары, табиғат, экология туралы ғылыми түсінік қалыптасады. Тарихи деректер жайында жалпы мағлұмат алып, халықтың салт-дәстүрі, тұрмыс тіршілігі, табиғат байлығы, мәдени-әдеби сабақтастықты көре білуге үйренеді. Пәннен алған ұғымдарын басқа пәндерге кіріктіре оқу арқылы дүниенің тұтастығы жайында жүйелі білім негізі қалыптасады [40,41б.]. Бұл білімнің барлығы кез келген тұлғаның жан-жақты қалыптасуында үлкен орын алады.
Жастардың болашаққа деген бағыт бағдары отбасында, мектеп қабырғасында, жалпы қоғамдық деңгейде алсақ, бүкіл қоршаған дүние ортасында қалыптасады. Әрине, қоршаған дүниенің әр саласының көзқарасқа тигізетін әсері, беретін білімі, тәрбиеге ықпалы әр түрлі. Мемлекетіміз осының бәрін ескеріп, білім беру жүйесін баса дамытуға, оның дүниежүзілік деңгейге көтерілуіне аса мән беруде. Осындай аса маңызды сенім жүктеліп отырған жастарымыздың болашақта мемлекеттік жауапты қызметтерді атқаратындай, өз мүддесінен гөрі халықтық мүддені жоғары қоятын деңгейде өсіп жетілуі үшін оларға сапалы білім беру, саналылыққа тәрбиелеу, жеке бас құндылығын көтеру оқу ағарту саласының үлесіне тиеді.
Осыған байланысты білімнің мазмұнын, оқыту әдістері мен сабақты ұйымдастыру нысандарын жетілдіруді нақтылай түсу қажеттілігі туындайды. Білімнің әр бір бөлігі оқушы дүниетанымын қалыптастыруға септігін тигізіп, олардың әлем туралы ой жүйесін дамытуға негіз салуы тиіс. Орта білім стандартында «мектептің әр бір саласында жеке тұлғаны дамыту міндетіне сай білім мазмұнын толық жүзеге асуын қаматамасыз ету» талабы қойылып отыр. Мұнда әсіресе, оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру мәселесі басты орынды алмақ.
Дүниетану – “дүние және тану” деп аталатын екі бөліктен тұрады [30,9б.]. Алдымен нені танып білу керектігін анықтауымыз керек. Оқушыларға танытқалы отырғанымыз – дүние. Сол дүниені танып білу әдістерімен оларды қаруландыру жолын іздестіріп, тиімділерін іс жүзінде қолдануға ұсынбақпыз.
Дүние – қоршаған орта, табиғат, бүкіл әлем, олай болса бұған енбейтін, оның құрамына кірмейтін бірде-бір зат не құбылыс жоқ. Адам дүниені өмір бойы танып, білуімен оның таусылмас ерекшіліктерін бақылап, байқаумен айналысатыны анық. Бірақ оның сырын түгел біліп шегіне шыға меңгеру мүмкін емес. Дүниені өз дәрежесінде танып білу әр адамның меңгерген білім деңгейімен мазмұнына байланысты жүзеге асады. Адамның әр бір даму кезеңіне байланысты дүниені тану шеңберімен оның мәнің ұғыну дәрежесі тереңдей түседі. Әр кезеңінің психологиялық ерекшіліктеріне байланысты дүниетану мүмкіндігі де өзгереді. Дүниені өз мәнінде тану үшін адамның санасы, ой пікірі, білім деңгейі даму керек. Керісінше дүниені танып білуге байланысты білім көлемі мен ұғым деңгейі, сана сезімі кеңейе түседі. Адамның көзқарасы сол кездері қалыптасады деп айтуға да болады [30,12б.].
Қоршаған дүниені білу танымға байланысты. Таным – адам санасын дамытудың негізі және ол арқылы адам өзін қоршаған ортаның игеруге де үйренеді.
Таным – философиялық ұғым, “айналадағы материалдық шындықты адам санасында бейнеленуі” [31]. Қоршаған дүние обьективті түрде өмір сүретін болғандықтан, оның заттары мен құбылыстары санада бейнеленеді. Көру, сезіну түйсіну арқылы сезім мүшелерімізге материалдық заттар әсер етеді де, біз оларды қабылдаймыз. Қабылданған дүниені танып білеміз. Сезім арқылы таныған дүниені ғылыми біліммен байланыстырғанда ғана білім қалыптасады. Қабылдау барысында сыртқы сезім мен ішкі сезімдер бірге отырып, танымды нақтылай түседі. Сезінуді ойлау процесі құптау арқылы танымның логикалық формасы дамиды [31,23б.].
Адам баласы таным арқылы білмеуден білуге көшіп отырады. Ол затты құбылысты танығаннан кейін, енді таныс еместерін білуге ұмтылады, ізденеді. Сөйтіп, әлде де толық емес білім, толығырақ, дәлірек білімге қарай дамиды. Тану үшін адам дүниеге белсенді әсер етеді, оған ықпал жасап, өзгертеді, екінші зат ендіреді, соның нәтижесінде өзі де өзгереді [30,47б].
Таным арқылы заттар мен құбылыстардың басты белгілері, ұқсастықтары мен айырмашылықтары жайындағы бейнені қабылдау нәтижесінде ұғым туады. Таным практикалық қызмет барысында іске асады. Осылайша таным нақты дүниге, қоршаған ортада, бар заттарға негізделеді.

жүктеу 344,78 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау