1-БӨлім. Жалпы ережелер 1-тарау. Негізгі ережелер


-бап. Денсаулығының жай-күйі және денсаулыққа әсер ететін факторлар туралы ақпаратқа құқығы



жүктеу 1,72 Mb.
бет13/26
Дата21.01.2020
өлшемі1,72 Mb.
#27127
түріКодекс
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26

87-бап. Денсаулығының жай-күйі және денсаулыққа әсер ететін факторлар туралы ақпаратқа құқығы

1. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайы туралы ақпаратты, оның ішінде медициналық зерттеп-қарау нәтижелері, диагнозы туралы және аурудың болжамы, медициналық көмек көрсету әдістері, оларға байланысты тәуекел, медициналық араласудың ықтимал түрлері, оның салдары мен медициналық көмек көрсету нәтижелері туралы мәліметтерді қолжетімді нысанда алуға құқықтар бар.

2. Он алты жасқа толмаған адамдардың және заңнамада белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың денсаулық жағдайы туралы ақпарат олардың заңды өкілдеріне беріледі.

3. Қазақстан Республикасы азаматтарының аурулардың профилактикасы, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық, қоршаған ортаның жай-күйі, адам денсаулығы үшін орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің әлеуетті қаупі, тамақтанудың ұтымды нормалары, өнімнің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі туралы ақпаратты қоса алғанда, денсаулықты сақтауға ықпал ететін немесе оған теріс әсер ететін факторлар туралы дәйекті және уақтылы ақпарат алуға құқықтары бар.



13-тарау. Қоғамдық денсаулықты сақтауды ұйымдастыру ерекшеліктері

88-бап. Аурулардың профилактикасы және салауатты өмір салтын қалыптастыру

1. Аурудың профилактикасының мақсаты аурулардың пайда болуының немесе өршуінің, сондай-ақ олардың салдары мен асқынуларының алдын алу болып табылады.

2. Аурудың профилактикасы бастапқы, қайталама және үшінші болып бөлінеді.

Аурудың бастапқы профилактикасы (жаппай және жеке) аурулардың пайда болуының профилактикасы мақсатында өмір сүруге қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Аурудың қайталама профилактикасы аурулардың ерте сатыда өршуінің және олардың салдарының алдын алуға бағытталған.

Аурудың үшінші профилактикасы дамыған асқынуларды, ағзалар мен тіндердің зақымдануын бақылауға бағытталған.

3. Профилактикалық және сауықтыру іс-шаралары өмір бойы халықтың барлық топтарына қатысты жүргізіледі және жыныстық-жастық, психологиялық және әлеуметтік аспектілерді ескереді.

4. Салауатты өмір салтын қалыптастыру денсаулықты нығайту және өмір салтына байланысты аурулардың алдын алу мәселелерінде халықтың хабардар болуын қамтамасыз ету, гигиеналық оқыту және тәрбиелеу арқылы салауатты өмір салтын насихаттауды, дұрыс тамақтануды және аурулардың алдын алуды қамтиды.


89-бап. Профилактикалық егуді жүргізу

1. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалар инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы профилактикалық егу алуға міндетті.

2. Профилактикалық егуді жүргізу алдында медицина қызметкері егілетін адамды қарап - тексереді. Медицина қызметкері оған не оның заңды өкіліне профилактикалық егу, одан бас тартудың салдары, иммундаудан кейін болуы мүмкін қолайсыз жағдайлар туралы толық және объективті ақпарат береді.

3. Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу тәртібін, мерзімдерін және жоспарлы егілуге жататын халық топтарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

4. Профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды сақтау, тасымалдау және пайдалану халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

5. Ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің бас тартуы себебінен алмаған тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ауруларға қарсы профилактикалық жоспарлы егулерді балалар медициналық қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына жіберілмейді.

Жоспарлы профилактикалық егудің және оларды жүргізу үшін медициналық қарсы көрсетілімдердің болуы немесе болмауы туралы ақпаратты медициналық қызмет көрсету үшін баланы бекіту орны бойынша медициналық ұйым ұсынады.
90-бап. Медициналық қарап-тексеру

1. Медициналық қарап-тексеру денсаулықты қалыптастыруға және нығайтуға, аурулардың, оның ішінде кәсіптік, уланудың, жазатайым оқиғалардың таралуын анықтауға және алдын алуға, сондай-ақ ұйымдардың қызметкерлерінің, қандай да бір шаруашылық және (немесе) өндірістік қызметті жүзеге асыратын адамдардың еңбек қауіпсіздігін және денсаулығын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған уақтылы медициналық зерттеп-қарауды қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.

2. Медициналық қарап-тексеру түрлері: міндетті және профилактикалық.

3. Міндетті медициналық қарап-тексеру алдын-ала, кезеңдік, ауысымалды (рейс алдындағы), ауысымнан кейінгі (рейстен кейінгі) болып бөлінеді.

Осы Кодекстің 81-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеру кәсібі немесе оқуы бойынша міндеттерді орындауға жарамдылығын анықтау, сондай-ақ жалпы, кәсіптік аурулардың алдын алу және инфекциялық және паразиттік ауруларды таратпау мақсатында жұмысқа немесе оқуға түскен кезде жүргізіледі.

Кезеңдік міндетті медициналық қарап-тексеру жұмыс істейтіндердің денсаулық жағдайын динамикалық байқауды қамтамасыз ету, аурулардың бастапқы белгілерін уақтылы анықтау, жалпы, кәсіби және инфекциялық және паразиттік аурулардың алдын алу және таратпау мақсатында жүргізіледі.

Ауысым алдындағы (рейс алдындағы) міндетті медициналық қарап-тексеру жеке тұлғада аурудың болуын немесе болмауын анықтау немесе растау, денсаулық жағдайын, сондай-ақ уақытша еңбекке жарамсыздығын, түсетін ауысымда (рейске) жұмысқа кәсіби жарамдылығын, оның ішінде алкогольдік, есірткілік немесе өзге де уытқұмарлық масаңдықты және осындай масаңдықтың қалдық құбылыстарын айқындау мақсатында жүргізіледі.

Ауысымнан кейінгі (рейстен кейінгі) медициналық қарап-тексеру жұмыс ортасы мен еңбек процесінің қызметкерлердің денсаулық жағдайына зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторларының әсер ету белгілерін, қатты кәсіптік ауру немесе улану белгілерін, алкогольдік, есірткілік немесе өзге де уытты мас болу белгілерін анықтау мақсатында жұмыс күні (ауысым, рейс) аяқталғаннан кейін жүргізіледі.

4. Жұмысқа орналасу кезінде міндетті алдын ала медициналық қарап-тексеру және кезеңдік медициналық қарап-тексеру жүргізілетін зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, кәсіптердің және жұмыстардың тізбесін уәкілетті орган бекітеді.

5. Жұмыс берушілер Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда, машиналар мен тетіктерде жұмыс істейтін қызметкерлердің ауысым алдындағы (рейс алдындағы), ауысымнан кейінгі (рейстен кейінгі) міндетті медициналық қарап-тексеруден уақтылы өтуін өз қаражаты есебінен қамтамасыз етеді.

Халықтың декреттелген тобы міндетті медициналық қарап-тексеру өз қаражаты есебінен не тараптардың келісімі бойынша жұмыс берушінің есебінен өтеді.

6. Міндетті медициналық қарап-тексеруге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізудің тәртібі мен кезеңділігін, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемін, медициналық қарсы көрсетілімдерді уәкілетті орган айқындайды.

7. Жұмыс берушілер қызметкерлердің медициналық қарап-тексеруден өтуі үшін жағдай жасайды, сондай-ақ қызметкерлерді олардан өтуі үшін негізгі жұмыс уақыты кезеңінде жұмыс орнын (лауазымын), жалақысын сақтай отырып, кедергісіз босатуға және денсаулығын одан әрі сауығуына ықпал етуге міндетті.

8. Жұмыс берушілер міндетті медициналық қарап-тексеруден өтпеген және денсаулық жағдайы бойынша жұмысқа жарамсыз деп танылған адамдарды жұмысқа жібермейді. Міндетті медициналық қарап-тексеру нәтижелері жеке медициналық кітапшаларына енгізіледі.

9. Профилактикалық медициналық қарап-тексеру балалар арасында өткізіледі және аурудың пайда болуын болдырмауға және олардың диагнозын ерте анықтауға бағытталған және кейіннен динамикалық байқаумен және сауықтырумен медициналық және медициналық емес іс-шаралар кешенін қамтиды.

10. Жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу және жүргізу тәртібін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайды.

11. Міндетті медициналық қарап-тексерудің уақтылы, сапалы жүргізілуін және өтуін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бақылайды.

12. Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ арнаулы орта және жоғары оқу орындарының білім алушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық қарап - тексеру жүргізу қағидаларын, көлемі мен кезеңділігін уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.




91-бап. Скринингтік зерттеулер

1. Скринингтік зерттеулер халықтың нысаналы топтары арасында ауруларды ерте кезеңдерде анықтау және аурулардың дамуының, аурулардың пайда болуына ықпал ететін қауіп факторларының алдын алу, халықтың денсаулығын қалыптастыру және нығайту мақсатында жүргізіледі.

2. Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы зерттеулерді жүргізу тәртібін, көлемін және кезеңділігін уәкілетті орган айқындайды.

3. Жүргізілген скринингтік зерттеулердің нәтижелерін осы зерттеулерді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілері электрондық денсаулық паспортына енгізеді.

4. Жұмыс берушілер осы қарап-тексеруге жататын адамдарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне сәйкес және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде скринингтік зерттеулерден өтуі үшін жағдай жасайды, сондай-ақ қызметкерлерді негізгі жұмыс уақыты кезеңінде олардан өтуі үшін жұмыс орнын (лауазымын), жалақысын сақтай отырып, кедергісіз босатуға және одан әрі сауығуына ықпал етеді.

5. Адамдардың скринингтік зерттеулерден өтуі міндетті болып табылады.

6. Жұмыс берушілер скринингтік зерттеуден өтпеген адамдарды жұмысқа жібермеуге міндетті.

7. Скринингтік зерттеулердің уақтылығы мен сапасын медициналық қызмет (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган уәкілетті орган бекітетін тәртіппен бақылайды.


92-бап. Динамикалық байқау

1. Динамикалық байқау тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде созылмалы аурулары бар пациенттерге жүзеге асырылады.

2. Динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулардың тізбесін уәкілетті орган бекітеді.

3. Созылмалы аурулары бар адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын, байқау кезеңділігі мен мерзімдерін, міндетті ең төмен диагностикалық зерттеулер мен оның еселігін уәкілетті орган бекітеді.


93-бап. Еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасы

1. Еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасы жеке тұлғаның еңбекке жарамсыздығын ресми тану және оны ауру кезеңінде еңбек міндеттерін орындаудан уақытша босату мақсатында жүргізіледі.

2. Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ пен анықтама беру тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
94-бап. Алғашқы көмек


  1. Алғашқы көмек – бұл адам өмірін құтқару, шұғыл жағдайларда асқынулардың алдын алу үшін, сондай-ақ зардап шеккен адамның денсаулығы мен өміріне қауіп-қатерді төмендету мақсатында, оқиға болған жерде зардап шеккен адамның өзі (өз-өзіне көмек көрсету) немесе жақын маңдағы басқа да адам (өзара көмек) медициналық қызметкерлер келгенге дейін жүргізетін жедел базалық іс-шаралар кешені.

Алғашқы көмекті уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тиісті даярлықтан өткен медициналық білімі жоқ адамдар көрсете алады.

2. Қазақстан Республикасының азаматтарын алғашқы көмек көрсету дағдыларына оқыту үшін сертификатталған жаттықтырушыларды даярлауды уәкілетті орган айқындайтын талаптарға сәйкес келетін денсаулық сақтау ұйымдары көрсетеді.

3. Алғашқы көмек курстарынан міндетті өтуге жататын қызметкерлер контингенті, сондай-ақ олардың өту кезеңділігі көрсетілген кәсіптер тізбесін уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп бекітеді.

4. Қазақстан Республикасының азаматтарын алғашқы көмек көрсету дағдыларына оқыту қағидаларын, сондай-ақ алғашқы көмек көрсетілетін шұғыл және кезек күттірмейтін жағдайлар тізбесін уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.

5. Алғашқы көмек көрсету дағдыларына оқыту жергілікті бюджет қаражаты, жұмыс берушінің қаражаты немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының өз қаражаты есебінен жүргізіледі.

6. Көлік құралдарын жүргізуші адамдар көлік құралдарын басқару құқығын алу алдында алғашқы көмек дағдыларына оқытуды жүзеге асыратын және осы баптың 4-тармағына сәйкес оқу-көрсету жиынтықтарымен жарақтандырылған ұйымдарда алғашқы көмек дағдыларына оқытудан өтуге міндетті.

Адамдардың алғашқы көмек дағдыларына оқытудан өткенін растайтын сертификаты болған кезде оқудан өту талап етілмейді.

7. Алғашқы көмек көрсету стандартын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.


95-бап. Мектепке дейінгі және мектеп медицинасы

1. Мектепке дейінгі және мектеп медицинасының қызметі тәрбиеленушілер мен оқушылардың денсаулығын сақтауға және денсаулық жағдайын динамикалық байқауға бағытталған.

2. Тәрбиеленушілер мен оқушылардың денсаулығын сақтау жөніндегі іс-шаралар:

1) тікелей мектепке дейінгі және оқу орындарында, оның ішінде мамандардың көшпелі бригадаларын тарта отырып, профилактикалық медициналық қарап-тексерулер жүргізуді;

2) оқу кезеңінде және демалыс кезінде сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыруды;

3) мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында аурулардың профилактикасына, ұтымды тамақтану қағидаттарын енгізуге және сақтауға, ұрпақты болу денсаулығын сақтауға бағытталған денсаулық сақтау технологияларын енгізуді;

4) психикалық денсаулықты сақтауды, темекі шегуден, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан, сондай-ақ құмар ойындарына патологиялық қызығушылықтан туындаған суицидтік мінез-құлықтың және тәуелділіктің профилактикасын;

5) оқушыларды профилактикалық қарап-тексеру нәтижелері бойынша тереңдетілген медициналық зерттеп-қарауға жіберуді;

6) Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес вакцинациялауды;

7) аурулардың профилактикасы, оқушылар арасында саламатты өмір салтын насихаттау және қалыптастыру, алғашқы көмек көрсету бойынша оқыту семинарларын, тренингтер мен лекцияларды ұйымдастыру және өткізуді;

8) ата-аналармен және педагогтармен білім беру және түсіндіру іс-шараларын өткізу арқылы ата-аналарды және педагогтарды тәрбиеленушілер мен оқушыларының денсаулығын сақтауға тартуды;

9) санитариялық қағидалардың талаптарын сақтауды;

10) жедел медициналық көмек көрсететін медицина қызметкерлері келгенге дейін кезек күттірмейтін жағдайларда алғашқы көмек көрсетуді қамтиды.

3. Тәрбиеленушілерге және оқушыларға медициналық көмекті ұйымдастыруды мектепке дейінгі және орта (жалпы орта, техникалық және кәсіптік) білім беру ұйымы орналасқан аумақта медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілері жүзеге асырады.

4. Мектепке дейінгі және мектеп медицинасының қызметін ұйымдастыруды денсаулық сақтауды жергілікті мемлекеттік басқару органдары жүзеге асырады.
96-бап. Жасөспірімдер мен жастардың ұрпақты болу және психикалық денсаулығын сақтау бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну ерекшеліктері

1. Денсаулық сақтау субъектілері жасөспірімдер мен жастарға медициналық, психикалық-әлеуметтік және заң қызметтерін қамтитын құпия кешенді көмек көрсетеді.

2. Жасөспірімдер мен жастар үшін ұрпақты болу және психикалық денсаулығын сақтау қызметтері мен құралдары қолжетімді.

3. Жасөспірімдер мен жастардың ұрпақты болу және психикалық денсаулығын сақтау қызметтері мен құралдарына қол жеткізуі денсаулық сақтаудың бастапқы буын мамандарының жолдамасынсыз жүзеге асырылады.

4. Жасөспірімдер мен жастардың ұрпақты болу және психикалық денсаулығын сақтау жөніндегі медициналық көмекті ұйымдастыру қағидаларын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
14-тарау. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызмет

97-бап. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жүйесі

Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің бірыңғай жүйесіне:

1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері;

2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері;

3) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар жатады.

98-бап. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық нормалау

1. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық нормалау санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің жұмысы болып табылады және оған:

1) санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарын негіздеу жөніндегі бірыңғай талаптарды әзірлеу және олардың әзірленуін бақылау;

2) санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарын әзірлеу (қайта өңдеу), сараптама жүргізу, бекіту және жариялау;

3) санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарын зерделеу, қолдану практикасын қорыту, қолдануды бақылау;

4) санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарының бірыңғай деректер банкін қалыптастыру және жүргізу;

5) санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарын жалпы қабылданған халықаралық талаптармен үйлестіру кіреді.

2. Санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесінің құжаттары санитариялық қағидалар, гигиеналық нормативтер, техникалық регламенттер, Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына қойылатын бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптар, нұсқаулықтар, әдістемелік ұсынымдар, әдістемелік нұсқаулар, әдістемелер, бұйрықтар, қағидалар мен стандарттар болып табылады.

3. Санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесінің құжаттарын әзірлеу және бекіту тәртібін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайды.

4. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге санитариялық қағидалар, гигиеналық нормативтер, қағидалар, техникалық регламенттер және Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына қойылатын бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптар жатады.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.

5. Мемлекеттік органдар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мәселелерге қатысты нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту кезінде оларды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісуге міндетті.


99-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

1. Санитариялық қағидалар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді және оларға:

1) объектінің құрылысына жер учаскесін таңдауға;

2) жаңа объектілерді жобалау, салу, реконструкциялау, қайта жабдықтау, қайта жоспарлау және қолданыстағы объектілерді кеңейту, объектілерді жөндеу және пайдалануға беруге;

3) өндірістік, қоғамдық, тұрғын және басқа да үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды, көлік құралдарын күтіп-ұстау мен пайдалануға;

4) объектілерді сумен жабдықтауға, су бұруға, жылумен жабдықтауға, жарықтандыруға, желдетуге, кондиционерлеуге;

5) шикізатты қабылдауға, сақтауға, қайта өңдеуге (өңдеуге);

6) тамақ өнімдерін өндіру, өлшеп-орау, тасымалдау, сақтау, өткізу, кәдеге жарату, темекі өнімдерін кәдеге жарату жағдайларына;

7) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерін байытуға (фортификациялау);

8) иммунологиялық дәрілік препараттарды (иммундық-биологиялық дәрілік препараттарды) өндіру, өлшеп-орау, тасымалдау, сақтау, өткізу, кәдеге жарату және жою жағдайларына;

9) химиялық және биологиялық қауіпті әлеуетті заттарды (оның ішінде уытты, радиоактивті, биологиялық және химиялық заттарды, улар мен улы заттарды, биологиялық және микробиологиялық организмдер мен олардың токсиндерін, биологиялық заттар мен материалдарды) қолдануға және пайдалануға, кәдеге жаратуға, тасымалдауға, сақтауға, көмуге және олармен жұмыс істеу жағдайларына;

10) адамға әсер ететін физикалық факторлар көздерімен жұмыс істеу жағдайларына;

11) дәрілік заттарды өнеркәсіптік өндіру жағдайларына;

12) өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерге;

13) шаруашылық-тұрмыстық және гигиеналық мақсаттағы тауарларға және оларды өндіру, кәдеге жарату технологияларына және жоюға;

14) халықтың әртүрлі топтарын тәрбиелеу, оқыту, тұру және өндірістік практика, дене дамуы, еңбек, демалыс, тамақтану, сумен жабдықтау және медициналық қызмет көрсету жағдайларына;

15) тәрбиелеу және білім беру ұйымдарындағы оқу-еңбек жүктемесі мен сабақ режиміне;

16) медициналық бұйымдарды стерилдеу және дезинфекциялау жүргізу шарттарына;

17) халықты мамандандырылған (балалар, диеталық емдік және диеталық профилактикалық), емдеу-профилактикалық, қоғамдық тамақтандыру ұйымдарына;

18) су көздеріне (шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына), шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне;

19) өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге;

20) дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, жабдықтарды, материалдарды әзірлеуді, сынауды, дайындауды, өндіруді, сақтауды, тасымалдауды, өткізуді, қолдануды, дезинфекция қызметі объектілерін күтіп-ұстау мен пайдалануды, сондай-ақ жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тиімділігі мен қауіпсіздігін бақылауды қамтитын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыруға және жүзеге асыруға;

21) жолаушыларды тасымалдау шарттарына;

22) объектілерді таратуға, консервациялауға, қайта бейіндеуге;

23) өндірістік бақылауды жүзеге асыруға;

24) еңбек, тұрмыстық қызмет көрсету, медициналық қамтамасыз ету, мамандандырылған диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтану жағдайларына;

25) халықты гигиеналық тәрбиелеуге және оқытуға;

26) санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағын санитариялық қорғауды жүзеге асыру, инфекциялық және паразиттік аурулармен ауыратын науқастарға қатысты шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу, халықты медициналық тексеріп-қарауды, профилактикалық егуді жүргізуге;

27) санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтарына, санитариялық бөліктерге;

28) жұмыс орындарындағы шудың оңтайлы деңгейлеріне, тұрғын үй, қоғамдық ғимараттардың үй-жайларындағы және тұрғын үй құрылысындағы аумақтардағы шудың рұқсат етілген деңгейіне;

29) халыққа профилактикалық егуді ұйымдастыруға және жүргізуге, иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер жағдайларын тексеруге;

30) инфекциялық аурулардың табиғи ошақтарының аумағында, сондай-ақ инфекциялық аурулардың ошақтарында дезинфекцияны, дезинсекцияны және дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды қамтиды.

2. Гигиеналық нормативтер зиянды заттардың (химиялық, биологиялық), физикалық әсерлердің жол берілетін шекті шоғырлануының, радиациялық әсердің жол берілетін деңгейінің нормативтерін белгілейді, оларды сақтау адамға өмір сүру үшін қолайлы және денсаулыққа қауіпсіз тіршілік ету жағдайларын қамтамасыз етеді.

3. Гигиеналық нормативтер:

1) жұмыс аймағының микроклиматына, ауа алмасуына, ауасына, өндірістік, тұрғын және басқа да үй-жайлардың физикалық факторларына, өнеркәсіптік құрылыс аумақтарына;

2) өнімнің (тауарлардың) радиациялық, химиялық, микробиологиялық, токсикологиялық, паразитологиялық қауіпсіздігі және мекендеу ортасына;

3) қалалық және ауылдық елді мекендердегі, өнеркәсіп ұйымдарының аумақтарындағы атмосфералық ауаға;

4) физикалық факторларға, қоршаған ортаға зиянды заттардың рұқсат етілген шекті шығарындылары мен рұқсат етілген шекті төгінділеріне;

5) жаңа өнім түрлері, технологиялық жабдықтарға, процестерге белгіленеді.


жүктеу 1,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау