1 Жаңа педагогикалық технологиялардың ерекшеліктері мен ғылыми-әдістемелік мазмұны


Педагогикалық іс-тәжірибедегі эксперимент нәтижелері



жүктеу 344,78 Kb.
бет8/12
Дата03.11.2023
өлшемі344,78 Kb.
#44120
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
негізгі бөл

2.3 Педагогикалық іс-тәжірибедегі эксперимент нәтижелері

Педагогикалық іс-тәжірибе №80 жалпы орта мектебінің 3 сыныбында өтілді.


Мұнда алдымен бақылау сыныбы мен эксперимент сыныптарын анықтап алдық. Зерттеуді мынандай кезеңдерге бөліп алып жүргіздік.
Бірінші кезеңде зерттеліп отырған мәселе бойынша әдебиет көздеруін талдау арқылы материалдар жинақталды, жеке тұлға ұғымы мен инновация, педагогикалық технология, инновациялық технология, модульдік технология ұғымдарының мазмұны айқындалды; зерттеудің ғылыми аппараты анықталды.
Екінші кезеңде зерттеу мақсатына орай тәжірибелік–педагогикалық жұмыс мазмұны және әдістемесі дайындалып, жаңа педагогикалық технологиялар талданды, тиімді түрлері анықталды, дүниетану пәнінен сабаққа қолдануға қолайлы технологиялар іріктелді және табиғат бөліміне кіретін тақырыптардың мазмұнын талдап, сабақ жоспарларын даярладық.
Зерттеудің үшінші кезеңінде дүниетанудан іріктелген технология: дамыта оқыту технологиясы, ойын технологиясы, ақпараттық-коммуникативтік технология, модульдік технологиялар элементтерін кіріктіре сабақ өтуге даярландым. Нәтижелікті анықтау жолдарын анықтап алдым: байқау, өзіндік талдау, өзіндік бағалау.
Дүниетану пәні бойынша сабақ өту кезінде ұйымдастырудың әр қилы тәсілдерін қолдану арқылы баланың әр түрлі жеке (қасиеттерін) қабілеттерін ашу міндеттелді. Әрбір оқушының қызығушылығын оятатындай етіп жағдай жасауға әрекет еттім.
Әдістемелік тұрғыда шығармашылық іс-әрекетке шақыру, баланың жеке басының дамуын қолдау, оқушылардың өз бетінше шешім қабылдауына, білім алудың мазмұны мен жолдарын таңдауға еркіндік беру міндеттелді.
Жоғарыда аталған түсініктемелер тұлғаға бағыттап оқытудың сипаттамасын айқындауға мүмкіндік береді. Жеке тұлғаға бағыттап оқыту дегеніміз оқушының қажеттіліктерін, ерекшеліктерін, іс-әрекетін ескеретін жан-жақты, интеллектуалды ойлау қабілетін, өз бетінше шешім қабылдай алатын, шығармашылық қабілеттерін дамытатын тұлғаның «мәденитаралық қарым-қатынас субъектісін» қалыптастыру болып табылатындығы түсінікті болды.
Жеке тұлғаға бағыттап оқытуда білім алушының жеке басы бірінші орында тұрады. Әрбір адам тұлға бола отырып, бір жағына жеке тұлға, екінші жағынан әлеуметтік типтік тұлға, яғни әлеуметтік маңызды сипаттарды қамтушы болып табылады.
Өзіндік педагогикалық іс-әрекетімді мектептің таңдап алынған бағытына сәйкес құрамын. Дүниетану пәні бойынша сабақты және сабақтан тыс әрекеттерді ұйымдастыруда оқушы тұлғасының барынша дамуы мен оның табысты оқуы үшін жағдай жасауға бағыттадым.
Мақсатқа жету үшін жеке тұлғаға бағытталып оқыту техникасын қолданылды. Оның негізіне мыналар жатады.
-іс-әрекет үшін қолайлы ахуал туғызу табыс жағдайын қалыптастыру;
-оқу материалы мен оны ұсынуда оқушының тұлғалық тәжірибесі мен ерекшеліктерін ескеру;
-тапсырмалардың әртүрлі деңгейлік сипаты;
-оқу орындауда таңдау мүмкіндігін беру;
-оқу әрекеттерін әртүрлі қарым-қатынас негіздерінде құру;
-шығармашылық белсенділіктерін қолдап отыру.
Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту-үйрету жағдайларды басшылыққа алған мәселесі мынадай көрініс береді:
-өзектендіру;
-мәселелендіру;
-шоғырландыру;
-модельдеу;
-рефлексия.
Қолданатын тапсырмалар ашық және шығармашылық түрдегі, баламалы тапсырмалар, деңгейлік тапсырмалар.
Жүзеге асыру үшін мына жолдар ұсынылады:
1. Тұлғалық маңызды мақсаттар қою;
2. Оқушылармен жеке дара, топтық, ұжымдық жұмыс түрлерін ұйымдастыру;
3. Өзіндік шешім қабылдауда, шығармашылықпен айналасуда, мазмұнды таңдауда еркіндік кеңістігін құру;
4. Жұмыс жасау үшін қолайлы ахуал туғызу, бір-біріне түсіністік, қолдау көрсету;
5. Өзіне деген сенімділікті арттыруға, мәселені талқыламай отырып шешуге, өз әрекеті үшін жауап беруге баулу. Жаңа технологиялардың ортақ мүдесі де осы.
Жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологиясында оқушылардың белсенділігінің байқалу деңгейі - динамикалық өзгермелі көрсеткіш. Балаға бастапқы деңгейден салыстырмалы деңгейге және одан әрі жоғары жауапкершілігі белсенді деңгейге өтуге көмектесу мұғалімнен үлкен күшті талап етеді. Көп жағдайда оқушының шығармашылық деңгейге әкелуі мұғалімге байланысты. Сабақтың құрылымын оқушылардың танымдық деңгейінің белсенділігіне сәйкес құрамын:
Сызықтық (кезекпен әр топта);
Мозаикалы (оқу тапсырмаларына байланысты сол немесе басқа топ әрекетіне кіруі);
Белсенді рольдік (белсенділігі жоғары оқушыларды басқаларды оқыту үшін жұмылдыру);
Кешенді (ұсынылған барлық нұсқалардың қолданылуы);
Күнделікті күштеп міндеттейтін оқу әрекеті қоршаған ортамен таным әрекетінің бөлігіне айналуы тиіс. Топтық немесе өзара ынтымақтастық (жұппен, топпен) жұмыс түрлерін қайталау-жинақтау сабақтарында, сондай-ақ ауызша, шығармашылық тапсырмаларды қолданамын.
Топ құрамын, оның санын алдын ала анықтап, ойластырдым. Сабақтың тақырыбы мен мақсатына сәйкес топ саны мен сапалық құрамы әртүрлі болады.
Әр топқа жетекші сайланады. Оның қызметі – оқушылардын жұмысын ұйымдастырып ақпарат жинақтау топ мүшелерінің әрқайсының бағаларын талқылау, жүктелген жұмыс бөлігі бойынша ұпай қою. Белгіленген уақыт аяқталған соң жүктелген жұмыс бөлігі бойынша топтар жазбаша немесе ауызша есеп береді қойылған сұрақтарға жауап береді, өз байқауларының сызбаларын тапсырады. Жеке баяндаулары бойынша баға сабақта қойылады, жазбаша жұмыстарға орындалу сипатына қарай қойылады.
Жеке тұлғаға бағытталған технологиялар бойынша сабақта қолданатын әдіс – тәсілдер:
-кейіпкердін тұлғалық қасиеттерін анықтау;
-тақырыпқа қатысты сұрақтар мен тапсырмалар құрастыру;
-тапсырмаларды орындаудың әртүрлі түрлерін таңдау (ғылыми есеп, бейнелер, қойылым)
-өздерінің мүмкіндіктерін көрсететін рольдік ойындар мен тапсырмаларды орындау (қарсылас, тапқыр, автор, сыншы, жетекші, безендіруші, бақылаушы, анықтама бюросы).
Мұндай тапсырмаларды орындай отырып, дарынды балалар лидер – басшы, бақылаушы сыншы рольдерін алады. Мұғалім олардың таңдауларын бағыттап отырады. Рольдік ойындарға, қойылымдарға қатысу арқылы оқушыларда өзіндік бағаның қалыптасуына, өзіне деген сенімділікке, өз көзқарастары мен ойларының қалыптасуына ықпал етеді.
Оқу үрдісінде ұтымды нәтиже беретін әдіс – мәселені ізденіс әдісі. Бұл әдісті қолдану барысында:
-оқушы әрекетінде танымдық мәселемен жағдай туғызу.
-мәселедегі қарама – қайшылықты анықтау.
-мәселеден туындайтын шығармашылық тапсырмаларды құрастыру.
Оқушылардың қабілеттерін дамытатын топтық талқы, миға шабуыл, шығармашылық жобалар сипаттағы тапсырмалар жалпылауға, салыстыруға, мәнді және мәнсіз белгілерін анықтауға мүмкіндік берді .
Оқу тапсырмалары біртіндеп күрделенеді. Балалардын өздік ізденуіне арналған тапсырмалар беру маңызды. Егер оқушы қызығушылық танытса, онда ол өзіндік ізденіс әрекетіне дайын деген сөз. Осы технологияны пайдаланудың барысында мынадай жеке тұлға моделі қалыптасады (кесте 1).

Кесте 1 - Жеке тұлға моделі





Оқушы іс-әрекеті
-оқушы - оқыту субьектісі
-мақсатқа дербес, өз іс-әрекетімен жетуші, белсенді тұлға.
-өз-өзін, бір-бірін оқытушы.
-өнерпаз, жасампаз еңбек иесі
-өз ізденісімен табысқа жетуші шығармашылық тұлға (сапалы өнім шығарушы)
-конструктор
-өзін-өзі оқытушы
-өнертапқыш 

Мұғалім іс-әрекеті
-жеке тұлғаға бағытталған тапсырма ұсынушы, нақты мақсат қоюшы.
-бағыт-бағдар беруші, кеңесші, ақылшы.
-оқушының жетістігін құптаушы, ынталандырушы.
-мақсатқа жетелеуші, оның тиімді жолын ұсынушы.
-қабылдап алушы, сарапшы, ақыл-кеңесші.
-әділ би. 

Оқушының құзыреттілігін дамыту тұрғысындағы іс — әрекетіне жағдай туғызу дегеніміз — оқушыны ойлай білуге үйрету екені сөзсіз. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіннен құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды орындауды талап етпес бұрын, оны соған үйреткен жөн. Оқушының зейінін, есін, қиялын, интеллектісін дамыта отырып, ойлау қабілетін, шығармашылық іс — әрекетін жоғары деңгейде көтеруге болады. Сондықтан алдымен оқулықта берілген тапсырмаларды осы жоғарыдағы тапсырма жағдайына айналдырып, орындатуды мақсат еттім. Сонан кейін ғана арнайы құзыреттілікке бағдарланған тапсырмаларды орындауға көштім.


Дүниетануды оқытуда нәтижеге бағытталған іс-әрекетті құзыреттілік тұрғыдан жүзеге асыру – негізгі міндет болып табылады. Құзырлылық – оқушы іс-әрекетінің сапасынан көрінетін білім нәтижесі. Ендеше осы негізді әрекетке дейін бақылау, яғни алғашқы бақылау барысында жоғарыдағы мазмұнды тапсырмаларды балалар өз деңгейінде орындай алмады. Өзіндік ой пікірлері толық емес және дұрыс шешімін табуға әрекеттену белсенділігі төмен, «дұрыс болмай қалар ма екен» деген қорқыныштары басым екендігі байқалды.
Дүниетану сабағындағы жеке тұлғаға бағытталған тапсырмалар негізінде құрастырылған сабақ жоспарының үлгілері.

жүктеу 344,78 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау