8-бап. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік органның құзыреті
Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган:
медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы құқықтық актілерді және есепке алу және есеп құжаттамаларының нысандарын өз құзыреті шегінде әзірлейді және бекітеді;
медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
4) «Назарбаев Университетіне» немесе оның медициналық ұйымдарында, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының медициналық ұйымдарында кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға шақырылған адамдарды қоспағанда, шетелдік мамандарды клиникалық практикаға жіберу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
5) маман сертификатын беру, қолданылу мерзімін растау, қолданылуын тоқтата тұру, кері қайтарып алу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
6) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы және әкімшілік жаза қолдану туралы істерді қарайды;
7) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық сараптамаларды қоспағанда, медициналық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
8) денсаулық сақтау саласында аккредиттеуді жүргізеді;
9) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын объектілердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
10) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы бақылау мәселелері бойынша денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін үйлестіреді;
11) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді құрады және олардың жұмыс істеуін, Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың оларға қол жеткізуін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
12) денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттау өткізуді ұйымдастырады;
13) медициналық білімі бар мамандарды сертификаттауды жүргізеді;
14) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы ерекше тәртіп бойынша зерттеп-қарауға жататын маңызы жоғары объектілердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
15) тәуекелге бағалау жүргізуге құқығы бар барлық ұйымдар үшін бірыңғай әдіснаманы, тәуекелге бағалау жүргізу тәртібін айқындайды;
16) денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
17) медициналық қызмет (көмек) көрсету саласында мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды;
18) медициналық қызмет (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауға жататын маңызды объектілердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
19) денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаларын және стандарттарын әзірлейді және бекітеді;
20) денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеуден кейінгі мониторинг жүргізу және аккредиттеу туралы куәлікті кері қайтарып алу қағидаларын, мерзімдерін әзірлейді және бекітеді;
21) аккредиттелген денсаулық сақтау субъектілері жүргізетін денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сараптамаға ақы төлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
22) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден адамның ағзалары мен тіндерін, қан және оның құрамбөліктері Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге лицензия беруді жүзеге асырады;
23) туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының, гемопоэздік дің жасушаларының, сүйек кемігінің, донорлық лимфоциттердің үлгілерін, жыныстық жасушаларды және эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру тәртібін айқындайды;
24) туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында адамның ағзалары мен тіндерін, қан және оның құрамбөліктері, адамның биологиялық материалдарының, гемопоэздік дің жасушаларының, сүйек кемігінің, донорлық лимфоциттерін үлгілерін, жыныстық жасушаларды және эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беруді жүзеге асырады;
25) медициналық қызмет көрсету сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
26) медициналық қызмет (көмек) көрсету сапасына сыртқы сараптама жүргізу кезінде тәуелсіз сарапшыларды тарту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
27) тәуелсіз сарапшылар ретінде тәуелсіз сараптама жүргізуге үміткер жеке тұлғаларға қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;
28) медициналық қызмет (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік органға жүкті, босанатын әйелдің жүктілік кезінде қайтыс болуы жағдайлары туралы, сондай-ақ босанғаннан кейін күнтізбелік қырық екі күннің ішінде босанған әйелдер қайтыс болған, пациенттер шұғыл және жоспарлы нысанда медициналық көмек (медициналық-санитариялық алғашқы және мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек) көрсеткен кезде кенеттен қайтыс болған жағдайлар туралы ақпарат (шұғыл хабарлама) беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
29) денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшылардың тізілімін жүргізу қағидаларын, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшыларды бірыңғай тізілімге енгізу және шығару негіздерін әзірлейді және бекітеді;
30) медициналық ұйымдарда құпия аудит жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
31) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлықтар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың көрсетілетін медициналық көмектің деңгейі мен сапасына қанағаттану дәрежесін айқындау бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
32) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін сақталуына мониторингті жүзеге асырады;
33) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүргізетін медициналық қызметтердің сапасы мен көлемі бойынша шарттық міндеттемелер мониторингінің нәтижелеріне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
34) бірыңғай медициналық ақпараттық call-орталықтың қызметін ұйымдастыру қағидаларын және оның қызметінің регламентін әзірлейді және бекітеді;
35) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
9-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның құзыреті
1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган:
1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы құқықтық актілерді және есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын әзірлейді және өз құзыреті шегінде бекітеді;
3) кәсіптік аурулардың тізбесін айқындайды;
4) кәсіптік аурудың еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаумен байланысын анықтау сараптамасының қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мониторингті жүзеге асырады;
6) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
7) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін үйлестіреді;
8) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында ведомстволық статистикалық байқауды қамтамасыз етеді;
9) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді құрады және олардың жұмыс істеуін, оларға жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес қол жеткізуін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
10) жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметтің түпкі нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған меморандумдар жасасады;
11) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу тәртібін айқындайды;
12) шаруашылық және (немесе) өзге де қызметі мен тұрмысының ерекше жағдайлары бар халыққа шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізеді;
13) Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған ықтимал қауіпті химиялық, биологиялық заттардың тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды;
14) қалдықтардың адамға және қоршаған ортаға әсер ету дәрежесі бойынша (уыттылық дәрежесі бойынша) олардың қауіптілік сыныптарын айқындайды;
15) медициналық қалдықтар бойынша ақпарат беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
16) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға инфекциялық аурулар, улану жағдайлары туралы ақпарат (шұғыл хабарлама) беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
17) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бірлескен халықаралық жобаларды іске асырады;
18) халықты гигиеналық оқытуды ұйымдастырады;
19) тағамнан улану, инфекциялық және басқа да аурулар кезінде өз құзыреті шегінде санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
20) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау объектісінің қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары, шикізаттың және өнімнің жаңа түрлеріне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды береді;
21) инфекциялық және паразиттік ауруларға, инфекциялық аурулар қоздырғыштарының микробқа қарсы препараттарға төзімділігіне, халыққа профилактикалық егуді жүргізуге эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асырады;
22) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы және әкімшілік жазалар қолдану туралы істерді қарайды;
23) аурулар таралмаған немесе аурулардың таралу деңгейі төмен аумақты немесе оның бөлігін айқындайды;
24) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік пункттер құрады;
25) эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
26) техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
27) халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
28) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру тәртібін айқындайды;
29) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртiппен осы Кодекстің 24-бабы
1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдауды жүзеге асырады, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiмiн жүргiзеді;
30) Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық актілерімен айқындалатын өнімді мемлекеттік тіркеу тәртібін айқындайды;
31) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарына сәйкес келмейтiн өнiмдердің тізілімін, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның интернет-ресурсында тізілімді жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
32) санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
33) халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына радиациялық бақылауды жүзеге асырады;
34) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын өнімдердің тізбесін белгілейді;
35) мемлекеттік санитариялық -эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын өнімге мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
36) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын, өндірісінде йодталмаған тұз пайдаланылатын тамақ өнімдерінің жекелеген түрлерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
37) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерін байытуға (фортификациялауға), оның ішінде тұзды және йод қосындыларымен байытылған басқа да тамақ өнімдерін йодтауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді;
38) нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес өнімнің сынамасын алады;
39) микронутриенттік жеткіліксіздікке байланысты инфекциялық емес аурулардың, оның ішінде йод тапшылығы және темір тапшылығы ауруларының профилактикасы саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды;
40) медициналық қалдықтарды жинау, сақтау, тасымалдау және жою тәртібін реттейді;
41) медициналық қалдықтардың айналысына бақылауды жүзеге асырады;
42) инфекциялық емес ауруларды эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырады;
43) ауыр жұмыстар, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстар саласында, жерасты жұмыстарында еңбек шарттарын жасасу үшін, сондай-ақ халықтың декреттелген тобының адамдарын жұмысқа жіберу үшін медициналық қарсы көрсетілімдердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
44) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
10-бап. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік органның құзыреті
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік орган:
1) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналысына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
3) өз құзыреті шегінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы құқықтық актілер мен есепке алу және есеп беру құжаттамасының нысандарын әзірлейді және бекітеді;
4) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы және әкімшілік жаза қолдану туралы істерді қарайды;
5) осы Кодекстің 235-бабының 1), 2), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген фармацевтикалық қызметтің түрлерін,
сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналысы на байланысты қызметтің түрлерін лицензиялауды жүзеге асырады;
6) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін үйлестіреді;
7) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді және тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізуді, мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алуды жүзеге асырады, Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімін жүргізеді;
8) Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды әкелуді (әкетуді) келіседі;
9) тиісті фармацевтикалық практикалардың стандарттарын әзірлейді және бекітеді;
10) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен осы Кодекстің 24-бабы 1-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізеді;
11) дәрілік заттардың шекті бағаларын және үстеме бағаларын қалыптастырады және бекітеді;
12) фармацевтикалық өнімге сертификат береді (СРР);
13) дәрілік затқа, медициналық бұйымға интервенциялық клиникалық зерттеу жүргізуге рұқсат береді;
14) дәрілік заттың, медициналық бұйымдардың тіркеу куәлігінің қолданылуын тоқтата тұру жолымен дәрілік затты, медициналық бұйымдарды медициналық қолдануды тоқтата тұру, сондай-ақ медициналық қолдануға тыйым салу және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сериясын (партиясын) айналымнан алып қою немесе медициналық қолдануды тоқтата тұру туралы шешімдер қабылдайды;
15) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасын сараптау және бағалау жөніндегі монополиялық қызметті жүзеге асыратын сынақ зертханаларын аккредиттеуді жүргізеді;
16) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
17) фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлейді және бекітеді;
18) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес реттелетін салада тексеру парақтарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру жүргізудің жартыжылдық кестелерін әзірлейді және бекітеді;
19) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында инспекциялауды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
20) фармацевтикалық инспекцияларды тиісті фармацевтикалық практикаларға сәйкестігін жүзеге асырады;
21) Қазақстан Республикасының фармацевтикалық инспекторатын қалыптастыру, фармацевтикалық инспекторлардың тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
22) тәуекелге бағдарланған тәсілді ескере отырып, нарықтан, оның ішінде медициналық ұйымдарда сапаны бақылауға жататын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды іріктеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
23) тауарларды таңбалау тәртібін және таңбалауға жататын тауарлардың айналысын бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындауға қатысады;
24) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
11-бап. Әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық бөлімшелері бар орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық мемлекеттік органдардың құзыреті
1. Әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық бөлімшелері бар орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде:
1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) уәкілетті орган белгілеген қағидаларға сәйкес әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;
3) әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық бөлімшелердің қызметіне басшылық жасауды жүзеге асырады;
4) әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
5) әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық бөлімшелердің басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
6) денсаулық сақтау саласындағы электрондық ақпараттық ресурстардың және ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық желілердің құрылуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
7) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің құрылымын, олардың қызметі туралы ережелерді әзірлейді және бекітеді;
8) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық бөлімшелердің үлгілік штаттарын және штат нормативтерін әзірлейді және бекітеді;
9) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға бір мезгілде хабарлай отырып, әскерлердің, бөлімшелер мен ведомстволық ұйымдардың аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді белгілейді (оны тоқтатады);
10) уәкілетті органмен келісім бойынша әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
11) уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасның Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарында, мемлекеттік авиация, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарында қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;
12) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің (ұйымдардың) тиісті контингентіне медициналық тексеріп-қарау жүргізу тәртібі мен кезеңділігін белгілейді;
13) ведомстволық әскери-медициналық (медициналық) статистикалық есептілік нысандарын әзірлейді және бекітеді;
14) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі барлық жетекшілік ететін салалар бойынша қызметті өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді.
3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі:
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында және мемлекеттік фельдъегерлік қызметтерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және уәкілетті органмен келісім бойынша ішкі істер органдарында әскери-дәрігерлік комиссиялар туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарымен келісім бойынша Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында және мемлекеттік фельдъегерлік қызметтерінде қызметті өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұлттық қауіпсіздік органдарында және сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органда қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді.
5. Осы баптың 1-тармағында көзделген құзыреттерден басқа, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы:
1) ведомстволық бағынысты ұйымдарда медициналық көмек көрсету, оның ішінде қалпына келтіру емі мен медициналық оңалту қағидаларын;
2) ведомстволық бағынысты ұйымдардың медицина мамандарын шетелде оқуға, біліктілігін арттыруға жіберу қағидаларын;
3) білім беру іс-шараларын өткізу, шетелдік консультанттарды тарту қағидаларын бекітеді.
12-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілетті және атқарушы органдарының құзыреті
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдары:
1) ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмыс істеуге жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындайды;
2) жергілікті денсаулық сақтау мен медициналық білім берудің жергілікті бюджеттерін және олардың орындалуы туралы есептерді бекітеді;
3) бюджет қаражаттары есебінен Қазақстан Республикасының азаматтарына елді мекен шегінен тыс жерлерге емделуге тегін немесе жеңілдікпен жол жүруді ұсыну туралы шешім қабылдайды;
4) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде халыққа медициналық көмек көрсетудің жүріп-тұру сипаты жағдайында көлікпен қамтамасыз ету немесе ауылдық жерлерге медициналық көмек көрсету үшін шығу кезінде көлік шығыстарын өтеу жөнінде шаралар қабылдайды;
5) Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін және (немесе) жеңілдікті жағдайларда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды қосымша беру туралы шешім қабылдайды;
6) денсаулық сақтау ұйымдарын дамыту мен жұмыс істеуіне бағытталған іс-шараларды бекітеді;
7) өз елді мекендеріндегі халық санына шаққандағы есеппен медицина қызметкерлерін бөлуді жүзеге асырады және олардың болуын қамтамасыз етеді;
8) донорларға қосымша көтермелеуді ұсыну туралы шешім қабылдайды;
9) халықты медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін уәкілетті орган бекіткен өңірді медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етудің ең төмен нормативінен тыс мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын қосымша кадрлық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы шешім қабылдайды;
10) өңірді медицина қызметкерлерімен кадрлық қамтамасыз етуді жоспарлауды жүзеге асырады және медициналық білім беру ұйымдарында медицина қызметкерлерін даярлауға тапсырысты орналастырады;
11) әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну, сондай-ақ медициналық білім беру ұйымдарынан келген жас мамандарды жұмыспен қамту және ұстау мониторингін жүргізеді;
12) салауатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды қалыптастыруға жәрдемдеседі;
13) жергілікті бюджеттердің құрамында йод тапшылығы ауруларының профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізуге шығыстарды бекітеді;
14) йод тапшылығы ауруларының профилактикасы бойынша жұмыстың жағдайы туралы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының, денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының ақпаратын тыңдайды;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары:
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) адамдардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз етеді;
3) уақытша бейімделу және детоксикациялау орталықтарындағы адамдарды күтіп-бағуды бақылауды жүзеге асырады;
4) коммуналдық заңды тұлғалар болып табылатын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметіндегі тұрақтылықты қамтамасыз етеді;
5) дене шынықтырумен және спортпен айналысу, сауықтыру және демалу үшін инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
6) салауатты өмір салтын ынталандыру жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастырады;
7) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, тұрмыстық және жол-көлік жарақаттануы профилактикасы жөніндегі шараларды қабылдайды;
8) денсаулық сақтау ресурстарын тиімді жоспарлау мен пайдалануды қамтамасыз етеді;
9) медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру жөніндегі шараларды қабылдайды;
10) халықтың денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
11) қан және оның құрамбөліктерінің ерікті өтеусіз донорлығын дамыту жөніндегі шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
12) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары мамандандырылған медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алу үшін тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге шығатын Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдары айқындайтын тізбе бойынша ел ішінде жол жүру ақысын төлейді;
13) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарын құрады;
14) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының басшыларын лауазымына тағайындайды және лауазымынан босатады;
15) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін бақылауды ұйымдастырады;
16) жас мамандарды әлеуметтік қолдау және бекіту шараларын қоса алғанда, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлық қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды;
17) денсаулық сақтау ұйымдарының желісін салу және дамыту, оларды қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша, оның ішінде дәріханалардың мемлекеттік желісін дамыту және дәріханалық қоймалар құру бойынша шаралар қабылдайды;
18) денсаулық сақтаудың мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларының қызметін үйлестіреді;
19) төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимін енгізу кезінде тегін медициналық көмек көрсетуді, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етеді;
20) денсаулық сақтау саласындағы өңіраралық және халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
21) денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлауды, олардың бiлiктiлiгiн арттыруды және оларды қайта даярлауды қамтамасыз етедi;
22) денсаулықты нығайту, аурулардың профилактикасы, салауатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды қалыптастыру үшін қажетті іс-шараларды жүзеге асырады;
23) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік қамтамасыз етуді қоса алғанда, халыққа медициналық көмек көрсетуді, оның ішінде әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың профилактикасын және оларды емдеуді ұйымдастырады;
24) мүмкіндігі шектеулі балаларды ата-анасының немесе өзге заңды өкілдерінің келісімімен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға жіберуді қамтамасыз етеді;
25) өз құзыреті шегінде денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
26) уәкілетті органмен денсаулық сақтау саласындағы қызметтің түпкі нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған меморандум жасасады және оны іске асырады;
27) туберкулезбен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы сот шешімін орындауға жәрдемдеседі;
28) медициналық қызметпен айналысу бойынша рұқсаттар мен хабарламалар туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
29) профилактикалық дезинсекция мен дератизацияны олардың тиімділігінің бағалануына қарай ұйымдастырады және жүргізеді (инфекциялық және паразиттік аурулардың табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда);
30) фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда, аудан орталығынан шалғайдағы елді мекендерде медициналық-санитариялық алғашқы, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері және жылжымалы дәріхана пункттері арқылы дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды өткізуді жүзеге асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды оқытуды жүргізеді;
31) осы Кодекстің 26-бабының 4-тармағында көрсетілген денсаулық сақтау саласындағы мамандарды кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттауды өткізеді;
32) ағзалардың (ағзалар бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) ерікті түрде өтеусіз донорлығын дамыту жөніндегі шараларды іске асыруды қамтамасыз етеді;
33) уәкілетті органның келісімі бойынша денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарын әзірлейді және бекітеді;
34) әскери қызметтің мүддесі үшін Қазақстан Республикасының азаматтарын медициналық куәландырудан өткізуге арналған медициналық комиссияларды құрады;
35) мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарын, білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарын йодталған ас тұзымен және басқа да йод қосындыларымен байытылған тамақ өнімдерімен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
36) бюджетті орындау барысында уәкілетті органның келісімі бойынша жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы заңға жергілікті бюджеттен қаржыландырудың ең төмен көлемі белгіленетін бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша қаражатты қайта бөледі;
37) донорлық ұйымдардың міндеттемелерді орындауы туралы оларды көтермелеу немесе жаза қолдану шаралары жүйесін айқындайды;
38) «озат маман» номинациясын береді;
39) интерндер мен резидент-дәрігерлерге тұратын және медициналық көмек көрсету орындарын беруді (егер денсаулық сақтау ұйымы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы бар басқа елдімекенде орналасқан жағдайда) қоса алғанда, интерндер мен резидент-дәрігерлерді тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің денсаулық сақтау ұйымдарына орналастыру үшін жағдай жасауды қамтамасыз етеді;
40) медициналық қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жаратуды ұйымдастырады;
41 ) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіліктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесі үшін жүзеге асырады.
3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті атқарушы органдары:
1) денсаулық сақтау ұйымдарының желісін дамытуды жүзеге асыруға және денсаулық сақтаудың инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарларын орындауға;
2) уәкілетті органның шешімдерінің іске асырылуын қамтамасыз етуге;
3) денсаулық сақтау жүйесін дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруға, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы іс-шараларды және Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесінің шешімдерін орындауды қамтамасыз етуге;
4) уәкілетті органмен келісім бойынша мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын лауазымға тағайындауға және лауазымынан босатуға;
5) денсаулық сақтау саласында өңірлік электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді құруға және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге міндетті.
Уәкілетті орган облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті атқарушы органдарына мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын лауазымға тағайындау және лауазымынан босату туралы ұсыным беруге құқығы бар.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары уәкілетті органның ұсынымы бойынша денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша міндеттерді орындамағаны үшін жауапты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |