2.2 Дүниетану пәніндегі «Табиғат» блогы бойынша білімді интербелсенді әдістері арқылы меңгертудің әдістемесі
Бастауыш буынның «Дүниетану» оқулықтарын құрастырушы авторлар Қ.А.Аймағамбетова, К.Жүнісова, Ә.Б.Бірмағамбетов баланың санасында дүниенің біртұтастығы және табиғаттағы тепе-теңдік жөнінде мазмұндық ұғым қалыптастыруда оқулық мазмұны толық жауап береді және берілген тапсырмаларының мақсаты мен құрылымы да осы бағытты көздейді [40].
Оқулық мазмұны мен тапсырмалар оқушының жеке көзқарасын, сараптама жасай білуін қалыптастырып, оны жеке өзі немесе топпен жұмыс істеу барысында қолдана білуіне, жаңа материалды тез игеруде тәжірибе жүзінде зерттеу жасап, табиғаттағы денелер, заттар және оның қосылыстары мен өзгерістері, қоршаған дүниедегі заттардың басқа заттармен байланысын, түзілісін түсініп, зерттеу нысаны туралы өзінің көзқарасын қалыптастыратындай болуы жағынан қарастыра құрастырылған. Әйтседе кез келген бастауыш мұғалімі өз сыныбының, әр оқушының жеке дара ерекшелігін ескеру және аймақтық жергілікті компоненттерді кірістіре оқыту мәселесіне байланысты тапсырмалар құрастыруда оқулық авторлары ұстанған принципті ескере қолдануы тиіс. Мұнда тапсырмалар іздеу-білу-дәлелдеу әрекеттеріне бағытталған болу керек деген талап қойылады [41].
Оқушылардың тұлға ретінде дамуында олардың санасында ғылыми ұғымдардың қалыптасуы үлкен әсер етеді. Әр пәннің мазмұны мен мақсатына орай оқушыларға беретін ғылыми ұғымдарының да мазмұндық, жүйелік, көлемдік ерекшеліктері бар. Ендеше табиғат туралы ұғымдар бүкіл сөздіктегі ұғымдардың 80-90 % алатыны белгілі. Сондықтан қоршаған әлемдегі денелер мен заттардың, құбылыстар мен өзгерістердің атаулары қаншалықты десеңізші. Өте көп. Сондықтан қоршаған ортаны зерттеу сол ұғымдар мен түсініктерді меңгеруде мазмұнын терең меңгеруге көмектесетін маңызды ғылыми әдіс болып келеді. Алайда зерттеушілік қабілет қызығудан туындайтыны сөзсіз. Сондықтан кіші жастан балалардың танымдық қызығушылық зерттеу жүргізу қабілеттерін қалыптастыруды көздейді. Бұл әрекеттерге бастауыш сатыда өтілетін дүниетану пәні арқылы қол жеткіземіз. Ендеше дүниетану сабағында оқушылардың дүниетанымының қалыптасуына, олардың ой-өрісінің дамуына, шығармашылық жұмыстармен айналасуына, білім сапасын арттыруға, өздерінің өй-пікірлерін жеткізе білетіндей жұмыстарын жүргізуіміз қажет. Зерттеу жұмысын тиімді ұйымдастыра, әрі балалар сол бағытқа дұрыс дағдыланып, қызығушылығы артса, «Дүниетану» сабағының сапасын арттыруға болатынына толық көзіміз жетеді.
Білім берудің мәні баланың өзінің дербес мүмкіндіктерін ескере отырып белсенді іс-әрекет жасауына, оқуға деген ынтасы мен өз қабілетін еркін көрсете білуіне, оқушының тұлға ретінде үнемі дамуына, өзін-өзі тәрбиелеп дамытуына, жасы және жеке бас ерекшеліктерін ескеруге жағдай туғызуды қажет етіп отыр. Білім берудегі бұл мәселелер қазіргі таңда қоғамдағы ең өзекті тақырыпқа айналып отыр. Бастауыш мектеп үрдісінде жеке тұлғаға бағыттап оқытуды өзектілендірудің басты себебі [42]:
- оқу барысында дәстүрлі оқытуда мұғалім оқушыны бастауыш пәндері бойынша қайшылыққа әкеліп, оны шешудің жолдарын табуды жеке тұлға ретінде ұсына алмады;
- оқу барысында жеке тұлға ретінде оқушы қайшылықты практикалық іс-әрекетте көрсете білмеді немесе шеше алмады;
- оқу барысында мұғалім оқушыға жеке тұлға ретінде бір сұрақты жан-жақты қамтитын бірнеше жауаптар ұсына алмауы, құбылысты әр түрлі позициядан қарастыру технологиясы жүзеге аспады;
- оқу барысында мұғалім оқушыға жеке тұлға ретінде ұқсастықтар мен қайшылықтарды өз беттерімен салыстыруға, қорытуға, түйіндеуге жағдай туғызбады;
-жеке тұлға ретінде оқушы өз бетімен нақты сұрақтар қоюды, мәселелерді шешуді өз бетімен жүзеге асыру технологиясы жүзеге аспады. Ендеше дәстүрлі оқыту жүйесінің инновациялық оқыту технологияларына алмастырудың басты себебі де осы еді, яғни оқыту технологиялары оқушы тұлғасын басты орынға қоя оқыту педагогикалық үрдіс субъектілерінің өзара қарым-қатынастарының мазмұнына негізделмеді.
Оқушылардың жаңа технологиялар көмегімен қалыптасатын және жүзеге асырылатын ойлау қабілеті бұрынғы технологиялар арқылы берілетін ойлау жүйесінен өзгеше болатындықтан, тек ойлау қабілеті түсінігі ғана емес, жаңа жағдайда психикалық функциялардың басқа жақтары да қайта қарастырылуы тиіс. Осының бәрі жаңа ақпараттық және педагогикалық технологиялар жасау саласында, білім парадигмасын құруда тың инновациялық жұмыстар жүргізуді талап етуде. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіру болып табылады [43].
Бастауыш сыныптарға арналған бағдарламалар педагогикалық үрдісті жаңаша қарауды талап етеді. Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты – жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру болса, оқытудың негізгі мақсаты - өздігінен дамуға ұмтылған жеке тұлғаны қалыптастыру. Әйтседе өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлға жайдан-жай қалыптаса қоймасы анық. Сондықтан бастауыш мұғалімі баланың танымдық қызығушылығын белсендіру мәселесін жаңа тұрпатта ойлап ұйымдастыра білуі керек. Өзгермелі бүгінгі әлемде оқытудың инновациялық технологиясын меңгермейінше жан-жақты, сауатты, іскер мұғалім-жаңа тұрпатты мұғалім болуы мүмкін емес. Сол себепті де, жаңа тұрпатты мұғалім - заманауи педагогикалық құралдардың жаңа әлеуетін меңгерген, инновациялық технологиямен қаруланған, баланы жетілдіруге үнемі ұмтылып отыратын, рухани дамыған, шығармашыл, креативті, интеллектуалды тұлға, білікті маман болуы шарт.
Қазіргі кезеңде білім беру, оқыту, тәрбиелеу саласындағы дәстүрлі әдістермен қатар технологиялық жаңа түсініктер және танымды жетілдірудің жолдары өрістей түсуде. Әсіресе танымдық қызығудың сабақтастығы мәселесінде шешуші мәнге ие болуда. Осы орайда елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, өзгеше қарым-қатынас, жаңа көзқарас пайда болуда. Алған білімдерінің негізінде еркін бағамдай алатын, өзін таныта, дамыта білетін, қазіргі тез өзгермелі өмірге өз бетінше дұрыс шешім қабылдай алатын тұлғаны қалыптастыру жетекші міндет. Кез келген мәселенің қабылдануы, оны сезініп пайымдалуы, содан барып мойындалып, іске асуы бір сәттік емес, бірнеше кезеңнен тұратын ұзақ процесс.
Дүниетану сабағында инновациялық технологияларды қолдану арқылы біз оқушыларға еліміздің табиғаты, табиғи байлығы, экономикасы, ғылымы мен мәдениеті, этика, әдеп, эстетика, құқық пен өнері, адам-адам, адам-қоғам, адам-табиғат арасындағы қарым-қатынас түрлері жайында ғылыми ұғымдар беріледі. Пәнді оқып меңгеру барысында оқушылар дүниенің үш құрамдас бөлігі: адам, қоғм, табиғат саласынан білім алады. Биология, химия, география, физика пәндерінің бастама негізі қаланады. Атап айтсақ, қоршаған дүние заттары, құбылыстары, табиғат, экология туралы ғылыми түсінік қалыптасады. Тарихи деректер жайында жалпы мағлұмат алып, халықтың салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі, табиғат-тіршілігі, табиғат байлығы, мәдени-әдеби, көркем- қолөнер шығармашылығы арасындағы байланысты, сабақтастықты көре білуге үйренеді. Пәннен алған ұғымдарын басқа пәндермен кіріктіре оқу арқылы дүниенің тұтастығы жайында жүйелі білім негізі қалыптасады [44].
«Дүниетану» пәнін оқытуда инновациялық технологияның мүмкіндіктерін дұрыс пайдалану мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Шебер ұстаз жаңа технологиялардың мүмкіндіктерін бірден байқап, өз сабағында жүйелі қолданып отырады. Бұл әрекеттер арқылы оқушыларды да, өзін де сабақта жалықтырмай керісінше ынталандыра түседі.
Бір-бірімен астасып, бірін-бірі толықтырып, бір-бірінің жетпейтін тұстарын дамытып, жетілдіріп отыратын білім беру технологиялары балаларды терең бiлiм алуға жетелеп, шығармашылық қабілетін дамытты. Әлем, табиғат, адам, топ, ұжым мен жолдастарына құндылық ретінде қарауға үйретіп, қарым-қатынас мәдениетіне төселдірді. Өмiрдiң әр түрлi жағдайларында білімі мен білік, дағдысын, іскерлігін қолдана білуге көмектеседі.
Дүниетану сабақтарында білімнің маңызды көзі- табиғатты бақылай отырып зерттеу, түрлі қарапайым эксперимент қою сияқты әрекеттер. «Көзбен көріп, қолмен ұста» дегендей, әр сабақта жыл мезгіліне байланысты табиғат тылсымын танып білуге бағыттау, ізденушілік қабілеттерінің дамуына ықпал етеді [30,82б.].
Дүниетанудың білімдер жүйесін қажетті құралдарсыз, зерттеусіз беру, оқушылардың мәтінді жаттап қана шектелуімен сипатталып, олардың санасында бұл түсініктерге сәйкес бейнелер қалыптаспайды. Бұл білім тек формальды сипатта болып, сондықтан алған білім жылдам естен шығып кетеді. «Тек айтсаң-ұмытуым мүмкін, көрсетсең-есте сақтаймын, ал іске тартсаң-үйренемін!» дегендей әр сабақта түрлі құрал-аспаптарды пайдаланып зерттеу жүргізуі, баланы кішкене ғалым роліне бағыттау, яғни глобус, компас, барометр-анеройд, желбағар басқа да жұмыс жасауға арналған құрал-жабдықтар болса, алған білімдері мен біліктерін тәжірибеде қолдану қабілеттерін аша түспек [44,27б.]. Мұның барлығы балалардың практикалық әрекеттерінің қалыптасуына, зерттеу, іздену, шығармашылық сияқты қабілеттерінің дамуына септігін тигізеді.
Дүниетану пәнін оқытуды зертханалық, сарамандық жұмыстар-білім сапасын арттыруға, оқушының қызығушылық, ізденушілік, зерттеушілік, ойлау қабілеттерін жетілдіре түсуіне жақсы әсерін тигізеді.
Дүниетану сабақтарында оқушылардың танымдық қабілетін арттыру үшін қолданылатын негізгі әдістің бір-тәжірибе. Оқушыларға табиғат обьектілерінің қасиеттерін, табиғат құбылыстарының мәнін таныстыру қажет болған жағдайларда тәжірибелер жасаудың үлкен танымдық ролі жоғары. Денелердің қасиеттері мен түрлі табиғат құбылыстары арасындағы байланыстарды анықтау үшін түрлі тәжірибелер жасалады.
Табиғаттағы бүкіл денелер, заттар, құбылыстар, өзгерістер және олардың себебі, салдары туралы білім меңгеру ісінің түрі – зерттеу болып табылады. Осы зерттеу арқылы олардың сырына қанығады, қасиеттерін меңгереді, салдарын ұғынады, содан барып баланың жалпы дүниетанымы қалыптасады. Зерттеу ісінің қозғаушысы - ұстаз бен оқушының біріккен қарапайым ғылыми –зерттеу жұмыстары және танымдық іс-әрекеттерінің жиынтығы болып табылады [30,29б.].
Жобалау-зерттеу әрекеттері бала жаратылысына тән, білуге құмарлық, байқау жасауға талпыныс, өзінше эксперимент жүргізу сияқты табиғи құбылыстарды ынталандыра отырып, олардың жеке қасиеттерін ашуға жағдай жасайды. Алайда, бастауыш сатыда зерттеудің әдістерін қолданудың өзіндік қиындықтары бар. Төменгі жастағы баланы зерттеу тақырыбымен «қинауға» болмайды. Әрине, ол табиғатынан туа біткен зерттеуші, бірақ алғашқыда оған бәрі арнайы түрде үйретіледі: проблеманы қалай анықтауға болады, болжамды қалай құрылымдау керек, байқауды, экспериментті қалай жүргізу керек және т.б. қысқасы, оның зерттеушілік табиғаты үнемі педагогикалық қамқорлықты қажет етеді.
Мектеп жасына дейінгі балаларды айналаны тану іс-әрекеттер арқылы дүниетанымының бастапқы қадамдары:
1. Баланың жақын орта табиғатына саналы-дұрыс көзқарасы – ол дүниетанымның қалыптасуының бастамасы. Саналы-дұрыс көзқарасының қосылғыштары- табиғат заттары мен денелері және табиғат кұбылыстар туралы білімдер, табиғаттағы өзгерістірге эмоциялы-сезімтал әсерлену шілік, барлық тірі жанды, өзінің тұратын ортасын, табиғат объектілерінің сұлулығын сақтауға шын дайындығы.
2. Бала дүниетанымының қалыптасу әдісі ретінде танымдық бағытындағы білімдерді және дағдыларды қалыптастыру жүйесін құру. Балалардың табиғатпен өзара байланыстарды әртүрлі (интелектуалды, өнегелі, эстетикалық) өз бетімен көрсетуі – олардың танымдық әрі экологиялық тәртібінің көрсеткіші.
3. Балалардың іс-әрекетінің әр қилы түрлерінің өзара байланысы және табиғатқа саналы көзқарасының қалыптасуындағы рөлі. Баланың тірі табиғаттың объектерімен өзара қатынасы.
4. Балаларда заттардың физикалық қасиеттер және қоршаған орта құбылыстарының заңдылығы туралы көзқарасты дамуына жағдай жасау. Заттардың түрлі қасиеттерін анықтау үшін жағдай жасау, заттарды зерттеу және олардың қасиеттерін салыстыру (күнделікті өмірде осы қасиеттерді қолдану әдістерін табу, заттардың кейбір қасиеттері жойылса немесе басқа өзгеше қасиеттері пайда болса не болатынын):
- құммен, лаймен, қармен, сумен, қамырмен, бидаймен ойнаған кезде; осы және басқа материалдармен (ағаш, пластмасса, темір, қағаз, маталардан жасалған заттар) зерттеу, эксперимент өткізу кезде;
- қар еру, мұз қату, қайнау, булану, су конденсациялау, оның қимылын, түрлі температурада әртүрлі заттарға (бидай, сабын, кір, лай құм) әсерін бақылау кезде;
- бақыланған құбылыстарды талқылаған кезде.
5. Жыл маусымдар белгілерімен балаларды таныстыру, аспандағы күннің орналасуын, жарық күннің жалғасын, ауа температурасын, жаңбыр, жауын, қар, қырау, таңертеңгі шық, кемпірқосақты бақылау.
6. Өсімдіктер, жануарлар және адамдар туралы көзқарасын дамуына жағдай жасау. Нақты мысалдардың көмегімен жер бетіндегі неше түрлі формалармен таныстыру (жанды объектілер, иллюстрациялар, модельдер көрсетуімен, әдебиетті оқуымен), өсімдіктер, жануарлар және адамдардың бірыңғай немесе ерекше қасиеттері болатынын түсіндіре өту.
Табиғаттың біртұтастығын түсіндіру - әр тірі нәрсенің өмірі тұратын ортаға байланысты, тірі және жанды емес табиғат объектілерінің өзара байланысы және байланыстылығын көруге көмек беру, осының негізінде жер- біздің жалпы үйіміз, ал адам табиғаттың бөлігі деген ойды дамыту, өз өзімен және қоршаған ортамен гармонияда өмір сүру қажеттілігін, өсімдіктер және жануарлардың жағдайын еске алу біліктілігін ұйымдастыру.
1. Өсімдіктер мен жануарлардың тұратын орындарының әр түрлілігі (жер бетінде және астында, ауада және жер бетінде, суда, өсімдіктер және жануарлардың негізгі түрлері) туралы білімді дамыту.
2. Жыл маусымдарына қарай тұратын ортаның жағдайларының өзгеруі, соған қарай тірі жандардың іс- әрекетін өзгерту және осы бейімдеудің мақсаты туралы білімді дамыту.
3. Осы немесе басқа маусым кезінде адамдар өсімдіктер және жануарларға ортаның ерекшеліктеріне бейімделуіне қалай көмек көрсететінін әнгімелеу.
4. Өсімдіктердің топтануымен (көгал, орман), ол деген флора «қабаттары», және әр-түрлі өсімдіктермен эко-жүйеде жасалған жағдайлармен таныстыру; флораның өкілдері тұратын ортадағы әр-түрлі жағдайларға бейімделу жолдарын көрсету.
5. Экскурсия және арнаулы серуендеу (орманға, су қоймасына, туған, т.б.) барысында ландшафттың әртүрлілігімен таныстыру, түрлі материалдардан олардың модельдерін жасауды, фото және видео суреттерді қолданып оларды салуды немесе сызуды үйрету.
6. Әртүрлі табиғаттық зоналар, адамдардың, өсімдіктер және жануарлардың өмір сүру жағдайлары және ауа райының өзгеруіне бейімделу туралы білімді құру.
7. Шығармашылық іс-әрекетке жағдай жасау.
1. Бақылау, эксперименттеу, күрделі жағдайда шешім қабылдау, модельдеу үшін жағдай жасау; анализдеу, салыстыру, жинақтау (маңызды белгілерді бөліп алу негізінде), дербес немесе жалпы байланыстарды құрастыру қабілеттілікті арттыру.
2. Бақылау дағдыларын жетілдіру: мақсат қою, сенсорлы және интелектуалды қабілеттерін қолдану, бакылау жүрісін жоспарлау, нәтиже шығаруға үйрету.
8. Тірі табиғатқа жақсы эмоциялық көзқарас дамуына жағдай жасау. Ендеше балалардың назарын тірі жаңдардың сұлулығына, мүлтіксіздігіне қарату (өсімдіктр, жануарлар, құстар шыбын-шіркей), олардың ерекшелігіне, қайталанбайтынына, өсімдіктермен жануарлардың сенсорлық талқылауға келетін белгілерін (эстетикалық жағынан) бөліп алуды үйрету, түсі, көлемі, өлшемі, бөліктерімен мүшелері, кеңістік, ерекшеліктері (бір түрдің әр-түрлі объектерінде), бау-бақшаның өсімдіктерінің айырмашылығы, осы сұлулықты шығармашылық өзара іс-әрекетінде, яғни рольдік ойыңдарда, суреттерде, қолдан жасалған заттарда, өсімдіктермен жануарлар туралы әнгімелерде және ертегілерде қөрсету.
Қорыта келе, қазіргі заманғы мектептің жұмысы жеке тұлғаны жан – жақты дамыту, оның ішкі дүниесін тану ең негізгі білім берудің принципі болып табылады. Яғни осы принциптерді қолдана алатын педагогтар дайындау қажеттілігі туындайды және іске асыру үшін тиімді жолдар іздестіріледі. Жеке тұлғаға бағытталған оқыту сабағының мақсаты – жеке тұлғаның қасиеттерін ашуға жағдай жасау мақсатқа жетудің құралы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |