«Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді өткізу» мемлекеттік қызметінің стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызмет – «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді өткізу»



жүктеу 64,02 Kb.
Дата17.01.2018
өлшемі64,02 Kb.
#7626


Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы « » .
№ қаулысына
қосымша

«Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді өткізу»
мемлекеттік қызметінің стандарты

1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызмет – «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді өткізу» (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).

2. Осы мемлекеттік стандартты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – қызмет беруші) жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың қатысуымен көрсетеді.

4. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі.

5. Бірдейлендіру – жануар туралы деректерді деректер базасына енгізе отырып және жануарға ветеринариялық паспортты бере отырып, сырға, чип, таңба салу жолымен жануарларға жеке нөмірді беруді қосатын жануарларды есепке алу жүйесі.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
6. Мемлекеттік қызметті қызмет беруші мынадай мерзімдерде көрсетеді:

1) өтінішті/өтініш пен кестені тапсыру кезінде кезекте күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты – жиырма минуттан артық емес.

2)өтініш қабылдаудың ең ұзақ рұқсат етілген уақыты – он бес минуттан артық емес;

3) мемлекеттік қызметті көрсету күні мен уақыты туралы талонды алу кезінде кезекте күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты – жиырма минуттан артық емес;

Сырғаларды/сырғаны жоғалтқан/зақымдаған кезде қайталама мемлекеттік қызмет (телнұсқасын алу) жануарларға жаңа жеке нөмірін бере отырып, осы стандартқа сәйкес сырғалар келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

7.Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны өзге*.

8.Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі мынадай тәсілдердің бірімен (сырға тағу, таңба басу, чип салу) жануарларға жеке нөмірін беру болып табылады.

9. Мемлекеттік қызмет ақылы ұсынылады (сырғалардың, чиптердің, болюстардың құнын қайтару). Қызмет алушы мемлекеттік сатып алу туралы конкурстың нәтижелері бойынша айқындалған сырғалардың, чиптердің, болюстардың құнын екінші деңгейлі банктер немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төлейді.

Қызмет алушы мемлекеттік қызметті төлеу кезінде мынадай құжаттар нысандарын толтырады:

1) қолма қол ақшалай төлем тәсілі кезінде ‒ төлем туралы түбіртек;

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Басқармасының
2000 жылғы 25 сәуірдегі № 179 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және қолма қол ақшалай емес төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларына сәйкес қолма қол ақшалай емес төлем тәсілі кезінде – төлем тапсырысы.

10. Мемлекеттік қызмет осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетіледі. Жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мерекелік күндер.



Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

Бірдейлендіруді өткізу (жеке нөмірін беру) орны мен уақытын жергілікті атқарушы органының әкім айқындайды.

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушы қызмет берушіге:

жеке тұлғаларға тиесілі жануарларды бастапқы бірдейлендіру үшін:



  1. осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес өтінім (бұдан әрі – Өтінім);

  2. сырғалардың, чиптердің, болюстардың құнын төлеу туралы түбіртек;

заңды тұлғаларға тиесілі жануарларды бастапқы бірдейлендіру үшін:

  1. сырғалардың, чиптердің, болюстардың құнын төлеу туралы түбіртек;

ірі қара малдың сырғаларын жоғалқтан/зақымдаған кезде телнұсқасын алу үшін:

  1. сырғаның телнұсқасын алуға арналған өтінім;

  2. сырғалардың, чиптердің, болюстардың құнын төлеу туралы түбіртек;

  3. жануар паспортының көшірмесін ұсынады.

12. Қызмет беруші құжаттарды қабылдау кезінде қызмет алушыға осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес тиісті құжаттарды қабылдау туралы талон береді.

13. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз өтініште/өтініш пен кестеде көрсетілген дұрыс емес ақпаратты ұсыну болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды қызмет алушы қызмет берушіден қағаз нысанында алады.

3. Мемлекеттік қызметті шағымдау тәртібі
14. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген немесе әдепсіз қызмет көрсетілген жағдайда шағым:

1) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша қызмет беруші басшысының атына;

2) 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 301-кабинет, телефоны: 8 (7172) 55-57-63 мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің (бұдан әрі – Министр) атына беріледі.

Жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мерекелік күндер.

Шағым www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан Министрдің блогында баяндалуы мүмкін.

3) шағым бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша беріледі.

15. Қызмет берушінің лауазымды тұлғаларының әрекеттерін (әрекетсіздігін) шағымдау тәртібін түсіндіруді, сондай-ақ шағым дайындауда жәрдем көрсетуді осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан заң қызметінің мамандары жүзеге асырады.

16. Қызмет беруші қызметкерлерінің құқықсыз әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым өтініштің көшірмесін қоса беріп, еркін нысанда беріледі.

Қызмет алушы өзінің шағымында міндетті түрде:

1) тегін, атын, әкесінің атын;

2) жауап жолдануы тиіс пошталық мекенжайын;

3) шағым мәнінің баяндалуын;

4) жеке қолын және күнін көрсетеді.

Қызмет беруші қызметкерлерінің құқықсыз әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым «Мемлекеттік қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының заңында көзделген мерзімдерде қаралады.

Қызмет беруші қызметкерінің әрекеттерін (әрекетсіздігін) шағымдау тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

17. Шағым берген қызмет алушыға өтінішті қабылдау күні мен уақыты, қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.

Шағымды қарау нәтижесі пошта бойынша жолданады не қызмет алушыға берілген талон бойынша қолға (не сенімхат бойынша өкіліне) беріледі.

Шағымды Портал арқылы «жеке кабинеттен» жөнелткеннен кейін қызмет алушыға мемлекеттің органда өңдеу барысында жаңартылатын шағым туралы ақпарат (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау нәтижелері бойынша жауап немен қараудан бас тарту) қолжетімді болады.

18. Көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа өтініш жасауға құқылы.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін
ескере отырып, өзге де талаптар
19. Қызмет алушылар үшін мемлекеттік қызметті көрсету кезінде күту және қажетті құжаттар дайындау уақытына жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталады).

20. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет ресурсында орналастырылған.

21. Қызмет алушы жадынамасы түріндегі мемлекеттік қызметті алу тәртібі туралы қысқаша ақпарат және мемлекеттік қызметті алу схемасы www.e.gov.kz порталында орналастырылады.

Мемлекеттік қызмет туралы (толық және қосымша) ақпарат сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны (1414) бойынша ұсынылады.


* өзге – сырға тағу, таңба басу, чип салу.
_______________________
жүктеу 64,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау