1 — ізерв талшығы; 2 — ет талшығы.
Ет мөлшері ұдайы өзгеріп отырады, шынықтырса, ол жуандай түседі. Гистологиялық зерттеулер еттің мөлшері артқанда оның талшыктарының жалпы саны өзгермей талшыктардың жуандай түсетіндігін көрсетті. Егер ет жұмыс атқармаса, мысалы, еттердің сезімталдығын камтамасыз ететін нервтерді кесіп тастағанда, ол жіңішкеріп, зат алмасуы нашарлағандықтан семеді, атрофияға ұшырайды. Еттің жұмысы уақытша тоқталғанда да, ол сәт атрофияға ұшырауы мүмкін, бірак жұмыс қабілеті тез қалпына келеді.
3.Көлденең жолақты бұлшық еттердің дамуы. Барлық жануарларда көлденең жолақты еттердің шығу тегі миотом болғанымен олардың дамуы біртекті өтпейді. Қаңқа еттері көлденең жолақты бұлшық еттерден тұрады. Тек бастың, көздің, беттің кейбір еттері бірыңғай салалы еттер сияқты мезенхимадан түзіледі. Ет талшықтары миобластадағы клеткаларының ядросы күшті көбейіп, протоплазмасы бөлінбейтін тканьдерден калыптасады. Нәтижесінде көп ядролы талшық түзіліп, оның протоплазмасында миофибрилдер пайда бола бастайды. Алғаш олар жіп сиякты керініп, кейіннен ашық және күңғірт түсті дискілерге жіктелінеді. Миофибрилдер алғашында дамитын талшыктың шеткі бөлімшелерінде ғана таралады, содан соң көбейіп бүкіл талшықты толтырады. Алғашында орталыққа орналасатын ядро кейіннен шетке ауысады. Осылайша көлденең жолақты ет талшығы түзіледі. Дамитын талшықтардың арасындағы өсуші дәнекер ткань қабаттар аралығын түзеді.
Ересек организмдегі етте камбиалдық элементтер болмайды. Сондықтан жаңа
талшықтардың түзілуі бұзылушы талшықтардың қайтадан қалпына келу жолымен өтеді.
31-сурет. Тарамыстың ет талшықтары.мен жалғасуы. 1 — ет; 2 — тарамыс
Көлденең жолақты ет тканінің қайтадан қалпына келер кездерінде ет едәуір бұзылады. Закымданған жерде талшықтың барлық бөлімдері миофибрилдер, саркомплазма және ядро қайтадан қалпына келеді. Бұл екі жолмен мүмкін болады, яғни бүршік түзу немесе миобласт деп аталатын арнаулы ет элементінің ерекшеленуі жолымең ұшында саркоплазма мен ядродан зақымданған бүршік түзіледі. Бүршіктегі ядро саны көбейіп, бүршік ұлғаяды да, зақымданған аймақтағы дәнекер тканіне кіріп өседі. Бүршікте миофибрилдер біртіндеп ерекшелене бастайды, бірақ олар дұрыс орналаспағандықтан ет талшықтары тәртіпсіз өседі.
Екіншісінде бұзылмай қалған ет талшықтарығіан миобластар түзіледі. Миобластар ядросының бөлінуі арқылы көп ядролы, ерекшеленген түзіліске айналады. Сол түзілістерден ақырында фибрилдері ерекшелене бастаған және зақымданған орынды толтырып отыратын ет талшықтары түзілетін болады.
32-сурет. Адамның жүрек етінің ұзына бойы кесіндісі.
1 — дәнекер тканьнің ядролары; 2 —саркоплазма-; 3 — қосымша жолақтар; 4 — миофибрилдер.
Көлденең жолақты еттердің толық қайтадан қалпына келуі. (регенерациясы) тек төменгі сатыдағы омырткалы балықтар мен амфибилерде ғана өтеді. Сүтқоректілерде көлденең жолакды еттердің регенерациясы болғанымен, ол толық өтпейді. Осы уақытқа дейін сүткоректілерде бұл еттердің қалпына келуіненің әсерінен, ет талшықтарынын, өзінің калпына келуге қабілеттілігінен де, немесе қалпына келуі басқа жағдайға байланысты ма белгісіз.
Жүрек етінің құрылысы. Жүрек етінің талшықтары шоғыр түзбейді, тармақтанып, бір-бірімен тор тәрізді тұтас синцитий құрайды. Ет талшықтары бір орында бір-біріне тығыз жанасатын болса, екінші орында алшак орналасып дәнекер тканіне толатын аралыктар түзеді. Жүрек етінің құрылысының ерекшелігі сол, ет талшығын кесе көлденең кесіп өтетін сызабтар түзетіндігі. Бұл сызабтар миофибрилдер тобын әртүрлі деңгейде қиып өтеді. Сызабтардың кызметі әлі белгісіз. Ол ет талшығын клеткалық орындарға бөлетін болу керек деген жорамал ғана бар. Олар картайған сайын көбейе туседі. Жүрек етінің нәзік кұрылысының қаңканын бұлшық еттеріне көп ұқсастығы бар. Олар мыналар: ет талшықтарының саркоплазмасындағы ядроның ұқсас орналасуы және миофибрилдердің өтуі. Дегенмен жүрек етінде миофибрилдер талшықтың шетіне жакын орналасады, ал ядросы керісінше орталыққа орналасады. (32-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |