1-БӨлім. Жалпы ережелер 1-тарау. Негізгі ережелер


-бап. Цифрлық денсаулық сақтау саласындағы қызмет



жүктеу 1,72 Mb.
бет11/26
Дата21.01.2020
өлшемі1,72 Mb.
#27127
түріКодекс
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26

61-бап. Цифрлық денсаулық сақтау саласындағы қызмет

1. Цифрлық денсаулық сақтау саласындағы қызмет:

1) нормативтік құқықтық реттеуді, цифрлық денсаулық сақтау стандарттарын әзірлеуді және бекітуді;

2) денсаулық сақтау саласының ақпараттық және коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуды;

3) жеке және заңды тұлғаларды денсаулық сақтау саласындағы деректермен және ақпаратпен қамтамасыз етуді;

4) дербес медициналық деректерді жинауды, өңдеуді, сақтауды, қорғауды және ұсынуды;

5) дербес медициналық деректерді жинау, өңдеу, сақтау, қорғау және ұсыну мақсатында ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсетуді;

6) денсаулық сақтау саласындағы өзге де электрондық көрсетілетін қызметтерді ұсынуды қамтиды.

2. Қашықтықтан медициналық қызметтер көрсетілетін электрондық ақпараттық ресурстар уәкілетті органның талаптарына сәйкес келуге тиіс.

3. Ұлттық деңгейде сақталатын дербес медициналық деректердің иесі уәкілетті орган болып табылады.

4. Жеке тұлға (пациент) цифрлық денсаулық сақтау субъектілеріне өзінің дербес медициналық деректерін сақтауға және өңдеуге, қорғауға беруге құқылы.
62-бап. Цифрлық денсаулық сақтау саласындағы объектілер мен субъектілердің өзара іс-қимылы

1. Дербес медициналық деректерді қамтитын электрондық медициналық жазбаларды қалыптастыру үшін дербес деректерді жинау, өңдеу және сақтау жеке тұлғаның (пациенттің) немесе заңды өкілінің жазбаша бас тартуы не электрондық форматтағы бас тартуы болмаған кезде оның келісімінің презумпциясы бойынша жүзеге асырылады.

2. Денсаулық сақтау субъектілері меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан деректерді уәкілетті органның Ұлттық электрондық денсаулық паспортына және электрондық ақпараттық ресурстарына «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган айқындайтын көлемде және санда беруді қамтамасыз етуге міндетті.

3. Медициналық деректердің агрегаттары денсаулық сақтау субъектілерінің дербес медициналық деректерді жинау, өңдеу, сақтау, қорғау және ұсыну мақсатында ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді көрсетеді.

4. Цифрлық денсаулық сақтау субъектілері уәкілетті орган айқындайтын қағидаларға сәйкес электрондық медициналық жазбаны қалыптастырады, сақтайды, қорғайды.

5. Тасымалданатын медициналық құрылғылар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сертификаттауға жатады.


63-бап. Цифрлық денсаулық сақтау субъектілерінің жауапкершілігі

1. Мыналар:

1) осы пациентке қызметтер көрсететін және медициналық және фармацевтикалық қызметтер көрсету мақсаттары үшін ғана медициналық және фармацевтикалық қызметтер берушілер;

2) медициналық көмек көрсетуге арналған шығындарды қаржылық өтеуге жауапты ұйым;

3) медициналық қызметтер көрсету (көмек), халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;

4) орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық мемлекеттік органдардың әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелері;

5) медициналық деректер агрегаторлары, цифрлық денсаулық сақтау объектілерінің иелері жеке тұлғаның (пациенттің) дербес медициналық деректеріне қол жеткізу құқығына ие.

2. Жеке тұлғаның (пациенттің) дербес медициналық деректеріне қол жеткізу қағидаларын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.

3. Жеке тұлғаның (пациенттің) Ұлттық электрондық денсаулық паспортындағы өзінің денсаулығы және көрсетілген медициналық көмек туралы ақпаратқа қол жеткізуге, сондай-ақ уәкілетті орган айқындаған жағдайлардан басқа деректерге қол жеткізу журналын қадағалауға құқығы бар.

4. Жеке тұлғаның (пациенттің) цифрлық денсаулық сақтау субъектісінде сақталатын электрондық денсаулық паспортындағы өзінің денсаулығы және көрсетілген медициналық көмек туралы ақпаратқа қол жеткізуге, сондай-ақ уәкілетті орган айқындаған жағдайлардан басқа деректерге қол жеткізу журналын қадағалауға құқығы бар.

5. Медициналық деректер агрегаторының денсаулық сақтау субъектілерімен өзара қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық қатынастармен айқындалады.

6. Ұлттық электрондық денсаулық паспортында уәкілетті орган айқындаған электрондық медициналық деректер қамтылуға тиіс.

7. Денсаулық сақтау субъектілерінің Ұлттық электрондық денсаулық паспортына және уәкілетті органның электрондық ақпараттық ресурстарына деректерді ұсынбауы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

8. Медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау қызметкерлері уәкілетті органның электрондық ақпараттық ресурстарына енгізілетін электрондық деректердің сапасы, уақтылығы, дұрыстығы және құпиялылығы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес жауапты болады.

9. Дербес деректердің, оның ішінде медицина қызметкерінің құпиясын құрайтын деректердің жоғалуына, заңсыз жиналуына және (немесе) өңделуіне әкеп соққан дербес медициналық деректерді қорғау жөніндегі шараларды сақтамау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

10. Талдамалық, статистикалық қызметті, ғылыми және өзге де зерттеулерді жүзеге асыру үшін медициналық деректер уәкілетті органның қағидаларына сәйкес дербестендірілмеген түрде пайдаланылады.


64-бап. Жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерін қорғауды қамтамасыз ету

1. Дербес медициналық деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды қорғау ерекшеліктері Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес белгіленеді.

2. Дербес медициналық деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды мүліктік және (немесе) моральдық зиян келтіру, Қазақстан Республикасының заңдарында кепілдік берілген құқықтар мен бостандықтардың іске асырылуын шектеу мақсатында пайдалануға жол берілмейді.

3. Жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес медициналық деректерін қамтитын электрондық ақпараттық ресурстардан алынған ақпарат лауазымдық (кәсіптік) міндеттерді орындау шеңберінде ғана пайдаланылады, өзге мақсаттарда пайдалануға мынадай:

1) жеке тұлғаның (пациенттің) ақпараттандырылған келісімі болған;

2) соттың заңды күшіне енген тиісті шешімі болған;

3) жеке тұлғаның жеке басын анықтау қажет болған жағдайларда ғана жол беріледі.
8-тарау. Денсаулық сақтау жүйесінің құрылымы

65-бап. Денсаулық сақтау субъектілері

1. Денсаулық сақтау жүйесі мемлекеттік және мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторларынан тұрады.

2. Денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ жеке медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалар денсаулық сақтау субъектілері болып табылады.

3. Денсаулық сақтаудың мемлекеттік секторы денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдардан, мемлекеттік меншік құқығына негізделген денсаулық сақтау ұйымдарынан, сондай-ақ әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерден және сот медицинасы саласында (сотмедициналық, сот-накологиялық, сот-психиатриялық) сараптаманы жүзеге асыратын ұйымдардан тұрады.

4. Мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторы жеке меншік құқығына негізделген денсаулық сақтау ұйымдарынан, сондай-ақ жеке медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалардан тұрады.

5. Денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің тізбесін уәкілетті орган айқындайды.

6. Жеке тұлғалардың маман сертификаты, тиісті мамандық бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі және медициналық қызметке лицензиясы болған кезде жеке медициналық практикамен айналысуға құқығы бар.
66-бап. Медициналық қызметтің түрлері

Медициналық қызмет:

1) медициналық көмектің;

2) зертханалық диагностиканың;

3) патологиялық-анатомиялық диагностиканың;

4) қан және оның құрамбөліктерін дайындау саласындағы қызметтің;

5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызмет;

6) қоғамдық денсаулықты сақтау саласындағы қызмет;

7) денсаулық сақтау саласындағы білім беру және ғылыми қызмет;

8) денсаулық сақтау саласындағы сараптама;

9) осы Кодексте тыйым салынбаған өзге де қызметтің түрлерін қамтиды.
67-бап. Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту

1. Денсаулық сақтау саласындағы медициналық, фармацевтикалық және білім беру қызметін жүзеге асыру шеңберінде пайдаланылатын ғимараттар мен құрылыстар, мүліктік кешендер денсаулық сақтау саласындағы инфрақұрылым объектілері болып табылады.

2. Денсаулық сақтау саласындағы инфрақұрылымды дамыту мынадай қағидаттарға негізделеді:

1) халықтың барлық топтары үшін көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту, оның ішінде мүгедектер мен халықтың мүмкіндігі шектеулі басқа топтары үшін медициналық мақсаттағы объектілерді бейімдеу;

2) көпбейінді стационарлық кешендерді жобалау және салу кезінде халықаралық озық тәжірибені пайдалану;

3) мемлекеттік және жеке инвестициялар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету және отандық және шетелдік инвесторлар үшін денсаулық сақтау секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру;

4) денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуды стратегиялық жоспарлау.

3. Инфрақұрылымды дамытудың бірыңғай перспективалық жоспары уәкілетті орган бекітетін денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарлары негізінде әзірленген республикалық жоспар болып табылады. Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарларын әзірлеу шеңберінде белгіленетін талаптар:

1) денсаулық сақтау ұйымдарының желісін денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативіне сәйкес келтіру;

2) денсаулық сақтау объектілерін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына және жарақтандыру нормаларына сәйкес келтіру;

3) стационарлардың төсектік қорын және медициналық-санитариялық алғашқы және (немесе) консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін ұйымның өндірістік қуатын халықтың қажеттіліктеріне сәйкес келтіру;

4) халықтың қажеттілігіне қарай денсаулық сақтау саласындағы инфрақұрылымдық объектілерді ашу, медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету.

4. Орталық мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар және дербес білім беру ұйымы өздерінің қарауындағы медициналық ұйымдарды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына және жарақтандыру нормаларына сәйкес күтіп-ұстау және пайдалану жөнінде шаралар қабылдайды.

5. Денсаулық сақтау желісін инвестициялық жоспарлау және дамыту денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.

6. Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың перспективалық жоспарлары онжылдық кезеңге әзірленеді.

68-бап. Денсаулық сақтаудағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік

1. Денсаулық сақтау объектілерін құру (реконструкциялау) және пайдалану Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды іске асыру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

2. Концессиялық жобаны (концессия объектісін) іске асыру нәтижесінде құрылған денсаулық сақтау объектісін пайдалануды концессионермен қатар функционалдық оператор да жүзеге асыра алады.

Мұндай жағдайда концессионер концессия объектісіне техникалық қызмет көрсету шеңберінде өндірілген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу үшін шығындарын өтеуге және кірістер алуға құқылы.

3. «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасы негізінде концессия шартын жасасуды көздейтін концессиялық жобаларды іске асыру кезінде:

1) концедент концессия шартында айқындалған тәртіппен функционалдық қызмет көрсетуді жүзеге асыру үшін мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану шарты бойынша құрылған концессия объектісін функционалдық операторға береді;

2) концессионер концессия шартында көзделген тәртіппен және шарттарда концессия объектісіне техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді;

3) концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізгенге дейін айқындалатын функционалдық оператор концессия шартында көзделген тәртіппен және шарттарда функционалдық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

4. «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасы негізінде жасалған концессия шарты функционалдық оператор туралы ережелерді, сондай-ақ концессионердің және концессия объектісінің функционалдық операторының бірлесіп пайдалану тәртібін қамтуға тиіс.

5. Функционалдық оператордың нысаналы пайдаланылуына сәйкес осындай қызмет үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген рұқсат беру құжаты болуға тиіс не оны концессия объектісін пайдалану басталғанға дейін алуға тиіс.

6. Функционалдық оператор:

1) концессия объектісіне функционалдық қызмет көрсету мақсатында жасалған мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану шартында көзделген шарттарда концессия объектісіне қатысты құқықтарды жүзеге асыруға;

2) концессионермен бірлесіп концессия шартында көзделген тәртіппен және шарттарда концессия объектісін пайдалануға;

3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

7. Функционалдық оператор:

1) концессия объектісінің бейінін сақтауға;

2) мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану шартында көзделген тауарлар өндіруге және (немесе) жұмыстарды орындауға және (немесе) қызметтер көрсетуге;

3) Қазақстан Республикасының еңбек, халықты жұмыспен қамту және қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасын сақтауға;

4) оның кінәсінен концессия объектісіне келтірілген залалды өтеуге;

5) концессия шартында көзделген тәртіппен концессия объектісін концессионермен бірлесіп пайдалану шарттарын сақтауға;

6) Қазақстан Республикасының заңдарында және мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану шартында белгіленген өзге де талаптар мен шарттарды сақтауға міндетті.
9-тарау. Денсаулық сақтау жүйесін қаржылық қамтамасыз ету

69-бап. Денсаулық сақтау жүйесін қаржылық қамтамасыз ету көздері

Мыналар:


1) бюджет қаражаты;

2) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері;

3) ерікті медициналық сақтандыру қаражаты;

4) ақылы қызметтер көрсеткені үшін алынған қаражат;

5) қоса төлеуден алынған қаражат;

6) жеке және заңды тұлғалардан ерікті қайырмалдықтар ретінде түскен қаражат;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де көздер денсаулық сақтау жүйесін қаржылық қамтамасыз ету көздері болып табылады.
70-бап. Медициналық көмек көлемін қаржыландыру

1. Тегін медициналық көмектің және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қаржылық қамтамасыз ету:

1) бюджет;

2) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері;

3) қоса төлеу кезінде азаматтардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

2. Осы Кодекстің 201-205-баптарында көзделген медициналық көмекті қаржылық қамтамасыз ету бюджет есебінен жүзеге асырылады.

3. Оралмандарға, босқындарға және баспана іздеген адамдарға, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға, Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген адамдарға көрсетілетін медициналық көмектің көлемдерін қаржылық қамтамасыз ету:

1) бюджет;

2) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры активтері;

3) ерікті медициналық сақтандыру қаражаты;

4) шетелдік жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

4. Денсаулық сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау салаларындағы мамандандырылған ұйымдарда көрсетілетін медициналық көмектің көлемдерін қаржылық қамтамасыз ету бюджет есебінен жүзеге асырылады.

5. Азаматтардың бастамашылығы бойынша немесе Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген жағдайларда көрсетілетін медициналық көмектің көлемдерін, міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен жоғары қаржылық қамтамасыз ету:

1) азаматтардың қаражаты;

2) ерікті медициналық сақтандыру;

3) заңды тұлғалардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.


71-бап. Денсаулық сақтау жүйесін қаржылық қамтамасыз ету көздерін пайдалану
1. Денсаулық сақтау саласындағы қаржы қаражаты:

1) қоғамдық денсаулық сақтауды нығайту және дамыту бағдарламаларын іске асыруға;

2) денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыруға;

3) медицина ғылымының жетістіктерін дамыту және енгізуге;

4) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеуге;

5) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, қан және оның құрамбөліктерін, вакциналарды және басқа да иммунобиологиялық препараттарды сатып алуға;

6) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етуге;

7) мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерін ұстауға;

8) денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға;

9) денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де шығыстарға бағытталады.

2. Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемі бойынша шарттық міндеттемелер мониторингінің нәтижелері ескеріле отырып жүргізіледі.

3. Дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнын төлеуді уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері немесе әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады.
72-бап. Денсаулық сақтаудың ұлттық шоттары

1. Денсаулық сақтаудың ұлттық шоттары аурулардың алдын алуға және халықты емдеуге бағытталған шаралар арасында оларды тең және тиімді бөлу мақсатында денсаулық сақтау ресурстарының бөлінуін бағалау үшін пайдаланылатын елдің денсаулық сақтау жүйесіндегі қаржы ағындарының тұрақты, жан-жақты және кезекті мониторингі жүйесі болып табылады.

2. Денсаулық сақтаудың ұлттық шоттары жыл сайын халықаралық әдіснама негізінде мыналарды:

мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның статистикалық бюллетендерін;

бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органның деректерін;

медициналық ұйымдар бөлінісінде бюджеттің атқарылуы жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың деректерін;

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ресми интернет-ресурстарында жарияланған статистикалық деректерді пайдалана отырып қалыптастырылады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген деректер негізінде уәкілетті орган көрсетілетін қызметтер мен медициналық көрсетілетін қызметтер берушілер бөлінісінде шығыстардың сипаттамасы бар талдамалық есепті, сондай-ақ оларды қаржыландыру көздері туралы ақпаратты қалыптастырады.

3. Денсаулық сақтаудың осы ұлттық шоттарын қалыптастыру және пайдалану тәртібін уәкілетті орган айқындайды.


10-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастық

73-бап. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастық

1. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастық халықаралық құқықтың және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының жалпыға танылған қағидаттары мен нормалары негізінде жүзеге асырылады.

2. Халықаралық ынтымақтастық денсаулық сақтау мәселелері бойынша мемлекеттердің, халықаралық ұйымдар мен халықаралық интеграциялық бірлестіктердің ресми өкілдерімен өзара іс-қимылды, халықаралық сипаттағы іс-шараларға қатысуды, халықаралық шарттарды әзірлеуді қамтиды.

3. Денсаулық сақтауды басқару органдары, денсаулық сақтау субъектілері Қазақстан Республикасының заңнамасына және халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттердің денсаулық сақтауды басқару органдарымен, шетелдік кәсіпорындармен, мекемелермен және ұйымдармен тікелей байланыс орнатуға құқылы.

4. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастық шеңберінде жасалатын, оның ішінде денсаулық сақтауды басқару органдарымен, денсаулық сақтау субъектілерімен жасалатын келісімдер, шарттар халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормаларында, осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында бекітілген халықтың денсаулығын сақтау саласындағы адам мен Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын шектемеуге тиіс.
74-бап. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары

Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық сектордың басымдықтары:

1) Қазақстан Республикасының және оның азаматтарының денсаулық сақтау саласындағы мүдделерін қорғау;

2) денсаулық сақтау саласындағы халықаралық бастамаларға қатысу;

3) елге инвестициялар тарту және мемлекетаралық деңгейде денсаулық сақтау саласында техникалық көмек көрсету;

4) Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберуге және шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, босқындарға және баспана іздеген адамдарға медициналық көмек көрсетуге жәрдемдесу;

5) халықаралық инновациялық технологияларды енгізу және денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту жолымен медициналық көмек көрсету деңгейін арттыру;

6) әлемдік медицина және фармацевтика ғылымына интеграциялау;

7) еңбек мигранттарын медициналық көмекпен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге жәрдемдесу;

8) денсаулық сақтау, денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстарын дамыту саласындағы білім беру қызметі мәселелері бойынша мемлекетаралық өзара іс-қимыл;

9) төтенше жағдайлар туындаған кезде денсаулық сақтау саласында халықаралық көмек көрсету және алу;

10) шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы саласында ақпарат, технологиялар алмасу және фармацевтикалық және медициналық өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына қойылатын талаптарды үйлестіру;

11) халықаралық медициналық-санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес шекараны санитарлық қорғау, әкелінетін өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

75-бап. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың экономикалық және құқықтық негіздері

1. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың экономикалық негізін:

1) халықаралық ұйымдарға міндетті және ерікті мүшелік жарналар;

2) гранттарды, техникалық көмекті тарту және пайдалану;

3) жасалған халықаралық шарттарға сәйкес қаржыландыру құрайды.

2. Халықаралық шарттар денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың құқықтық негізі болып табылады.




2-бөлім. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚТЫ САҚТАУ
11-тарау. Қоғамдық денсаулықты сақтаудың жалпы ережелері

76-бап. Қоғамдық денсаулықты сақтаудың негізгі қағидаттары

Қоғамдық денсаулықты сақтаудың негізгі қағидаттары:

1) халықтың денсаулығын сақтау және насихаттау мәселелеріндегі мемлекеттің басқарушылық рөлі;

2) денсаулық үшін ортақ жауапкершілікті қалыптастыру;

3) халықтың барлық санаттары мен топтарының денсаулығын сақтау және нығайту жөніндегі іс-шаралармен қамту;

4) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіндегі профилактикалық бағыт;

5) қауіп факторларының денсаулығына әсерін зерделеу және төмендету;

6) халық денсаулығын сақтаудың проблемалық мәселелерін шешудегі пәнаралық тәсіл;

7) қызмет көрсетілетін санаттармен және халық топтарымен әріптестік қарым-қатынас орнату болып табылады.


жүктеу 1,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау