15-сурет. Тығыз дәнекер ткань.
1 —коллаген шоғырлардың ұзына бойы және 2 — көлденең кесіндісі; 3 — қан тамырлары мол болбыр дәнекер тканініқ аралықтары
Шоғырлардың арасында фиброциттер жатады. Олар аморфты заттармен қоршалып, дұрыс қатарлар түзеді. Коллаген талшықтарының шоғырлары фиброциттермен бөлініп, бірінші реттік шоғырлар түзеді. Бұл шоғырлардың тобы болбыр дәнекер тканьмен қоршалып, екінші реттік шоғырлар түзеді. Ал, олар үшінші реттік және тағы басқа шоғырларға жинақталады. Жалпы тарамыстың өзі дәнекер тканьді қабықпен коршалады. Тарамыстың дүрыс шоғырлы күрылысының физиологиялық зор маңызы бар. Өйткені, ондай құрылыс беріктілік береді. Талшыктардың шоғырларын бөліп тұратын дәнекер тканьдері кан тамырларына бай болып, тарамысты қоректендіріп тұрады. Сонымен қатар онда көптеген камбиалды элементтер орналасып, тарамыс бұзылғанда оны қалпына келтіріп отырады.
Серпімді сіңірлер — негізінен серпімді талшықтардан тұрады, Бұлардың талшықтары да тарамыстардікі сиякты ұзына бойына орналасады, бірақ шоғырлар түзбейді (17-сурет). Талшықтар арасындағы болбыр дәнекер ткань сіңірлерді біртұтас тканьдерге біріктіріп тұрады. Сіңірлердің серпімділігі күшті. Организмде олар тек жиырылуға ұшырайтын органдарда кездеседі. Мысалға, ортан жіліктің жамбаспен жалгасатын жеріндегі дөңгелек сінірді келтіруге болады. Серпімді талшықтардың түсі — сары. Сондықтан сіңірлерді кейде сары сіңірлер деп атайды.
16-сурет. Егеу құйрықтың құйырығынан алынған тарамыс. А – ұзына бойы, Б – көлденен кесіндісі, А – 1 – коллагенді шоғырлар; Б-1-екінші ретті шоғырлардың арасындағы дәнекер тканьді аралықтар; А-2-фибриоциттердің ядросы; б-2-бірінші ретті шоғырларды бөліп тұратын тарамастың клеткасы.
17 сурет – Серпімді сіңірдің ұзына бойы кесіндісі.1 – серпімді талшық; 2 –дәнекер тканьді аралықтағы фиброциттің ядросы.
ШЕМІРШЕК ТКАНЬ
Шеміршек ткань скелеттік тканьдер кұрамына кіріп, оріганизмге механикалық қызмет атқарады. Шеміршектің құрамындагы негізгі заты тығыз болып келеді де оның беріктілігін камтамасыз етеді. Сонымен бірге шеміршектің серпімділігі де сақталады. Шеміршектің осындай құрылысы сүйектердін, бір-бірімен тығыз байланысуын қамтамасыз етеді. Шеміршектер, әсіресе, төменгі сатыдағы омыртқалылар мен жоғарғы сатыдағы жануарлар ұрықтарының денесінің тірегін құрайды. Ересек адам организмінде шеміршектер сүйек буындарының үстін қабаттап, қабырғалардың ұштарын, кеңірдектің, жұтқыншақтың, бронханың және құлақтың қалқанын кұрайды. Шеміршек тканьдерінің аралық заты өте тығыз болатындықтан кан мен дәнекер тканьдердің клеткалары және нервтер мен қан тамырлары шеміршектің ішіне өте алмайды. Сондықтан шеміршектің қоректенуі — перихондр (регі — айнала, сһоndros — шеміршек) арқылы диффузды жолмен орындалады. Аралық затының құрылысына байланысты шеміршектер гиалинді, серпімді және талшықты болып, үш түрге бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |