1-БӨлім. Жалпы ережелер 1-тарау. Негізгі ережелер


-тарау. Негізгі инфекциялық емес аурулар кезінде медициналық көмек көрсету



жүктеу 1,72 Mb.
бет19/26
Дата21.01.2020
өлшемі1,72 Mb.
#27127
түріКодекс
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26

21-тарау. Негізгі инфекциялық емес аурулар кезінде медициналық көмек көрсету

1-параграф. Психикасының, мінез-құлқының бұзылушылығы (аурулары) бар адамдарға психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсету

180-бап. Психикасының, мінез-құлқының бұзылушылығы (аурулары) бар адамдардың құқықтары

1. Психикасының, мінез-құлық бұзылушылығы (аурулары) бар адамдар Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Кодексте көзделген азаматтардың барлық құқықтары мен бостандықтарына ие болады.

Психикасының, мінез-құлқының бұзушылығына (ауруларына) байланысты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруын шектеуге Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда ғана жол беріледі.

2. Психикасының, мінез-құлқының бұзылушылығы (аурулары) бар адамдарға психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсетілген кезде олар:

1) психикалық денсаулық саласында медициналық көмекті тұрғылықты жері бойынша, сондай-ақ қажет болған жағдайда тұрған жері бойынша алуға;

2) емдеудің кез келген сатысында медициналық құралдар мен әдістерді пайдаланудан, ғылыми зерттеулерден немесе оқу процесінен, суретке түсіруден, бейне жазудан немесе киноға түсуден бас тартуға;

3) дәрігерлік комиссияда жұмыс істеу үшін психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсетуге қатысатын маманды (оның келісуімен) шақыруға;

4) егер пациент он сегіз жасқа толмаған болса, жалпы білім беретін мектептің немесе интеллектуалдық дамуы бұзылған балаларға арналған арнаулы мектептің бағдарламасы бойынша білім алуға;

5) хат-хабар алысуға, бандерольдер, ақша, пошта аударымдарын алуға және жіберуге, телефонды пайдалануға, келушілерді қабылдауға, мерзімді баспа басылымдарына жазылуға;

6) ең қажетті заттарды иеленуге және сатып алуға, өз киімін пайдалануға;

7) күнделікті серуендеуге құқығы бар.

3. Жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық ұйымдарда оларға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылатын, психикасының, мінез-құлқының бұзылушылығы (аурулары) бар адамдардың осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген құқықтармен қатар:

1) қосымша тамақ сатып алуға;

2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен тыс медициналық қызметтер алуға;

3) жеңіл мүкәммал, киімдер, аяқ киімдер алуға;

4) қалааралық телефон байланысын пайдалануға;

5) қолма-қол ақшаны бақылау шотын пайдалануға құқығы бар.

Көрсетілген құқықтарды іске асыру осы құқықтар берілетін адамның қаражаты есебінен жүзеге асырылады.


181-бап. Психикасының, мінез-құлқының бұзылушылығы (аурулары) бар адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау

1. Психикасының, мінез-құлқының бұзылушылығы (аурулары) бар адамдарға оларға психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсетілген кезде өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін өз таңдауымен өкілді шақыруға құқылы. Өкілдікті ресімдеу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

2. Кәмелетке толмаған адамның немесе сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды олардың заңды өкілдері жүзеге асырады.

3. Психикасының, мінез-құлқының бұзылушылығы (аурулары) бар адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды заңды өкіл жүзеге асырады.

4. Психикасының, мінез-құлқының бұзылушылығы (аурулары) бар адамдарға психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін медициналық ұйым осы Кодекстің 85-бабы 2-тармағының 3) тармақшасында және 183-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, адвокат немесе заңды өкілді шақыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
182-бап. Психикасының, мінез-құлқының бұзылушылығы (аурулары) бар адамдарға психикалық денсаулық саласында медициналық көмекті ұйымдастыру

1. Психикасының, мінез-құлқының бұзылушылығы (аурулары) бар адамдарға психикалық денсаулық саласында медициналық көмекті ұйымдастыру мақсатында мемлекет:

1) еңбек терапиясына, жаңа мамандықтарға оқытуға арналған өндірістік-емдеу объектілері мен құрылымдық бөлімшелерді, сондай-ақ мүгедектерді қоса алғанда, психикасының, мінез-құлқының бұзылушылығы (аурулары) бар адамдарды осы ұйымдарда еңбекке орналастыру үшін еңбек жағдайлары жеңілдетілген арнайы өндірістер, цехтар немесе учаскелер ашады;

2) психикасының, мінез-құлқының бұзылушылығы (аурулары) бар адамдарға медициналық-әлеуметтік оңалтуды тұрғылықты жері бойынша ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз етеді, ал қажет болған жағдайда пациенттің қалауы бойынша анонимді түрде жүзеге асырылатын болады.

2. Психикасының, мінез-құлқының бұзылушылығы (аурулары) бар кәмелетке толмаған адамдарға, сондай-ақ сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдарға медициналық-әлеуметтік оңалту олардың заңды өкілдерінің келісуімен өткізіледі.
183-бап. Психиатриялық куәландыру

1. Психиатриялық куәландыру зерттеп-қаралатын адамның психикалық, мінез-құлқының бұзылушылығын (ауруларын) анықтау, психикалық денсаулық саласында медициналық көмектің қажеттігін анықтау мақсатында, сондай-ақ қамқорлық туралы мәселені шешу, еңбекке уақытша жарамсыздықты айқындау, кәсіби жарамдылығына, оның ішінде


әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу үшін жүргізіледі.

2. Психиатриялық куәландыруды, сондай-ақ профилактикалық


қарап-тексеруді:

куәландыру себептерін көрсете отырып, зерттеп-қаралатын адамның жазбаша келісімімен немесе оның заңды өкілдерінің жазбаша өтініші бойынша;

кәмелетке толмаған адамға немесе сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамға қатысты олардың заңды өкілдерінің жазбаша келісімімен;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу кезінде психиатр дәрігер жүргізеді.

Зерттеп-қаралатын адамды психиатриялық куәландырудың деректері мен оның психикалық денсаулық жағдайы туралы қорытынды медициналық құжаттамада тіркеледі, онда психиатр-дәрігерге көріну себептері мен медициналық ұсынымдар да көрсетіледі.

3. Зерттеп-қаралатын адамның немесе кәмелетке толмаған адамның заңды өкілі қарсылық білдірген немесе келісімі болмаған жағдайда куәландыру қорғаншылық және қамқоршылық органының шешімі бойынша жүргізіледі, оған сотқа шағым жасалуы мүмкін.

4. Осы баптың 5-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, психиатриялық куәландыру жүргізетін дәрігер зерттеп-қаралатын адамға және оның заңды өкіліне өзін психиатр ретінде таныстыруға міндетті.

5. Зерттеп-қаралатын адам психикалық бұзылуы (ауруы) асқынған деп жорамалдауға негіз болатын әрекеттер жасаған кезде, оған өзінің келісуінсіз немесе заңды өкілінің келісуінсіз психиатриялық куәландыру жүргізілуі мүмкін, бұл:

1) оның өзіне және айналасындағыларға тікелей қауіп төндіруіне;

2) оның дәрменсіздігіне, яғни тиісті күтім болмаған жағдайда негізгі тіршілік қажеттіліктерін өз бетінше қанағаттандыруға қабілетсіздігіне;

3) егер адамға психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсетілмей қалған болса, психикалық жай-күйінің нашарлауы салдарынан оның денсаулығына елеулі зиян келуіне байланысты туындайды.

6. Егер зерттеп-қаралатын адам осы Кодекстің 193-бабының 2-тармағында көзделген тәртіппен динамикалық бақылауда тұрса, оған оның заңды өкілінің келісуінсіз психиатриялық куәландыру жүргізілуі мүмкін.

7. Адамға психиатриялық сараптама және психиатриялық куәландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

8. Осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларда психиатриялық куәландыру туралы шешімді психиатр-дәрігерлер комиссиясы адамның заңды өкілін хабардар ете отырып, қабылдайды.

9. Осы баптың 6-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, адамды өзінің келісуінсіз немесе оның заңды өкілінің келісуінсіз психиатриялық куәландыру туралы шешімді мұндай куәландыру үшін осы баптың 5-тармағында санамаланған негіздердің бар-жоғы туралы мәліметтер қамтылған өтініш бойынша психиатр-дәрігер қабылдайды.

10. Психиатриялық куәландыру туралы өтініш жазбаша түрде болуы, онда мұндай куәландырудың қажеттігін негіздейтін толық мәліметтер және ол адамның (не оның заңды өкілінің) психиатр-дәрігерге көрінуден бас тартуы туралы деректер қамтылуы тиіс. Психиатр-дәрігер шешім қабылдау үшін қажетті қосымша мәліметтер сұратуға құқылы, психиатр-дәрігер өтініште осы баптың 5-тармағында көзделген мән-жайлардың жоқ екенін анықтап немесе жазбаша түрде негіздей отырып, психиатриялық куәландырудан бас тартады.

11. Психикасының, мінез-құлқының бұзылушылығы (аурулары) бар адамдарға психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымға орналастырылған кәмелетке толмаған немесе сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адам осы бапта көзделген тәртіппен психиатр-дәрігерлер комиссиясының міндетті түрде куәландыруына жатады.

12. Кәмелетке толмаған адам немесе сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адам емделуге жатқызу мерзімін ұзарту туралы мәселені шешу үшін алғашқы алты ай ішінде кемінде айына бір рет психиатр-дәрігерлер комиссиясының куәландыруына жатады. Ауруханада жату мерзімін алты айдан астам уақытқа ұзарту туралы шешім Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен психиатр-дәрігерлер комиссиясының өтініші негізінде сот шешімі бойынша шығарылады.

13. Психиатр-дәрігерлер комиссиясы немесе психикасының,
мінез-құлқының бұзылушылығы (аурулары) бар адамдарға психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның әкімшілігі кәмелетке толмаған адамның немесе сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамның заңды өкілдері оларды ауруханаға жатқызу кезінде жолсыздықтарға жол берілгенін анықтаған жағдайда ұйымның әкімшілігі көрсетілген мән-жайлар анықталған сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде бұл туралы прокурорға және қамқорлыққа алынған адамның тұрғылықты жері бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органына хабарлайды.
184-бап. Психикасының, мінез-құлқының бұзылушылығы (аурулары) бар адамдарға медициналық көмек көрсету

1. Мемлекет:

1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде шұғыл және жоспарлы психикалық денсаулық саласында медициналық көмек беруге;

2) психиатриялық сараптамаға, еңбекке уақытша жарамсыздықты айқындауға;

3) психикасының, мінез-құлқының бұзылушылығы (аурулары) бар адамдарға әлеуметтік-тұрмыстық көмек көрсетуге және еңбекке орналасуына жәрдемдесуге;

4) ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған медициналық бағдарламалар мен шараларды жүзеге асыруға кепілдік береді.

2. Психиканың, мінез-құлқының бұзылушылығы (ауруы) диагнозын денсаулық сақтау саласындағы заңнамаға, сондай-ақ аурулардың қолданыстағы сыныптамасында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес психиатр-дәрігер, медициналық-санитариялық алғашқы көмек дәрігері қояды. Мәжбүрлі тәртіппен емдеуге жатқызылған адамға диагнозды психиатр-дәрігерлер комиссиясы қояды. Диагнозды азаматтардың қоғамда қабылданған моральдық, мәдени, саяси және діни құндылықтармен келіспеуіне негіздеуге не оның психикалық денсаулық жағдайына тікелей байланысы жоқ өзге де себептерге негіздеуге болмайды.

3. Психикасының, мінез-құлқының бұзылушылығы (ауруы) бар адамның диагностикасы және оны емдеу үшін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында рұқсат етілген медициналық құралдар мен әдістер қолданылады.

4. Медициналық құралдар мен әдістер ауырсыну ауытқуларының сипатына қарай диагностикалық және емдеу мақсаттарында ғана қолданылады және оларды адамды жазалау түрінде пайдалануға тыйым салынады.

5. Дәрігер психикасының, мінез-құлқының бұзылушылығы (аурулары) бар адамға, егер ол жазылған ақпараттың мәнін дұрыс қабылдай алатын болса немесе оның заңды өкіліне психиканың, мінез-құлқының бұзушылығы (ауруының) сипаты, емдеу мақсаттары мен әдістері туралы жазбаша ақпаратты, сондай-ақ ұсынылатын емдеудің ұзақтығы, болуы мүмкін ауруды сезіну, жанама әсерлер туралы және күтілетін нәтижелер туралы деректерді психиатриялық куәландыру жүргізілген кезден бастап қырық сегіз сағат ішінде береді. Медициналық құжаттамада берілген ақпарат туралы жазба жасалады. Қалған жағдайларда бұл ақпарат осы Кодекстің 279-бабының


4-тармағына сәйкес ұсынылуы мүмкін.

6. Осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, психикасының, мінез-құлқының бұзылушылығы (ауруы) бар адамды емдеу оның немесе оның заңды өкілдерінің келісімін алғаннан кейін жүргізіледі.

7. Психикасының, мінез-құлқының бұзылушылығы (ауруы) бар адамның келісуінсіз немесе оның заңды өкілінің келісуінсіз емдеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданған кезде ғана, сондай-ақ осы Кодекстің 153-бабының 1-тармағында  көзделген негіздер бойынша ауруханаға мәжбүрлеп жатқызған кезде жүргізілетін болады. Ауруханаға шұғыл жатқызуды қоспағанда, мұндай жағдайларда емдеу психиатр-дәрігерлер комиссиясының шешімі бойынша жүзеге асырылады. Адамды оның келісуінсіз ауруханаға жатқызу кезінде психиатр-дәрігерлер комиссиясының емдеу тәртібі туралы шешімді қабылдауы оны емдеуге жатқызған сәттен бастап қырық сегіз сағат ішінде қамтамасыз етілуі тиіс.

8. Осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, психикасының, мінез-құлқының бұзылушылығы (ауруы) бар адамның немесе оның заңды өкілінің ұсынылып отырған емдеуден бас тартуға немесе оны тоқтатуға құқығы бар.

9. Емделуден бас тартқан адамға не оның заңды өкіліне емдеуді тоқтатудың ықтимал зардаптары түсіндірілуі тиіс. Емделуден бас тарту оның ықтимал зардаптары туралы мәліметтер көрсетіле отырып, психикасының, мінез-құлқының бұзылушылығы (ауруы) бар адамның немесе оның заңды өкілінің және психиатр-дәрігердің қолы қойылып, медициналық құжаттамаға жазбамен ресімделеді.

185-бап. Психикасының, мінез-құлқының бұзылушылығы (аурулары) бар адамдарға психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына емдеуге жатқызу

1. Адамда психикасының, мінез-құлық бұзылушылығының (ауруының) болуы және психиатр-дәрігердің зерттеп-қарау жүргізу немесе оны стационар жағдайында емдеу қажеттігі туралы шешімі стационарға емдеуге жатқызу үшін негіз болып табылады.

2. Осы Кодекстің 153-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, адамды стационарға емдеуге жатқызу оның өтініші бойынша немесе оның жазбаша келісуімен ерікті түрде жүзеге асырылады.

3. Кәмелетке толмаған адам стационарға өзінің заңды өкілінің жазбаша келісуімен емдеуге жатқызылады.

4. Емдеуге жатқызу туралы шешім қабылданған сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде прокурорға жазбаша хабарланып, заңды өкілі қарсы болған немесе ол болмаған жағдайда кәмелетке толмаған адамды стационарға емдеуге жатқызу қорғаншылық және қамқоршылық органының шешімі бойынша жүргізіледі, ол туралы сотқа шағым жасалуы мүмкін.

5. Адамды емдеуге жатқызуға алынған келісім медициналық құжаттамаға сол адамның немесе оның заңды өкілінің және психиатр-дәрігердің қолы қойылған жазбамен ресімделеді.

6. Стационарға мәжбүрлеп емдеуге жатқызуға сот шешімінің негізінде жол беріледі.

Сот шешім шығарғанға дейін адамды стационарға мәжбүрлеп емдеуге жатқызуға осы Кодекстің 153-бабы 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда ғана жол беріледі.

Сот шешімінсіз мәжбүрлеп емдеуге жатқызудың әрбір жағдайында психикасының, мінез-құлқының бұзылушылығы (ауруы) бар адамдарға психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның әкімшілігі адамды стационарға орналастырған кезден бастап Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қырық сегіз сағат ішінде прокурорға жазбаша хабарлама жібереді, сондай-ақ жұбайы (зайыбы), жақын туыстары және (немесе) заңды өкілдері туралы мәліметтер болған кезде оларға хабарлайды.

7. Адамның стационарда мәжбүрлеу тәртібінде болуы оны емдеуге жатқызу үшін негіздер сақталатын уақыт ішінде ғана жалғастырылады.

8. Стационарға мәжбүрлеу тәртібінде емдеуге жатқызылған адам алғашқы алты ай ішінде оны емдеуге жатқызу мерзімін ұзарту туралы мәселені шешу үшін психиатр-дәрігерлер комиссиясының кемінде айына бір рет куәландыруына жатады. Емдеуге жатқызу мерзімін алты айдан астам уақытқа ұзарту мәжбүрлеп емдеуге жатқызу және емдеу мерзімін ұзарту қажеттілігі туралы психикасының, мінез-құлқының бұзылушылығы (аурулары) бар адамдарға психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның өтініші негізінде сот шешімі бойынша жүргізіледі, оған психиатр-дәрігерлер комиссиясының қорытындысы қоса беріледі.

9. Мәжбүрлеу тәртібінде емдеуге жатқызылған адамды кезектен тыс куәландыру пациенттің өзінің немесе оның заңды өкілінің қалауы бойынша жүргізілуі мүмкін.

 Осы Кодекстің 153-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша стационарға емдеуге жатқызылған адам емдеуге жатқызылған кезден бастап қырық сегіз сағат ішінде емдеуге жатқызудың негізділігі туралы шешім қабылдайтын психиатр-дәрігерлер комиссиясының міндетті түрде куәландыруына жатады. Емдеуге жатқызу негізсіз деп танылып, емдеуге жатқызылған адам стационарда қалғысы келмеген жағдайларда, ол дереу шығарылуға тиіс.

10. Мәжбүрлеп емдеуге жатқызуға келіспеген жағдайда психикасының, мінез-құлқының бұзылушылығы (ауруы) бар адам немесе оның заңды өкілі сотқа жүгінуге құқылы.


186-бап. Психикасының, мінез-құлқының бұзылушылығы (аурулары) бар адамдарға психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарынан шығару

1. Стационардан шығару адам сауыққан немесе оның психикалық жай-күйі одан әрі стационарлық емдеуді қажет етпейтіндей жақсарғаннан кейін, сондай-ақ стационарға орналастыру үшін негіз болған зерттеп-қарау немесе сараптама аяқталғаннан кейін жүргізіледі.

2. Стационарда өз еркімен жатқан адамды одан шығару өзінің жеке өтініші, оның заңды өкілінің өтініші бойынша немесе оны емдеуші дәрігердің шешімі бойынша жүргізіледі.

3. Стационарға мәжбүрлеу тәртібінде емдеуге жатқызылған адамды одан шығару психиатр-дәрігерлер комиссиясының қорытындысы, сот шешімі не прокурордың қаулысы бойынша жүргізіледі.

4. Соттың ұйғарымы бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамды шығару сот ұйғарымы бойынша ғана жүргізіледі.

5. Стационарға өз еркімен орналастырылған пациентті, егер психикасының, мінез-құлқының бұзылушылығы (ауруы) бар адамдарға психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның психиатр-дәрігерлер комиссиясы осы Кодекстің 153-бабының 1-тармағында көзделген оны мәжбүрлеу тәртібінде емдеуге жатқызудың негіздерін анықтайтын болса, одан шығарудан бас тартылуы мүмкін. Мұндай жағдайда оның стационарда болуы, емдеуге жатқызу мерзімін ұзарту және оны стационардан шығару туралы мәселені осы Кодекстің 183-бабының 8 және

9-тармақтарында және осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіппен шешіледі.
187-бап. Психикасының, мінез-құлқының бұзылушылығы (аурулары) бар адамға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары

1. Психикасының, мінез-құлқының бұзылушылығы (аурулары) бар, қоғамға қауіпті іс-әрекеттер жасаған адамға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары сот шешімі бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен қолданылады.

2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары психикасының, мінез-құлқының бұзылушылығы (ауруы) бар адамдарға психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында:

1) амбулаториялық жағдайларда мәжбүрлеп бақылау және психиатрда емделу;

2) жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу;

3) мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу;

4) жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түрінде жүзеге асырылады.

3. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін стационарға орналастырылған адам стационарда болған бүкіл кезеңінде еңбекке жарамсыз деп танылады.

4. Психикасының және мінез-құлқының бұзылушылығы бар, мәжбүрлеп емдеуде жатқан адамдардың пайдалануы үшін жеке және заңды тұлғалардан түсетін ақшалай қаражатты, оның ішінде зейнетақы төлемдері мен жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық ұйымның қолма-қол ақшаның бақылау шотына аударылатын мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалану қағидаларын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.

5. Жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық ұйымның қолма-қол ақшаның бақылау шотының қаражатын пайдалану жөніндегі есепке алумен есептілік, сондай-ақ олардың пайдаланылуын бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

6. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды пайдалануға байланысты психикасының, мінез-құлқының бұзылушылығы бар адамдарды мәжбүрлеп емдеу түрінде психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымды күзету осы ұйымның әкімшілігіне жүктеледі және Қазақстан Республикасының күзет қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

7. Жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық ұйымды күзету Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі айқындаған тәртіпке сәйкес уәкілетті органмен бірлесіп жүзеге асырылады.

8. Жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық ұйымды инженерлік-техникалық күзет құралдарымен жабдықтауды уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі уәкілетті органмен бірлесіп айқындаған тәртіпке сәйкес жүзеге асырады.
188-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды пайдалануға байланысты психикасының, мінез-құлқының бұзылушылығы (аурулары) бар адамдарға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары

1. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, емделуге мұқтаж деп танылған психикаға белсенді әсер ететін заттарды пайдалануға байланысты психикасының, мінез-құлқының бұзылушылығы (аурулары) бар адамға, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасаған және ерікті емделуден жалтаратын адамдарға қатысты сот шешімі бойынша қолданылады.

2. Психикасының, мінез-құлқының бұзылушылығы (аурулары) бар адамдарға психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарға мәжбүрлеп емдеуге жіберу соттылыққа әкеп соқтырмайды.

Мәжбүрлеп емдеуде болу уақыты еңбек өтілін үзбейді және жалпы еңбек өтіліне есепке жатқызылады.

3. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйде тұратын мәжбүрлеп емдеуге жіберілген адамдардың тұрғын үйі емделуде болған бүкіл уақытында сақталады.

4. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды пайдалануға байланысты психикасының, мінез-құлқының бұзылушылығы (ауруы) бар мәжбүрлеп емдеуде жатқан адамның:

1) мәжбүрлеп емдеуге арналған ұйымдардың ішкі тәртіп қағидаларымен және осы ұйымда болу тәртібін регламенттейтін өзге құжаттармен танысуға;

2) хат-хабар алысуға, жібірілімдер, бандерольдер, ақша, пошта аударымдарын алуға және жіберуге, телефонды пайдалануға, келушілерді қабылдауға, мерзімді баспа басылымдарына жазылуға;

3) тамақтануға, материалдық-тұрмыстық және медициналық қызметтер алуға;

4) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмысқа орналасуға;

5) дербес жеке шотындағы қаражаттың есебінен тамақ өнімдерін және алғашқы қажеттілік заттарын, сондай-ақ мәжбүрлеп емдеуге арналған ұйымның аумағында сақтауға және пайдалануға тыйым салынбаған өзге де заттарды сатып алуына;

6) ішкі тәртіп қағидаларында айқындалған тәртіппен жақын туыстарымен кездесуге;

7) шектеусіз хат алмасуға;

8) сәлем-сауқат алуға, ішкі тәртіп қағидаларында айқындалған тәртіппен жіберілімдер жіберуге және оларды алуға;

9) олардың жеке шотына есепке жатқызылатын ақша аударымдарын алуға;

10) күнделікті серуендеуге;

11) ұйым қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға, прокуратура органдарына, сотқа шағым жасауға құқығы бар.

5. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды пайдалануға байланысты психикасының, мінез-құлқының бұзылушылығы (ауруы) бар, ұйымда мәжбүрлеп емдеуде жатқан адам:

1) белгіленген ішкі тәртіп қағидаларын сақтауға;

2) мәжбүрлеп емдеуге арналған ұйым әкімшілігінің және медицина персоналының заңды талаптарын орындауға;

3) тағайындалған емдеуді қабылдауға;

4) ұйымның мүлкіне ұқыпты қарауға;

5) мәжбүрлеп емдеуге арналған ұйымда тазалық пен тәртіпті сақтауға, сондай-ақ оның аумағын аптасына кемінде екі сағат жинастыруды жүзеге асыру;

6) жеке гигиенаны сақтауға міндетті.


жүктеу 1,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау