8 энергетикалық деңгейлердің ҚҰрылысы



жүктеу 0,95 Mb.
бет1/18
Дата07.01.2022
өлшемі0,95 Mb.
#36997
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
8 ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ДЕҢГЕЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ


8 ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ДЕҢГЕЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
Атом ішіндегі электронның күйін сипаттау үшінn,l,ms,mlкванттық сандарын қолдануға болады. Бас кванттық сан (n) энергия деңгейлерін анықтайды. Қосымша кванттық сан (l) электронның орбиталық қозғалыс мөлшері моментін сипаттайды; магниттік кванттық сан (ml) болса, орбиталық қозғалыс мөлшері моментінің магнит өрісі бағытына түсірілген проекциясын сипаттайды; ал спиндік магниттік кванттық сан (ms) электронның меншікті қозғалыс мөлшері моментінің өріс бағытына түсірілген проекциясын анықтайды.

Паулидың зерттеуінше бір атомның ішінде осы n, l, ms, ml кванттық сандарының мәндері бірдей екі электрон болуы мүмкін емес. Басқаша айтқанда, бір атомның ішінде екі электрон бір мезгілде бірдей күйде бола алмайды. Бұл Паули принципі(1925 ж).

Егер электрондардың n, l, ml кванттық сандары бірдей болса, онда Паули принципі бойынша олардың ms кванттық саны бірдей болмауы тиіс, ал бұл кванттық санның мәні екі түрлі: ms = +1/2 және ms = -1/2. Демек, атомның ішінде n, l, ml кванттық сандары бірдей екі электрон бола алады. Енді электрондардың n, l кванттық сандары ғана бірдей болсын, онда мұндай электрондардың ml кванттық сандары бірдей болмауы тиіс. Ал l кванттық санның берілген бір мәніне сәйкес келетін ml кванттық санның (2l+1) мәндері болады; n, l, ml кванттық сандарының әрбір мәніне ms кванттық санының екі түрлі мәні сәйкес келеді. Сонда атомның ішінде n және l кванттық сандары бірдей көп дегенде 2(2l+1) электрон бола алады. Енді атомның ішінде бас кванттық саны бірдей қанша электрон болуы мүмкін, соған тоқталайық. Бас кванттық санның берілген бір n мәніне сай l кванттық санның мәндері 0, 1, 2, ...(п-1) болатыны мәлім. Сондықтан бас кванттық сандары бірдей электрондардың ең көп мүмкін саны (Zn) мына қосындымен өрнектеледі:

Бас кванттық саны бірдей электрондар тобы белгілі электрондық қабаттар немесе электрондық қабықтар түзеді. Олар K, L, M, N, O, P, …. әріптерімен белгіленеді, сонда бас кванттық саны n = 1 электрондар К-қабатын, бас кванттық саны n = 2 электрондар L-қабатын, бас кванттық саны n = 3 электрондар М-қабатын, бас кванттық саны n = 4 электрондар N-қабатын түзеді. Сонда K, L, M, N, O қабаттарында ретімен алғанда, ең көбі 2, 8, 18, 32, 50 электрон болады. Әрбір қабаттағы қосымша кванттық саны бірдей электрондар электрондық қабатшалар түзеді. Сөйтіп әрбір электрондық қабат бірнеше қабатшаларға бөлінеді, қосымша кванттық сан l = 0, 1, 2, 3 болса, олар s, p, d, f әріптерімен белгіленеді. Әрбір қабатшада ең көп болғанда 2(2l+1) электрон болады, сонда s-қабатшада ең көбі 2 электрон, p-қабатшада ең көбі 6 электрон, d-қабатшада ең көбі 10 электрон, f-қабатшада ең көбі 14 электрон болады.




жүктеу 0,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау