1-БӨлім. Жалпы ережелер 1-тарау. Негізгі ережелер


-бап. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасы



жүктеу 1,72 Mb.
бет4/26
Дата21.01.2020
өлшемі1,72 Mb.
#27127
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
2-бап. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодексте қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халқаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Осы Кодексте реттелетін қатынастар

1. Осы Кодекс Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық сақтауға конституциялық құқығын іске асыру мақсатында денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.

2. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында реттелген құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші:



1) тегін медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемi шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету жөніндегі денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

2) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу;

3) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

4) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және олардың тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу және олардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалау кезінде сараптаманы жүзеге асыру үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

5) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

6) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу бөлігінде қолданылмайды.

3. Медициналық көрсетілетін қызметтерді, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, оның ішінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сатып алуды арнаулы мемлекеттік органдардың медициналық бөлімшелері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

4. Азаматтық авиация саласындағы медициналық куәландыру, медициналық қарап-тексеру жөніндегі авиация персоналына, сондай-ақ міндетті медициналық куәландыруға және медициналық қарап-тексеруге жататын адамдар санатына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.
4-бап. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының мақсаты мен міндеттері

1. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының мақсаты Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау саласында туындайтын қатынастарды реттеу болып табылады.

2. Осы Кодекстің негізгі міндеттері:

1) азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдік берілетін өз денсаулығын қорғау мен сақтаудың бұлжымас құқығын белгілеу;

2) ұлт денсаулығын нығайту, халықтың өмір сүру ұзақтығын арттыру және медициналық технологияларды дамыту үшін құқықтық жағдай жасау;

3) Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау саласындағы денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін құқықтық реттеу;

4) қазіргі заманғы денсаулық сақтаудың аурулардың профилактикасына бағдарлануы;



5) адамдардың денсаулық сақтау саласындағы құқықтары мен міндеттерін айқындау және оларды сақтау кепілдіктерін белгілеу;

6) қоғамдық денсаулықты басқару, салауатты өмір салтын насихаттау және халықтың, оның ішінде жастардың ұрпақты болу денсаулығын нығайту;

7) дербестендірілген медицинаны, денсаулық сақтауды цифрландыруды және жасанды интеллектті дамыту;

8) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік билік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құзыретін бекіту;

9) медицина және фармацевтика қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттерін айқындау болып табылады.
5-бап. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының қағидаттары

Денсаулық сақтау саласындағы қатынастарды құқықтық реттеу:



1) Қазақстан Республикасы азаматтарының қауіпсіз, тиімді және сапалы медициналық көмек алу құқықтарының теңдігін қамтамасыз ету;

2) мемлекеттің, жұмыс берушілер мен адамдардың жеке және қоғамдық денсаулықты сақтау мен нығайту үшін ортақ жауапкершілігі;

3) ана мен баланы қорғау;

4) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету;



5) халықтың денсаулығын, дәрілік заттардың қауіпсіздігін, тиімділігі мен сапасын ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторларына жатқызу;

6) қауіпсіз, сапалы және тиімді дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету және оларды ұтымды пайдалану;

7) денсаулық сақтаудың халықтың қажеттігін, мұқтаждығын қанағаттандыруға және өмір сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдары;

8) салауатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды қалыптастыруға жәрдемдесу;

9) денсаулық сақтау жүйесі қызметіндегі профилактикалық бағыттың басымдығы;

10) медициналық көмекке қолжетімділік;

11) медициналық көмектің сапасын тұрақты арттыру;

12) Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық сақтау құқықтарын қамтамасыз етуге қоғамдық бірлестіктердің қатысуы;

13) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету;

14) медициналық көмек көрсету кезінде денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің сабақтастығы;

15) денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметінің үздіксіздігі мен сабақтастығын заманауи оқыту технологияларын пайдалана отырып қамтамасыз ету;

16) отандық медицина мен фармацевтика ғылымын мемлекеттік қолдау, профилактика, диагностика, емдеу және медициналық оңалту, жаңа дәрілік заттар мен технологиялардың инновациялық әзірлемелері саласындағы ғылым мен техниканың озық жетістіктерін, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы әлемдік тәжірибені енгізу;

17) ерікті өтеусіз донорлықты көтермелеу;

18) отандық әзірлемелерді және бәсекеге қабілетті медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамытуды мемлекеттік қолдау;



19) қоғамның денсаулық сақтау мәселелеріндегі мүмкіндіктерін кеңейту қағидаттарына негізделеді.
2-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу және басқару

6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;

2) төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимін енгізу кезінде халыққа медициналық көмек көрсету тәртібін, түрлері мен көлемін айқындайды;

3) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, фармацевтикалық қызметтер көрсету жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және бейімделген емдік өнімдерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды;

4) бірыңғай дистрибьютордың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін айқындайды;

5) оларға қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу тәртібін, мерзімдерін және жоспарлы егілуге жатқызылған халықтың топтарын айқындайды;

6) Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды гуманитарлық көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелу жағдайларын айқындайды;

7) бірыңғай дистрибьюторды айқындайды;

8) денсаулық сақтау саласындағы ұлттық операторды айқындайды;

9) Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
7-бап. Уәкілетті органның құзыреті

1. Уәкілетті орган:

1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

2) салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды қалыптастыруды ұйымдастырады;

3) халықты профилактикалық егуді жүргізуді ұйымдастырады;

4) профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістерін енгізеді, сондай-ақ оларды бақылайды;

5) денсаулық сақтау саласындағы мониторингті жүзеге асырады;

6) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін қалыптастырады;



7) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмектің тізбесін қалыптастырады;

8) денсаулық сақтау, оның ішінде денсаулық сақтау саласында білім беру және ғылыми жұмыс мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

9) денсаулық сақтау саласындағы бірлескен халықаралық жобаларды іске асырады;

10) халықаралық медициналық-санитариялық қағидаларды енгізу және оны іске асыру жөніндегі қызметті салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;

11) әлемнің жетекші фармакопеяларының талаптарын Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады деп таниды;

12) дәрілік заттарға мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;

13) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық бұйымдарға арналған бағаларды мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;

14) бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізімін айқындайды;

15) іргелі және қолданбалы биомедициналық зерттеулердің басым бағыттарын айқындайды;

16) медицина және фармацевтика ғылымының, медициналық және фармацевтикалық білім берудің дамуын қамтамасыз етеді және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми және білім беру қызметін үйлестіреді;

17) денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады;

18) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ұсынысы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының клиникалық базаларына резидент-дәрігерлерді орналастыруды келіседі;

19) осы Кодекстің 26-бабының 3-тармағында көрсетілген денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттауды өткізеді;

20) пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттердің өз қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын кәсіптердің, жұмыстар мен мамандықтардың тізбесін әзірлеуге қатысады;

21) төтенше жағдайлар кезінде медициналық көмек көрсетуді үйлестіреді және мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;

22) денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай перспективалық жоспарын қалыптастырады;

23) денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарын келіседі;

24) денсаулық сақтау саласындағы жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және әдістемелік нұсқауды жүзеге асырады;

25) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдарының басшыларымен денсаулық сақтау саласындағы қызметтің түпкі нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған меморандумдар жасасады;

26) жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы заңға олардың басымдықтары мен әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, шығыстардың жекелеген бағыттарын жергілікті бюджеттен қаржыландырудың ең төменгі көлемдерін айқындайды;

27) денсаулық сақтау субьектілерінің қызметін үйлестіреді;

28) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;

29) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік заңды тұлғалардағы корпоративтік басқару мәселелері бойынша қызметті үйлестіруді және оның мониторингін жүзеге асырады;

30) тәуекелге бағалау жүргізуге құқығы бар барлық ұйымдар үшін бірыңғай әдіснаманы айқындайды және тәуекелге бағалау жүргізу тәртібін белгілейді;

31) денсаулық сақтауды цифрландыру стратегиясын әзірлейді және бекітеді;

32) денсаулық сақтау саласындағы электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді құрады және олардың жұмыс істеуін, оларға жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес қол жеткізуін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

33) Ұлттық электрондық денсаулық паспортына деректердің көлемі мен оларды ұсыну еселігін айқындайды;

34) денсаулық сақтау саласындағы құқықтық актілерді және есепке алу мен есептілік құжаттамасының нысандарын әзірлейді және өз құзыреті шегінде бекітеді;

35) денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды әзірлейді және бекітеді;

36) денсаулық сақтау саласында нұсқаулықтарды, алгоритмдер мен әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;

37) пациенттер мен медицина қызметкерлері құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету мақсаттарында медициналық ұйымдарда қолданылатын техникалық бақылау құралдарын, байқау және тіркеп-белгілеу аспаптарын, фото, бейнеаппаратураларды қолдану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

38) денсаулық сақтау саласындағы құрметті атақтар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

39) көтермелеудің салалық жүйесінің қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

40) мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындарды қоспағанда, денсаулық сақтау ұйымдарындағы қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесін әзірлейді және бекітеді;

41) денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттауды өткізу тәртібін айқындайды;

42) денсаулық сақтау менеджерлерін сертификаттау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

43) өңірлердің медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етілуінің ең төменгі нормативтерін әзірлейді және бекітеді;

44) денсаулық сақтаудың кадр ресурстары және басқарудың, көші-қон және денсаулық сақтаудың кадр ресурстарын ұстаудың жаһандық саясаты жөніндегі ұлттық үйлестірушінің мәртебесі мен өкілеттіктері туралы ережені әзірлейді және бекітеді;

45) үздіксіз кәсіптік даму нәтижелері бойынша медицина қызметкерлерінің біліктілік деңгейін растау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

46) денсаулық сақтау саласындағы мамандықтардың және мамандандырудың номенклатурасын әзірлейді және бекітеді;

47) медициналық бұйымдарға белгіленген шекті бағалар бойынша медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттары шеңберінде бірыңғай дистрибьютор сатып алатын медициналық бұйымдардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;

48) Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалауды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

49) медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткiзуді хабарлама тәртібі жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің тізілімін қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

50) қазақстандық ұлттық дәрілік формулярды әзірлейді және бекітеді;

51) қазақстандық ұлттық дәрілік формулярды қалыптастыру қағидаларын, белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларын әзірлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

52) дәрілік заттардың ұтымды пайдаланылуын бағалауды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

53) дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

54) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды сатып алу тізімдерін қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

55) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың, сондай-ақ медициналық бұйымдардың бағаларын реттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

56) Қазақстан Республикасында медициналық бұйымдарға сервистік қызмет көрсетуді жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

57) медициналық бұйымдардың оңтайлы техникалық сипаттамалары мен клиникалық-техникалық негіздемесіне сараптамалық бағалауды жүзеге асыру әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

58) келісімшарттық фракциялау жөніндегі өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

59) алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасының құрамын әзірлейді және бекітеді;

60) дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеу және олардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалау кезінде сараптаманы жүзеге асыру үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

61) денсаулық сақтау ұйымдарында шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету үшін қажетті дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;

62) халықаралық медициналық-санитариялық қағидалар бойынша ұлттық үйлестірушінің мәртебесi және өкілеттігі туралы ережені әзірлейді және бекітеді;

63) ақылы көрсетілетін қызметтер шеңберінде медициналық көмекті ұсыну бойынша пациенттер мен денсаулық сақтау ұйымдарының арасында жасалатын шарттардың үлгілік нысандарын әзірлейді және бекітеді;

64) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу және (немесе) отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

65) денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштерді қалыптастыру (есебін) әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

66) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің, қызметі мен денсаулық көрсеткіштері туралы деректерді жария ұсыну қағидалары мен мазмұнын әзірлейді және бекітеді;

67) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметті сатып алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

68) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемдерін жоспарлау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

69) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

70) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтерді әзірлейді және бекітеді;

71) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтер тұтынушыларының есепке алуды жүргізу және медициналық көмек алуға құқықтарды ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

72) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерін есепке алуды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

73) денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін әзірлейді және бекітеді;

74) денсаулық сақтау ұйымдарының инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай перспективалық жоспарын қалыптастыру, келісу және бекіту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

75) денсаулық сақтау ұйымдарының номенклатурасын және олардың қызметі туралы ережені әзірлейді және бекітеді;

76) денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандырудың ең төмен стандарттарын әзірлейді және бекітеді;

77) денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік стандарттарды келіседі;

78) көлік құралдарын жүргізу құқығын алуға үміткер адамдарға медициналық қарап-тексеру өткізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;

79) психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну фактісін және мас күйінде болу жағдайын анықтау үшін медициналық куәландыру жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

80) иондандаушы сәулелеудің әсеріне ұшыраған адамдардың қаны мен тіндерін алу, сақтау және пайдалану тәртібін әзірлейді және бекітеді; 

81) иондаушы сәулелеудің әсерімен байланысты аурулардың тізбесін және себеп-салдарлық байланысты айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

82) психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылулары (аурулары) бар, оларға қатысты психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымға жолдама беру қолданылмайтын адамдардың бар медициналық қарсы көрсетілімдерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

83) клиникалық хаттамаларды әзірлеу және қайта қарау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

84) клиникалық хаттамаларды практикалық денсаулық сақтауға енгізу әдістемесін және енгізу тиімділігін бағалауды әзірлейді және бекітеді;

85) медициналық қызметке және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;

86) бастауыш, негізгі орташа және жалпы орташа білім берудің білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық көмек көрсету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

87) жылжымалы медициналық кешендер және медициналық пойыздар арқылы медициналық көмек көрсету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

88) зертханалық диагностика ұйымдарының стандартын әзірлейді және бекітеді;

89) осы Кодекстің 136-бабында белгіленген түрлерге сәйкес медициналық көмек көрсету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

90) Қазақстан Республикасының халқына сурдологиялық көмек көрсету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

91) қан және оның құрамбөліктерінің донорлығы үшін донорларға ақы төлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

92) қанды, оның құрамбөліктерін дайындау, қайта өңдеу, сапасын бақылау, сақтау, сату номенклатурасын, қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

93) донордан реципиентке дейін ағзаларды (ағзалардың бөлігін) немесе тіндерді (тіндердің бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау, транспланттау жүргізу қағидалары мен шарттарын әзірлейді және бекітеді;

94) дербес медициналық деректерге қол жеткізу қағидалары мен талаптарын әзірлейді және бекітеді;

95) дербес медициналық деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды денсаулық сақтау саласындағы басқа дерекқорлармен байланыстыратын телекоммуникация желілеріне қосу талаптары мен қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

96) цифрлық денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды, сыныптау жүйелерін, анықтамалықтарды, номенклатуралар мен терминологияны әзірлейді және бекітеді;

97) денсаулық сақтау саласындағы медициналық ақпараттық жүйелерге қойылатын ең төменгі талаптарды әзірлейді және бекітеді;

98) қашықтан медициналық қызметтер көрсету үшін электрондық ақпараттық ресурстарға қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;

99) мәйіттік ағзалардың донорын жерлеуді жүзеге асырған туыстарына салт-ғұрыптық қызметтер үшін шығыстарды жабу үшін ақшалай жәрдемақылар төлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

100) сырқаттанушылық мен өлімді кодтау жөніндегі нұсқаулықты, халықаралық сыныптауды пайдалану жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

101) медицина колледжеріне, жоғарғы медицина колледждеріне қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;

102) денсаулық сақтау саласында білім беру деңгейлері бойынша білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізеді және білім беру бағдарламаларының тізілімін қалыптастыру тәртібін бекітеді;

103) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша денсаулық сақтау саласында білім беру бағдарламалары бойынша оқыту құнын қалыптастыру әдістемесін бекітеді;

104) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарға қажеттілікті қалыптастыру тәртібі мен әдістемесін айқындайды;

105) қосымша ақы төлеуді жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

106) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың шекті бағаларын және үстеме бағаларын қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

107) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың шекті бағаларын және үстеме бағаларын қалыптастырады және бекітеді;

108) осы Кодекспен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерімен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.


жүктеу 1,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау