Серпімді шеміршек. Серпімді шеміршек негізінен гиалин шеміршекке ұқсас келеді. Мұның клеткалары да капсуламен қоршалып, изогенді топтар түзеді. Серпімді шеміршектерде серпімді талшықтар негізгі заттың базофильді бөлімдеріне таралып, соларды торлап жатады. Серпімді шеміршектердің түсі сары болады. Гиалинді шеміршекке қарағанда солғындау. Серпімді шеміршектін құлақ қалқаны, кеңірдектің кейбір шеміршек сақиналары құралады.
Талшықты шеміршек. Талшықты шеміршектің гиалинді шеміршектен айырмашылығы сол олардың негізгі затының коллагенді талшықтары шогырларға жинақталған. Талшықты шеміршек гиалинді шеміршекке немесе қалыптасқан дәнекер тканьге ауысып отырады. Талшықты шеміршектерден омыртқа аралық дискілер тұрады Бұл шеміршек тканьнің сырткы қабатын кұрайды. Шеміршектің тіршілігінде оның өсуі мен қоректенуін қамтамасыз ететін бұл дәнекер тканьді қабықтың маңызы зор. Клеткалары митоздық бөліну- қабілетін сақтайды. Соның ерекшелену есебінен шеміршектің өсуі және закымданғанда қалпына келуі жүзеге асырылады. Сөйтіп шеміршек өзінен тыс орналасқан элементтердің есебінен түзіледі.
Шеміршектің дамуы. Гиалинді шеміршек басқа дәнекер тканьдер сияқты мезенхимадан дамиды. Даму синцитиалды мезенхима участоктерінін. тығыздалуынан басталады. Бұл тығыздалу оларды құрайтын клеткадан тез бөлініп, ажырап кетпеуінің нәтижесінде түзіледі. Айналасындағы мезенхимадан жекеленген тығыз участоктар қаңқалы бөлімшелер деп аталады. Клеткалар жымдасқан сайын оларды жуып тұратын ткань сұйығының химиялық касиеті өзгереді. Онда шеміршектің аралық затына ұксас заттар пайда болады. Кейін олардан коллаген талшыктары дамиды. Осы шақтан бастап шеміршектің екі негізгі бөлігі — аралық заты және клеткасы айкындала бастайды. Клеткалары көбейіп, өсіп, негізгі заттың тығыздалған жіңішке қабаттарын түзеді (20-сурет). Осының нәтижесінде негізгі заттың базофилдігі мықтап артады. Ұрықтық шеміршектің дамуының осы кезеңі калыптасқан шеміршек тканінен өзгеше болады. Біріншіден, ұрықтық шеміршектің клеткалары изогенді топ түзбей, бір-бірінен бөлек орналасады, екіншіден, ұрыктық шеміршектің клеткалары қалыптасқан шеміршектің негізгі затынан көп болады.
Қалыптасатын шеміршектің мұнан кейін өсуі және артуы оны қоршаған мезенхима тканінің есебінен орындалады. Мезенхиманың клеткалары бөлініп, саны артып, біртіндеп, негізгі заты ерекшеленетін тығыздалған бөлімдер түзеді. Ал, клеткалары шеміршек клеткасына ауысады. Қалыптасушы тканьнің үстіне жас тканьнің жаңа кабаттары салыну жолымен шеміршек өсіп, оның көлемі үлғаяды.
20-сурет. Гиалінді шеміршектің мезенхимадан дамуы. 1- шеміршектің негізгі заты түзілуінің басталуы; 2- тығыздалған мезенхима; 3-болбыр мезенхима; 4- негізгі заттың бөлімдері.
Достарыңызбен бөлісу: |