1 Жаңа педагогикалық технологиялардың ерекшеліктері мен ғылыми-әдістемелік мазмұны



жүктеу 344,78 Kb.
бет5/12
Дата03.11.2023
өлшемі344,78 Kb.
#44120
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
негізгі бөл

Оқушылардың дүниетану пәніне деген қызығушылығын және сабақтың сапасын арттыруда мынындай мақсат көзделеді:
-оқу материалында баланы қызықтыратындай құпиясы бар мәселе туғызу;
-оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту;
-логикалық ойлау қабілетін дамыту, өздігінен жұмыс істеуге дағдыландыру;
-оқушының жеке басының дара және дербес ерекшелігін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру.
Бұл мақсаттардың орындалуын тың істермен, жаңа әдіс-тәсілдермен іске асыруға болады. Дүниетану пәнін оқытуда ақпараттық – коммуникативті технологияны жүйелі қолдану оқушыға дүниенің заңдарын терең меңгертіп қана қоймайды, оның логикалық ойын дамытып, эмоциясына, сезіміне қозғау салады. Оқушы ешкімнің көмегінсіз өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыланады. Әр баланың аз болсын, көп болсын өмірлік тәжірибесі болады. Баланың тамырын басып, сол тәжірибелерін анықтап, өмірдегі білімдерін туған жерін сүйіп, сыйлауға баулыса, меніңше кез-келген оқушы іркіліп қалмайды.
Бастауыш мектепте «Дүниетану» пәні негізінен үш блокты: «Адам», «Табиғат», «Қоғам» объектілерін бірлестіретін пән болып табылады. Яғни «Өмір әліппесі» болып саналған «Дүниетану» пәнінің мақсаты – оқушыларды «Адам-қоғам-табиғат», олардың байланысы туралы білім беру арқылы қоршаған ортадағы баланың өз орнын ұғынуына көмек, негізгі және орта мектептерде оқылатын жаратылыстану пәндерінің негізін қалап, келешекте сол пәнді ғылыми тұрғыдан меңгеруге дайындау. Олай дейтініміз, дүниетануды бастауыш сыныпта оқытудың барысында оқушының таным процесі дамиды. Танымына көмегін тигізетін сезім мүшесі сыртқы дүниені қабылдайды. Дүниені тұтас бірлікте сезініп, қабылдау нәтижесінде оның санасында білім қоры жиналып, ой-өрісі кеңейеді [30,17б.].
Қазақтың ойшыл ағартушыларының қайсысын алсақ та, олар табиғатқа еліктемей, оның сырын ашып, еліне, халқына танытуға талпынбай қойған емес. Табиғат әрқашанда өзінің ерекшелігі, сұлулығы, құпиялығымен адамды еліктіріп, өзіне тартып, көңіл-күйге әсер етеді. Сондықтан ойшыл ағартушыларымыздың бірі табиғат тамашасын өлеңмен жеткізсе, енді бірі сөзбен өрнектеген. Қазақстан ағартушылары Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов,М.Дулатұлы т.б. Олар табиғатты, қоғамды, адамды жан-жақты зерттеген. Адам құбылысының жақсы жақтарын халыққа, жастарға үлгі етіп, қолайсыз жақтарынан жастарды сақтандырған.
Бұрын бастауыш сыныптарда материалдар қоршаған дүниеден берілген, яғни дүниетану материалдары бастауыштың бірінші сыныбында «Айналаман таныстыру», екінші сыныбында «Табиғаттану» пәндері арқылы меңгерілсе, соңғы жылдары мазмұны да, мақсаты да жаңа «Дүниетану» пәні республиканың барлық бастауыш сыныптарына ендіріліп отыр. Дүниетану – оқу жоспарындағы жаңа пән, «Адам», «Қоғам», «Табиғат» блоктарын біріктіреді. Бүгінгі заман талабы, қоршаған ортамызда, табиғатта болып жатқан табиғи құбылыстар, олардың адам өміріне зияны мен пайдасын ажырата алуы үшін бастауыш сынып оқушыларымен «Дүниетану» сабақтарын дұрыс ұйымдастыруды қажет етеді. Ал, сабақтың өз дәрежесінде өтуі үшін мұғалім көп ізденіп, барынша оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытатындай жұмыстарды ұйымдастыруы керек. Қазіргі кезде мектеп өмірінде қолданып жүрген 50-ден аса жаңа технологиялардың түрлері бар. Мұғалім жаңа технологиялардың тиімді пайдаланып, дүниетану сабағында көптеп қолдану арқылы оқушыларды сабаққа ынталандырып, қызығушылықтарын оятады, әрі түсінікті меңгертеді. Ал екінші жағынан өзінің ұстаздық шеберлігін көрсетеді. Мұғалім сабақта жаңа технологияларды тиімді қолданса: бүгінгі мектеп оқушылары ертең өз жолында кездескен қиыншылықтарды жеңуге, өз мәселелерін өздері шешуге, саналы шешім қабылдауға дайын болар еді.
Дүниетану сабақтарында тақырып мазмұндарына сәйкес мына төмендегідей шығармашылыққа баулу оқу әрекеттерін пайдалану үлкен жеке тұлғаның дамуына бағытталған әрекетер болып табылады деп ұсынамыз:
-жыл мезгілдерін, табиғат көріністерін көркем тілмен суреттеу;
бейнесөз құрастыру;
-өлең құрастыру;
-жансыз нәрселерді жандандырып әңгіме, ертегі жазу;
-еркін тақырыптарға шығарма, ойтолғау, эссе жазу;
-ұжым болып ертегі құрастыру;
-ұлы адамдар өміріне байланысты сұрақтар беріп, пікір айту;
-оқыған кітаптары бойынша ойтолғау жазу;
-табиғаттағы, қоғамдағы әр түрлі өзгерістерге байланысты ғылыми пікір айту;
-ақпарат құралдарын пайдалана отырып, әңгімелеу, эссе жазу;
-тақырыпқа сай диалог, монолог жаздыру;
-оқиғаға қатысты өз ойларын айту;
-автордың көзқарасы туралы айта білу;
-ертегі, әңгіме желісін жалғастыру;
- көркем туындыны талдау, салыстыру, қорыту, шешім көрсету т.б.
Дүниетану сабақтарын ақпараттық технологиялар негізімен байланыстыра оқыту барысында әрбір оқушының дара ерекшелігін ескере отырып, олармен жекелеп топтап оқытуды ұйымдастырады. Балалардың жеке ерекшелігін ескеру әрбір ұстаздың міндеті. Дүниетану сабақтарында ақпараттық технологиялар негізімен оқытуды жүзеге асыру үшін мұғалім сынып оқушыларының білім деңгейін, олардың жеке бас ерекшелігін, білім алудағы қабілетін, сабаққа деген зейінін, қабылдау, ой қорыту дәрежелерін жақсы ажырата білу қажет. Сондай жағдайда тапсырма берудің түрлерін қолдануға мүмкіндік туады.
Дүниетану пәнін ақпараттық технологиялар арқылы оқыту сабақтың барлық кезеңінде жүзеге асады. Дүниетану сабақтарында ақпараттық технологияларды қолдану- балалардың танымдық әрекетін, белсенділігін дамытып, оларды шығармашылыққа жетелейді, өзіндік әрекетін шыңдай түседі, ізденушілігін арттырап, белсенділігін күшейтеді. Ақпараттық технологияны сабақта өз дәрежесінде ұйымдастырса ғана нәтижесін көруге болады.
Соңғы кездерде мұғалімдер дүниетану сабақтарында экрандық құралдарды (кинофильмдер, диафильмдер, эпифильмдер, диапозитивтер, кодоскоп транспоранттары) барған сайын кең қолдануда, бұл құралдар методикалық тұрғыдан дұрыс қолданылса, оқушылардың танымдық әрекетін жұмылдыруға себін тигізеді. Олар оқытуда көрнекілікті арттырып оқушылар табиғаттан тікелей бақылай алмайтын құбылыстармен «ерте көктемде аңдар ұрпағының пайда болуы, гүлдердің біртіндеп ашылуы, бақалар мен кесірткелердің насекомдарды аулауы т.б.) танысуына мүмкіндік жасайды; экран табиғат нәрселері мен құбылыстары туралы өте дәл және толық мағлұмат беруге мүмкіндік туғызады [32].
Баланы айналаны өз бетімен танып білуге деген табиғи ұмтылысы негізінде құрылған оқытудағы зерттеу тәсілін пайдалану ерекше орын алады. Зерттеуге оқытудың басты мақсаты - адамзат мәдениетінің кез келген саласындағы іс -әрекеттің жаңа тәсілдерін баланың өз бетімен, шығармашылықпен, меңгеру қабілеті мен дайындығын қалыптастыру.
Бала оқытуда зерттеу тәсілін қолданудың қажеттілігі бала болмысының білмекке құмарлығымен, оның қоршаған дүниені зерделеуге деген қызығушылығымен түсіндіріледі. Оқушылардың өзіндік зерттеулері, олардың жеке қажеттіліктері сұраныстарын қанағаттандыруға септігін тигізеді. Сонымен қатар, өзіндік зерттеулер интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерді, ойлау және зерттеу біліктерін дамытуға мүмкіндік береді. Өзіндік зерттеулердің көмегімен оқушылар дүниені тани келе, өздері үшін жаңа білімдерді дайын күйде алмай, өз бетімен ашады. Зерттеушілік жұмыс балалардың өз қызығушылығынан басталады.
Оқытуды іске асыру тәсілдерінің бірі жобалау технологиясы, өзінің дидактикалық негізі бойынша шынайы өмірде, тиімді әрекет етуге мүмкіндік беретін қабілеттерді қалыптастыруды көздейтін, білім берудегі құзыреттілік тәсілді қолдайтын технология.
Бастауыш сыныптарда оқушылардың қиялын дамытатын жұмыстың бір түрі - ойдан ертегі құрастыру. Оқулықтағы берілген ертегілермен танысқаннан кейін, осыған ұқсас ертегі құрастырып немесе ренішпен, өкінішпен аяқталатын ертегіні қуанышпен аяқталатындай етіп өзгерту баланы шығармашылыққа үйретумен қатар армандауға, қиялдауға жетелейді. Айтылған ертегілердің суретін салып, диафильм құрастыру, көз алдына ертегінің кейіпкерлерін елестетуге, ойында ұзақ сақталуға көмектеседі, танымдық құзыреттілігін дамытады [22,104б.].
Қазіргі таңда оқушыларға дүниетанудан білім бергенде халықтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі жайындағы материалдарды бергенде бұл пікірлер негізге алатын мәселелер қатарына жатады. Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда қазақ халқының ұлттық әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүріне, адамгершілік асыл қасиеттеріне баулитын, эстетикалық талғамын жетілдіретін халық ауыз әдебиетін, ақын-жазушылар шығармаларын оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерге кеңінен ендіру талабы жүзеге асуда.
Бүгінгі таңда қоғамның ұлттық мәдени тұрғыдан кемелденуі, жас ұрпақты өз халқының рухани қазынасымен, ұлттық тәрбиенің озық, өнегелі дәстүрлерімен тереңірек таныстырып, соның негізінде жеке тұлғаны шығармашылық, рухани мүмкіндіктерін дамытуға бағытталаған тәрбие мен білім беру көзделген. Дүниетану пәнін басқа пәндермен кіріктіре оқыту арқылы оқушылардың қисынды ойының дамуына, сөздік қорының молаюына, ой қорыту дағдыларының қалыптасуына әсер етіп, олардың шығармашылығының дамуына мүмкіндік туады [22,147б.]. Осыдан оқушылар барлық пәннің біртұтас мақсат - міндеттерін түсінеді де, алған білім, дағдыларын өмірде қолдануға машықтанады. Міне, жаңа білім жүйесінің де алдына қойған мақсатынан күтілетін нәтиже де осы. Алған білімдерін күнделікті тұрмыста пайдаланып, өмір тәжірибесінде іске асыру жүзеге асады.


жүктеу 344,78 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау