СҮЙЕК ТКАНІ
Тканьнің құрылысы. Сүйек ткані денедегі ең тығыз тканьдердің бірі. Сүйектен омыртқалылардың қаңқасы құрылады. Шеміршек пен сүйек дененің беріктігін қамтамасыз етеді және формасын белгілейді.
Сүйектің қызметіне сәйкес оларға механикалық беріктілік беретін клеткасыз аралық заттың маңызы да зор. Сүйектің аралық заты аморфты заттан және коллаген талшықтарынан тұрып, біркелкі болмайды. Солардың орналаусына сәйкес торлы талшыкты және пластинкалы құрылысты сүйектер ажыратылады.
Егер жуандығы әр түрлі жеке талшықтар немесе олардың шоғырлары сүйектің негізгі затында әр түрлі бағытта тәртіпсіз, бір-бірін қиып өтіп орналасса, ондай сүйекті — торлы талшықты сүйек деп атайды. Мұндай сүйектерден жоғарғы сатыдағы омыртқалылар ұрығынын қаңқасы даму процесінде біртіндеп пластинкалы сүйекке айналады.
Пластинкалы сүйектер өте жүқа және күрделі құрылысты болып келеді. Бұл сүйектің негізін дұрыс орналасқан тығыз коллаген талшықтарын шоғырларынан тұратын сүйек пластинкалалары кұрайды (21-сурет). Шоғырлардың жуандығы біркелкі болып, бір бағытта өтеді. Сондықтан сүйектің кесе көлденең кесіндісінде нүкте тәрізді құрылысты, ал көлденең кесіндісінде жазық сызықтарды көруге болады Пластинкалы сүйектің пластинка аралык фибрилдері әр багытта болып, бір-біріне кесе көлденең немесе кесе бұрышты орналасады. Осындай күрделі құрылым сүйектің беріктігін сактайды.
Пластинкалы сүйек филогенездік дамуында талшықты сүйектен кейін пайда болып, тығыз тканьдердің ең жоғары формасына жатады.
Негізгі заттың әктенуі тек сүйек тканіне ғапа тән емес, сонымен қатар әктену кәрі шеміршекте, тарамыста кездеседі.
Химиялық құрамы. Сүйектің клеткасыз аралық заты органикалық және неорганикалық косылыстардан тұрады. Неорганикалық заттар сумен бірге сүйектің 67 процентін, ал органикалық заттар 33 процентін құрайды.
Сүйектің талшық түзілістері қайнатқанда желім беретін коллаген талшықтары сияқты оссейн деп аталынатын органикалық заттан тұрады. Оссейн талшығының баулары шеміршектің негізгі заты хондромукоидқа ұксас органикалық зат оссеомукоидпен желімденеді.
21-сурет. Адамның пластинкалы сүйегінің ұзына бойы кесіндісі.
1 — фибрильдері көлденең кесілген пластинкалар; 2 — ұзына бойы кесілген фибрилдер; 3 -сүйектің қуыстары.
Суды былай койғанда сүйектің бітім кұрамының басым көпшілігін неорганикалык заттардың ішінде кальций тұздарының Саз(РО4)2 сиякты күрделі қосылыстары құрайды. Осы косылыстар аркылы сүйек беріктікке ие болады. Кальций тұздарының қосылыстары коллаген талшығының мицеллаларына орналасып сүйектің негізгі затына сіңіріледі. Дегенмен олар мицеллалармен берік байланыспайды.
Егер сүйекті күйдірсек, онда оның органикалық заттары күйіп кетіп, сүйектің тек формасын сақтайтын неорганикалық заттары қалады. Егер сүйекті неорганикалық қышқылдардан өткізсек, онда кальций тұздары еріп, сүйектің формасын және құрылысын сақтайтын органикалық заттары қалады. Кальций тұздары жойылған сүйек қаттылығынан айрылып, пышақпен онай кесілетін болады. Қальций тұздарының жеңіл жойылу себебі мынада: олар фибриллярлы құрылыстардан өткенде органикалық заттармен берік қосылыстар бермейді. Сондықтан сүйектің құрылысын бұзбай жеңіл бөлініп кетеді. Жас ұлғаюына байланысты неорганикалық тұздардың мөлшері көбейіп, кәрі адамның сүйегі морт сынғыш келеді.
Сүйек тканінің аралық затында — остеоциттер (оs — сүйек) деп аталатын сүйек клеткалары орналасады. Остеоциттер әртүрлі жұлдызша тәрізді көбіне сәл созылыңқы және жазықтау келетін клеткалар. Олардың ядросы дөңгелек немесе сопақша болып келеді (22-сурет). Жас клеткалардың протоплазмасынан хондриосомдарды және ішкі торлы аппаратты оңай көруге болады. Қалыптасқан сүйекте остеоцит клеткалары жоғары маманданып, бөліну қабілетін жояды. Негізгі затының өте тығыз болуына байланысты әрбір клетка өзінің формасына лайық ерекше қуыстарда орналасады.
-
Сурет 22 Суйек клеткалары. 1-ядро; 2-протоплазма; 3- тармақтар.
Қуыстардан жалпы жүйені қосып тұратын каналшалар шығады, Остеоциттердің тармақтары сол каналшаларға кіріп, кейбір жануарларда мысалы, балыктарда жалпы синцитийге ұйымдасады. Сүтқоректілер остеоциттерінің тармақтарының бір-бірімен қосылатындығының негізгі себептері осы уакытка дейін белгісіз.
Сүйектің куыстары мен каналшаларына жақын орналасқан негізгі заттардың бөлімінде коллаген талшықтары болмайды. Сондықтан препараттарда ол бөлімдер негізгі заттың баска бөлімдерінен күштілеу болады. Бұл участокты Руже-Нейман қабықтары деп атайды.
Талшыкты сүйектерде остеоциттер клеткасыз аралық затта тәртіпсіз, ал пластинкалы сүйекте талшықтар шоғырларының арасына орналасып, жазық формалы болады. Соған байланысты сүйектің қуыстары да көбіне созылыңқы келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |