41-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі
1. Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерге қатысты тексерулер Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тәуекелдерді бағалау жүйесіне негізделген кезеңділікпен ерекше тәртіппен жүргізіледі.
2. Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерді ерекше тәртіппен жүргізілетін тексерулерден босату халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесе отырып, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамның объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігі туралы қорытындылары бар аудиторлық қорытынды алуы негізінде айқындалатын тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Тексерулерден босату мерзімдері халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесе отырып анықтайтын тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттарымен белгіленеді.
42-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы жоспардан тыс тексеру түріндегі мемлекеттік бақылау және қадағалау
1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы жоспардан тыс тексеру түріндегі мемлекеттік бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Жоспардан тыс тексерулер халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын эпидемиялық маңызды объектілерге қатысты жүргізіледі.
43-бап. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық мемлекеттік бақылау және қадағалау
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық мемлекеттік бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
44-бап. Өнiмді іріктеу және оған санитариялық-эпидемиялогиялық сараптама жүргізу
1. Өнімді (тауарларды) іріктеу және оған санитариялық-эпидемиологиялық сараптама кәсіпкерлік субъектісіне алдын ала хабарламай халықтың санитариялық-эпдемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді анықтау, оны әкелудің, өндірудің, қолданудың және өткізудің алдын алу және жолын кесу үшін жүргізіледі.
Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы жүргізу үшін өнімді іріктеуді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның лауазымды адамдары жүргізеді және ол өнімді сатып алу фактісін растайтын құжатпен куәландырылады.
Халықтың санитариялық-эпдемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді анықтаған кезде адам өміріне, денсаулығына және оның мекендеу ортасына қауіпті өнім анықталып, соларға қатысты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес объектілерге жоспардан тыс тексеру жүргізілетін жағдайларды қоспағанда, оны жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасамай бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасайды.
2. Өнімді іріктеу және оған санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу нәтижелері бойынша халықты сәйкес келмейтін өнімді тұтынуға және өткізуге байланысты ықтимал тәуекелдер туралы хабарландыру үшін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында Сәйкес келмейтін өнім тізілімі орналастырылады.
Тізілімді жүргізу тәртібін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайды.
45-бап. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық мемлекеттік бақылау және қадағалау
1. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық мемлекеттік бақылау және қадағалау ақпараттық жүйелердің деректерін, сондай-ақ бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі туралы басқа да мәліметтерді талдау және салыстыру жолымен жүргізіледі.
2. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың мақсаты:
1) бұзушылықтарды уақтылы анықтау, жолын кесу және оған жол бермеу, бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган анықтаған бұзушылықтарды дербес жою құқығын беру;
2) олардың әкімшілік жүктемесін төмендету;
3) өнім мен қызметтердің қауіпсіздігінің нысаналы көрсеткіштеріне, қоршаған ортаның сапасына және өнімге, қызметтерге және қоршаған ортаға ықтимал әсері бар өндірістік процестерді реттеу құралдарына қатысты шешімдер қабылдау үшін мекендеу ортасы факторларының (химиялық, физикалық, биологиялық, әлеуметтік) адамның денсаулығына тигізетін әсері туралы шынайы ақпаратты алу;
4) уланулардың және инфекциялық аурулардың, кәсіби аурулардың ошақтарының туындауының алдын алу бойынша орындалатын іс-шаралардың тиімділігін бағалау, олардың туындауын болжау мүмкіндігі;
5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;
6) штаттан тыс жағдайларға жедел алдын ала отырып ден қою;
7) басшылар мен қызметкерлердің санитариялық-гигиеналық ақпараттану және жауапкершілікте болуының анағұрлым жоғары деңгейін қалыптастыру;
8) қоғамдық денсаулықты сақтау жөніндегі кәсіпорындардың қызметі және халықтың денсаулығы үшін тәуекелдер туралы жұртшылықты ақпараттандыру болып табылады.
3. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық мемлекеттік бақылау және қадағалау тоқсанына бір реттен жиі емес жүргізіледі.
4. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық мемлекеттік бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда камеральдық бақылауды қоспағанда анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным ресімделеді. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымның нысанын халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілейді.
5. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық мемлекеттік бақылау және қадағалау барысында бұзушылық анықталған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) мына тәсілдердің біреуімен:
1) хабараламасы бар тапсырыстық хатпен почта бойынша;
2) оны бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) өкіліне және (немесе) лауазымды тұлғасына табыстайды;
3) «Электрондық үкімет» веб-порталында пайдаланушының жеке кабинетіне электрондық тәсілмен жіберіледі.
6. Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) ұсынымдарды орындауы деп бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық мемлекеттік бақылау және қадағалау барысында анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдарда көрсетілген анықталған бұзушылықтарды оны табыстаған (алған) күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде тиісті жою танылады.
7. Бақылау субъектісі (объектісі) ұсынымдарда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға ұсынымды табыстаған күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жібереді.
8. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау және қадағалау барысында анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдарды белгіленген мерзімде орындамау бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау үшін бақылау және қадағалау субъектісін (объектісін) іріктеуге негіз болып табылады.
9. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және қадағалау нәтижелері халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның және оның аумақтық бөлімшелерінің бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және қадағалауды тіркеудің арнайы журналында есепке алуға жатады, ол нөмірленген, тігілген және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның және оның аумақтық бөлімшелерінің мөрімен мөрленген болуы тиіс.
46-бап. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың түрлері
1. Камералдық бақылау сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар туралы, өнімге сынау жүргізуге, оның сәйкестігін растауға немесе өнім сәйкестігі туралы декларацияны тіркеуге, сәйкестікті растау нәтижелерін тануға жүгінген өтініш берушілер туралы, сынақ нәтижелері туралы, сондай-ақ кеден органдары, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламатталығы саласындағы мемлекеттік органға табыс ететін өнімдер сәйкестігінің дәлелдемелері ретінде табыс еткен өзге де құжаттарда қамтылған мәліметтерді зерттеу мен талдау негізінде жүзеге асырылады.
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, сәйкестікті растау жөніндегі органдар, сынақ зертханалары (орталықтар), өнімнің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін декларациялайтын жеке кәсіпкерлік субъектілері камералдық бақылау объектілері болып табылады.
Камералдық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтердің тізбесін, сондай-ақ кеден органдарының, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның, сәйкестікті растау жөніндегі органдардың және сынақ зертханаларының (орталықтардың) оларды табыс ету тәртібін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайды.
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар туралы, олар әкелетін өнім және әкелінетін өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі құжаттар туралы мәліметтерді кеден органдары табыс етеді.
Өнімге сынақ жүргізуге, оның сәйкестігін растауға немесе өнім сәйкестігі туралы декларацияны тіркеуге, сәйкестікті растау нәтижелерін тануға жүгінген өтініш берушілер туралы, сынау нәтижелері, сондай-ақ өнім сәйкестігінің дәлелдемелері ретінде табыс етілген өзге де құжаттарда қамтылған мәліметтерді техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган, сәйкестікті растау жөніндегі органдар және сынақ зертханалары (орталықтар) табыс етеді.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган камералдық бақылаудың нәтижелері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтердің және (ненмесе) техникалық регламенттер талаптарының бұзылуы анықталған кезде, оның ішінде әкелінген өнім мен әкелінген өнімге сәйкестікті растау жөнінде берілген, тіркелген, танылған құжаттар арасындағы мәліметтерді салыстырып талдау негізінде камералдық бақылау субъектілеріне қатысты мынадай шараларды қолданады:
1) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың және Қазақстан Республикасының аумағына өнімді әкелумен және (немесе) өткізумен айналысатын, өнімнің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін декларациялайтын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің атына халықтың санитариялық-эпдемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің талаптарын бұзушылықты жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, оны жою туралы нұсқама жібереді;
2) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның атына Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылу фактілерін көрсете отырып, ақпарат жібереді.
2. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит нәтижелерін мониторингілеу:
1) өткізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит туралы ұсынылған ақпаратқа;
2) объектінің халықтың санитариялық-эпдемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы ұсынылған аудиторлық қорытындыларға жүргізіледі.
Санитариялық-эпидемиологиялық аудит нәтижелерін мониторингілеу барысында халықтың санитариялық-эпдемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайтын санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу тәртібіне сәйкес объектінің халықтың санитариялық-эпдемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы аудиторлық қорытындының толық толтырылуына талдау жүргізіледі.
Санитариялық-эпидемиологиялық аудит нәтижелерін мониторингілеу жарты жылда бір рет жүргізіледі.
3. Өндірістік бақылау нәтижелерін мониторингілеу эпидемиялық маңызы бар объектілерде және объектіге бара отырып ерекше тәртіп бойынша тексерулер, профилактикалық бақылау және қадағалау қорытындылары бойынша жүргізілген өндірістік бақылау нәтижелері туралы берілетін мәліметтерге негізделеді.
Субъект (объект) ішкі есепті жүргізеді, халықтың санитариялық-эпдемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өндірістік бақылау нәтижелері бойынша кезеңдік есептер қалыптастырады және ұсынады.
Өндірістік бақылау нәтижелерін мониторингілеу жарты жылда бір рет өткізіледі.
4. Хабарламаны мониторингілеу эпидемиялық маңыздылығы болмашы объекті қызметінің басталғаны және тоқтатылғаны туралы хабарлаған жеке және заңды тұлғалардан түскен хабарламаларды және келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, тексерулер мен профилактикалық бақылау және қадағалау нәтижелерін талдау негізінде жүргізіледі.
5. Санитариялық-эпдемиологиялық мониторинг халықтың денсаулығы мен мекендеу ортасының жай-күйіне, оларды талдауды, бағалауды және болжауды, сондай-ақ халықтың денсаулық жағдайы мен мекендеу ортасы факторларының әсері арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды анықтауды қадағалаудың мемлекеттік жүйесі болып табылады.
Талдау, бағалау және болжау – инфекциялық және паразиттік ауруларды қоздырғыштардың немесе таратушылардың ену және таралу ықтималдығын, сондай-ақ қоршаған орта факторларының халықтың денсаулық жағдайына жағымсыз әсеріне және осыған байланысты ықтимал медициналық-биологиялық және экономикалық салдарға негізделген бағалау.
Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг шеңберінде сыртқы орта объектілерінде (су, топырақ, атмосфералық ауа) сынамаларды іріктеу тоқсанына бір рет жүргізіледі.
47-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама
1. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама – органолептикалық, санитариялық-гигиеналық, микробиологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық, санитариялық-химиялық, иммундық-биологиялық, молекулярлық-генетикалық, токсикологиялық, радиологиялық, радиометриялық, дозиметриялық өлшеулердің, электромагниттік өрістер және физикалық факторлар өлшеулерінің, өзге де зерттеулер мен сынаулардың кешені, сондай-ақ жобалардың, өнімдердің, кәсіпкерлік және (немесе) өзге қызмет объектілерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін бағалау мақсатындағы жобалар сараптамасы.
Тексеру шеңберінде жүргізілетін санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін осы өнімнің құнын өтеместен,жеткілікті және оған қажетті көлемнен аспайтын мөлшерде сынама алуды және өнімге іріктеуді жүргізеді.
2. Жобалардың санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасын қоспағанда, санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары мен ұйымдары өз құзыреті шегінде санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің, кеден органдарының лауазымды адамдарының қаулылары немесе нұсқамалары мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен жүргізеді.
Эпидемиялық маңызы бар объектілерді салу жобаларының, сондай-ақ қала құрылысы жобаларының санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасын Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестатталған сарапшылар жүргізеді.
Санитариялық-эпидемиологиялық зертханалық зерттеулер бөлігінде санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік ұйымдар жүргізеді.
3. Құрылыс жобаларының санитариялық-эпидемиологиялық сараптамаcын:
1) эпидемиялық маңызы бар объектілерді салуға арналған жобалар (алдын ала санитариялық қорғау аймағы көлемін белгілей отырып техникалық-экономикалық негіздемелер мен жобалау-сметалық құжаттамалар) бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама құрамында мемлекеттік немесе аккредиттелген сараптамалық ұйымдар;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарының бекітуіне жататын қала құрылысы жобалары бойынша жүргізіледі.
4. Осы баптың 3-тармағында көзделмеген жобалар бойынша санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органдар, өзге де мемлекеттік органдардың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері:
1) өндірістік және азаматтық мақсаттағы объектілерге;
2) қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына және санитариялық-қорғаныш аймақтарына зиянды заттар мен физикалық факторлардың рұқсат етілген шекті шығарындылары мен рұқсат етілген шекті төгінділері бойынша нормативтік құжаттама жобаларына, шикізатқа және өнімге;
3) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын өнімге, оның ішінде тағам өнімдерінің жарамдық мерзімі мен сақтау шарттарын келісуді;
4) топыраққа, су қоймаларына және атмосфералық ауаға химиялық, биологиялық, токсикологиялық, радиологиялық жүктеме бойынша материалдарға жүргізеді.
48-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық зертханалық зерттеулер жүргізу тәртібі
1. Санитариялық-эпидемиологиялық зертханалық зерттеулер санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың органолептикалық, санитариялық-гигиеналық, микробиологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық, санитариялық-химиялық, иммундық-биологиялық, молекулярлық-генетикалық, токсикологиялық, радиологиялық, радиометриялық, дозиметриялық өлшеулерді, электромагниттік өрістердің және физикалық факторлардың өлшеулерін, басқа да зерттеулер мен сынақтарды жүргізумен байланысты бөлігі болып табылады.
Санитариялық-эпидемиологиялық зертханалық зерттеулердің тізбесі мен көлемін (санын) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілейді.
2. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өніміне санитариялық-эпидемиологиялық зертханалық зерттеулер:
жарамдық мерзімі өткен;
сапасының нашарлық белгісі (бүліну, шіру, ластану) айқын байқалған жағдайда жүргізілмейді.
3. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және ғылыми сараптама нәтижелері бойынша адамның немесе болашақ ұрпақтың денсаулығы үшін қауіпті деп танылған химиялық және биологиялық заттарды Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынады.
Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған қауіпті химиялық, биологиялық заттар тізілімі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында жариялануға тиіс.
4. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін олар қаржыландыруды қамтамасыз етеді және қажетті құжаттаманы табыс етеді.
49-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит
1. Санитариялық-эпидемиологиялық аудитті аудитор жүргізеді.
2. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалауға жататын объектілер иелерінің өтініштері бойынша, өтініш беруші мен аудитордың арасында Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жасалатын санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізуге арналған шартқа сәйкес жүргізіледі.
3. Рұқсаттар мен хабарламалардың электрондық тізіліміне қосылған аудиторлар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға жыл сайын есептік жылдан кейінгі қаңтар айының оны күніне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша жүргізілген аудит туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.
4. Санитариялық-эпидемиологиялық аудиттің нәтижелері объектінің сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытындылары бар аудиторлық қорытындыда көрсетіледі.
50-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында қызметті жүзеге асыратын аудиторларға қойылатын талаптар
1. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу үшін жеке және заңды тұлғалар мынадай біліктілік талаптарына сай келуге тиіс:
1) жеке тұлғалар үшін:
санитариялық-гигиеналық бейіндегі жоғары білімінің болуы;
уәкілетті орган айқындаған тәуелсіз сараптама жүргізуге үміткер жеке тұлғаларға қойылатын талаптарға сай келу;
2) заңды тұлғалар үшін штатында осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленген талаптарға сай келетін білікті персоналдың болуы.
2. Жеке және заңды тұлғалар санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жөніндегі қызметі басталғанға дейін және қызметі тоқтатылғаннан кейін «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органды бұл туралы хабардар етуге міндетті.
3. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын аудиторлар:
1) аудитті кешенді, объективті, сапалы жүргізуді қамтамасыз етуге;
2) Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының, өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауға;
3) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында аудитті мемлекеттік нормалау құжаттарының негізінде жүргізуге міндетті.
4. Орындаушылары:
1) аудит жүргізілетін субъектімен еңбек қатынастарында тұратын немесе оның лауазымды адамдарының, сондай-ақ аудит жүргізілетін субъект акцияларының он және одан көп пайызын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иеленген акционердің (қатысушының) жақын туыстары немесе жегжаттары болып табылатын;
2) аудит жүргізілетін субъектімен жеке мүліктік мүдделерімен байланысты аудитордың санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізуіне тыйым салынады.
Достарыңызбен бөлісу: |