Премьер-Министру



жүктеу 488 Kb.
бет1/3
Дата14.11.2018
өлшемі488 Kb.
#20010
  1   2   3



_________________________ № _______________

Астана қаласы город Астана



«Технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттарды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 560 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттарды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 560 бұйрығына («Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 25 шілдеде жарияланған Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11521 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттарды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Технологиялық және инновациялық даму департаментіне:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

5) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек



«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

________________ Б. Сұлтанов

2017 жылғы «____» ________

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

_________________ Т. Сүлейменов

2017 жылғы «___» _________

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму

министрінің

2017 жылғы «__» ______

№ ____

бұйрығымен бекітілген



Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму

министрінің

2015 жылғы 30 сәуірдегі

№ 560 бұйрығымен

бекітілген



«Технологияларды коммерцияландыруға

инновациялық гранттар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушімен жүзеге асырылады.



2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасы берілген сәттен бастап Гранттық қаржыландыру жөніндегі комиссия отырысында өтінімдерді қарастыруға дейін – 60 (алпыс) жұмыс күні;

2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін рұқсат берілген ең ұзақ күту уақыты – 30 (отыз) минут;

3) рұқсат берілген ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 30 (отыз) минут.

Қызмет беруші қызмет алушының құжаттарын алған сәттен бастап5 (бес) жұмыс күні мерзімінде ұсынылған құжаттарды толықтығына тексереді.

Қызмет алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен қарастырылған тізімге сәйкес құжаттардың толық емес пакетін ұсынған жағдайда қызмет беруші бекітілген мерзімде өтінімді одан әрі қарастырудан жазбаша дәлелді бас тартады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру туралы шартқа қол қою немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағымен қарастырылған жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – қызмет алушылар) тегін көрсетіледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша технологияларды коммерцияландыруға инновациялық грант алуға өтініш (бұдан әрі – өтініш);

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша технологияларды коммерцияландыру стратегиясы (сондай-ақ Microsoft Word нысанында, электронды тасығышта, ағылшын тілінде ұсынылады);

3) жеке тұлғалар үшін – жеке тұлғаны жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің және жеке куәліктің көшірмесі,

заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің және жарғының көшірмелері, уәкілетті органның өтінімді ұлттық институтқа ұсыну туралы шешім, басқарушыға немесе басқа уәкілетті тұлғаға өтінімді ұсыну мен инновациялық грантты алумен байланысты құжаттарға қол қою өкілеттерін беру;

4) заңды тұлғалар үшін – бірінші басшымен (ол болмаған кезде – оны алмастаратын тұлғамен) және бас бухгалтермен қол қойылған, ұйымның мөрімен (бар болған жағдайда) куәландырылған соңғы жыл үшін қаржылық есептілік (қаржылық есептіліктің әр жыл сайынғы аудитін өткізу міндетті болып табылатын тұлғалар уақыттың көрсетілген кезеңі үшін аудиторлық есеп ұсынады);

5) салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнеатқы жарналары мен әлеуметітк аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер.

Өтінім материалдарына қосымша бар болған жағдайда қоса беріледі:

1) жоба қатысушыларының біліктілігін растайтын лицензиялар, патенттер, куәліктер, сертификаттар, дипломдар мен басқа құжаттардың көшірмелері;

2) құрал-жабдықтарды жеткізуге шарттардың және (немесе) келісімдердің көшірмелері қоса берілуі мүмкін.

Өтінім ұлттық институтқа мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде екі данамен қол қойылған және нөмірленген нысанда қағаз тасығышта және PDF форматында бірыңғай файлмен электрондық сканерленген, нұсқамен ұсынылады немесе инновациялық гранттарға өтінімдерді электрондық қабылдау және сүйемелдеу жүйесі арқылы ұсынылады. Өтінімнің электрондық нұсқасының мазмұны оның қағаз нұсқасымен бірдей болуы тиіс.

Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған ақпаратта есептерде пайдаланылған мәліметтердің көзі және есепті жүргізу күні көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды берген кезде оның көшірмесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелу күні мен нөмірі көрсетілген тіркелуі туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтінімнің қабылданғанын растау болып табылады.

10. Қызмет беруші келесі жағдайларда технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттарды беруден бас тартады:

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.



3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша

орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін

қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды

адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне)

шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, көрсетілетін қызметті берушінің және оның лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша не Министрлік басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Transport tower» ғимараты, № 1012 кабинет, телефондары: 8 (7172) 75-43-25; 75-43-23; 75-44-11; 75-44-44.

Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не жұмыс күндері Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады. Шағым

Министрліктің кеңсесінде (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымды қабылдаған лауазымды адамның тегін, аты-жөнін, әкесінің атын (бар болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) қабылдаған күні мен уақытын, шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, тіркеу шағымды қабылдауды растау болып табылады.

Министрліктің атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Өтінішті қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта байланысы арқылы не болмаса Министрліктің кеңсесінен қолма-қол алынады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен шағым оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.



4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін

ескере отырып қойылатын өзге талаптар
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mid.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік қызметтер» деген бөлімде, «Технологиялық және инновациялық даму департаменті» бөлімшеде орналасқан.

14. Көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығына қашықтықтан қолжетімділік режимі арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің мәртебесі мен тәртібі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.

15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефондары: 8 (7172) 57-10-14, 57-10-16, 51-70-18 (ішкі номер 777), бірыңғай байланыс орталығының нөмірі: 1414.

Технологияларды коммерцияландыруға


арналған инновациялық гранттарды
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына    
1-қосымша

Үлгі



(Қызметтік пайдалану үшін)

Тіркеу күні:

Өтінім нөмірі:

«__»_______20__жыл

№_____________

жүктеу 488 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау